Файл: 1 М.уезов атындаы ОУ оу жйесіні рылымын сипаттау 2 Негізгі блім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мазмұны
Кіріспе 1 М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау 2 Негізгі бөлім 2.1 Кафедраның оқу жүйесінің құрылымын сипаттау | 3 5 10 10 |
2.2 Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау 2.3Кафедра зертханаларындағы техникалық қауіпсіздік ережелері 3 Жеке тапсырма Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 13 15 17 20 21 |
Кіріспе
Электр энергиясын өндіру, оны халыққа жеткізудің маңызы зор. Осыған орай, электр станцияларының табиғи байлыққа, ресурстың орналасу жеріне байланысты түрлі электр станцияларының түрлері ойлап табылған.
2023 жылғы 30 мамырда ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында елдің электр станцияларының техникалық жай-күйі және оларды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін KPMG бастаған халықаралық сарапшылар тобы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстанның электр станцияларына ауқымды техникалық аудит жүргізу бойынша жұмыс бастаған болатын.
Барлығы 55 электр станциясы зерттелді. Жылу станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне және оны пайдалану шарттарына ерекше назар аударылды, - деп атап өтті энергетика вице-министрі.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық станциялар жабдықтың техникалық жай-күйіне, пайдалану мерзімдеріне, отынның үлестік шығынының көрсеткіштеріне, аварияға бейімділігіне, персоналмен қамтылуға және жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты санаттар бойынша бөлінді.
"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады. Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогінің жұмысы үшін рекордтық жүктеме - 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогі жұмыс істеп тұрған еді. ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының Қазақстан нарығындағы үлесі 19,4%-ті құрады. 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда электр энергиясының үлесі 5,1%-ке артты. Электр энергиясын Қазақстан нарығына сату 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,3%-ке артып, 5,5 млрд кВтсағатты құрады. Өзбекстан Республикасының нарығына 455 млн кВтсағат электр энергиясы сатылды. Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг "Самұрық-Энерго" АҚ-ның құрылымындағы Екібастұз ГРЭС-1 республика энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана электр станциясы 18,3 млрд кВтсағ.электр энергиясын өндірді, бұл еліміз бойынша өндірілген электр энергиясының жалпы үлесінің 17,3%-ін құрайды. Орташа блоктік жүктемесі 455 мегаватты құрайтын жеті энергия блогі жұмыс істеп тұрған кезде, станция күзгі-қысқы маусымға толық дайын екенін көрсетті. Өзінің тұтынушыларын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында станцияда кешенді іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2019 жылы 3 энергия блогында ағымдағы және кеңейтілген жөндеу жұмыстары, ал екі энергия блогында (№3 және №5) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде бірінші энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, басқа блоктар секілді ол да жаңа үлгідегі, тиімділігі жоғары, күл ұстап қалу деңгейі 99,6 процент болатын электрсүзгілермен жабдықталады.
Кәсіпорынның жұмыс қуаттылығын арттыру Қазақстан Республикасы үшін қажет, өйткені ол елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау қаупін төмендетеді және ҚР ұлттық экономикасының өсуіне септігін тигізеді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Екібастұз ГРЭС-1 өзінің мерейтойын атап өтті. Станцияға 40 жыл толды. Бүгінгі таңда станция 1400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс қуаттылығын арттырумен қатар, ЕГРЭС-1 Екібастұз қаласының әлеуметтік жобаларына демеушілік көмек көрсетіп, қоғамдық қайырымдылық қорларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау білдіріп, өңірдің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне белсене қатысады. "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт және қолдағы бар қуаттылығы 3500 Мвт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясының жалғз акционері - "Самұрық-Энерго" АҚ. Станцияда өндірілген электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетика нарығында таратылады. "Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.
1 М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және көпсалалы университеті, облыстың ғылыми, білім, зияткерлік, мәдени орталығы.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980- 1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды.
Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде
«Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия- технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.
Университеттің жаңа серпінді даму кезеңі Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың есімімен байланысты. Ол өзі басқарған 2001-2011 он жыл ішінде ОҚМУ-ды еліміздің жоғары оқу орындары көшбасшыларының біріне айналдырды. Осы кезеңде университеттің отандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жеті білім бағдарламасы бойынша (кейіннен және 6) халықаралық аккредитациядан өтуі де жайдан-жай емес. Рейтинг бойынша Қазақстанның көп салалы жоғары оқу орындары арасында соңғы 5-6 жылда университет ұдайы алғашқы бестіктен көрінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша алғашқы үштікке енді.
Ал мұндай ұжымды тек ауқымды тұлға ғана басқара алады. Уәлихан Бишімбаев оқу үдерісіне модульдік-рейтингтік жүйені, кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін енгізудің бастамашысы болды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша Уәлихан Қозыкейұлы
«Қазақстанның үздік өнертапқышы» атағын алды. Уәлихан Қозыкейұлы Бишімбаев – облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының мүшесі. Жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған:«Құрмет», «Құрмет» ордендерімен және т.б.
1948 жылы институтты инженер-технолог силикатшы мамандығы бойынша тұңғыш рет 23 түлек бітіріп шықты. 1950 жылы институтты бітірген 29 түлектің екеуі Қазақстан кәсіпорындарына, үшеуі Өзбекстан, біреуі Тәжікстан, екеуі Башқұртстанға, екеуі Арменияға, алтауы Сібірге, Екеуі Қиыр Шығысқа, біреуі Орталық Ресейге, екеуі Украинаға жіберілді. Осылайша институтты бітірген мамандар бүкіл Одақ бойынша кең сұраныс тапқандығын көреміз.
1948-1957 жылдар ішінде институтты 532 маман бітіріп шықты. 1956 институт алғаш рет «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығына студенттер қабылдады. 1957 жылы «Тоңазытқыш және компрессорлық қондырғылармен машиналар», «Ет және сүт өнімдерінің технологиясы», «Астық өңдеудің технологиясы және сақталуы» мамандықтары ашылды.
1957 жылы институтта Аркадий Владимирович Измаилов директор болған жылдары технологиялық және механикалық факультеттер жұмыс істеді. Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ.Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1959 жылы институттың ректорлығына осы оқу орнының түлегі, 30 жастағы С.Т.Сүлейменов тағайындалды. Сұлтан Тәшірбайұлы оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен ғылыми потенциалын өркендету жолында бар күш-жігері мен білімін жұмсады. Ол басқарған жылдар ішінде университеттің бас ғимараты мен «А», «Б» оқу корпустары, 4 бірдей студенттер жатақханасы, асхана, «Машат» шатқалындағы демалыс лагері, оқу- лабораториялық және спорт кешендері салынды. Сүлейменов басшылық еткен тұста институт құрамында 7 факультет, 33 кафедра, 304 оқытушы-профессорлар, оның ішінде 39 ғылым кандидаты мен доценттері дәріс беретін, 5 мыңға жуық студент оқитын еліміздегі ірі жоғары оқу орны ретінде белгілі болды. Институт аспирантурасын бітіргендерден 21 адам кандидаттық диссертациясын қорғап, 2082 түлек инженер мамандығын алып, халық шаруашылығының түрлі саласында жемісті еңбек етті.
1963-1964 оқу жылында студенттердің саны 4312-ге жетті, сәйкесінше қазақ студенттерінің саны 1212-ге жетті, олардың 195-і қазақ қыздары еді. Осы жылдар аралығында институт кітапханасындағы кітап қоры 7 мыңнан 111457-ге жетті. Институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980-1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды. Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде «Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.