ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 294
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқушының жеке дара қабілеті дамиды.
Билет № 28
1. Әңгімелерді оқыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал әңгімешінің шеберлігі болмақ. Оған лайықты тақырып таңдап алу,
тартымды образдарды жасау, қызықты сюжет құру, хабарламаны қорытындылау, тілінің жатық бейнелі болып келуі жатады. Қай әңгіме болмасын бір ғана мақсатты көздеуі тиіс. Ол, жеткіншектерге – рухани тәрбие беру, балалардың ой-қиялын ояту, мейірімділік, адамгершілік сезімін, отанды сүюге тәрбиелеу.
2. Бастауыш сынып оқушыларына бақылау әдістерін қалай үйрету керек? Бұл жұмысты қандай ретпен жүргізу керек?
Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді
Екіншіден . табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады.Бақылау әдісін сабақта қолдануда төмендегідей жүйені қолданамын.
1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу.
2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау.
3 Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу.
5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру.
6. Қажетті жабдықтарды дайындау.
7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару.
Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі ..
1Мұғалімнің басшылығымен бақылау.( Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған , ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек 1класта өткізіледі)
2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау .( Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы : жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі.)
3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау ( Мысалы : белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы . Көктемде, жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі .
3. Топырақ және оның қасиеттері, топырақтың өсімдікке тигізетін әсері
Ауамен, сумен бірге топырақ тіршілік өсімдіктерді қоректік көзі, сумен қамтамасыз ететін жердің жұмсақ қабаты «топырақ» деп аталады. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығы. Топырақтың құрамында әртүрлі қажетті қоректік заттар су, ауа, саз, құм, шірінді болады. Топырақтың беткі қабаты қоңыр түсті болып келеді. Қарашірік қабаты. Қарашірік қабаты өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары.
«Қарашірік» қабатынан төменде бозғылттау қабат жатады. Жоғарыдан сіңген ылғал бұл қабаттағы түрлі минералдық заттарды ерітіп, төмен қарай шайып отырады. Топырақ қабаттарында т.б. зат алмасу жүріп жатады.
Ылғал жоғарыдан төмен сіңсе, құрғақ төменнен жоғары қарай көтеріліп, өсімдік өзіне қажетті қоректік заттарды бойына алады.
Қазақстанның көпшілік бөлігі жазық болып келеді. Жазық бөлігінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Орманды дала аймағы қарашірікті топырақ қалыңдығы: 75см-ге жетеді.
Дала зонасында одан жұқалау қара топырақ, онда астық дақылдары бидай, жүгері егіледі, өнімі мол.
Өсімдіктердің өсуі үшін топырақтың суды сіңіру және бойында ұстауының маңызы зор. Сазды топыраққа түскен су сіңбейді, кілкіп тұрады. Өсімдікке қажетті ауа кірмейді. Құмайт топыраққа су жақсы сіңгенімен суды бойына ұзақ ұстай алмайды, тез кеуіп кетеді. Көп жерлерде топырақ бетіне тұз шығып жатады. Оны «сор» деп атайды. Өсімдік әр жерде бірен-саран кездеседі. Топырақты күтіп, баптамаса азып-тозады, өнім шығыны азаяды.
Оқушыларға тест /үлестірмелі карточка/ тарату
1. Топырақ қандай қабаттардан тұрады?
2. Топырақ қабаттарының ерекшеліктері?
3. Тау жыныстарының әсеріне байланысты топырақ қандай түрлерге бөлінеді?
4. Өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақ?
«Ой өрбіту»
-топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-тәжірибе арқылы топырақтың қандай негізгі қасиеттерін білдіңдер?
Түсінгенін сұрау. «Ой қозғау»
-топырақ дегеніміз не?
-топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?
-топырақ неге құнарлы болады?
-топырақтың құрамында не бар?
Топырақты қорғау үшін қандай үлес қосар едіңдер
Қорытындылау.
Туған жеріміз – бай ел. Сен осы елдің ұланысың. Қазақстанның топырағында жүрсің, ауасымен демаласың, суын ішесің. Туған елді көркейту үшін оның байлығын арттыру үшін сен табиғатты танып, білуің керек. Өз үлесіңді қосуға ұмытпа!
-
Бастауыш сыныптардағы табиғат бұрышы дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қайда орналастыру керек? -
Табиғат бұрышы. Мектепте әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады. -
Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады. -
Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады: -
Мектепте 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, геран. -
өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум. -
,табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, трансденсканция, бұйра, амариллис және т.б.
-
«Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқу- материалдық базаға қойылатын талаптар.
-
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. -
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. -
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. -
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады. -
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.