Файл: Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. біласымова Математикадан 14 сыныптар шін баылау жмыстары жне ызыты таспырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 1470
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Катер 14 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Ол тағы да бұған қарағанда 2 есе артық жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Соңғы жылдамдыққа қарағанда 4 км кем жылдамдықпен 3 сағат тағы да жүзген болса, катер осы 7 сағатта барлығы неше км жүзді? (Жауабы: 156 км)
3 станокпен 5 сағатта 30 деталь жасады. 42 деталь жасау үшін қанша уақыт керек? (Жауабы: 7 сағат)
Салмағы 123 грамм болатын қалайы қасықтан 25 кішкентай қалайы солдаттар жасалынды. 24 солдаттардың бір-бірінен айырмасы жоқ, бірдей. Ал 25-ші солдаттың бір аяғына қалайы жетпей қалды. Соңғы солдаттың салмағы қанша болды? (Жауабы: 3 грамм)
А қаласынан В қаласына 1 мезгілде 2 машина шықты. Алдыңғы машина 30 км/сағ жылдамдықпен, ал соңғы машина 40 км/сағ жылдамдықпен келеді. Егер екінші машина алдыңғы машинаға қарағанда межелі жеріне 2 сағат бұрын жетсе, А мен В қалаларының арақашықтығы қанша километр болғаны? (Жауабы: 240 км)
Автобуспен 18 адам келе жатты. Содан кейін әр аялдамада 4 адам түсіп, 6 адам мінді. Сонда 4-ші мен 5-ші аялдаманың аралығында автобуста неше жолаушы келе жатқан? (Жауабы: 26 жолаушы)
4-сыныптың оқушылары сабақтан кейін мұражайға барды. Мұғалім оларға үш-үштен сапқа тұруларын өтінді. Айдос, Жанар және Қанат үшеуі өздерінің алдынан санағанда жетінші, ал артынан санағанда бесінші екенін байқады. Мұражайға неше оқушы барған? (Жауабы: 33 оқушы)
Самат кітаптың бетін ашып қалып, оның оң жақ және сол жақ беттеріндегі нөмірлердің қосындысы 25 екенін байқады. Осы нөмірлердің көбейтіндісі нешеге тең? (Жауабы: 156)
Буратиноның бойы 1м., ал оның мұрнының ұзындығы 9 см болатын. Буратино әр жолы өтірік айтқан сайын оның мұрны 2 есе ұзара түсетін болған. Оның мұрны бойынан ұзындау болғаннан бастап, Буратино өтірік айтқанды қойды. Ол неше рет өтірік айтқан? (Жауабы: 4 рет)
А қаласынан В қаласына дейін 175 км. Автомобиль таңертеңгі сағат 9.00-де В қаласынан С қаласына қарай 90 км/сағ жылдамдықпен шықты. Автомобильмен бір мезгілде А қаласынан сол бағытқа қарай автобус шықты. Оның жылдамдығы автомобильдің жылдамдығының 3/5 бөлігін құраса, сол күнгі 13.00-де автомобиль мен автобустың арақашықтығы қандай болады? (Жауабы: 319 км)
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 1 м 5см, ал ені одан 7 есе кем. Периметрі осы тіктөртбұрыштың периметріне тең болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап. (Жауабы: 60 см)
Оқушы 10 минуттың ішінде жолдың 5-тен 2 бөлігін жүрді. Осындай жылдамдықпен жолдың қалған бөлігін қанша уақытта жүреді? (Жауабы: 15 минут)
Қайраттың әжесі шкафқа 650 г-дық банкаға құйылған тосапты тығып қойды. Немересі Қайрат тосапты тауып алып күніне әжесінен тығылып 5 қасықтан жеп отырды. 20 күннен кейін әжесі тосапты қараса азайып қалыпты. Егер Қайрат 5 – г-дық қасықпен күніне 5 рет жеп отырған жағдайда неше грамм тосап банкада қалды? (Жауабы: 150 г)
Түйе бірнеше минутта 100 литр суды тауысады. Егер маймыл бір күнде 2,5 литр су тауысса, 100 литр су оған неше күнге жетер еді? (Жауабы: 40 күн)
Таңертеңгілік анасы себеттегі алманың тең жартысын алды және ұлына 2 алма берді. Түсте қалған алманың тең жартысын алды және қызына 1 алма берді. Кешкі асқа 3 алма қалды. Себетте барлығы неше алма болған? (Жауабы: 20 алма)
Роза мектепке бара жатыр. Сабақ 8 – 00-де басталады. Ол 7 – 40-та жолдың жартысына келді. Егер ол 8-ге 10 минут қалған кезде мектепке жететін болса, үйден мектепке дейін Роза қанша минут жүреді? (Жауабы: 20 минут)
Егер 1-ді өз-өзіне 1000 рет көбейтсе неше шығады? (Жауабы: 1)
Саяхатқа шыққан оқушыларды Сырдария өзенінің қарсы жағалауына қайықпен өткізу қажет болды. Олар әр қайыққа 6 оқушыдан отырса, 4 оқушы артық қалады. Ал 8 оқушыдан отырса, 1 қайық бос қалады. Топта неше оқушы болған, оларға қанша қайық дайындалған? (Жауабы: 16 оқушы - 3 қайық немесе 40 оқушы - 6 қайық)
Менің әкемнің аты – Марат Жомартұлы, ал менің ұлымның аты – Асхат Саматұлы. Сонда менің аты-жөнім кім? (Жауабы: Самат Маратұлы)
Таразының бір табақшасында 6 апельсин, ал екінші табақшасында 2 қауын жатыр. Егер бір қауынды алып тастасақ, табақшалар тепе-теңдік қалыпқа келеді. Бір қауынның салмағы неге тең? (Жауабы: 1 қауын мен 6 апельсиннің салмағы бірдей)
Спорттық жарысқа 28 бала қатысқан. Мәреге Жандостан кейін жеткен балалардың саны мәреге Жандосқа дейін жеткен балалардаң санынана 2 есе артық. Жандос нешінші орын алды? (Жауабы: 10 – орын)
Квадрат үстелге 4 адам отыра алады (әр жақтан бір-бірден). Мектеп кешіне ұзын үстел кұрау үшін дәл осындай 7 үстелді бір қатардың бойымен қойды. Осы үстелге қанша адам отыра алады? (Жауабы: 16 адам)
Шағын көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 19-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2-ден 14-ке дейін жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде неше үй бар? (Жауабы: 17 үй)
Мақсат нысанаға жебені лақтырып, «Дартс» ойынын ойнады. Алдымен оның 10 жебесі болды, нысананың ортасына дәл тигізген сайын, ол қосымша 2 жебе алып отырды. Егер ол 20 лақтырыс жасап үлгірсе, Мақсат нысананың ортасына қанша рет тигізді? (Жауабы: 5 рет)
Кейбір айда 5 дүйсенбі болса, онда бұл айда аптаның қай күні болмайды? (Жауабы: бейсенбі күні)
Мектепке келетін көшенің бойында таңертеңгілік 9 шам жанып тұрады. Көрші 2 шамның ара қашыққтығы 8 метр. Дәулет бірінші шамнан соңғысына дейін жүріп өтті. Ол қанша метр жүрді? (Жауабы: 64 метр)
Сейфтің құпия коды – үш таңбалы сан және олар әртүрлі цифрлар. 1, 3, 5 цифрларынан қанша құпия код жасауға болады? (Жауабы: 6 құпия код)
1-ден 100-ге дейін жазып шығу үшін қанша цифр керек? (Жауабы: 192 цифр)
Саяттың ағалары мен апларының саны бірдей. Ал оның туған апасы Айгүлдің ағаларының саны апаларынан 2 есе көп. Сонда бұл отбасында қанша бала болғаны? (Жауабы: 5 бала)
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Алматыкітап» баспасы
2. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Атамұра» баспасы
3. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Алматыкітап» баспасы
4. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Атамұра» баспасы
5. Қызықты математика. 1-4 сыныптар «Алматыкітап» баспасы
Мазмұны
Алғы сөз .........................................................................................................
1-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
2-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
3-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
4-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар .........................................
Сыныптан тыс жұмыстар .............................................................................