Файл: Диссертация цифрлы білімдік ортада болаша педагогпсихологтарды коммуникативтік мдениетін алыптастыру.doc
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 304
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.М.Снайдердің сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылауды бағалау диагностикасының әдістемесі (1-қосымша).
2. М.Снайдердің «Сіз адамды тыңдай аласыз ба?» тесті. (2-қосымша).
3. М.Снайдердің «Сөйлесу кезінде сіз сұхбаттасушыны сыйлай аласыз ба?» тесті.
1.М.Снайдердің сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылауды бағалау диагностикасының әдістемесі бойынша нұсқаулық: тер белгілі бір жағдайларға реакцияларды сипаттайтын 10 сөйлемді мұқият оқып шығады. олардың әрқайсысын өзіне қатысты дұрыс немесе дұрыс емес деп бағалауы керек. Егер сөйлем оған дұрыс немесе дұрыс емес болып көрінсе, сериялық нөмірдің жанына «Д» әрпін қойып, егер ол қате немесе келіспесе, «ДЕ» әрпін қояды.
9-сурет. М. Снайдердің сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылауды бағалау диагностика әдістемесінің зерттеу соңындағы нәтижелері
9-суреттен көріп отырғанымыздай, 3-курс білім алушылар арасынан 19 адам осы әдістеме бойынша сауалнамадан өтті, олардың ішінде 6 адамның коммуникативті бақылауы төмен, 12 адамның коммуникативті бақылауы орташа және 1 адам жоғары екендігі анықталды. 2-курс білім алушыларына келетін болсақ, олардан сауалнамаға 12 адам қатысқан болатын. Сауалнама нәтижесі бойынша 8 адамның коммуникативті бақылауы жоғары, қалған 4 орташа болып шықты.
2. М. Снайдердің «Сіз адамды тыңдай аласыз ба?» тесті
10-сурет. М. Снайдердің «Сіз адамды тыңдай аласыз ба?» тестінің нәтижелері
10-суреттен 1-тест нәтижесін көре аламыз. 3-курс білім алушыларының арасында 1 адам – тамаша сұхбаттасушы, 9 адам – жақсы әңгімелесуші, ал 9 адамда кейбір кемшіліктер бар екені анықталды. 2-курс білім алушылар арасынан 8 тамаша сұхбаттасушы, 3 жақсы әңгімелесуші және 1 кемшіліктері бар адам анықталды. 3-курс арасынан да, 2-курс арасынан да нашар әңгімелесушілер анықталмады.
3.М. Снайдердің «Сөйлесу кезінде сіз сұхбаттасушыны сыйлай аласыз ба?» тесті.
Нұсқаулығы: «Бағаланатын 10 сұраққа жауап беру керек: «әрқашан дерлік» - 2 ұпай, «көп жағдайда» - 4 ұпай, «кейде» - 6 ұпай, «сирек» - 8 ұпай, «ешқашан дерлік» - 10 ұпай».
11-сурет. М. Снайдердің «Сөйлесу кезінде сіз сұхбаттасушыны сыйлай аласыз ба?» тестінің нәтижелері
11-сурет көрсеткендей, 3-курс арасынан 14 студенттің, 2-курс арасынан 3 студентің тыңдау қабілеттері орташа. 3-курс арасынан 2-еу және 2-курс арасынан 9 тыңдау қабілеті жоғары адам анықталды. Сонымен қатар, бақылау тобы 3 курс студенттер арасында төмен нәтиже көрсеткен 3 студент болды. Жалпы сауалнама мен тест нәтижесін пайыздық көрсеткішпен келесі диаграммада ұсынамыз.
12-сурет. Сауалнама мен тест бойынша екі топтың пайыздық нәтижелері
Сауалнама бойынша 2-курс білім алушылары 64 % жоғары көрсеткіш.
1-тест бойынша 52 % орташа көрсеткіш.
2 –тест бойынша 74 % жоғары қөрсеткіш.
Сауалнама бойынша 3-курс білім алушылары 48 % төмен көрсеткіш.
1-тест бойынша 38% төмен көрсеткіш.
2 –тест бойынша 67 % орташа көрсеткіш.
Алынған мәліметтер коммуникацияның қалыптасуының нақты деңгейлерін анықтауға және коммуникативті мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз ететін бірқатар факторларды анықтауға мүмкіндік берді.
13-сурет. Зерттеу соңындағы бақылау тобының нәтижелері
13-суреттен көріп отырғанымыздай, зерттеу соңында бақылау тобынан 2 (8%) адам төмен, 4 адам (17%) жоғары нәтиже көрсетті. Орташа көрсеткіштер басымырақ болды, ондай нәтижені 13 , яғни 75% көрсетті.
Бақылау тобының зерттеу басындағы және соңындағы диагностикалық нәтижелерін салыстырайық (14-сурет).
14-сурет. Бақылау тобының салыстырмалы диагностикалық нәтижелері
14-суреттен көріп отырғанымыздай, бақылау тобында зерттеудің басында да, соңында да орташа нәтижелер басым түсіп, 75% үлесті құраған. Ал төмен нәтижелер зерттеу басында 25% болған болса, зерттеу соңында сәл азайып, 8% құраған. Жоғары нәтиже зерттеу басында болмаған болатын, бірақ соңында 17%-ға дейін сәо өскен.
Зерттеу соңындағы эксперимент тобының диагностикасының осы нәтижелерін диаграммаға салайық (15-сурет).
15-сурет. Зерттеу соңындағы эксперимент тобының диагностикасы
15-суреттен көріп отырғанымыздай, зерттеу соңында эксперимент тобынан төмен нәтиже анықталмаған. Ал 7 адам, яғни 53% жоғары нәтиже көрсетті. Қалған 47%, яғни 5 адамда орташа деңгей екені анықталды.
Эксперимент тобының зерттеу басындағы және соңындағы диагностикалық нәтижелерін салыстырайық (16-сурет).
16-сурет. Эксперимент тобының салыстырмалы диагностикалық нәтижелері
16-суретті талдай отыра, төмен нәтижелер 28%-дан 0-ге дейін қысқарса, жоғары нәтижелер 11%-дан 53%-ға дейін өте жақсы өскен деп қорытынды жасауға болады. Ал орташа нәтижелер үлесі 61%-дан 47%-ға дейін кеміген.
Енді бақылау және эксперимент топтарының жалпылама нәтижелерін салыстырайық (17-сурет).
17-сурет. Бақылау және эксперимент топтарының зерттеу басындағы салыстырмалы нәтижелері
17-суреттен зерттеу басында екі топ нәтижелерінде аса үлкен айырмашылықтар болмағанын байқаймыз, Төмен деңгей бақылау тобында 25% болса, эксперимент тобында 28% құраған. Жоғары деңгей басында бақылау тобында болмаған, ал эксперимент тобында 11%. Орташа көрсеткіштерге келетін болсақ, зерттеу басында ол бақылау тобында 75%, ал эксперимент тобында 61% құраған.
Енді зерттеу соңындағы көрсеткіштерді салыстырайық (18-сурет).
18-сурет. Бақылау және эксперимент топтарының зерттеу соңындағы салыстырмалы нәтижелері
18-суреттен зерттеу соңында екі топ нәтижелерінде айтарлықтай өзгерістер орын алғанын байқауға болады. Төмен деңгей бақылау тобында 8% болса, эксперимент тобында анықталмаған. Жоғары деңгей бақылау тобында 17%, ал эксперимент тобында 53% құраған. Орташа көрсеткіштерге келетін болсақ, зерттеу соңында ол бақылау тобында 75%, ал эксперимент тобында 47% құраған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғалымдар коммуникативтік мәдениет ұғымын адамдардың бір-бірімен достық қарым-қатынасы, қарым-қатынас мәселелерінің барлық түрлерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін дағдылар жиынтығы ретінде қарастырады. Ал педагогика саласында коммуникативті мәдениет қарым-қатынас процесіндегі «беруші-мұғалім және қабылдаушы-» классикалық жүйе бойынша жұмыс істемей, интерактивті әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, яғни бірлескен іс-әрекет барысында олар әртүрлі идеялар, ұсыныс, сезімдер, ақпарат, көңіл-күй және т.б. алмасады. Ақпарат жай ғана қалыптаспайды, нақтыланады, дамиды, тұжырым жасалады.
Зерттеу барысында алынған тұжырымдар қарастырылып отырған педагогикалық мәселені толық ашып көрсететін жұмыс деген пікірге ие болуды мақсат етпейді. Мәселенің одан әрі даму болашағы коммуникативті мәдениетті жетілдіру үрдісін басқарумен байланысты, өйткені болашақ мұғалім үшін тұлғалық және кәсіби өсуінің ең жақсы көрсеткіші нәтиже көрсете алатын білікті маман болуы деп есептейміз.
Коммуникативтік мәдениет педагогикалық қарым-қатынастың негізгі ұстанымдарына негізделеді, нақтырақ айтсақ:
-
жеке тұлғаның өз қасиеттерін дамытып, мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін психологиялық функциялардың, практикалық әдістер мен құралдардың өзара байланысты жүйесі; -
коммуникативтік мәдениетті әрекет және процесс ретінде қарастыруға болады; -
мұғалім мен білім алушы арасындағы ұйымдастырушылық әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттесу жүйесі (әдістері мен дағдылары) болып табылады; -
коммуникативті құралдар білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз етумен бірге белгілі бір мазмұн бойынша ақпарат алмасу болып табылады.
«Коммуникативтік мәдениет» деп аталатын бірінші тарауда зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерге талдау жасалды.
Екінші тарауда тәжірибелік-эксперименттік жұмысы жасалды. Тәжірибе жұмысының мақсаты: білім алушылармен танысып, өздерін жайлы сезіну үшін жағымды қарым-қатынас атмосферасын құрып, жалпы қарым-қатынас ұғымы, оның түрлері, қызметі, қарым-қатынас аспектілері туралы түсінік беру.
Практикалық тапсырмалар арқылы теориялық білімді бекіту, терді қарым-қатынас барысындағы сөйлеу мәнерін жетілдіру элементтерімен таныстыру; байланысы басқару дағдыларын қалыптастыру.
Шағын топтар арқылы жұмысты қорытындылау; білім алушылардың коммуникативтік мәдениет туралы білім мен дағдыларын табысты дамытуға және болашақта қызығушылықтарын арттыру.
Тренинг сабақтардың негізгі міндеттері:
-білім алушылардың педагогикалық қызметтің әртүрлі салаларындағы коммуникативті мінез-құлық ерекшеліктерімен таныстыру;
- педагогикалық қызмет саласындағы коммуникативтілік пен коммуникативті оқиғалардың құрылымын білуге баулу;
- білім алушыға өзінің коммуникативті қабілеттерін сезінуге және оларды әртүрлі жаттығулар мен оқу жағдайлары арқылы жетілдіруге мүмкіндік беру және т. б.
Арнайы ұйымдастырылған сабақтың университет педагог-психологтары білім алушылардың коммуникативті мәдениетінің деңгейін арттыруға әсерін зерттеу үшін қалыптастырушы эксперимент жүргізілді, оның негізгі міндеті болашақ педагог-психологтарда коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың ұсынылған бағдарламасының тиімділігін тексеру болды.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру процесі тренинг жүргізу жолмен ұйымдастырылды: тренинг сабақтар бірнеше академиялық сағатқа есептелген, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстар мен коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілетін тренинг қоса кіреді.
Эксперименттік жұмыс нәтижесі бойынша болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылғаны анықталды.
Осылайша, біз зерттеу нәтижесі бойынша келесі аталған тұжырымдарды ұсыныстарды ұсынатынымыз:
– университетте оқудың алғашқы күндерінен бастап білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға басты назар аудару қажет;
– жоо-ның оқу процесінде білім беру жағдайында педагог-психологтың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасын енгізу;
– болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің деңгейін қалыптастыруға және арттыруға ықпал ететін оқу процесінде (дәрістерде, әртүрлі пәндердің семинарлық сабақтарында) әртүрлі әдістер мен тәсілдерді, тренингтік жаттығуларды қолдану;
– осы диагностикалық жұмыстың нәтижесі бойынша дағды деңгейлерін арттыруға арналған жеке жоспар әзірлеу, жоспар бойынша білім алушылардың коммуникативтік мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізу;
– білім алушылардың коммуникативтік мәдениетті арттыруға тікелей ықпал ететін семинарлар мен тренингтерге, түрлі іс-шараларға қатысуларын ынталандыру.
Кәсіби маман ретінде өз кәсібіне байланысты мәдениетті, дүниені тану және өзін соған қарай бейімдеу маманның біліктілігінің көрсеткіші болып табылады, ал коммуникативті мәдениет – адамның өзін өзгертудің ең тиімді тәсілі. Сонымен қатар коммуникативтік мәдениет – адамда психологиялық қиындықтарды тудырмаудың, туа қалған жағдайда жеңіл өтуді көздейтін және тұлғааралық және іскерлік кәсіби қызметте бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін болжайтын арнайы коммуникативтік білім мен біліктің, дағдылардың жиынтығы.