ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 250
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6. Систоликалық қан қысымы 100 мм сын.бағ төмен болса, 60 мг преднизолон ерітіндісін 10 мл физиологиялық ерітіндісімен араластырып, көк тамырға енгізу
7.1500000 бірлік стрептокиназаны 30 мин аралығында қан тамырға тамшылатып енгізу.
8.5000 бірлік гепаринді көк тамырға тікелей және актелизе 3 деңгейлі 90мин аралығында енгізу;
-
15мг қан тамырына тікелей , -
50 мг қан тамырына тамшылатып 35 мин ішінде, -
35 мг қан тамырына 60мин ішінде тамшылатып енгізу;
9.Қан қысымын,жүрек соғу жиілігін,дем алу жиілігін есептеу, науқастың жағдайын бақылау .
10.Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдау.
№33. Кардиогенді шок кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Қан қысымының көтеру.
Ресурстары:тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны , бетперде,марлі салфетка, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері 70 % этил спирті ,резенке жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик ,лоток , дәрілік препараттар : 2-5 мг морфин немесе фентанил , 5000 бірлік гепарин , 0,25 мг аспирин , 0,9% 200 мл натрий хлориді ерітіндісі , 200мг дофамин, 5% 400 мл глюкоза ерітіндісі.
Алгоритмі :
1.Науқасты 20 градусқа аяғын көтеріп жатқызу.
2.Дымқылданған оттегі беру.
3. 2-5мг морфин көк тамырға егу , 30 мин. сон қайталаймыз немесе 0,005 % - 1-2 мл фентанил ерітіндісін көк тамырға егу.
4.5000 бірлік гепаринді тікелей көк тамырға енгізу.
5.0,25 гр аспиринді шайнап жұтқызу.
6. 0,9 % - 200 мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға 10 мин ішінде тамшылатып енгізу.
7.200 мг дофамин ерітіндісін 5% -400 мл глюкоза ерітіндісімен көк тамырға тамшылатып енгізу.
8.Науқасты стационардың реанимациялық бөліміне немесе кардиологиялық бөлімінің интенсивті терапия палатасына жаткызу
9.Науқастын зембілге басын көтеріп жатқызып тасымалдау.
№34.Жүрек астмасы кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Өкпе қан тамырларындағы қысымды төмендету және қан іркілісін азайту, оттегі тапшылығын жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін төмендету, қан қысымын қалыптастыру.
Ресурстар :тонометр,фонендаскоп, оттегі баллоны , бетперде,марлі салфетка,резенке жгут, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері, 70 % этил спирт, резенке жгут, қолғаптар, дез . ерітіндідегі пинцет,клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар : 2 мл лазик ,
нитроглицерин
Алгоритмі :
1.Науқасты жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіріп отырғызу.
2.Аяқ-қолына таңғыш қою.
3.Дымқылданған оттегі беру.
4. 2мл лазикс ерітіндісін көк тамырға енгізу .
5.Нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру.
6.5000 бірлік гепаринді 0,9 % -10 мл физ.ерітіндіде ерітіп көк тамырға енгізу .
7.1 %-1 мл морфин ертітіндісін к/т немесе б/е енгізу
8.Гипертониялық криз кезінде қосымша 1 мл клофелин еретіндісін натрий хлорид ертіндісімен к/т енгізу .
9.Бронхоспазм кезінде 2,4 % - 5 -10 мл эуфилин ерітіндісін к/т енгізу
Ескерту : Миокард инфарктісі кезінде жүрек гликозиттері қолдануға болмайды,себебі некроз аймағын үлкейтеді және миокардтың жиырылу қызметін жоғарлатады.
№35. Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты: қанайналым қызметінің өзгерісін және тысын жетіспеушілігін қалыптастыру,дәрі- аллергендердің қанға түсуіне тосқауыл қою,өмірлік маңызды мүшелердің қызметін тұрақтандыру,калыптастыру.
Ресурстары: тонометр,фонендоскоп, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар:0,1%-1,0 мл адреналин, 0,9%-200 мл физиологиялық ертінді, 30-60 мг преднизолон, 5 % -10-15 мл глюкоза ерітіндісі,1% -2-4 мл супрастин немесе 1% -2-5 мл димедрол, 2,4 % 10 мл эуфиллин,
Алгоритмі:
1.аллергенді ағзаға енуін тоқтату, инъекция жасалған жерден жоғары жгут қою.
2.пациентің басын бір қырына қаратып,тілін ұстап бекітіп жатқызу және тіс протездерін алу.
3. кереуеттің аяқ жағын жоғары көтеру.
4.таза ауаны қамтамасыз ету, дымқылданған оттегі бер.
5. аллергенді-дәрілік затты ауыз арқылы берілсе, онда науқастың асқазанын жуу, егер науқастың жағдайы көтерсе.
6.0,1 % 0,5 мл адреналин ертіндісін 0,9% - 5 мл натрий хлорид ерітіндісімен қан тамырға немесе тері астына 0,5-1,0 мл аллерген енгізген жерге енгізу
7.30-60 мл преднилзалон ертіндісін 5% -10-15 мл глюкоза ерітіндісімен қан тамырға баяу енгізу
8. 1 %- 2,0-4,0 мл супрастин немесе 1% 2,0-5,0 мл димедрол етріндісін тері астына немесе бұлшық етке енгізу.
9. Егерде науқаста дем жетіспеушілігі дамыса 2,4 % -10,0 мл Эуфиллин ертіндісін 0,9% - 10,0 мл натрий хлорид ерітіндісімен қантамырға енгізу.
10. 0,05 % 0,5 мл строфантин ертіндісін 0,9 % -10,0 мл натрий хлорид ертіндісіменқан тамырға енгізу.
11.Науқас жаплы жағдайын қадағалау,қан қысымын және пульсын өлшеу.
ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі
Іс-әрекет алгоритмі:
- 1 2 3 4 5 6 7
Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.
Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.
Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
-
Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет. -
Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау. -
Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.
Өкпенің жасанды вентиляциясын
«ауыздан - ауызға» жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз; -
осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз; -
екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз; -
терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.
Өкпенің жасанды вентиляциясын
«ауыздан - мұрынға» жасау әдісі
-
зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады; -
терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.
Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз. -
Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз. -
Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады. -
Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз. -
Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз. -
Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады. -
Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз. -
Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз. -
Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.