Файл: Терапия стандарттар жауабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 242

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту:

  • плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

  • плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

  • ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.



7.Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы»

1. Науқас беліне дейін шешініп, тобығын киімінен босатады.

2.Науқасты арқасымен кушеткаға жатқызамыз.

3.Кеуде қуысының жүрек аймағын және тобықтың төменгі үшінші бөлігін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

4.Ылғалданған теріге электродтың метал пластинкаларын қысқыштар көмегімен орналастырамыз.

5.Электродтарды метал пластинкаларын мына ретпен орналастырамыз:

  • Оң қолға-қызыл электрод

  • Сол қолға-сары электрод

  • Сол аяққа-жасыл электрод

  • Оң аяққа- қара электрод

6. Кеуде қуысының электрод орналастырылатын жерлерін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

7. Электродтарды нөмірленген резеңке алмұрт тәріздес сорғышпен науқастың кеуде қуысының 6 аймағына қоямыз:

  • Төстің оң шетіне ІV қабырға аралығына

  • Төстің сол шетіне ІV қабырға аралығына

  • Сол төс жаны сызығы бойымен ІV және V қабырға аралығына

  • V қабырға аралығына сол ортаңғы бұғана сызығы бойымен

  • V қабырға аралығына сол алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен

  • V қабырға аралығына сол ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен

8. ЭКГ аппаратын қосып, «бастау» пернесін басып, ЭКГ жазбасын жүргізу (әр тіркеуде кем дегенде 3 жүрек комплексі болуы тиіс).

9.12 тіркеу жүргізілгеннен соң ,ЭКГ аппаратын өшіру. Электродтарды науқастан шешу.

10.ЭКГ лентасына науқастың аты-жөнін, жасын, тіркеу күнін жазу.

8. Асқазанды зонд арқылы жуу, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері.

Мақсаты: диагностикалық, емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиалды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүңгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды, шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

  3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

  4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса).

  5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

  6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

  7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

  8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

  9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

  10. Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз.

  11. Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

  12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

  13. Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

  14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

  15. Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана еңкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

  16. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

  17. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

  18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.

  19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

  20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.

  21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

  22. Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  23. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

  24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

  26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

  27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

  28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.


Ескерту:

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
9. Асқазанды зондсыз жуу, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері.

Мақсаты: диагностикалық, емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиалды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, лотоктарды, шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

  3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

  4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса).

  5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

  6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

  7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

  8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

  9. Құйғыға 1 л суды толтырып, науқасқа үлкен жұтымен ішкіңіз,

  10. Науқасқа тілінің түбіріне стерильді шпательді қойып, құсу рефлексін шақырамыз

  11. Бірінші жуындыны арнайы шыны ыдысқа құйып, лабораторияға жолдама жазып жібереміз (улану себебін анықтау мақсатында)

  12. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

  13. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.

  14. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

  15. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

  16. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  17. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  18. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

  19. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

  20. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

  21. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.


Ескерту:

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

10. Тазалау клизмасын қою.

Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.

Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы

Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1—1,5 л жылы су қажет (25—35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12—20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37—42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.

Эсмарх кружкасына су құй. Резеңке түтіктегі вентильді ашып, судың ағымымен ішіндегі ауаны шығару вентилін жабыңыз. Кружканы штативке іліп, қысқыштың басына вазелин май жақ. Клеенка төселген кушеткаға науқасты сол жақ қырына тізесін кіндігне дейін бүгіп жатқыз. Сол қолдың екінші, үшінші саусақтарымен науқастың құйрығын ашып, ал оң қолмен майланған ұштықты айналдыра отырып тік ішекке 10-12 см тереңдікке енгізеді. Алдымен (алғашқы 3—4 см) ұштықты науқастың кіндігіне қарай бағыттап, сосын омыртқаға қатарластырып 8-10 см. тереңдікте еңгіз. Ішекке су баяу баратындай етіп, винтильді ақырын аш. Егер су ішекке бармай қалса ұштықты тереңірек енгізіп, судың ағысын күшейтіңіз. Керісінше, тоқ ішектің бойымен ауырсыну сезімі байқалса, судың ағысын бәсеңдетеді. Вентильді жауып, ұштықты ақырын шығарыңыз. Суды енгізуді аяқтаған соң науқасқа 5-10 минут бойы үлкен дәретке отырмауын сұраңыз. Тоқ ішектің перистальтикасының күшеюінен оның төменгі бөлімі нәжіс массасынан тазартылады. Қолданған ұштықтарды сабынды суға жуып, қайнатады.Қолданылған құралдарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.



11. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

Мақсаты: диагностикалық

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.

  2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

  5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

  9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

  13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

  18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

  24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.

  25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

  28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

  29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.