Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі ызылорда облысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 51

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)

13

  • Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісІ

  • «Отан» ордені (2015)[2]

Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).

Ғарышкерлер жайлы қызықты ақпарат.

Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты.

Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.

Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер, жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған. Ғарышқа көтерілетін ұшқышқа өзіне ұнайтын тамақтың алдын-ала дәмін татып көруіне де мүмкіндіктер беріліп отырған. Белгісіз әлемге сапар алдында қай адамның тәбеті бола қойсын, десек те, жерде жүргенде туралған етті ұнататын жан ғарышта рассольникті ұнатып қалатын кездері жиі болады екен. Мұндайда ғарышкерлер қолдарындағы тамақтарын алмастырып жататын сәттері жиі болатын көрінеді. Соңғы уақытта мамандар ғарышқа қияр, қызанақ, апельсин, алма, көк пияз бен сарымсақты көптеп жіберетін болыпты. Бүгінгі таңда ғарыш­керлер тамағы үш жылға жарамды етіп жасалады.

1961 жылдан бері ғарышта 400-ден аса адам болыпты. Солардың ішінде МКС-те қызмет істегендерден артық ешкім тәтті тамақ ішіп көрмепті. Халықаралық ғарыш кемесі үшін француз аспаз­шылары тартылатын көрінеді. Қазір ғарыш көгінде орыс, американ және еуропалық ас мәзірлері тұты­нылады екен. Нан-бөлке тағамдарынан үгітілмейтін, ауызға шайнауға ыңғайлы тоқаштар ұсынылады.


Ғарышты игерген 55 жыл ішінде көкке 80 тоннадан астам азық-түлік жіберіліп, 50 мың тамақ түрі дайындалыпты. Орта есеппен әр ғарышкердің түскі

14

асы 18 мың рубльді құрайды екен. Бұл – азық-түліктің ғана шығыны, ал жеткізу шығыны басқа. Ғарыш кемесіне жеткізілетін жүктің әр килограмы 10-нан 20 мың доллар арасында тұрады.

1.3. Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтаудың алдын алу жолдары

Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтау үшін жер маңындағы кеңістікте жасанды объектілер мөлшерінің құқылық негіздерін реттеуін қадағалайтын бағдарлама қажет.

Бұл бағдарламаның техникалық бөлімі үш бөлімнен тұруы керек. Бірінші бөлімде ғарыш кеңістігінің ластануының қазіргі жағдайы мен болашақ та ғарыш қалдықтарының ғарыш аппараттарымен соқтығысу қауіптілігін бағалауға болжам жасау туралы жұмыстардан тұруы керек. «Ғарыш қалдықтары» фрагменттерін тіркейтін каталогтарды кеңейту үшін бақылау және тіркеу құрал-жабдықтарын дамыту, ғарыш объектілерін  бақылау, сол сияқты өлшеу әдістерін, нәтижелерін электронды есептеу машиналарын пайдаланып, қазіргі заманға сай жетілдіру.

Кіші өлшемді фрагменттерді бақылаудың шектеулі мүмкіндіктері кішкентай жарықшақтардың түзілуінің негізгі көздері болып табылатын орбитада ғарыш объектілерінің соқтығысуы модельдеу керек екендігіне әкеледі. Мұндай модельдеу негізінешын соқтығысу жылдамдығына жақын болатындай мұндай кіші фрагменттердің үдеу алуын қамтамсыз ететін қазіргі заманғы жер үстіндегі құрылғыларда эксперименттер мен әдістер жатуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері «ғарыш қалдықтары» фрагменттерімен соқтығысуынан болатын әр түрлі конструкциялардың қирау мүмкіндіктерін есептеудің инженерлік әдістері мен теорияларын ойлап шығаруында қолданылу керек.

Орбитадағы кішірек жарықшақтардың мөлшерін бағалау және модельдеу нәтижелерін растау үшін ғарыштық бақылауды да қолдануға болады. Қазіргі кезде ғарыштың техногенді ластануын зерттеу метеорлық жағдайлармен бірге микробөлшектердің орбитальдық станция конструкциясына әсері нәтижесі бойынша және конструкциялық материалдардың үлгілері бар кассеталардың көмегімен жүргізіледі .

Ғарыштағы микрорбөлшектердің сипаттамаларын тиімді өлшеуді пайдалы қосымша жүк ретінде жіберілетін кіші арнаулы серіктер көмегімен жүргізуге болады. Бұл жер маңындағы ғарышты зертеудің метеортехногендік зерттеу ауқымын айтарлықтай кеңейтеді және шығындарды төмендетеді. Техногендік және метеорлық соққылау фактілерін тіркеу серіктің қабықша тәрізді датчик тәрізді үрлемелі қабықшасының секцияларын тескен кезде жүзеге асырылады. Бұл бөлшектердің массасы мен жылдамдығы иондық датчик көмегімен жүзеге асырылады. Борттық ғылыми аппаратурадан алынған ақпарат бірінші өңдеуден өткеннен кейін тіркеліп, серік радиокөрінерлік зонада болған кезде Жерге



15

жіберіледі.

Бағдарламаның екінші бөлімі ғарышты зымырандық-ғарыштық техника фрагменттерімен ластануының алдын алу жұмыстарына арналуы керек. Бұл жағдайда әрқайсысы бірнеше арнаулы серіктерді алмастыра алатынуникальды ғарыштық платформаларды ойлап шығару перспективасы өте маңызды. Басқа маңызды бағыт ресурстардың көбеюі немесе ғарыш аппараттарының жұмыс жасау уақыты болып табылады. Бұл жағдайда бүгінгі уақытқа дейін ғарыш аппараттарының табысты қолданылуы жөіндегі жинақталған әлемдік тәжірибе үміт тудырады.

Халықаралық қарым-қатынас жағдайында осындай ғарыш орбитасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін серік-платформалардың қолданылуы қолданбалы есептерді шығаруда керексіз қайталанулардан құтылуға және ғарыштық ұшулардың жалпы санын қысқартуға мүмкіндік береді. Жер маңындағы орбиталардың ластану деңгейін азайту зымыран тасығыштардың ақырғы сатыларында бөлінетін элементтердің жалпы санын азайту немесе толығымен жоюға бағытталған конструкторлық жөндеулердің маңызы зор болмақ.Ғарыш аппараттарының өздігімен және қасақана жасалған жарылыстарын болдырмау арқылы және оларды орбитадан әкету арқылы ғарыштық жарықшақтар санының көбеюін қысқартуға мүмкіндік жасауға болады.

Бақыланатын орбитальдық фрагменттердің 7 мыңының 21% -ін жұмыс істемейтін ғарыш аппараттары құраса, 14%-н –зымыран тасығыштардың пайдаланылған жоғары сатылары және екпінді блоктары құрайды. Бұл жер маңындағы орбиталарда жүз мыңдаған жаңа жарықшақтардың потенциальды көздері болып табылатын үлкен өлшемді және массалы 2500 пассивті объектілер бар екендігін білдіреді. Осыған байланысты оларды ғарыштан алыстату қажеттілігі туады. Пассивті ғарыш объектілерін іздеп, тауып алу  қондырғылары болыпробот-манипуляторлармен жабдықталған «Боран» және «Шаттл» орбитальдық кемелері және орбита аралық буксирлерболып табылады. Объектілердің Жерге оралуы орбитальдық кемелердің жүк отсегінде немесе буксир көмегімен тежетілгеннен кейін берілген ауданға автономдық түсу жолымен түсіріледі.

Ғарыштан ғарыш қалдықтарының кіші бөлшектерін жинақтаудың және олапды тазарту жұмыстарын ұйымдастыру күрделі міндет болып табылады. Бүгінгі күнге дейін бұл міндетті шешудің бірнеше жобалары белгілі: бөлшектердің кинетикалық энергиясын жұту үшін кіші жарықшақтардың жолына көпіршікті шардың түзілуі, осыдан кейін олар биікке көиеріле алмай, атмосфераның тығыз қабатына кіреді; бөлшектердің орбитадан ығысуын үдету мақсатында кішірек фрагменттердің лазермен немесе нейтраль бөлшектермен сәулелендіру.


«Ғарыш қалдықтары» өзекті мәселесін шешу ғарышты игеруге қатысатын

16

барлық мемлекетердің алдын да тұрған үлкен бір міндет болып отыр.

Ал ғарыш қалдықтарының әсері қандай? Жер бетінен ғарыш қалдықтары көбінесе Тува, Алтай өңіріне – биік таулы Улаган және Турочан аудандарына құлауда. Ғарыш қалдықтары құлаған өңірлер зымыран темір кесектері қоршаған ортаға зиянын тигізуде.

Адамдардың гептилмен улануы үлкен мәселелер тудыруда. Таза күйіндегі гептилдің у екендігін әркім-ақ біледі.

Әсіресе ең қатерлісі «Протон –К» зымырандары болып саналады. Оның отын багіне толтырылған 500 тонна гептил көтерілгін бетте түгелдей жанып кетпей, 2-3 тоннасы ұшып өткен жолында ауа арқылы, желмен жүздеген жерге жайылып, топырақ, өсімдік, су көздеріне түседі. Әйгілі Королевтің өзі де гептилді зымырандарға сұйық отын ретінде пайдалануға қарсы болғандығы жайдан-жай емес шығар.

Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай түкпіріне барсаңыз да әр түрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып жүру қиын. Бұлар олардың бірінші сатысынан айырылып жерге құлаған бөлшектері. Жалпы біздің облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына облыс бойныша зымырандар бірінші сатысының бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі. Олар төмен түсіп, құлдилап келе жатқанда сұйық отын ретінде қолданылатын гептил  төгіліп-шашалып, ауаны, жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар төңіректегі 130 елді мекеннің үстінен себелеп өтеді. Осының бәрі алдымен адамдар денсаулығына кері әсерін тигізеді. Соңғы жылдары тұрғындар арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, кемтар бала туу көбейіп, нәрестелер шетінеу өсіп кетті. Ғарыш техникасының түсті металдарына, қымбат детальдарына қызығып,жинап-терген адамдар түрлі дертке ұшырап, ажал тырнағына ілігіп жатқандар да бар.

Дегенмен, қалай болғанда да ғарыш кеңістігін зерттеу жалғаса бермектігі даусыз. Осынау мәселеге кейінгі кезде ерекше көңіл бөліне түскендігі адамзат басына түскен  қауіп-қатердің беті қайтарылады деген  үміттеміз.

17


2. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі ғарыштық әлемі

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз.

2.1. Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады