Файл: Таырыптар Таырыптар мазмны Таырып тар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1407

Скачиваний: 62

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Рефлекс - организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакция. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға беріледі. Рефлекс терминінің ғылыми мағынасын ағылшын ғалымы Т.Виллис пен чех ғалымы И.Прохазки негіздегенімен, ми қызметінің рефлекторлық қағидасын олардан бұрын француз философы Р.Декарт анықтады. Рефлекстің шартты және шартсыз болып бөлінеді. И.П.Павлов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеп берді.

Рецепторлар – жүйкенің қозу барысында энергияның қуатын тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке ұштары ретінде сырттай әсер ететін энергияны қабылдайтын, түрлендіретін және оны жүйке орталығына бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық құрылым.

Рухани қажеттіліктер - адамның жеке тұлғалық шығармашылықтәлімдік және мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық. Рухани қажеттіліктер жеке адамның өз мақсат мұратына жеткізетін саналы іс-әрекеттің бағдары мен жиынтығын көрсетеді, адамның өмірін тұтастыратын және заман талабымен ұштастыратын идеялық және әлеуметтік әрекеттердің саналы, субъективтік арнасы.

Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғы шарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология саласы.

Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік - шындық болмысты сезімдік және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді.

Сангвиник – темперамент типі. Бұл типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп- сәтте өзгергіш, әсершіл, көтеріңкі мәнерлі сөйлейді, ақжарқын, ашық, басқалармен тез тіл табысатын, қызықтыратын іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысты аяқсыз қалдыратын адам.

Сауалдама - алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауал парақ. Сауалдаманы сауалданушыдан қажетті мәлеметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі.

Сауда психологиясы
- саудаға қатысатын адамдардың жан дүниесін, мұқтаждығын, қызығуын, мақсаттарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабілеті. Сезгіштік абсолюттік және айырма болып бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Айырма сезгіштік - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтамыз.

Сезімдер - адамның айқын білінген заттық сипаты бар және біршама орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі. Сезім - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс.

Сенсибилизация - тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.

Симпатия - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.


Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы.

Сипай сезу түйсіктері - заттардың теріге үйкелуінің нәтижесінде олардың тегіс, кедір-бұдыр, жұмсақ немесе қатты, құрақ не дымқыл екенін және тағы басқа қасиеттерін түйсіну.

Сот психологиясы - сот ісін жүргізуге қатысты судьялардың, тергеушілердің және құқық қорғау органдары мен адвокатураның басқа да қызметкерлердің психологиясын, олардың кәсіптік қызметінің психологиялық мазмұнын, іріктеу және оқыту әдістері, айыптаушылардың, куәлардың, жәбірленушілердің психологиясын, тергеушілік және сот іс-әрекетінің мәселелерін зерттейтін сала.

Социометрия - шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Дж.Морено ұсынды. Социометриядағы негізгі тәсіл - арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің таңдаулары бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға (топтың әрбір мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.

Сөздік-логикалық ойлау - міндеттерді шешу құралы ретінде сөздік абстракция және логикалық пікірді қызмет ететін, ойлау процесінің түрі. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады.

Сөйлеу - адамдардың ақпарттарды тарату және сақтау, өңдеудегі жазу белгілері мен символдарын, дыбыс сигналдарын қолдану системасы және адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас.

Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу жағдайларында адам психикасының дамуы мен қалыптасуын және топтық өзара әрекеттестіктің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының бағыты.

Стресс - адамның шамадан тыс зорлануы, кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психофизиологиялық күй. Стресс ұғымын 1936 жылы канадалық физиолог Г.Селье енгізді.

Сублимация - аффектілік елігулер энергиясын әлеуметтік қарекет пен мәдени шығармашылдық мақсаттарына өзгерту және сол бағытқа бұру болып шығатын психикалық процесс.

Сурдопсихология – есту қабілеті бұзылған адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу жағдайында бұл дамуды желтіру мүмкіндіктерін зерттейді.


Табандылық - адамның алған бетiнен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетудi көздеуде көрiнедi. Ол қажымай-талмай әрекет етiп, осы жолда небiр қиыншылыққа төзiп, оларды жеңiп отырады. Мұндай адамның ерiк күшi қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстiнде одан сайын нығая түседi.

Талант - арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі, бір әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.

Тахистоскоп - лабораториялық экперименттік зерттеу әдісінде, зейіннің көлемін анықтау үшін қолданылатын аспап.

Тәртiптiлiк - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тiлегiн әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабiлетi. Адамның тәртiптiлiгi оның жинақтылығымен, iс-әрекеттiң жоспарлығымен тығыз байланысты.

Тежелу - белсенді, қозумен ажырағысыз байланысты, жүйке орталықтары немесе жұмысшы органдары қызметін кідіртуге апарып соғатын процесс. Жүйке орталықтарына қатыстылар орталық тежелу, екіншілері перифериялық тежелу деп аталады. Перифериялық тежелуді кезбе жүйкені ырғақты тітіркендіру кезінде жүректің кідірлететінін анықтаған ағайынды Эр. және Эд. Веберлер 1840 жылы ашты. Орталық тежелуді 1863 жылы И.М.Сеченов ашты.

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тепетеңдігіне және қозғалғыштық ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Тестілер - жеке тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар, психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.

Тифлопсихология - соқыр және нашар көретін адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу кезінде оны түзетудің жолдары мен әдістерін зерттейтін арнаулы психология саласы.

Толеранттық - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі, оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі.

Тоқтамға келгiштiк - адамның небiр қиын-қыстау кезеңдерiнде қажеттi шешiмдерге келiп, оны жүзеге асыруда қабiлетiнiң болуы. Тез тоқтамға келу үшiн адам асығып аптықпайды. Бұл әрбiр iстi ой таразысына салуды қажет ететiн қасиет.

Топ
– іс-әрекетті бірге орындау процесінде бірлескен адамдар қауымдастығының әлеуметтік типі. Топтың мөлшері бойынша: үлкен, кіші топтар болып бөлінеді. Топтың даму деңгелері- ассоциация, корпорация, ұжым. Топтың түрлері: ресми, бейресми, нақты, шартты, диффузиялық, референттік топтар болып келеді.

Тұрмыстық психология - күнделікгі тәжірибеде жиналған білімдерге негізделуі және мәселенің дұрыс шешімін тез табуға мүмкіндік беретін интуицияның барлығы.

Түзеу психологиясы - құқық бұзушыларды көбіне еңбекпен түзеу мекемелерінде түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттейді.

Түйсік - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.

Түрткі - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы. Түрткі - адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.

Уақытты қабылдау - бірізділікті, жылдамдық ұзақтылығын санада бейнелейтін шынайы құбылыстар.

Ұстамдылық - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, бос күйiп-пiсуден бойын тежей алу қабiлетi. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, iстiң тетiгiн аңғара отырып әрекет етедi. Мұндай адам өзiнiң бар күшжiгерiн тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.

Ұжым - қоғамға пайдалы ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар тобы. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы.

Ұмыту - меңгерген материалдың еске түсіру мен қайта жаңғыртылуы мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын ес процесі. Ұмытуды ең алғаш

Г.Эббингауз зерттеп, мағынасыз вербальдық материалдың жадқа сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады.

Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамайақ, қажеті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.

Флегматик – темперамент типі, эмоциялық қозуы әлсіз, тез қызып желікпейтін, көңіл-күйі байсалды, орнықты, қозғалысы өте баяу, мінезі ауыр адам.

Фрустрация - жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, істің жүзеге аспай адамның көңілінің бұзылуы, бойы ашу-ызаға кернеп, қайғыруы.

Холерик – темперамент типі, жүйке процестері күшті, қозуы тежелуінен басым, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, күйгелек, тез әсерленгіш, жұмыс істеу қабілеті күшті адам.