ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 292
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.
Билет № 23
-
Бастауыш сыныпта батырлар жырын оқыту.
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында еліміздегі басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру болып табылады. «Қазақ мектептері-қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады»,-деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, еліміздің еркіндік алуы, тіл саясатының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі-бүгінгі талапқа сай мамандарды әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Осыған сәйкес, қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде мамандандырылған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог мамандардың қажеттігін мойындауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын.
Оқушылардың бойында адамгершілік, батырлық, Отансүйгіштік, адалдық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттердің қалыптасуына зор ықпал ететін құрал-халық қазынасы , халық ауыз әдебиетінің бай мұралары. Оның ішінде «батырлар жырының» орны ерекше
-
Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнін оқыту үшін материалдық базаның маңыздылығын сипаттаңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәнін оқытудың маңыздылығы
Қазіргі кезде оқушылардан білім алу үшін өздерінің оқу үдерісіне белсене қатысуын талап етеді. Ал ол үдеріске белсене қатысу үшін балалар қалай оқу керектігін білу керек. Яғни ұстаздар қауымы «нені үйретемін?» деген сұраққа емес, «қалай оқу керектігін үйретемін?» деген сұраққа жауап іздеу қажет.Елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу осы талаптарға бастайтын қадам болып табылады .
Жаңартылған бағдарламаның мәні — баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Яғни, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек.Осы орайда бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнымен бірге енгізілген жаратылыстану пәнінің алатын орны ерекше.
Жаратылыстану пәні бағдарламасыныңнегізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пән бойынша берілетін білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. Пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын, сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді. Ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға , ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауғадағдыланады. Жаратылыстану пәнінің мақсатыбастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл пәннің артықшылығы баланың тапсырманы өздігінен ізденіп орындауы және дұрыс тұжырым жасауына бағытталуы , сондай-ақ баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын арттыру.
Баланы бастауыш сыныптан бастап мамандыққа бейімдеу — осы жаратылыстану пәнін дұрыс жүргізуден басталады. Мектептегі жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану – математика бағытында математика физика, география, биология, химия, информатика және технология пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табылады Енді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік. Жаратылыстану пәнінің құзіреттілігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақ туындайды. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңа технология элементтерін сабақтың мазмұнына байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл факторларды еске алмай білім берілсе ол нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль атқарады. Негізі тірек сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау қабілеті төмен баланың ойында өткен тақырып тез сақталады Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емеснақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше сызбалар құрастыруға талпынады. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған
Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды.Осы бөлімдер бастауыш оқу кезеңінің әрбір сыныбында « жеңілден күрделіге» қағидатына негізделеді. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Жаратылыстану сабақтарын келесі түрлерге бөледі: жаңа материалды үйрену сабағы; білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалын бекіту және қайталау сабағы; білімді бақылау және есепке алу сабағы; құрамдастырылған сабақ. Сабақтың түрін таңдау сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс сабақтың барлық түрлеріне ортақ нысан болып табылады.
«Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуіне жаратылыстану пәнінің білім мазмұны мен оны оқытудағы мұғалімнің тиімді әдіс- тәсілдері негіз болары сөзсіз.
3. Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (жаңартылған мазмұн бойынша).
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде “дүниетану” пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады.”Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал “Дүниетану”пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады
Билет № 24
-
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың ерекшелігі.
Ежелден ой ұшқырлығын, зеректігін бағалаған халқымыздың ғасырлар бойы жиып, көздің қарашығындай сақтап келген асыл мұрасы - сөз өнері ұлтымыздың өрісі, мәртебесі, тұрмыс - салты мен мінез - құлқының көрінісі іспеттес. Жас ұрпақты ұлттық сана - сезім рухында тәрбиелеуде ана әлдиімен даритын ана тілін дамытуда, ауызекі шешен сөйлеуге үйретуде, сөз өнеріне баулуда - сөздің алар орны зор. «Сөз қадірім, өз қадірім» - деп, кеңдігін де, елдігін де бір сөзге сыйғыза білген халқымыздың асыл қазынасының бірі, қадірлі - інжу маржаны - шешендік сөздер.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал - тәсілдерді қарым - қатынас мақсатына сай қолдана білу - жалпы мәдениетке қойылатын аса қажетті шаралар. Осы шарттарға жауап беретін сөз – шешендікке ұласады. Тегінде сөз өнерінің шеберлері қоғамдық өмірде болып жататын әр тарапты өзгерістерді, құбылыстарды, адамдардың мінез әрекетіндегі жағымды - жағымсыз көріністерді, елдің тұрмысында ұшырасатын жағдайларды кезінде көрегендікпен байқап шешендік сөзбен жақсылық пен татулыққа меңзеуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке еңбекқорлыққа тәрбиелеуге ықпал жасаған. Шешен билер сөз өнері арқылы дарынды, талантты жастарды сөз өнеріне ынталандырып баулып отырған.
Шешендік сөздер адамзат өркениеті тудырған рухани - мәдени құндылықтардың бірегейі.
Шешендік өнерді меңгертудің басты бір әдісі - оқушылар алдында түрлі проблемалық жағдайлар қойып, соның шешімін тапқызу, тіл арқылы білдіру, онда да тілін әсерлі де дұрыс, дәл, орынды болуын қажет ету. Сондықтан да әдістер жүйесін іріктеуде проблема - лық әдістер жүйесін танымдық, ізденімпаздық тұрғыдан қалыптастырып, дамытатын әдістер ретінде қарастырудың маңызы ерекше. Проблемалық жағдайды шешу кезінде оқушылар өзіне сенімді болады, қызығушылығы артады, білімге деген көзқарасы өзгеше сипат алады. Сабақта шешендік сөздердің астарын талдау, дауды шешу, шешендік сөздерді ары қарай жалғастыру, образға ену, мәнерлеп айту, шешендік сөздерді толықтыру, топта талқылау, пікір айту, ой қорыту тағы басқа әдіс - тәсілдерді проблема қоя отырып тиімді қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығыушылығын арттырады.
Оқушыларды шешендік өнерге бейімдеуде монолог әдісі, пайымдау әдісі, эвристикалық әдіс, репродуктивті әдіс, диалог әдістері кеңінен қолданылады. Осындай әдіс - тәсілдердің арқасында оқушының бойында белсенді оқу әрекеттері қалыптасады, оқушының жеке ізденіс қабілеті дамиды, оқушының өзінің шешендік тәжірибесін жүргізу мүмкіндігі қалыптасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды, яғни дәстүрлі сабақпен салыстырғанда меңгерілетін жаңа сөздер екі есеге артады.