Файл: Терапия стандарттар жауабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 240

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Терапия стандарттар жауабы

№1. Қабылдау бөлімшесіндегі жұмысты ұйымдастыру. қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттары толтыру. № 003/у Стационарлық науқастың медициналық картасын толтыру.Құжаты толтыру маңызы.

№2. Емхананың (ФАП) құрылымымен және құрылымдық бөлімшелерімен, жұмысының ұйымдастырулыу.Медициналық құжаттары толтыру. № 025/у Амбулаториялық науқастың медициналық картасын толтыру.Құжаты толтыру маңызы.


3.Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

Науқасқа ем-шара барысын түсіндіріңіз.

  1. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

  • оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

  • жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

  • оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  2. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

  3. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

  4. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

  5. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

  6. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

  7. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

  8. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

  9. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  10. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

4.1.Дем алу жиілігін есептеу.

Мақсаты: дем алу жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.

Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді

1. Фельдшердің міндеттері:

- Науқастар мен зардап шегушілерге медициналық қызмет көрсету;

- медициналық жәшіктің құрамы мен дәрілік заттардың фармакодинамикасын білуі қажет;

- аппараттардың қолдану тәсілін білу қажет, таңғыштардың жасалу әдісін және байлаулардың техникасын;

- станциялық көмек көрсететін аудандарды білу қажет;

- көліктің санитарлық жағдайын қадағалау;

- науқасты зембілде дұрыс тасымалдауды ұйымдастыра білу;

- қажет жағдайларда қосылып көмек көрсетуді білуі қажет.

  • шұғыл жағдай кезінде медициналық қызмет басшысының нұсқауымен көмек көрсетеді.

  • науқасты тасымалдау барысында дәрігерге көмек көрсетуге және манипуляцияларда орындауға көмектесу, науқас жанында болуы қажет.

  • жұқпалардың алдын алу және түрлі қорғаныш костюмдерін қолдануды білу;

  • кезекшілік соңында аппараттардың, бұраулардың, жұмсақ инвентарлардың жағдайын тексеру;

  • жұмыс барысында қолданылған оттегін қайта қалпына келтіру;

  • берілген медициналық аппараттардың өзгертілмеген қалпында өткізу;

  • медициналық құжаттарды уақытылы, дұрыс толтыру:

  • әкімшілікпен өткізілетін конференцияларға, жиналыстарға қатысу;

өз білімділігі мен біліктілігін арттыру.
4. 2. Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау.

Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.

Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босаңсыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  5. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

  8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  9. Тамыр соғу толықсуын бағалаңыз.

  10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

  11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына– графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына –сандық әдіспен жазыңыз.

  12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



4.3 Дене қызуын қолтық астынан өлшеу.

Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.

Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

  3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

  5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

  6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

  7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

  8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

  9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

  10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

  11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


5. қақырықТЫ туберкулезге бактериоскопиялық зерттеуге жинау

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.


Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: 3 арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық нөмерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі: Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

  1. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

  2. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  3. Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.

  4. Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

  5. Науқасқа контейнерді беріңіз.

  6. Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.

  7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

  8. Контейнерді қақпағымен жабыңыз.

  9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

  10. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

  11. Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

  • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

  • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

  • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

  • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

  • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • қақырықты жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • бір рет қолданылатын контейнерлер пайдаланылғаннан соң жоюға жатады

  • медициналық мекемелерде қақырық 7 күндей тоңазытқышта сақталады.



№6. Плевральды пункция жасауға науқасты және қажетті заттар дайындау.
Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1 Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  1. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

  2. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

  3. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  5. Алдын ала тесетін жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

  6. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

  7. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

  8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

  9. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

  10. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

  11. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.

  12. Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

  13. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.

  14. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.

  15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  16. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  17. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

  18. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

  19. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

  20. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.