Файл: азастан Республикасыны ылым жне білім министрлігі ызылорда облысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан
18
кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.
2.2. EXPO-2017 көрмесінің ғарыш әлеміне маңыздылығы
Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – EXPO-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Бірақ EXPO-2017 көрмесінің жөні бөлек. Қай жағынан алғанда да, аса ауқымды әрі өміршең. Ең алғаш Дүниежүзілік EXPO көрмесі Лондондағы Гайд-паркте өткізілген еді.
Содан бері 163 жыл өтіпті. Көрменің беделі өсіп, абыройы артпаса, кеміген емес. Иә, EXPO көрмесі – жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиға. Ол индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң болып келеді. 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы кем дегенде 20 пайызға артты .
Сондықтан да Қазақстан EXPO-ға бар күшті жұмылдырып жатыр. Астанадағы EXPO-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Қазақстан халықаралық көрме тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп таңдаған болатын. Бұндай тақырыптың таңдалуының да өзіндік ерекшеліктері
19
ғана емес, жаһандық өзектілігі де баршылық. Мәселен, орнықты дамуға көшу, баламалы энергия көздеріне ізденістер проблемасы әлемдік қоғамдастық тарапынан біршама жылдар бойы көтеріліп келеді. Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығы да жылдан-жылға артып келетіні айтпаса да түсінікті. Техногендік апаттардың салдары жылдан-жылға ауырлап және болжамдау шеңберінен де шығып жатыр.
Мәселен, Мексика бұғазындағы мұнай платформасында орын алған алапат апат, «Фукусима» атом электр стансасының қасіреті экологиялық таза әрі барынша қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі мәселені жаһан жұртшылығының алдына кесе көлденең тартады. Сондықтан да әлемдік ғылым үшін де, әлемдік экономика үшін де ең басты міндет – болашақ энергиясы болып табылады. Бұл ретте Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау арқылы жаһандық мәселені көтеріп отырғанын айтуымыз керек.
Сонымен қатар, осы тақырып арқылы Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада баламалы қуат көздері саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды, инноваторлар, ғалымдарды жинауға ұмтылады. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар баламалы әрі жаңартылатын күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде болмақ. Әзірге белгілісі көрменің аумағында – Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылады.
Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл – біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік.
Көрмеге бес миллионнан астам шетелдік келеді деп күтілуде. Қонақтарға біздің өңірді таныстырып, «Байқоңыр» ғарыш айлағын, Қорқыт ата мемориалын, ежелгі қала орындарын және т.б. жерлерді көрсету жоспарлануда.
Елдің болашағын жарқын етуде ұлттық маңызға ие «Байқоңыр» ғарыш айлағы арқылы адамзат баласы әлі талай тарихи оқиғаларға куә болатынына біз де сенеміз. Лайым да солай болғай!
Еліміздің бейнесін бүтіндей өзгертетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру-экономиканы жаңғыртудың өзегі екенін халыққа арнаған
20
Жолдауында Елбасы ерекше атап өткен болатын. Осы бағыттағы тың міндеттер қатарында Тәуелсіз еліміздің абыройын әлемге асқақтатып, мерейін тасытқан «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту тұрғанын ерекше мақтаныш білдіре және екпін қоса атап өтуге болады .
Бүгінде Қазақстанның ұлттық бренді ғана емес, әлемдегі 20-дан аса ғарыш айлағының атасындай көрінетін Байқоңырда атқарылып жатқан игі істерде, ізденістерде, жоспарларда есеп жоқ. Оның үстіне жоғарыда сөз еткен Елбасы Жолдауы ол жұмыстардың нәтижелі атқарылуына тағы бір тың леп қосты.
Ұлттық энциклопедиямыздан «Байқоңыр-қазақ тілінде бай, алтын жер деген мағынаны білдіреді. Шынында да ғарыштық айлақ төңірегінде сарғыш қоңыр топырақ, алтын түсті күлгін шөп өседі. Сонау ҮІІ ғасырда атақты түрік философы, ақын, жырау және сазгер Қорқыт ата қазіргі ғарыштық айлақ орналасқан тұсты «жер кіндігі» деп атаған»,-деген жолдарға кез болдым.
Ал Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің құрылысы – қазақ космонавтикасының толағай табысы.
Тұтастай алғанда, болашақта Байқоңырдай ғарыш айлағы бар Қазақстан әлемдегі ғарыштық ірі державалардың ортасынан ойып тұрып өз орнын алатынына сенім мол.
Сонымен, қорытыныдылай келе, ЕХРО-2017 көрмесінің басты мақсаты – ғарыш кеңістігі мен энергетика саласындағы нанотехнологияны біріге отырып зерттеп, қолданысқа енгізу. Қатысушылар әркім өз жетістігін ортаға салып, келешектегі қуат көзін үнемдеуге байланысты жобаларын іске асыра алатындығын алға тарты. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей және АҚШ ғалымдары бірігіп, бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесіне космостық технологияға байланысты халықаралық көрме ұсынатындарын жеткізді.
21
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ.
Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.
Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр.
Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа аттанды біздің жерден.
Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Қорытындылай келе, ғарыштық сала – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен.
22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.Қ. Құдайбергенова «Кіші қалалардың дамуы: Байқоңыр» – Физика және астрономия журналы, №3,2009.
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
3. «Алаш айнасы»газеті – №4,2012.
4. Всемирная энциклопедия космонавтики. М., Военный парад, т.1, 2002.
5. «Дала мен қала» газеті – №5, 2010
6. Е.П.Левитан «Астрономия» – Алматы, «Мектеп», 2002.
7.«Егемен Қазақстан» газеті – №1,3,5,7,9, 2015.
9. Космос, время, энергия. Сборник статей, посвященных 100-летию Д.Д.Иваненко. Ред. Совет: Э.И.Андрианкин, Р.В.Галиулин, И.С.Головнин, Я.П.Докучаев, В.Ю.Колосков, Н.С.Лидоренко, В.Ф.Панов. М., Белка, 2004.
10. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, ІІІ-том – Алматы, 2001.
12. Тоғысбаев Б, Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» – Алматы кітап, 2006.
11.Интернет материалдары:http://www.tarbie.kz/, // www.google.kz/
23
КҮНДЕЛІК
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы: Шексіз ғарыш әлемі
Оқушының Т.А. Тұрғанбай Даниаль
Мектеп,сынып: №149 «Қызылту» орта мектебі, 7 –сынып
Жетекшісі: Жуманова Қ.А.
Мектеп директоры: __________ Рыспембетова Ж.
2016 жыл

Р/с | Атқарылатын жұмыстар | Мерзімі | Жетекшінің қолы | Нәтижесі |
1 | Тақырып таңдау | 2016 | | Шексіз ғарыш әлемі |
2 | Мектептегі жетекшімен ақылдасу | кезінде | | Ақпараттарды салыстыру,жинақтау, нақтылау |
3 | Мектептегі,ауыл және аудан кітапханаларына барып материалдар жинау | үнемі | | Кітапханалармен байланыс |
4 | Ғаламтор желісінен ақпарат, суреттер жинау | үнемі | | Деректер жинау |
5 | Қосымша материалдар іздестіру | үнемі | | Мағлұмат алу |