Файл: Билет 1 дебиеттік оу пні бадарламасыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 295

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімдістратегиялары) қолдау болып табылады.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен

жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.





  1. Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқыту формалары: сабақтар, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар.

Қазіргі таңда жаңа білім беру негізінде бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың маңызы зор. Себебі, ізденімпаз, шығармашыл жасұрпақ үшін жаратылыстану пәнінің әр тарауға бөлінген қызықты тапсырмалары мен зерттеу жұмыстары, сюжеттік ойындары оқушыларды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына жоғары сыныпта оқытылатын жаратылыстану ғылымы пәндеріне игеруге жетелеу, тіршілік үдерісінде көрген, білген, бақылаған құбылыстарын мен үрдістерді үйрету, меңгерту үшін үйренген білімін күнделікті өмірге пайлануға дағдыландыру. Осы бағыт негізінде білім беру оқушының қоршаған орта туралы ой-өрістерінің кеңеюіне, жаратылысты танып білуіне ықпал етіп, табиғатты қорғап жəне оны бағалай алуын септігін тигізеді.

«Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Сондай-ақ әр тарау бойынша тапсырмалар жабық тест арқылы нақтыланып, тексеріледі. «Мен- зерттеушімін» тақырыбын өткен кезде оқушылар әртүрлі бөлме өсімдіктерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Соңынан түрлі іс - шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады. Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады.

3. ДүниетанупәніноқытуәдістемесініңдамуынаҚазақстандықәдіскерлердіңқосқан үлесі.

Қазіргі таңда бастауыш класта дүниетануды оқыту әдістемесін зерттеушілер, қомақты еңбектер жасап өздерінің елеулі үлестерін қосып жатқан ғалым-әдіскерлер Қ.Аймағанбетова және К.Жүнісқызын  айтуға болады.

Қазна Аймағамбетова (1937) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ.Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жасау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету болды.

Қ.Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2-сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығының авторы. Бұл  оқулығы сол кездегі Одақтас республикалар бойынша ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында болып, 3 жыл бойы ВДНХ (Москва) көрмесінде тұрды. Осы жылдардан бастап «Табиғаттану», «Дүниетану», «Айналамен таныстыру», «Қоршаған орта» т.б. еңбектері қырық жылға тарта Қазақстан мектептерінің қолданысында жүр.

Ж.Аймауытов бастауыш мектепке арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Балаларды оқытқанда оларға затты, құбылысты көрсете, бақылата отырып, сондай-ақ табиғат аясында берген білімнің тиянақты да мәнді болатынын насихаттады.Ж.Аймауытовтың психологиялық зерттеулері дүниетаным проблема сына тікелей байланысты. Сезіну мен қабылдауды ғылыми тұрғыда дәлелдей келіп, «Адамның бар қылығы денеде болатын өзгеріс есебінен туады» дейді. Адам мен табиғаттың біртұтастығы жайында пікір айтып, ұлағатты тұжырымдарын қалдырған қазақ ағартушы – ойшылдарымыз аз болған жоқ. Соның ішінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханоов, Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың жастардың дүниетанымын кеңейтуге қосқан үлесі зор, жеке зерттеулерді қажет етеді. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, жазушы. Ол 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сезініп, көріп жүрген нәрселеріміз табиғат заттары, адам қолымен жасалған заттарға адамның өнері, білімі, күші жұмсалғанын, яғни жасанды заттар даярлауға білім керек екендігін айтады.




Билет № 4


  1. Бастауыш сынып оқушылары үшін фольклорлық шығармалардың рөлі

Мектеп оқушыларының еліне, туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік сезімі мен талғамын, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық қазынасы — балалар фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында рухани мәдениеті жоғары адам тәрбиелеу — бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-музыкалық тәрбие жүйесін қалыптастыру және қазақ фольклоры туралы білім беру, олардыңфизиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, әртүрлі іс-әрекеттегі көрсеткен білім сапасына сай жүргізілуі тиіс. Сонымен оқушылар өз халқының музыкалық мұрасын тереңірек үйренсе, әсіресе, балалар фольклорын, онда оларда музыка мәдениетінің іргетасы табысты қаланады. Халық музыкасына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу — оқытудың барлық мерзімінде осы халықмузыкасының төңірегінде үнемі жұмыс жүргізілген жағдайда ғана жүзегеасырылады, яғни ылғи да көңіл бөлініп отыру керек. Қазақ фольклорын музыка сабағында қолдану тақырыпты, музыкалықшығармалардың мазмұнын ашу барысында, оны нықтауда өте маңызды да көмекші құрал ретінде байқалады. Ол балалардың ой-өрісін, музыкалық талғамын, дүниетанымын көтереді. Балаларды ертегі негізінде фольклордың басқа жанрларымен таныстыра отырып, олардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын, көзқарасын, сезімін, талғамын, мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ертегіні музыкалық-эстетикалық тәрбие жүйесіне басты құрал етіп алған себебіміз, ертегінің тілі жатық, мазмұны қызық, балалардың түсінуіне жеңіл. Халық ертегісін балалардың сүйіп, бар ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден өкшеліп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері айтылып, көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, өткен көне дәстүрлерді ескере отырып, музыкалық педагогика оқушыларды оқытудың жаңа жолдарын қарастырады, фольклорды қолданудың тиімді де сапалы құралы ретіндегі жаңа түрлерін белгілейді. Басты тәрбиенің міндеттерін шешуде өсіп келе жатқан ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың дәстүрлі музыкалық өнерін қолдану бірден бір жол екендігінің үкімет тарапынан да айтылып жүргені жай емес.Қазақ ұлттық музыкалық материалға сүйене педагогикалық репертуар жасай отырып халық шығармашылығы арқылы оқушылармен бірге музыкалық фольклорға қызығушылық, сүйіспеншілік тәрбиесінің жолын табуды ұсынады.


  1. Бастапқы жаратылыстануды оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары.

«Егер мұғалім өзі ғылымға бар тәнімен беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ешқашан ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де – жеміссіз болады» — дейді ұлы орыс ғалымы, атақты химик Д.И.Менделеев. Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің қатарына оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, оның қажырлы тынымсыз еңбектенуінде, балалармен жұмыс істеуі қабілетінің жоғары дәрежеде болуын талап етуде. Сонда ғана, қоғамымызға, білімге құштар, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігі үшін өзіндік үлес қосып, ел абыройын асқақтатып ұлтымыздың мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиесі жүзеге асырылмақ. Олай болса, мұғалімнің осы бағыттағы

Оқу мен оқытудың әдістеріне: Уақыт шеңбері, Тыңдап отырған үштік, Джиксо, Аквариум, Ыстық орындық, Сұрақтар шеңбері, Инсерт, Сөздер банкасы, Ақылдың алты қалпағы, Еркін талқылау, Бағдаршам, Дебат т.б

Мысалы: «Аквариум» әдісі арқылы тақырыпқа тапсырмалар пайдалану. Мысалы, тақырып саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады, тапсырманы топ ішінде отырғызып, топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап, басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып, түсінгендерін түсіндіреді. Ортаға шығып, шеңбер жасап, ортаға тапсырмаларын түсіндіреді. Оқушылардың мұндағы мақсаты, берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой- пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы. «Стикердегі диалог» әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында пайдалануға болады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой – пікірлерімен санаса білуі, жалпы сабақтың соңғы кезеңдеріне қолданатын әдіс. Қорыта келе айтарым, оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды, Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді, өзіне – өзі есеп беруді, өзін – өзі реттеуді, түрлі болжамдар жасауға, бірлесе жұмыс жасауға үйренді. Келешекте сабағыма ең тиімді болған тәсілдерді пайдаланумен қатар, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, дұрыс, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын тауып, оқытудағы кедергілерді жоюға тырысатын боламын.