Файл: Терапия стандарттар жауабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 241

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: Қан қысымының көтеру.

Ресурстары:тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны , бетперде,марлі салфетка, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері 70 % этил спирті ,резенке жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик ,лоток , дәрілік препараттар : 2-5 мг морфин немесе фентанил , 5000 бірлік гепарин , 0,25 мг аспирин , 0,9% 200 мл натрий хлориді ерітіндісі , 200мг дофамин, 5% 400 мл глюкоза ерітіндісі.

Алгоритмі :

1.Науқасты 20 градусқа аяғын көтеріп жатқызу.

2.Дымқылданған оттегі беру.

3. 2-5мг морфин көк тамырға егу , 30 мин. сон қайталаймыз немесе 0,005 % - 1-2 мл фентанил ерітіндісін көк тамырға егу.

4.5000 бірлік гепаринді тікелей көк тамырға енгізу.

5.0,25 гр аспиринді шайнап жұтқызу.

6. 0,9 % - 200 мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға 10 мин ішінде тамшылатып енгізу.

7.200 мг дофамин ерітіндісін 5% -400 мл глюкоза ерітіндісімен көк тамырға тамшылатып енгізу.

8.Науқасты стационардың реанимациялық бөліміне немесе кардиологиялық бөлімінің интенсивті терапия палатасына жаткызу

9.Науқастын зембілге басын көтеріп жатқызып тасымалдау.

28. Жүрек астмасы кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.

Мақсаты: Өкпе қан тамырларындағы қысымды төмендету және қан іркілісін азайту, оттегі тапшылығын жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін төмендету, қан қысымын қалыптастыру.

Ресурстар :тонометр,фонендаскоп, оттегі баллоны , бетперде,марлі салфетка,резенке жгут, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері, 70 % этил спирт, резенке жгут, қолғаптар, дез . ерітіндідегі пинцет,клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар : 2 мл лазик ,

нитроглицерин

Алгоритмі :

1.Науқасты жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіріп отырғызу.

2.Аяқ-қолына таңғыш қою.

3.Дымқылданған оттегі беру.

4. 2мл лазикс ерітіндісін көк тамырға енгізу .

5.Нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру.

6.5000 бірлік гепаринді 0,9 % -10 мл физ.ерітіндіде ерітіп көк тамырға енгізу .

7.1 %-1 мл морфин ертітіндісін к/т немесе б/е енгізу

8.Гипертониялық криз кезінде қосымша 1 мл клофелин еретіндісін натрий хлорид ертіндісімен к/т енгізу .

9.Бронхоспазм кезінде 2,4 % - 5 -10 мл эуфилин ерітіндісін к/т енгізу

Ескерту : Миокард инфарктісі кезінде жүрек гликозиттері қолдануға болмайды,себебі некроз аймағын үлкейтеді және миокардтың жиырылу қызметін жоғарлатады.

29. Өкпенің ісінуі кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.

Мақсаты:Кіші қан айналым жүйесіндегі қан іркілісін азайту, тыныс алу жүйесінің қайта қалпына келтіру, тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, оттегі тапшылығын жою, өкпе артерияларының төткізгіштігін төмендету, қан қысымын қалпына келтіру.

Ресурстары: тонометр,фонендаскоп, оттегі баллоны , бетперде,марлі салфетка,резенке жгут, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері, 70 % этил спирт, резенке жгут, қолғаптар, дез . ерітіндідегі пинцет,клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар : 1%- 1мл морфин ерітіндісі, 1мл физиологиялық ерітінді немесе 10%-5мл глюкоза ерітіндісі,0,5% мг нитроглицирин, 40-80мг фуросемид, 5%- 1-2 мл пентамин ерітіндісі, оттегі баллоны, 33% этил спиртінің ерітіндісі, 60-90мг преднизалон таблеткасы.

Алгоритмі:

1.Науқасты жартылай отырғызу.

2.Науқасты тыныштандырып, таза ауамен қамтамасыз ету.

3.Енгізу 1 %-1мл морфина гидрохлорид физиологиялық ерітіндісі немесе 10 % 5 мл глюкоза ерітіндісі.

4. 0,5 мг нитроглицерин таблеткасы тілдің астына 15-20 мин. аралығында беру (3 ретке дейін).

5.Қан қысымын қадағалағау мен 40-80 мг фурацилин көк тамырға енгізу.

6.Қан қысымы жоғары болған жағдайда 5 %- 1-2мл пентамин, 20 мл физиологиялық ерітіндімен қан тамырға 3-5 млден әр 5 минут аралығында қан тамырға енгізу.

7.Дымқалданған оттегіні маска немесе мұрын катетер арқылы беру.

8.33% -2 мл этил спиртін көк тамырға енгізу.

9.60-90 мг преднизалон ерітіндісін қан тамырға енгізу

10.Егер де көрсетілген терапия нәтижесіз болса, өкпе ісіну белгісі ары қарай тереңдей түссе, қан қысымы төмендеуі тікелей өкпеге жасанды вентиляция жасаудың көрсеткіші болып табылады.

11.Науқасты жедел ауруханаға жеткізу.

12.Науқасты отырған күйде тасымалдау.
30. Гипергликемиялық комада жедел көмек көрсету.

Мақсаты: қан құрамындағы қанттың төмендету.

Ресурстары: тонометр,фонендоскоп, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар:0,9% физиологиялық ертінді, инсулин.

Алгоритмі:

1.Науқасты дұрыстап басын бір қырына қаратып жатқызу.

2.0,1-0,2 бірлік /кг (дене салмағына) инсулин ертіндісін қан тамырға немесе тері астына енгізу.



3.0,9 %- 400 мл натрий хлорид ерітіндісі көктамырға тамшылатып енгізу

(тез регидратацияда мидың ісінуінің даму қауіпі бар)

4.қан қысымын және пульсін қадағалау.

5. Көп профильді стационарға жедел реанимациа бөлімшесіне жеткізу, қабылдау бөлімшесінен тыс (қабылдау бқлімшесіне науқасты апармауға да болады)

6. тасымалдау зембілге жатқызып жүргізіледі.
31. Гипогликемиялық комада жедел көмек көрсету.

Мақсаты: қан құрамындағы қанттың көтеру.

Ресурстары: тонометр, фонендоскоп, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар :40%- 40 – 60 мл глюкоза ертіндісі

Алгоритмі:

1. 40%- 40 – 60 мл глюкоза ертіндісі тікелей енгізу.

2. нәтежиесіз кезіде 40%- 40 мл глюкоза ертіндісі қайта көк тамырға тамшылатып енгізу.

3.науқастың жағдайына жақсаруына байланысты нан мен тәтті сусын беру.

4.науқастың жағдайына байланысты зембілге жатқызып немесе өздігімен стационарға жету.

32. Квинке ісігі кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: қанайналым қызметінің өзгерісін және тысын жетіспеушілігін қалыптастыру,дәрі- аллергендердің қанға түсуіне тосқауыл қою,өмірлік маңызды мүшелердің қызметін тұрақтандыру,калыптастыру.

Ресурстары: тонометр,фонендоскоп,оттегі баллоны, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар:0,1%-1,0 мл адреналин, 0,9 %-200 мл физиологиялық ертінді, 90-120 мг преднизолон, 2% -2-4 мл супрастин немесе тавигил, 2,0 мл лазикс.

Алгоритмі:

1.аллергенді ағзаға түсуін тоқтату,егерде жәндік шаққан болса немесе инъекция егілсе, онда сол жерден жоғары міндетті түрде жгут (егерде инъекция және жәндік аяғынан шақса) салу.Егерде жәндік ененің басқа жерлерінен шақса, онда суық компресс қою.

2.науқастың аяқ жағына жоғары көтеру.

3.дымқылданған оттегі беру.

4.0,1 %- 0,5 мл адреналин ертіндісін тері астына енгізу.

5.90- 120 мг преднизалон ертіндісін 0,9 % -10,0 мл натрий хлорид ертіндісімен қан тамырға енгізу.

6. 2%- 2,0 мл супрастин немесе тавигил ерітіндісін бұлшық етке енгізу

7. 10%-10,0 мл кальций хлориді қан тамырға енгіу.

8. 2,0 мл лазикс ертіндісін 0,9 % 10 мл натрий хлорид ертіндісімен қан тамырға енгізу.

9.тез арада реанимациалық бөлімшеге тез арада жеткізу.

33. Асқазаннан қан кеткен кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты:Қан кетуді тоқтауы

Ресурстары: тонометр,фонендоскоп, мұзды мұйық,стерилді:1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар: дәрілік препараттар :10%- 10 мл кальций хлорид ,4 мл викасол, 12,5 %- 2,0-4,0 мл дицинон, 5%-50,0 мл аминокапрон қышқылы.

Алгоритмі:

1.науқасқа физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету,қатал төсек режимі.

2.Науқастың басын көтеріп жатқызу.

3.Эпигастрия аймағына мұзды мұйық қою.

4.10%-10,0 мл кальций хлорид ерітіндісін қан тамырға енгізу.

5.4 мл викосол ертіндісін қан тамырға енгізу.

6.12,5 %- 2,0-4,0 мл дицинон ерітіндісін немесе 5% -50,0 мл аминокапрон қышқылы ертіндісін қан тамырға енгізу

7.науқастың жағдайын бақылау (қан қысымын өлшеу,пульсін санау)

8.хирургиялық бөлімге жатқызу.

9.науқастың басын көтеріп, зембілге жатқызып тасымалдау.


34. Қышқылдармен және сілтілермен уланғанда жедел көмек көрсету:

Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.

Ресурстар:тонометр, фонендоскоп,бетперде, шара, клеенка,су, залалсыздандырылған асқазан зонды, оймыш, вазелин майы, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері,70 % этил спирті, жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет , лоток,дәрілік препараттар:1,0 мл фентанил,120 мг преднизолон, 0,1% -1,0 мл атропин ерітдісі, 1% -1,0 мл димедрол ерітіндісі, 10% -10 мл кальций глюконат ерітіндісі, 2,4% -10 мл эуфиллин ерітіндісі, 4% -400,0 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі, 20% -2 мл кофеин ерітіндісі, 400,0 мл реополиглюкин ерітіндісі.

Алгоритмі:

1.Асқазанды жуу.

2.1мл фентанил ертіндісін бұлшық етке енгізу (ауырсыну синдромы кезінде)

3.120мг. преднизолон ерітіндісін көк тамырға енгізу

4.0,1% -1,0 мл атропин ерітіндісі тері астына енгізу

5.1% -1,0 мл димедрол ерітіндісі бұлшық етке енгізу.

6.10% -10,0 мл кальцииглюконат ерітіндсі көк тамырға енгізу

7.2,4% -10,0 мл эуфиллин ерітіндісі көк тамырға енгізу

8.4% -400 ,0 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі тамшылатып көк тамырға енгізу

9.20% -2,0 мл кофеин ерітіндісі тері астына енгізу

10.400,0 мл реополиглюкин ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу

11.Науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.

12.Науқасты бір бүйірімен зембілге жатқызып тасымалдау.


35.Наркотикалық дәрілермен улануда жедел көмек көрсету:

Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.

Ресурстар:тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, бетперде, марлі салфетка, шара, клеенка, су, залалсыздандырылған асқазан зонды, оймыш, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері,70 % этил спирті, жгут, қолғаптар,дез. ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар: 20 %- 4,0-6,0 мл кофеин ерітіндісі, физиологиялық ерітіндісі, 2,0 мл кордиамин ерітіндісі, 0,05%-4,0 мл налоксон ерітіндісі, 5% 400,0 мл глюкоза ерітдісі, 400 мл реополиглюкин ерітдісі, 4%-300 мл натрий гидрокорбонаты.

Алгоритмі:

1.Асқазанды жуу.

2. Дымқылданған оттегі беру.

3.20 -4,0-6,0 мл кофеин ерітіндісін физиологиялық ерітіндісімен қан тамырға енгізу.

    1. мл кордиамин ерітіндісі қан тамырға енгізу.

5.Антидот енгізу: 0,05 %-4,0 мл налоксон ерітіндісін тынысын жақсарғанға дейін қан тамырға енгізу.

6.5%- 400,0 мл глюкоза ерітіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу.

7.400,0 мл реополиглюкин ерітіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу.

8.4% 300мл натрий гидрокорбонат ертіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу

9.науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.

10.Науқасты бір бүйірімен жатқызып зембілмен тасымалдау.

Ескерту: налаксон әсер етпеген жағдайда қолдан дем беру шараларын жүргізу.
36.Фосфоорганикалық қосылыстармен улануда жедел көмек көрсету.

Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.

Ресурстар: тонометр, фонендаскоп, оттегі балоны ,бетперде, марлі салфетка, шара, клеенка,су,залалсыздандырылған асқазан зонды, вазелин майы, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток , дәрілік препараттар : 0,1% -3,0 мл атропин ерітіндісі, 5% - 400,0 мл глюкоза ерітіндісі, 0.9% -400,0 мл натрий хлорид ерітіндісі,120 мг преднизолон , 25% -10,0 мл магний сульфат ерітіндісі

Алгоритмі:

  1. Асқазанды жуу.

  2. Дымқылданған оттегі беру

  3. Антидот енгізу : 0,1% -3,0 мл атропин ерітіндісін әр 5 минут аралығында көз қарашығының кеңейгенге дейін.

  4. 5% - 400,0 мл глюкоза ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу

  5. 0.9% -400,0 мл натрий хлорид ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу

  6. 120 мг преднизолон ерітіндісін көк тамырға енгізу

  7. Тырысу синдромында 25% -10,0 мл магний сульфат ерітіндісін енгізу

  8. Науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.

  9. Науқасты бір бүйірімен зембілге жатқызып тасымалдау