Файл: шінші кезеойыртпа ала отырып жне кейіннен оны флотацияа жібере отырып, барабанды диірмендерде кенді нтатау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 122

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


КІРІСПЕ

Пайдалы заттарды байыту нәтижесінде бір не бірнеше өнім алынады,оларды концентрат дейміз. Пайдалы қазбаларды байыту техналогиясы байыту фабрикаларында жүргізіледі. Байыту фабрикасының жұмысы айрықша маңызды технологиялық көрсеткіші-кеннен концентратты металл алу болып табылады.

1953 жылы желтоқсанда фабриканың бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 22 желтоқсанда ол кеннің алғашқы вагондарын қабылдап алып, № 1 бас корпустың бірінші секциясын түсіру үшін іске қосылды. Жезқазған қаласында жалпы №1,2,3 байыту фабрикасы бар.

№1 және 2 Жезқазған байыту фабрикалары байытудың аяқталған циклі бар және Жезқазған мыс балқыту зауытында (ЖМЗ) алынған концентраттарды бірлесіп өңдейтін екі байыту өндірісін біріктіреді.

№1 ЖОФ жерасты және ашық өндірудің мыс сульфидті кендерін, ашық (карьерлік) өндірудің мыс аралас және тотыққан кендерін, ЖМЗ металлургиялық өндірісінің шлактары мен қыртыстарын өңдейді.

Жезқазған кен орнының мыс кендері қорлары бойынша негізгі болып табылады. 2008 жылдан бастап № 1, 2 ЖОФ-да Жомарт кенішінің жерасты өндірісіндегі мыс кенін қайта өңдеу басталды.

Зауыттың технологиялық сызбасы бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншісі-ғимараттарда темір жол вагондарындағы кеніштерден келетін рудаларды қабылдау. Екіншісі-ұсақтау корпустарында кенді (ірі, орташа және ұсақ) кезең-кезеңмен ұсақтау. Конустық ұсатқыштар қолданылады.

Үшінші кезең-қойыртпақ ала отырып және кейіннен оны флотацияға жібере отырып, барабанды диірмендерде кенді ұнтақтау.

Төртінші кезең-флотация. Мыс минералдарының ұсақ ұсақталған бөлшектері арнайы химиялық реагенттерді қосып, сулы ортадағы ауа көпіршіктерінің минералдары бар қалқымалы көпіршіктері түзілгенің, ол дайын мыс концентратына айналғанға дейін флотацияның келесі сатыларына жіберіледі. Көпіршіктерге бекітілмеген және бос жыныстың батып кеткен бөлшектері байыту қалдықтары деп аталады. Флотациядан кейін байыту қалдықтары құбырлар арқылы қалдық қоймасына жіберіледі.

Өңдеудің бесінші кезеңі-мыс концентратын қоюлау және сүзу. Бұл кезеңде флотация кезінде алынған концентраттағы ылғал азаяды.

Жезқазған кен орнының кенінің генетикалық және минералды құрамына байланысты құмдар мен шламдарды флотациялаудың жеке схемасының болуы басты ерекшелік болып табылады.

Екінші айырмашылық-қазіргі уақытта № 1 бас ғимараттың № 5-6 секцияларында тотыққан және аралас кендерді байыту схемасы. Ол сульфидті және тотыққан флотацияны қамтиды, бұл жоғары технологиялық көрсеткіштерді ала отырып, карьерлік өндіру кендерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.


1.Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінде қауіпсіздік заңнамасын оқыту.
Кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;

Қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны

Біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; ; [1]

Даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жанынан үйлестіру кеңесі құрылады. Үйлестіру кеңесінің ережесі мен құрамын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі немесе өзге ақпараттық жүйелер арқылы қайта даярлаудан және бiлiктiлiкті арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілер туралы есепті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бередi.

Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың персоналды басқару қызметтері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелеріне "е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі немесе өзге ақпараттық жүйелер арқылы қайта даярлаудан және бiлiктiлiкті арттырудан өткен қызметшілер туралы есепті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бередi.

Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болған кезеңі, оның жүктілігі және босануы бойынша немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болуын қоспағанда, жұмыспен өтеу мерзіміне есептелмейді.



  Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды. [2]

1.1 Заңды құжаттар. Еңбек қауіпсіздігін мемлекеттік және қоғамдық басқару.
Еңбек қауіпсiздiгi - еңбек процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;

Еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын немесе олардың әсерiнің деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары;

Өндiрiстік жабдықтың қауiпсiздігі - өндiрiстiк жабдықтың берiлген функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгiленген жағдайларда орындауы кезiнде еңбек қауіпсiздiгiнің талаптарына сәйкестiгiн сақтау ерекшелігi;

Өндiрiстік процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауiпсіздігінiң талаптарына сәйкестігiн сақтау ерекшелігі;

Зиянды өндiрiстiк фактор - белгiлi бiр жағдайларда оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттілiгiнің төмендеуiне және ұрпағының денсаулығына керi әсер етуге әкеп соқтыруы мүмкін өндiрiстік фактор;

Еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;

Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі мониторинг - өндiрiстегі еңбек қауiпсiздiгінiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiн бағалау әрi болжау;

Өндiрiстегi жазатайым оқиға - нәтижесiнде қызметкердiң еңбек мiндеттерiн немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезiнде жарақаттануына, денсаулығының күрт нашарлауына немесе қатты кәсiби ауруға шалдығып, кейiннен оны уақытша немесе тұрақты еңбек ету қабiлетiнен айрылуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндірістік фактордың қызметкерге әсер ету оқиғасы;

Қауiпсiздiк нормалары - қауiпсiздіктiң барлық түрлерін қамтамасыз ету тұрғысынан өндірiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын көрсеткіштердің сандық мазмұны;

Еңбек жағдайларының нормативтерi - бұл еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық санитарлық-гигиеналық және психофизиологиялық талаптары бар нормативтер;


Қауіптi өндiрiстік фактор - әсерi белгiлі бiр жағдайларда қызметкердің уақытша немесе тұрақты еңбек ету қабiлетiнен айрылуына немесе өлiмiне әкеп coқтыруы мүмкiн өндiрiстік фактор;

Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын-алу, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдардан тұратын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе өндiрiстік жабдықтар - машиналар, тетіктер, аппараттар мен жабдықтар;

Өндiрiстік санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсер етуін болғызбайтын немесе оның әсерін азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;

Кәсiби ауру - қызметкердiң өзiнiң еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;

Жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметi процесінде өзінің еңбек міндеттерiн орындау кездегi тұрақты нeмece уақытша болатын орны;

Арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстік факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғаптар;

Жеке қорғану құралдары - қызметкердi заңы және қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;

Ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстеп жатқан екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бір мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi - еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның мемлекеттiк мекемесiне ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары;

Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттікті Қазақстан Pecпубликасының заңына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Еңбек қауiпсiздiгiнің жағдайлары - еңбек процесінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабiлеттiлiгiне әсер ететiн өндiрiстiк opтa және еңбек процесі факторларының жиынтығы.

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;[3]

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.

Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады

Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған мониторингті;

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және қабылдауды;