ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 243
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі; -
ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі; -
қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады; -
шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар). -
жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз; -
вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
№12. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, қолғаптарды, тері антисептигін, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Мейірбике зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала науқасқа ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді. -
Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз. -
Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады. -
Тесілетін жерді тері антисептигіне ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және оның кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді. -
Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз. -
Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері сызығы бойына орналасқан тілік жылдам түседі. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды. -
Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз. -
Әрбір қанды зерттеу үшін жаңа тамшыдан жинайды. -
Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз. -
Қолданылған құралдарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
-
қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады; -
ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.
№13. асқазан сӨлін фракциялық әдіспен жіңішке түтікшемен сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісін, лабораторияға жолдама жазыңыз, онда науқастың аты-жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3.Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
4.Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
.Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
7.Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
8.Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
.Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
10.Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
11.Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
12.Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!).
13.Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
14.Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).
1.Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).
17.Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.
-
инуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).
1.Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).
20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).
21.Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.
22. Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23.Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.
№14.науқасты Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау
Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жараның, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
-
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне). -
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. -
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз. -
Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек. -
Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады. -
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз. -
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
№15. 12.Әйелдердің қуығын катетерлеу
Мақсаты: Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз. -
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты кермемен оңашалаңыз. -
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз. -
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз. -
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз. -
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. -
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз. -
Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз. -
Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз. -
Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз. -
Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз. -
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз. -
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз. -
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз. -
Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз. -
Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз. -
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. -
Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді). -
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.