ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұңғының бастап бұрғылау үшін бұл көрсеткішті төмендетеміз.
2. 7-35 м аралығы.
Диаметрі 93 мм СА-4 маркалы коронка. Осьтік күштің қажетті мөлшерін мына теңдеумен есептейміз: Р = р0 × м, даН.
Мұнда р0 - коронканың әрбір негізгі кескішіне берілетін осьтік мәні, даН.
СА-4 коронкасына р0 = 0,4 -0,8 кН = 40 - 80 даН. Негізгі кескіштердің саны m = 16. Нәтижеде Р = (40/80) × 16 =640/1280даН.
СА-4 -93 коронкасы үшін g=0,8/1,4 л/мин.
D - сыртқы диамтері мм.
3. 35-140 м аралығы, тау жыныстары 8-категориялы доломиттер. Бұрғылау диамтері 76 мм. Жыныс талқандаушы аспап — БСС синтетикалы алмас коронкалар.
Алмас коронканың үстінен басатын осьтік күштің мөлшерін мына формуламен есептейді [19]:
Р = Ру × 5, даН
Мұнда 8 — алмас коронканың жұмысына түбінің ауданы, см2.
Ру — алмас коронканың 1 см2 жұмысшы ауданына берілетін сыбағалы күш мөлшері 8-9 категориялы жыныстар үшін Ру = 60-75 даН/см2.
Алмас коронка түбінің жұмысшы ауданының мәнін мына формуламен анықтауға болады:
S=К х П/4 х(D2с - Di2); см2;
Мұнда К — коронканың жұмысшы ауданының сүйық шығатын жырашалар (канава) болғандығынан кішірейетіндігін ескеретін коэффицент;
(К=0,6-0,8)
Dc2, Di2— коронканың ішкі және сыртқы диаметрінің мәні,см.
Dс= 7,6 см; Di = 5,8 см; К = 0,7
S=0,7 х 3,14/4 х(7,62 - 5,82)=13,24 см2
Нәтижеде Р=13,24 х (60 - 75)=795/995 даН.
Осьтік күштің мәнін мына жағдайларда төмендетеді:
- жарықшақгы қаттылығы ауыспалы және абразивті жынысты бұрғылағанда;
- көлбеу жатқан көпқабатты (қатқабатты) жыныстарды қабатының бетіне үшкір бұрыш кұрып бұрғылағанда (бұл жағдай скважинаны қисайтпау үшін қажет);
- бұрғы станогының қуаты аз болғанда және тағы басқа жағдайларда осьтік күштің үйлесімді мәнін 20-25% кемітеді.
Алмас коронкамен бұрғылағанда оның айналым санын осьтік күштің мәнімен сәйкестендіру керек. Айналым саны өскен сайын осьтік салмақтың мөлшерін көтеріп отыру керек.
Жалпы алмаспен бұрғылауды шама келгенше жоғары айналдыру жиелігімен жүргізген жөн. Стедимастың қуаты өскен сайын, бұрғы құбырларының беріктігі жоғарлаған сайын коронканың айналым санын өсіре берсек, осьтік күштің мәнін көтере берсек соғұрлым бұрғылаудың тәртібі үйлесімді және өнімділігі жоғары болмақ . [7]
Коронканың айналым санын мына теңдуемен есептейміз:
n=60хU/ПхDо, айн/мин;
Бұл теңдеуде U— коронканың шеңберлік жылдамдығы м/с;
VIII-IX категриялы тау жыныстары үшін U=3,0-4,0 м/с;
Dо = Dс+Di/2 — коронканың орташа диаметрі, м;
Dо=0,076+0,058/2 =0,067 м;
Нәтижесінде айналым саны:
n =60х(3,0- 4,0)/3,14х0,067=860/1150айн/мин.
Айналым санының ең жоғарғы мәнін 500 м тереңдікке дейін жарықшақты жоқ тұтас жыныстарды бұрғылағанда қолдануға болады. Жарықшақты тау жыныстарында керн шығынын азайтпау үшін айналымның төменгі шегіне жақындауға тура келеді.
Алмаспен бұрғылағанда жуу агентінің ұңғыға жіберілу тәртібінің маңызы өте зор сүйық сүйық аз жіберілсе төстегі коронка балқып істен шығуы ("күйіп" кетуі) мүмкін. Нәтижесінде авариялық жағдайлар, артық көтеру-түсіру операциялары, уақыттың зая кетуі орын алады.
Сұйықтың көлемі тым көп жіберілсе бұрғылау жылдамдығы күрт азайып кетуі мүмкін, себебі ұнтақ (шлам) аз болғандықтан коронканың матрицасы аз желінеді де алмас түйіршіктері ашылмайды, матрицадан шықпайды, коронканың түбі айна секілді тегістеліп қалады да бос сырғанауға жеткізеді.
Жуу сұйығының қажетті мөлшерін төмендегі теңдеумен есептейміз:
Q=q х Dс, л/мин;
Бұл жрде q — корона диаметрінің 1 мм ұзындығына берілетін жуғыш сұйықтың сыбағалы көлемі, л/мин;
Dс=76 мм — коронканың сыртқы диаметрі.
Алмаспен бұрғылауда q=0,8-1,0 л/мин.
Нәтижесінде:
Q=(0,8-1,0) х 76=60,0/76,0 л/мин.
Сондай-ақ, сүйық мөлшерін бұдан көрі дәлірек былай анықтауға болады:
Q=П/4 х (D2 – d2)х Ua, м3/с
Бұл жерде:
D - ұңғының диаметрі, м;
d — бұрғы құбырының диаметрі, м;
Uа — сыртқа шығатын, көтерілетін ағымның жылдамдығы, м/с;
Uа =0,5-0,8 м/с.
Бұрғылайтын ұңғының терең емес болғандықтан Uа=0,5 м/с деп қабылдаймыз.
Есептегеннен кейін:
Q=3,14/4(0,0762 - 0,0562) х0,5 =77 л/мин.
Қатты қорытпалы бұрғылаудан алмаспен бұрғылауга ауысқанда ұңғыда ешқандай қалып қойған металл сынықтары (шарошканың тісі, коронка кескіші, т. б.) болуы тиіс емес [18].
IV. 140-160 метр аралығында фосфориттер кен қабатының жиегі орналасқан. Пайдалы қазындыны бұрғылап сипама ашып отыру техникасы бөлек тарауда қарастырылады. Сондай-ақ осындай интевал 175-200 мет аралығында орналасқан (VI интервал).
V. 160-175 метр аралығында Х-категориялы кремнилер орналасқан. Жыныс талқандаушы аспап — БСС (БСИ)-76 алмас синтетикалы коронкалы. Коронкаға жұмсайтын салмақ Р=Ру х S даН; Коронка түбінің ауданы есептелген: S =13,24 см2, Ру=75/90даН/см2 (кейбірде 120даН/см2 дейін).
Есептеу нәтижесінде:
Р=(75/90) х 13,24-990/1190 даН.
Осьтік салмақтың максималды мәні:
Р=120х13,24=1580даН.
Коронканың айналым саны:
N=60хUa,/ПxD=60x(2,0-3,0)/3,14x0,067=570/855 айн/мин.
Бұл жерде Х-ХІ категориялы тау жыныстары үшін Ua =2,0-3,0 м/с.
Жуу сұйығының мөлшері жоғарыдағы интервалдың параметріне теңеледі:
Q =60-76 л/мин.
VII. Ұңғының 200-210 метр аралығында VII категориялы кремнилі саздақгы тақтатастар орналасқан. Жыныс талқандаушы БСС(БСИ) синтетикалы алмас короналар. Тау жыныстарының категориясымен жыныс талқандаушы аспаптың интервалды, 35-
140 метр және 200-210 метр, бір-біріне сәйкес болғандықтан бұрғылаудың технологиялық параметрлері де бірдей болады, яғни осьтік салмақ:
Р=795/995 даН;
VIII. 210-258 метр аралығында Х-категориялы кварцты құмтастар орналасқан. БСС-76 алмас коронкасына жұмсайтын осьтік салмақ
Р=990-1190 даН.
Максималды осьтік салмақ:
Р=1580даН.
Коронканың айналу жиелігі:
n=570-855 айн/мин.
Жуу сұйығының мөлшері:
Q =60-76 л/мин.
2.9.Гидравликалық есептеулер
Жыныс талқандаушы аспаптың өнімділігін және бұрғылау жылдамдығын жоғарлату үшін ұңғы түбіндегі талқандалған тау жынысын толығымен тазартып жоғары шығару керек. Егер жуу сұйығының мөлшері ұңғы түбін толығымен тазартуға жеткіліксіз болса, онда бұрғылау ұнтағы қайта талқандалып бұрғылаудың механикалық жылдамдығын азайтады.
Бұл проблеманы болдырмау үшін жуу сұйығының шығыны ұңғы түбін бұрғылау ұнтағынан толығымен тазартылғандай етіп келесі формуламен анықтау қажет: [3]
Q =П/4 х (D2max - d2н) х U, м3/с
Мұнда:
Dmax — ұңғының ең үлкен диаметрі;
dH — бұрғылау құбырының диаметрі;
U — көтерілген ағынның жылдамдығы.
U=U+C
мұнда:
U— жуу сұйығындағы бұрғылау ұнтағының бату жылдамдығы.
С - ұнтақты шығаруға қажетті жылдамдық, м.
Талқандалған бөлшектің бату жылдамдығы:
U=aoх К х
ao — жуу сұйығының тұтқырлық коэффиценті
ao=
мұнда: м - судың тұтқырлық коэффиценті;
n— бұрғылау ерітінділерінің тұтқырлық коффиценті;
К — бөлшек пішінінің коэффиценті К = 4,5;
V — жыныс бөлшегінің тығыздығы;
р — жуу сұйығының тығыздығы;
- ұнғының көлбеулік бұрышы.
Ұнғының түбін тазаррту үшін жуу сұйғының өрлеме ағымының жылдамдығы, бұрғылау бөлігінің бату жылдамдығынан кем болмауы керек. Бұрғылау ұнтағының өлшемі кернмен коронка сақынасының арасындағы саңылау арқылы өтетін болған жағдайда ғана ұңғының түбі таза жазылады. Саңылаудың өлшемі төмендегідей болады:
dзв=Dkв - Dk/2
Dkв — коронка саңылауының ішкі диаметрі;
Dк — керннің диаметрі.
Бұрғылау бөлшегі ұңғы қабырғасымен коронка сақинасының арасындағы саңылаудан өтетін жағдайда ұңғы түбін толығымен тазартады. Сыртқы саңылаудың өлшемі төмендегідей болады:
Dсн =Dc – Dkн/2;
Dс — ұңғының диаметрі, м;
Dкн — коронка сақинасының диаметрі, м.
Бөлшектің өлшемі ретінде Dсн және DЗB саңылау өлшемінің ең кіші шамасын алады.
C=(D2c – в x d2k) x (б - р) x Uб/( D2c - d2k) x x z;
Мұнда:
в— керн шығынының коэффиценті;
Uб — бұрғылау жылдамдығы, м/с;
- көтерме және төмен түспе ағымының сыбағалы салмақтарының айырмашылықтары;
z — бөлшектердің айналу коэффиценттері;
dк — бұрғылау құбырының диаметрі, м;
- жуу сұйығының тығыздығы;
б — жыныстың тығыздығы.