Файл: Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. біласымова Математикадан 14 сыныптар шін баылау жмыстары жне ызыты таспырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 1469
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-тоқсан Бақылау жұмысы №4
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1. Амалдарды орында. 8009 • 99 405 • 236 17394 : 26 6302 • 240 722 304 : 513 19 712 : 64 | 1. Амалдарды орында. 35 958 : 78 1635 • 54 750 • 9 400 408 • 635 175 700 : 35 47 502 : 546 |
2. Өрнектің мәнін тап. 870 016 + 6 048 • 42 : 63 | 2. Өрнектің мәнін тап. 107 916 : 102 • 203 - 6209 |
3.Есепте. 46 ц – 6 ц 89 кг 9 кг 70 г – 4 кг 527 г 2 сағ 15 мин – 47 мин 5тәул. – 19 сағ | 3.Есепте. 68 ц – 5 ц 19 кг 8 кг 70 г – 3 кг 647 г 6 сағ 15 мин – 58 мин 6 тәул. – 14 сағ |
4. Есепті шығар. Бір дүкен 98 қап ұн алды, ал екінші дүкен осындай 95 қап ұн алды. Бірінші дүкен 216 кг артық ұн алса, әр дүкен қанша кг ұн алған? | 4. Есепті шығар. Бір дүкен 27 жәшік конфет алды, ал екінші дүкен осындай 30 жәшік алды. Екінші дүкен 48 кг конфет артық алса, әр дүкен қанша кг конфет алған? |
5. Шаршының периметрі 20 см. Шаршының ауданын тап. | 5. Шаршының периметрі 16 см. Шаршының ауданы қанша? |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №1
І нұсқа | ІІ нұсқа |
1.Есепті шығар. Жиһаз жасайтын цехтардың бірі 8 жинақ, екіншісі осындай 12 жинақ жиһаз шығарды. Бірінші цех екінші цехқа қарағанда қаптағыш материалды 8 дм² аз жұмсады. Цехтардың әрқайсысы қаптағыш материалдан неше дм² жұмсады? | 1.Есепті шығар. Екі көлік бірдей жылдамдықпен бірінен – бірі қарама-қарсы екі бағытқа жүрді. Олардың бірі жолда 5 сағ, екінші көлік 7 сағ болып біріншісінен 180 км артық жүрді. Көліктер бір-бірінен қандай қашықтықта? |
2.Есептеуді орында. 93 790 : 830 864 • 204 120 196 : 3 98 20 035 • 631
| 2.Есептеуді орында. 71 820 : 630 804 • 254 194 296 : 298 20 045 • 621
|
3.Теңдеулерді шеш. 387 - х = 513 : 57 | 3.Теңдеулерді шеш. 8 215 – х = 424 : 53 |
4.Өрнектің мәнін тап. 63084 : 21 – 102 • 48 : 24 | 4.Өрнектің мәнін тап.
|
5.Шамаларды салыстыр. 3126 кг * 31 ц 26 кг 643 мин * 8 сағ 57м 89см * 5 460 см 14м 68см * 4 002см | 5.Шамаларды салыстыр. 3326 кг * 34 ц 26 кг 743 мин * 8 сағ 45м 62см * 5 460 см 58м 38см * 4 000 см |
6.Қосымша тапсырма. Бірі екіншісінен 3 см ұзын болатындай екі кесінді сыз, ал олардың бірге алғандағы ұзындығы 11 см болуы тиіс. | 6.Қосымша тапсырма. Бірі екіншісінен 4 см ұзын болатындай екі кесінді сыз, ал олардың бірге алғандағы ұзындығы 12 см болуы тиіс. |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №2
І нұсқа | ІІ нұсқа |
Футбол кеудешесі, қысқа шалбар және жеңіл аяқ киім үшін 9 890 теңге төленді. Футбол кеудешесі 1385 теңге тұрады, аяқ киім адан 3 540 теңге қымбат. Қысқа шалбар неше теңге тұрады? |
Аяқ киім фабрикасы 3 176 жұп аяқ киім тікті. Олардың ½ бөлігі – әйелдердің аяқ киімі, ал 1 280 жұбы ерлердің аяқ киімі, қалғаны – балалардың аяқ киімі. Балалар аяқ киімі неше жұп? |
2.Есептеуді орында. 29060 • 81 281 600 : 40 4234 • 195 897 654 • 123 1460 • 381 7 525 : 25 | 2.Есептеуді орында. 89 748 • 326 93 888 : 36 7 258 • 320 26 314 • 409 1 753 • 285 113 832 : 248 |
3.Өрнектің мәнін тап.
| 3.Өрнектердің мәнін тап. 707 400 : 2 – (11 988 + 262 020) : 42 |
4.Жер телімінің ауданы 224 м2 және оның ұзындығы 16 м. Оның периметрін тап. | 4.Ұзындығы 96 м, ал ені одан 2 есе кем бақшаның ауданын тап. |
5.Бос орындарды толтыр. 90 м 56 см = см 725 кг = ц кг 980 дм = м 54 сағ = тәул сағ 8 кг 740 г = г 23 456 кг = т ц кг | 5.Бос орындарды толтыр. 50 м 6 см = см 985 кг = ц кг 870 дм = м
2кг 40 г = г 32 549 кг = т ц кг |
6.Қосымша тапсырма. 540 кг : 90 + 78 кг 4 г • 24 – 72 кг : 36 | 6.Қосымша тапсырма. 540 кг : 60 + (78 кг 4 г - 20 400 г) –720 кг : 30 |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №3
І нұсқа | ІІ нұсқа |
Арақашықтығы 450 км қаладан бір уақытта бір – біріне қарама – қарсы бағытта екі көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 70 км/сағ, екіншісінікі 80 км/сағ. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі? |
Екі теңіз айлағынан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта катер мен теплоход шықты. Теплоход 33 км/сағ жылдамықпен, катер 25 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олар кездесеті. Екі айлақ арасындағы қашықтық нешеге тең? |
2.Амалдарды орында. 5 576 : 34 4 651 • 36 901 056 – 118 967 19 680 : 32 | 2.Есептеуді орында. 189 252 : 63 5 409 • 49
|
3.Теңдеуді шеш. 413 + х = 208 • 20 360 : у = 190 086 – 189 996 | 3.Теңдеулерді шеш. 3 450 + (х – 34) = 5930 с – 863 = 50 940 : 566 |
4.Өрнектің мәнін тап.
| 4.Өрнектің мәнін тап
|
5.Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есепте. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9см, ені 4см. | 5.Бөлменің ұзындығы 9м, ені 8м. Бөлмеде 36 адам бар. Әр адамға неше квадрат метрден келеді? |
6.Жақшаларды жазу дұрыс болатындай қойып шық. 500– 50 •2 + 3 = 250 2 080 : 4 + 4 = 260 | 6.Жақшаларды жазу дұрыс болатындай қойып шық. 300 – 30 • 4 + 2 = 120 60 + 40 : 4 – 2 = 80 |
4-тоқсан Бақылау жұмысы №4
І нұсқа | ІІ нұсқа |
Әмір өз ақшасының жартысына альбом сатып алды. Содан кейін анасы оған 130 теңге берді. Енді Әмірде барлығы 205 теңге болды. Бастапқыда Әмірде неше теңге болды? |
Темір өз ақшасының жартысына кітап сатып алды. Содан кейін анасы оған 210 теңге берді. Енді Әмірде барлығы 460 теңге болды. Бастапқыда Темірде неше теңге болды? |
2.Есептеуді орында. 10 000 000 – 895 632 724 • 308 3 145 986 + 4235987 546 630 : 70 38м 70 см : 8 дм 6 см 313 200 : 432 | 2.Есептеуді орында. 36 456 879 + 8 213 654 879 • 689 17 000 000 – 987 561 6 578 • 697
|
3.Теңдеулерді шеш. (х – 4 396) : 39 = 68 5 700 : х + 4044 = 4 272 | 3.Теңдеулерді шеш. 2 470 + (х – 520) = 6 479 85 095 : а + 540 = 845 |
4.Өрнектердің мәнін тап, мұндағы а = 60. 279 096 + а 49 • а – 369 50 + (а + 898) : 2 | 4.Өрнектердің мәнін тап, мұндағы а = 8, b = 5, c = 3. 40 • b + 30 • c 98 000 : b – c (6 300 – b) • c |
5.Қабырғасы 8 см болатын текшенің көлемін есепте. | 5.Ұзындығы 6 м, ені одан 2 есе қысқа, ал биіктігі ұзындығының ½ бөлігін құрайтын бөлменің көлемін есепте. |
6.Қосымша тапсырма. Тиісті жерге таңбалар мен жақшаларды қой. 3 3 3 3 3 = 51 3 3 3 3 3 = 30 | 6.Қосымша тапсырма. Тиісті жерге таңбалар мен жақшаларды қой. 3 3 3 3 3 = 39 3 3 3 3 3 = 36 |
Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар
-
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (Жауабы: 2)
-
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның қабын және алдым.
2 дәптер, 1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (Жауабы: 6)
-
Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (Жауабы: 10)
-
Табақта 5 өрік
Қолында 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (Жауабы: 9)
-
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
-
Тоқылған салса себетке? (Жауабы: 3)
Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін
Айтқын қаз нешеу екенін ? (Жауабы: 8)
-
Бір алманы төртке бөлдім
Бір бөлігін жеп те көрдім
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы 3 досыма бердім
Қолымда менің не қалды ? ( Жауабы: 0)
-
Аулада жүр балалар :
Самат , Арнат , Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға
Аулада қанша ұл ойнауда ? ( Жауабы: 3)
-
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (Жауабы: 30 қаз) -
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (Жауабы: 4) -
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (Жауабы: 60 алма) -
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (Жауабы: 45 алма) -
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (Жауабы: 70 асық) -
Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді, Әсел бір стакандағы сүтті ішіп, стаканды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стакан қалды? (Жауабы: 5 стақан) -
Үстелде 10 алма жатыр. Оның 1-еуі екіге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (Жауабы: 10 алма) -
Үстел үстінде 8 шам жанып тұр. Оның үшеуін өшірсе, неше шам қалды? (Жауабы: 8 шам) -
Әкем, мен, шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым? (Жауабы: сол жағында) -
Айнұрдың 7 жаңғағы бар еді. 1-еуін ағасына берген кезде екеуінде теңдей болды.
Ағасында неше жаңғақ болған еді? (Жауабы: 5 жаңғақ)
-
Бір бөлке нан мен бір қорап қант, бір бөлке нан мен бір қорап кәмпиттен ауырлау. Бұл неге байланысты? (Жауабы: бір қорап қантқа байланысты) -
Арман мен Бауыржанның бойлары бірдей. Арман мен Ғалымжанның бойлары да бірдей. Бауыржан мен Ғалымжанның қайсысы бойшаң? (Жауабы: бойлары бірдей) -
2 қайың өсіп тұр. Әр ағашта 10 алма, әр бұтақта 2 алмұрттан. Барлығы неше алмұрт? (Жауабы: Қайыңда алма, алмұрт өспейді.) -
Сара үстелге тастарды бір-бірінен 2см аралықта орналастырды. 10 сантиметрдің бойына неше тас қойылған? (Жауабы: 6 тас) -
Апалы-сіңлілі үш қыз бір мектепте оқиды. Олар: Алтын, Сәуле және Бақыт. Алтын Сәуледен үлкен еді, ал Сәуле Бақыттан үлкен. Кім үлкен: Алтын ба, әлде Бақыт па? (Жауабы: Алтын үлкен) -
Егер Маржан Айгүлден 2 жас үлкен болса, ал Айгүл Раушаннан 3 жас үлкен болса, қайсысы үлкен: Маржан ба, әлде Раушан ба? Неше жас үлкен? (Жауабы: Маржан Раушаннан 5 жас үлкен) -
Гүлжан мен Мараттың салмағы қанша болса, Болат пен Қанаттың салмағы сонша.Марат – 32кг, ал Болат – 40кг. Кім ауырырақ: Гүлжан ба әлде Қанат па? (Жауабы: Қанатқа қарағанда Гүлжан ауырырақ.) -
Алмұрт алмадан 2 есе қымбат. Қайсысы қымбат: 8 алма ма әлде 4 алмұрт па? (Жауабы: 8 алма мен 4 алмұрттың бағасы бірдей) -
Екі ұлы мен екі әкесі 3 жұмыртқа жеді.Әрқайсысы неше жұмыртқа жеген? Олар қалай бөліскен? (Жауабы: бір-бір жұмыртқадан, өйткені бұлар атасы баласы және немересі болатын.) -
Оқушылар спорттық шеберлігін көрсету үшін 4 қатарға тұрды: бірінші қатарға 2 бала, ал әрбір келесі қатарда алдыңғыға қарағанда 2 бала көп. Төртінші қатарға неше бала тұрды? (Жауабы: 8 бала) -
Үш ағайындының ішінде Асқар Айдардан ұзын,ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жауабы: Асқар ұзын бойлы) -
Екі адам ауылдан қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (Жауабы: 2 адам) -
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу басу керек? (Жауабы: 8-басқыш) -
Сатып алуға ақшасы жете ме? Баланың 5 тиыннан 3 тиындығы бар. Оның 8 тиынға сызғыш сатып алғысы келеді.Баланың ақшасы жете ме? (Жауабы: Жетеді, 7 теңгесі қалады.) -
Мектеп асханасындағы ас мәзірінде бір тәрелке сорпа мен самса 31 теңге, ал жарты тәрелке сорпа мен самса 23 теңге деп көрсетілген. Самса неше теңге тұрады? (Жауабы: Самса 15 теңге) -
Би үйірмесіне 7 ұл және 4 қыз қатысады. Барлық қыздар жұптарымен билеген кезде, неше ұл билемей қалды? (Жауабы: 3 ұл) -
Түнгі сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жауабы: жоқ, мүмкін емес.) -
Телеграф сымында қарлығаштар қонып отыр. Бір уақытта олардың 5-еуі ұшып кетіп, біраз уақыттан соң 3-еуі қайта оралды.Нәтижесінде сымда отырған қарлығаштар саны 12 болды. Ең басында сымда неше қарлығаш отырған? (Жауабы: 14 қарлығаш) -
32 санының жартысының екі еселенген ширегі нешеге тең? (Жауабы: 8) -
Кеше Жандостың туған күні болды. Ертең жұма болса, Жандостың туған күні қай күні болды? (Жауабы: сәрсенбіде) -
Саматтың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Саматтың қанша көк шары бар? (Жауабы: 4 көк шар) -
Баладан жасың нешеде деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Егер 2-ден бастап бір сан аттап қатарынан 9 санды санап шықсаң және соңғы санды 3-ке бөліп, 2-ні қоссаң, жасымның нешеде екенін білесің», - деді. Бала неше жаста? (Жауабы: 8 жаста) -
Сыныпта 29 оқушы бар. Олардың 12-сінің әпкесі, ал 18-інің ағасы бар. Тек қана Арман, Әсет және Әлияның әпкесі де, ағасы да жоқ. Сыныптағы қанша оқушының әпкесі де, ағасы да бар? (Жауабы: 4 бала) -
Барыс 6 сағатта 600 кг ет жейді, ал жолбарыс 2 есе жылдам жейді. Егер екеуі бірігіп жесе 600 кг етті қанша уақытта жеп болады? (Жауабы: 2 сағат) -
Жәнібек 18 теңгеге 3 дана сызғыш немесе 9 дана өшіргіш ала алады. Жәнібек 1 өшіргіш және 1 сызғыш алғанына қарағанда, 18 теңгеден қанша қалады? (Жауабы: 10 теңге қалады.) -
Екі себетте 70 алма бар. Біреуінен 6 алма, екіншісінен 4 алма алғанда, екі себетте бірдей алма қалды.Әр себетте қанша алма болған? (Жауабы: 1-себетте 36 алма, 2-себетте 34 алма) -
Екі санның қосындысы ең кіші төрт таңбалы санға тең. Егер осы екі санның үлкенін кішісіне бөлсек, онда ең үлкен бір таңбалы сан шығады. Екі санды тауып көр. (Жауабы: 900 бен 100) -
Дәурен ішіне 4 шелек су сиятын аквариумды толтырмақшы.. Ол краннан бір шелек су толтырып алып, аквариумға жеткенше жарты шелек су төгіліп қалып отырған.Аквариумды толтыру үшін Дәурен неше рет су тасу керек? (Жауабы: 8 рет) -
Меруерт бірнеше беті түсіп қалған ескі кітап тауып алды.Сол жағындағы бетте 24 саны, ал оң жағындағы бетте 45 саны тұр. Кітаптың неше парағы жоқ? (Жауабы: 10 парақ) -
Ағалы-інілі үш баланың біреуінің бір қарындасы, екіншісінің екі қарындасы, үшіншісінің үш қарындасы бар.Үйде барлығы қанша бала бар? (Жауабы: 6 бала) -
Аулада тауықтар мен үй қояндары жүр, бұлардың бәрін қосқанда 20 басы, 52 аяғы бар. Аулада неше тауық және үй қояны бар? (Жауабы: 6 үй қояны және 14 тауық) -
Аулада торайлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы,14 аяғы бар. Тауық пен торай нешеу еді? (Жауабы: 2 торай және 3 тауық) -
Дене шынықтыру сабағында оқушылар қатарға тұрды. Олардың бір-бірінен қашықтығы 1м. Бүкіл қатардың ұзындығы 25м. Оқушылар нешеу еді? (Жауабы: 26 оқушы) -
Ұзындығы 12м жіпті әр бөлігі 2м болу үшін неше рет қию керек? (Жауабы: 5 рет) -
Бір қатарда бір-бірінен 2см қашықтықта 8 дойбы тасы қойылған. Екінші қатарға бір-бірінен 1см қашықтықта 15 тас қойылған. Қай қатар ұзынырақ? (Жауабы: ұзындықтары бірдей) -
Екі бала әкелерімен бірге жолға шығып, кешке қарай өзенге келді. Жағада 100-кг-нан артық жүкті көтере алмайтын сал бар еді.Әкелерінің массасы 73 кг, ал балаларының массалары 45кг және 41кг болатын. Оның үстіне олардың массасы 15кг болатын қапшығы бар еді. Олар өзеннен қалай өтеді? (Жауабы: Екі бала арғы бетке барады, бір бала кері қайтады да жағада қалады, әкесі қапшықпен бірге кетеді, арғы беттегі бала келіп екінші баланы алып кетеді.) -
Сәуле үйіне қонаққа Айнұрды, Бауыржанды, Ұлжанды шақырды. Ыдыста алма, апельсин, алмұрт тұр еді. Әр бала өзіне жеміс таңдап алды. Айнұр алмұртты, Сәуле апельсинді, Бауыржан алманы қаламайды. Сәуле мен Ұлжан бірдей жеміс таңдады. Тек бір ғана бала алмұртты таңдады. Кім қандай жеміс алды? (Жауабы: Сәуле мен Ұлжан алманы, Бауыржан алмұртты, Айнұр апельсинді таңдады.) -
Сыныпта 30 оқушы бар. Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді. Сыныпта неше ұл бар? (Жауабы: 12 ұл) -
Фотоальбомда 20 бет бар. Егер альбомның 5 беті 1 см қалыңдықта болса, альбомның қалыңдығы қандай болады? (Жауабы: 4 см) -
Қыз баланың шашы 1 айда 1 см 2мм өссе, 1 жылда қаншаға өседі? (Жауабы: 14см 4мм) -
Столдың үстінде өлшемі әртүрлі 3 қорап тұр: үлкендеу, орташа, кішілеу. Қорапшаларға доптар салынған.Үлкендеу қораптағы доптар саны орташадағыдан 2 есе, ал орташа қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан 2 есе артық. Үлкендеу қораптағы доптар саны кішілеу қораптағы доптардан неше есе артық? (Жауабы: 4 есе артық) -
Арман КАNGAROO сөзінің суретін салмақшы. Ол сәрсенбіден бастап, әр күні бір әріптің суретін сала бастады. Аптаның қай күнінде Арман соңғы әріпті салып бітіреді? (Жауабы: сәрсенбіде) -
Сатушыда 6 жұмыртқа және 12 жұмыртқаға арналған қораптар бар. Оған 66 жұмыртқаны салу үшін кем дегенде неше қорап керек? (Жауабы: 6 қорап) -
Мейрам кезіне екі бірдей торттың әрқайсысы төрт тең бөлікке бөлінді. Сонан соң пайда болған әрбір бөлік тең үш бөлікке бөлінді. Әр қонаққа бір кішкентай бөліктен тиді және үш кішкентай бөлік артық қалды. Мейрамға қанша қонақ қатысты? (Жауабы: 21 қонақ) -
Көгершін қанатын 1 секундта 4 рет қағады. Көгершін қанатын 2 минутта неше рет қағады? (Жауабы: 480 рет) -
Бір отбасында 3 ағалы-інілі балалар бар. Олардың үлкенінен сұрағанда: «Біз үшеуміздің жасымызды қосқанда – 35-ке тең. Мені мен Мағжанның жасын қосқанда – 28, ал Мағжан мен Ерзаттың жасын қосқанда -19 шығады, - деп жауап берді. Балалардың әрқайсысы нешеде? (Жауабы: ол – 16-да, Мағжан – 12-де; Ерзат – 7-де ) -
Үйде 12 чашка 9 тарелкасымен бар еді. Балалар чашканың жартысын және 7 тарелкасын сындырды. Неше чашка тарелкасыз қалғанын есепте. (Жауабы: 4 чашка) -
Кенгуру Джампи әр жылда болатын жануарлар олимпиадасына дайындалып жаттықты. Жаттығу барысындағы оның ең алыс секірісінің ұзындығы 50дм 50см 50мм болды. Ол жарыста бұл нәтижесін 123см-ге арттырып, алтын медель жеңіп алды. Жеңіске жеткізген секірісінің ұзындығ қанша? (Жауабы: 6м 78см) -
Талғатқа Х ағаштарды суару керек. Ол 2 қатардағы У ағаштарды суарды. Әлі қанша ағаштарды суаруы керек? (Жауабы: Х – У•2) -
5 бірдей доп пен 3 қуыршақтың бағасы, осындай 4 доп пен 4 қуыршақтың бағасымен бірдей: Қайсысы қымбат: қуыршақ па, әлде доп па? (Жауабы: бағалары бірдей) -
Інім екеуміздің жасымыз қанша болса, әпкемнің жасы сонша. Әпкем әкемнен 2 мүшел кіші. Мен інімнен 8 жас үлкенмін. Інім 5-те. Басқаларымыз нешедеміз? (Жауабы: Ол 13-те, әпкесі 18-де, әкесі 43-те.) -
Африка түйетауығының 3 жұмыртқасы мен тауықтың 60 жұмыртқасының массасы 9 кг. Егер түйетауықтың бір жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасынан 20 есе ауыр болса, әр жұмыртқаның массасы қанша? (Жауабы: 1 түйетауықтың жұмыртқасы 1,5 кг; 1 тауықтың жұмыртқасы 75г) -
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келеді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу? (Жауабы: 3 немере, 23 асық) -
Айнаш пен Гүлнардың сыныбындағы ұлдар мен қыздар бір түзу бойымен қатарға тұрды. Айнаштың артында 16 адам, оның біреуі Гүлнар тұр. Ал, Гүлнардың алдында 14 адам, оның біреуі Айнаш тұр. Айнаш пен Гүлнардың арасына 7 адам бар. Айнаш пен Гүлнарды қосқанда неше адам бар? (Жауабы: 23 адам)1 2 3 4 5 6 7 8