ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сәуір айы, 2023, төртінші апта
Дүйсенбі 24.04.23 | Сейсенбі 25.04.23 | Сәрсенбі 26.04.23 | Бейсенбі 27.04.23 | Жұма 28.04.23 |
Шаттық шеңбері: Достарым, кең тұрыңдар, Бақыт сонда ұғыңдар. Қол ұстасып , күлімдеп Шаттық шеңбер құрыңдар. Мақсаты:Қарындашпен сурет салу техникасын жетілдіру; геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту; балабақша туралы ұғымдарын тиянақтау; қолдың ұсақ моторикасын, зейінін, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту; достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын: Түстерді ата? Қорытынды: Салған жұмыстарын бағалау. | Шаттық шеңбері: Аманбысың ,алтын күн!Аманбысың, жарқынкүн! Маған жылу, жарық бер, Қуаныш пен шаттық бер Мақсаты.Балаларға тікұшақты қарындашпен салу техникасын үйрету; қағаз бетінің ортасына, әртүрлі сопақшаларды үйлесімді орналастырып, тікұшақ бейнесін салу амалдарын игерту; ептілікке, шыдамдылыққа, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу. Сергіту сәті Қорытынды: көрме | Шаттық шеңбері : Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, бәрімізде біргеміз. Мақсаты: Ағашты салуды естеріне түсіру арқылы қылқаламмен сурет салуда қозғалысты нақты бере білу,түстерді сезіну Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға , көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау. Саусақ жаттығуы Сергіту сәті: Көңіл күй Қорытынды: Балалардың салған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру | Шаттық шеңбері : Күніміз жарық болсын, Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын, Елімізде тыныштық болсын! Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін,қимыл-қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету.Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ойын: Құлақ-мұрын Қорытынды: Салған жұмыстарын бағалау. | Шаттық шеңбері : Алтын таңның шуағы, Бақыт үшін туады. Қайырлы таң, қонақтарым, Жарық күннің тұрақтары! Мақсаты: Балаларды саңырауқұлақтармен таныстыру (саңырауқұлақтардың түрлері, қайда өсетіні, қасиеттері, улы саңырауқұлақтар жеуге жарамдыларынан қалай ерекшеленеді). Балалардың сөздік қорын байыту.Сопақша және жартылай пішіндермен жұмыс жасауға дағдыландыру. Ойын: Гүл Қорытынды:көрме ұйымдастыру |