Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1991
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
40. XVIII – XX ғғ. басында Қазақстан халқының этникалық құрамын өзгерту үдерісіндегі негізгі этникалық топтарды сипаттаңыз.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады. 1897 жылы Қазақстан аумағында 4 млн-нан астам адам өмір сүрді, олардың 81,7%-ын қазақтар құрады. Тұрғындардың қалған бөлігі казактар және қоныс аударушы шаруалар, ұйғыр, дүнген, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдерінен тұрды. Қоныс аударушылардың едәуір бөлігі Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында келді.
Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары шегарадағы әскерлерді, сондай-ақ Колыванов-Воскресенск зауыттарында, тау-кен өндірістерінде істейтін жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау міндетін шешуге тиіс еді.Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды.Татар көпестері Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты белсенділігін күшейте түсті және т.б.
41. Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.
Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың 60- жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі.
Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
42.Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады.
43. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын сипаттаңыз.
1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде Кенес үкіметі билікті өз қолына алды. Үкіметке большевиктер осындай саяси платформамен келді: Фабрикамен, зауыттар салды жане ол жұмысшы табына берілді. Мал жаятын, егін егетін жерлер помещиктердің, капиталистердін
зауыт фабрикалары емес, шаруалардың, халықтың жері болу керек. Барлығы халықтың мүдесіне жұмыс жасау керек, деген реформаларымен келді. Түрлі зауыт фабрикаларды, кәсіпорындарды, шахталарды барлығын мемлкеттік меншікке көшірді. Экономикалық қиындықтарды шешу үшін 1919 жылы Кеңес өкіметі әскери коммунизм саясатын қабылады. Оның негізгі мақсаты «азық-түлік салғыртын» енгізу еді. Мемлекет пайдасына және соғыс қажеттілігіне ауылшаруашылығының «артық» өнімдері алынатын болып белгіленді.
1921 жылы большевиктер партиясының Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. ЖЭс бойынша өндіріс орындарын мемлекеттік меншікпен қатар, жекеменшік иелігіне беру мүмкіндіктері ашылды. Меншіктің түрлеріне, жекеменшікке де рұқсат берілгенімен, іс жүзінде кеңес үкіметі экономикаға өз бақылауын жүргізуді тоқтатпады.
ЖЭС азық -түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырды. Оның басты айырмашылығы-мемлекетке тапсыратын азық-түлік салық мөлшері нақты белгіленіп, өнімнің артығын өз еркімен пайдалануға, сатуға рұқсат етілді. Шаруалар еңбек өнімділігін арттыруға көшті. Ақшалай жалақы төлеу енгізілді. ЖЭс бойынша жеке саудаға, жалдамалы еңбекті пайдалануға және кооперативтерге рұқсат берлді.
1925 жылы кеңес өкіметі индустрияландыру бағытын дариялады. КСРо бойынша ауыр өндірісті дамыту белгіленді. Өнеркәсіп экономиканың ең басты жетекші саласы болды. Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматы еткомбинаты іске қосылды. Индустрияландыру барысындағы ең басты жоба-Түрксіб болды.
44. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуын сипаттаңыз.
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты
Киіз үйден бөлек, ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді.
Бұлардан бөлек қазақ халқының материалдық мәдениеті ұлттық киімімізді жатқызуға болады. Себебі ұлттық киімімізде қазақ ұлтының тарихы мен күллі мәдениеті жатқандай. Сондай – ақ, ол ұлттылығымыздың, өзіндік менталитетіміздің нышаны болып табылады.
45.Түрік қағанатының қалыптасу процесін сипаттаңыз.
Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы – шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанттың құрылу процесіне келер болсақ, 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым – қатынас орнайды. Бумын жужан қағаны Анағұйға тиісу жолдарын қарастыру негізінде оған қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Алайда Бумынның бұл ісіне Анағұй ашуланып, екі ел арасында қақтығыстар орын алады. 552 жылы Жужан қағандығы тас талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. Мұндай қорлыққа шыдамаған Анағұй өзін – өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын «елхан» атағын алады. Ол өлгеннен соң, орнына Қара Еске қаған болады. Оның бастауымен түріктер Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Алайда, ол ұрыста қаза тауып, билік Мұқанға көшеді. Осы кезден бастап, түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналады. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықты өзіне қаратса, шығысында Сары өзенге дейінгі аралықтағы тайпаларды (қидан, оғыз, татар, т.б.) бағындырады.
46. Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз.
Этногенетикалық процесстер даму барысында бірнеше этаптарға бөлінеді. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, ұзақ мерзімді этникалық даму барысында тұрғындардың европоидтық нәсілі тұрақты сақталса да, уақыт өте келе монғолоидтік нәсіл басым бола түскен. Тілдік тұрғыда да өзгерістер болып, осы территорияларда өмір сүрген ертедегі иран тілдес тайпалар түркі тілдес тайпаларға ауыса бастайды.
Европалық кескіндегі үндіирандық андронов тайпалары қола дәуірінде мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысқан. Олардың ерте темір дәуіріндегі мұрагерлері сақтар мен савроматтар .
Евразияның далалық аймақтарын бүтіндей алғанда және Қазақстандағы этникалық процесстердің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасындағы түркілердің батысқа қарай жаппай қоныстануымен тікелей байланысты болды…Кең байтақ территорияда оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта солтүстік Монғолиядан Әмударияға дейінгі (Жетісуды қоса) аймақта түркі тайпалары біртіндеп қоныстана бастаған.
Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының ұрпақтары болып табылатын бұғы, бойырқу, беклі, қыбыр, түргеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары Қазақстан жерінің негізгі тұрғындары саналады.
47. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін сипаттаңыз
Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті. Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді. Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан Ресей империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек. Бесіншіден, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды. Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекет құру еді. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын Қарқаралы петициясынан, «Алаш» партиясы бағдарламасынан және ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің маңызы зор.
48. Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттаңыз.
XIII ғасырдың басында Солтүстік және Орталық Қазақстанның далалық кеңістіктерінде Ертістен Батысқа қарай қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі орналасты. 1210 жылы Жетісудағы қарақытайлар аумағының бір бөлігін наймандардың жол бастаушысы Күшлік жаулап алса, Жетісудың Солтүстік бөлігі Қарлұқ ханы Арсыланға бағынды. Сырдария алабы, Мәуереннахр өзіне тиесілі аудандармен қоса Хорезм шахы Мұхамедттің қол астына қарады. Алтын Орданың мемлекеттік-саяси құрылысын еске түсірер болсақ, Шыңғыс хан әскері 1219 – 1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алды. Монғол шапқыншылығы аймақтың саяси қартасын толығымен өзгертті. Зерттеушілердің есебі бойынша, монғолдар дәуірінде алым-салықтардың 20-ға жуық түрі болған. Жалпы алғанда, Жошы ұрпақтарының мемлекеті экономикалық жағдайларының едәуір ала-құлалығына қарамастан, саяси құрылысы жағынан әдеттегі үлгідегі көшпелі мемлекет екенін көрсете білді