ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 246
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.
Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:
-
ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады; -
көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді; -
тыныс алуы қалпына келеді; -
терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтын тоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
-
тыныс алуы толық тоқталады (апноэ); -
қан айналымы тоқталады (асистолия); -
ес-түсі жоқ (кома); -
көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды; -
«мысық көз» белгісі; -
дене қызуы төмендейді; -
өлік дағы пайда болады; -
өлік сіресіп қатып қалады.
№34. № 110/е Жедел және шұғыл медииналық жәрдем бригадасын шақырту картасын толтыру. Құжаты толтыру маңызы.
№35. № 003/е Стационарлық науқастың медициналық картасын толтыру. Құжаты толтыру маңызы.
39.Форма № 110/уЖедел және шұғыл медициналық жәрдем бригадасын шақырту картасы
(Карта вызова бригады скорой и неотложной медицинской помощи)
40. Форма № 003/у Стационарлық науқастың медициналық картасын толтыру схемасы. Құжаты толтыру маңызы.
22. Бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында жедел көмек көрсету.
Мақсаты: Тұншығу ұстамасын түсіру.
Ресурстары: Бронхолитиктермен қалталы ингалятор, бронхолитикпен небулайзер, оттегі баллоны, залалсыздандырылған:бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: 120-180 мгпреднизолон, 5000-10000 бірлік гепарин, бронхолитиктер (беротек, беродуал, сальбутамол), 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, таза ауа болуын қамтамасыз ету.
2.Ыңғайлы жағдай жасауына көмектесу.
3.Кеудесін қысатын киімдерді шешу.
4.Қалталы ингалятор қолдану.
5.Бронхолитикпен небулайзер қолдану (сальбутамол).
6.Дымқыл оттегіні маска арқылы беру .
7.2,4 % - 10 мл эуфиллин ерітіндісін 5-7 мин аралығында қан тамырға баяу енгізу.
8.90-120 мг преднизалон ерітіндісін қан тамырға тікелей енгізу.
9.0,9% натрий хлорид ерітіндісін 500,0 мл немесе 4 % гидрокорбанат ерітіндісін 500,0 мл
қан тамырға енгізу.
10.5000-10000 бірлік Гепарин қан тамырға енгізу
11.Науқастың жағдайын үнемі қадағалау – пульсін, қан қысымын, тыныс алу жиілігін,
қақырық түрін.
12.Науқасты реанимация бөліміне немесе интенсивті палатасы бар бөлімге жатқызу.
13.Науқасты зембілде отырғызып немесе басын көтеріп жатқызып тасымалдау.
23.Астмалық статусында көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты:Тұншығу ұстамасын түсіру.
Ресурстары: Оттегі баллоны, маска, мәрлі салфетка, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері,70 % этил спирті, резенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар:1000 мл реополиглюкин, 2,4 % эуфиллин ерітіндісі, 90 гр преднизолон немесе 250 мг гидокартизон, 1000 бірлік гепарин.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы жағдай жасауына көмектесу, кудесін қысатын киімдерді шешу, таза ауа болуын, физикалық және психикалық тыныштық болуын қамтамасыз ету;
2.Қалталы ингалятор қолдану.
3.5-10 мин аралығында бронхолитикпен небулайзер қолдану (100 мкг/доза сальбутамол).
4.Дымқыл оттегіні маска арқылы беру .
5.Алғашқы 5-7 мин ішінде 2,4 % - 10-15 мл эуфиллин ерітіндісін, содан кейін 2,4 % - 3-5 мл эуфиллин ерітіндісін инфузион ерітіндісімен қан тамырға тамшылатып енгізу.
6. 90-150 мг преднизалон ерітіндісін қан тамырға тікелей енгізу.
7.5000-10000 бірлік гепарин ерітіндісін қан тамырға енгізу.
8.0,9%- 500,0 мл натрий хлорид ерітіндісін немесе 4 % -500,0 мл гидрокорбанат натрий ерітіндісін қан тамырға енгізу.
9.Науқастың жағдайын үнемі қадағалау – пульсін, қан қысымын, тыныс алу жиілігін,
қақырық түрін.
10.Науқасты реанимациялық бөліміне немесе интенсивті палатасы бар бөлімшеге жатқызу.
11.Науқасты зембілде отырғызып немесе басын жоғары көтеріп жатқызып тасымалдау.
24. Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты:Қан кетуді тоқтату.
Ресурстары: Мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар:12,5% дицинон ерітіндісінен1-2 мл, 1% кальций хлорид ерітіндісінен 10 мл, 5% аминокапрон қышқылынан 100 мл, 1% викасол ерітіндісінен 1-2 мл.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, жартылай отыруға көмектесу (қақырық тастауды жеңілдету үшін), сөйлеуге және тұруға тиым салу.
2.Кеуде қуысына мұзды мұйық немесе суық компресс қою.
3.Науқасқа салқын сұйықтық беру: ас тұзы ерітіндісі (1 ас қасық тұзды 200 мл суға), крапива қайнатпасы
4. 12,5% -1-2 мл дицинон ерітіндісін қан тамырға немесе бұлшық етке енгізу.
5. 1% -10 мл кальций хлорид ерітіндісін қан тамырға енгізу.
6. 5% -100 мл аминокапрон қышқылын қан тамырға тамшылатып енгізу.
7. 1% -1-2 мл викасол ерітіндісін бұлшық етке енгізу.
8.Науқасты хирургиялық бөлімге жатқызу.
9.Науқасты зембілде жартылай отырғызып тасымалдау.
25. Гипертоникалық кризде көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Артериальды қан қысымды төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: 10-20 мл нифедипин немесе 12,5 мг каптоприл, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, 0,75-0,15 мг клонидин, 1% фуросемид ерітіндісінен 4-6 мл, 25 % магний сульфат ерітіндсінен 10-20 мл, 0,5% диазепама ерітіндісінен 2-6 мл, корвалол, экстракт валериан шөп тұнбасы
Алгоритмі:
Криздің нейровегетативті түрінде:
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату, басын жоғары көтеріп жатқызу;
2.Қан қысымын өлшеу;
3.10 мг (1-2 таб.) нифедипин немесе каптоприл 12,5 мг (1-2 таб.) тіл астына салу;
4. 1% -4-6 мл фуросемид ерітіндісін қан тамырға енгізу;
5.Седативтік дәрілер: 2-3 таб. экстракт валериан шөп тұнбасы немесе 25-30 тамшы корвалол пероральды беру;
6.Әсері болмаған жағдайда тіл астына 0,075-0,15 мг клонидин (клофелин) қою.
Криздің сулы-тұзды (ісік) түрінде:
1. 1% -2-6 мл фуросемид ерітіндісін бір рет қан тамырға енгізу;
2. 25 % - 10-20 мл магний сульфат ерітіндісін қан тамырға баяу енгізу.
Криздің тырысқақ түрінде:
1. 0,5% - 2-6 мл диазепам ерітіндісін 0,9%-10 мл натрий хлорид ертіндісімен қан тамырға енгізу.
2.Қан қысымын бақылап тұрып гипотензивті препараттар мен диуретиктер енгізу.
Ескерту:
1.Әр 15 мин сайын қан қысымын және дем алу жиілігін бақылау;
2.20-30 мин аралығында дәрілердің гипотензивтік әсері болмаған жағдайда, жедел ми қан айналым бұзылуы, жүрек астмасы, стенокардия пайда болғанда науқасты көп профильді стационарға госпитализация жасау.
26. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. ST – сегментінің жоғарлаусызымен науқасқа жедел көмек көрсету. (Стенокардия ұстамасында көрсетілетін жедел көмек.)
Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп, дәрілік заттар: нитроглицерин, валидол, нифедипин (10 мг), 325 -500 мг аспирин, ыстық су, қыша қағазы.
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату.
2.Науқасты ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу, таза ауамен қамтамасыз ету.
3.Тіл астына нитроглицирин таб. немесе валидол беру. Егерде жүрек тұсында ауырсыну сезімі басылмаса, нитроглицерин таблеткасын әр 5 мин (2-3 рет) беру.
4.Нитроглицерин таб. болмаған жағдайда, нифедипин 10 мг 1 таблеткасын беру. Қан қысымын бақылау.
5.325-500 мг аспирин таблеткасын ішкізу.
6. Жүрек аймағына қыша қағазын қою немесе науқасқа ыстық суды ұрттатып ішкізу.
7.Науқастың жағдайын жиі қадағалау, қан қысымын өлшеу және пульсін санау.
8.Ауырсыну синдромы кезінде қандай көмек көрсетілгендігі жайлы сұрастыру.
Ескерту:
Нитроглицерин таблеткасын 3 реттен аса көп қолданбау.
26. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. ST – сегментінің жоғарлауымен науқасқа жедел көмек көрсету. (Миокард инфарктісінде көрсетілетін жедел көмек.)
Мақсаты:Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп,оттегі баллон, маска, дәке салфеткасы, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, рәзенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: нитроглицерин, изокет-спрей, 325-500 мг аспирин, клопидогрел немесе плавикс, 2-4 мг морфин ерітіндісі, 5000 бірлік гепарин, актелизе, 1500000 бірлік стрептокиназа, 60 гр преднизолон, 10 мл физиологиялық ерітінді.
Алгоритмі:
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату. Науқасты жатқызып, кеудесін қысатын киімдерді шешу, таза ауа болуын қамтамасыз ету.
2.Тіл астына нитроглицирин таб. немесе 1-2 доза изокет-спрейді (3 реттен көп емес) 5 мин аралықта беру.
3.325-500 мг аспирин таб. шайнату немесе клопидогрел немесе плавикс ішкізу.
4.Дымқылданған оттегі беру.
5.2-4 мг морфинді қан тамырға енгізу.
6. Систоликалық қан қысымы 100 мм сын.бағ төмен болса, 60 мг преднизолон ерітіндісін 10 мл физиологиялық ерітіндісімен араластырып, көк тамырға енгізу
7.1500000 бірлік стрептокиназаны 30 мин аралығында қан тамырға тамшылатып енгізу.
8.5000 бірлік гепаринді көк тамырға тікелей және актелизе 3 деңгейлі 90мин аралығында енгізу;
-
15мг қан тамырына тікелей , -
50 мг қан тамырына тамшылатып 35 мин ішінде, -
35 мг қан тамырына 60мин ішінде тамшылатып енгізу;
9.Қан қысымын,жүрек соғу жиілігін,дем алу жиілігін есептеу, науқастың жағдайын бақылау .
10.Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдау.
27.Кардиогенді шок кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.