Файл: шінші кезеойыртпа ала отырып жне кейіннен оны флотацияа жібере отырып, барабанды диірмендерде кенді нтатау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Байыту фабрикасы деп-пайдалы қазбаларды байыту әдістерімен өндеу нәтижесінде олардан бағалы зат мөлшері жоғары бірнеше тауарлық өнімдерді және бағалы зат үлесі төмен зиянды қалдық қоспаларды бөліп алатын өндірістік кәсіпорынды айтады.Сонын бірі:№ 1,2 Жезқазған байыту фабрикалары Қазақстан Республикасының Ұлытау облысы Жезқазған қаласында орналасқан. 1954 жылы № 1 ЖОФ ,1963 жылы №2 ЖОФ пайдалануға беріліп,іске қосылды.Жезқазған байыту фабрикалары толық байыту циклімен,алынған концентраттарды Жезқазған мыс зауытымен бірлесіп өндіреді. Жезқазған байыту фабрикасы «Қазақмыс» корпорациясы құрамына енгізілген. . Жер қойнауынан ашық және жабық тәсілдермен өндірілген мыс кені Жезқазған байыту фабрикасына жеткізіледі. Фабриканың технологиялық схемасы бірнеше кезеңнен тұрады: вагондарды төгу; мыс кенін ұсақтау, елеу және ұнтақтау; флотация; концентратты қоюлау, сүзу және кептіру.
Жезқазған байыту фабрикасы №1-де өңделетін мыс сульфидті кендер Оңтүстік Жезқазған кеніші (ЮЖР-No65 шахта) және Шығыс Жезқазған кеніші (ВЖР-No55 шахта), Батыс Жезқазған шахтасы (ЗЖР-No 73 шахтасы), сондай-ақ Жомарт кен орнынан келеді.
ЖОФ № 1,2 құрамында:
-№1 Ұсақтау корпусы: Ірі ұсақтауға арналған корпус,Орташа және ұсақ ұсақтау корпусы,Жабық қойма.
-№1 Бас корпусы: 1-2секция,3-4секция,5-6секция:
Ұнтақтау бөлімі,сорғы бөлімі,Флотация бөлімі.
-Реагенттер бөлімі: РО-1(ЖОФ №1),РО-2(ЖОФ№2):
реагенттер қоймасы, Реагенттерді дайындау бөлімі.
-Сүзу және кептіру бөлімі:
қоюландыру бөлімі,сүзу бөлімі,кептіру бөлімі.
-Қалдықты басқару:
№1,2 шламды сорғы станциясы,№1,2 дренаждық сорғы станциясы,Суды қайта өндеу станциясы.
Шеберханалар:
Жөндеу-механикалық бөлім,Жөндеу және құрылыс алаңы,Жылу-энергетикалық секция (жабдықтарға қызмет көрсету),Шаң жинайтын қондырғылар мен шығару жүйелері.
-Электр қосалқы станциясы: КД-1 ,ГК-1 (12 қосалқы станция), КД-2, ГК-2( 17 қосалқы станция).
2.1 Кеннің сипаттамасы. Дайындық процессі.
Дайындау процестері - ұсату, елеу, ұнтақтау, жіктеу процестерінен тұрады. Дайындау процестерінің міндеті: минералды шикізатты одан әрі байыту үшін қажетті ірілік мөлшеріне жеткізуге жүргізіледі.
№1 Бас корпусында жүргізілетін дайындау процестерінің схемасы:
Кен
Ұнтақтау сатысы
Жіктеу
Жіктеу
2-ші сатылы жіктеу
Бөлуші классификация
Жіктеу
Қайта ұнтақтау
Негізгі шламдық ф-я Жіктеу
Бақылау шламдық ф-я Қайта ұнтақтау
Жіктеу
Негізгі құмдық ф-я
Бақылау құмдық ф-я
1-ші тазалау
Жіктеу
Қайта ұнтақтау
Қалдықтар
2-ші тазалау
3-ші тазалау
Мыс концентраты
Кеннің сипаттамасы.
Адамзатқа қажетті металдар және бағалы заттар кен немесе пайдалы қазбалардан алынады. Кен деп оның құрамынан бір не бірнеше бағалы элементтерді тиімді түрде бөліп алуға жарайтын пайдалы қазбаларды айтады. Кен көптеген минералдардан тұрады. Кендер құрамына және қасиеттеріне қарай көптеген топтарға бөлінеді. Мысалы, құрамында қандай металдар болуына байланысты түсті, қара, радиактивті, сирек кездесетін және бағаллы металдар кендері болып бөлінеді. Кен массасы Q әрпімен белгіленеді.
Құрамындағы бағалы заттардың қасиеттеріне қарай металды жіне металсыз кендерге бөлінеді. Мысалы, кендердің құрамында металл қасиеті бар элементтер кірсе, металсыз кендердің құрамына металдық қасиеті жоқ элементтер кіреді, мысалы, фосфор, күкірт, графит, алмаз, фтор және т.б.
Кен орындары жаратылысына қарай түпкі және шашыранды түрге бөлінеді.
Түпкі кен орындары алғашқы жаратылған орында, бұзылмаған қалыпта, жер қойнауында қоршаған тау жыныстарымен бір тұтас біріккен түрінде және белгілі бір тереңдікте орналасады.
Шашыранды кен орындарының жер бетіне шыға орналасу салдарынан бұзылып, ұсақталуынан пайда болады. Бұл кендерде минералдар көптеген физикалық жіне химиялық өзгерістерге түсіп, қасиеттері көп өзгереді. Сонымен қатар минералдар бір-бірінен ажыратылған күйде болады. Осыған байланысты шашыранды кендерді алдын ала ұсақтаудың қажеті жоқ.
Жезқазғандағы байыту фабрикасы №1(ЖБФ) аяқталған байыту циклінен тұратын екі байыту фабрикасын біріктіреді және екеуінен алынған мыс концентраты бірлескен сусыздандыру процесінен өтеді.
№1 Байыту Фабрикасы жерасты сульфидті мыс кендерін өңдейді.
Жезқазған кен орнындағы мыс кендері құмдақ тастар түріне жатады. Кеннің қаттылығы профессор Протодяконов шкаласы бойынша 14-16 бірлікті құрайды, кеннің меншікті салмағы 2,7 т / м3, ал үйінді тығыздығы 1,55 т / м3 құрайды.
Ашық өндірілетін кен сорттарға бөлінеді:
- сульфидті – құрамындағы тотық мөлшері 12,5% дейін;
- аралас - құрамындағы тотық мөлшері 12,5-20,0% ;
- тотыққан - құрамындағы тотық мөлшері 20,0% -дан асатын.
№1ЖБФ флотация процесінде механикалық және пневмомеханикалық флотациялау машиналарының келесі түрлері қолданылады:
-
Механикалық флотомашиналар: ФМР-10, Механобр-7, ФМР-25, ФМ-3,2, ФМ-6,3. -
Пневмомеханикалық флотомашиналар: ФПМ-3,2М, ФПМ-3,2ЦМ, ФПМ-6,3, РИФ-6,5, ФПМ-16.
Жерасты сульфидті мыс кені
Негізгі кен минералдары: борнит - (35-40)%, халькозин - (30-35)%, халькопирит - (10-15)%.
Металл емес материалдар: кварц, дала шпаттары, карбонаттар, хлорит, серицит, сазды заттар.
0,20 мм, 0,15 мм, 0,10 мм кластарында кен минералдары негізінен жымдасқан түрде (в сростках) кездеседі. Бұл кластардағы мыс мөлшері 0,65% -дан 0,70% -ға дейін.
0,071 мм плюс класында кен минералдарының жартысы жымдасқан, қосынды түрінде, ал жартысы еркін күйде болады. Жымдасқан сульфидті түйіршіктердің мөлшері шамамен 0,01 мм құрайды. Жымдасудан басқа, кен минералдары тау жыныстарында қосылып және сіңдіріліп кездеседі.
Сульфидті мыс кені
Кен және металл емес минералдар жер асты өндірісінің сульфидті кендерімен бірдей, бірақ халькозин (50% -дан 60% -ға дейін), борит (20% -дан 24% -ға дейін), халькопирит (5% -дан 9% -ға дейін) басым. Сонымен қатар, куприт және ковеллин бар. Мыстың тотыққан минералдары: малахит және азурит кездеседі. Металл емес заттардың ішінде сланецтер, карбонаттар және саз заттар көп
Аралас мыс кені
Аралас мыс кені сульфидті кендермен бірге алынады.
Минералдануы орташа түйіршікті құмдақтармен берілген (көбінесе каолинделген) және халькозиннің майда ірілікте болуы, борниттің сирек таралуы, сонымен қатар мыс тотыққан минералдардың жағындыларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, тотыққан мыс минералдары құмтас цементінің сіңдірілуін құрайды.
Ірі кластарда тау жыныстарындағы минералдардың жымдасуы мен қосылыстары басым болады. Малахит, хризоколла және ковеллиндер белгіленген (негізгі мыс минералдарынан басқа).
Минус 0,071 мм класта сульфидтердің жартысынан көбі еркін күйде болады.
Металл емес минералдардың көп бөлігінде сульфид қосындылары болады.
Тотыққан мыс кені
Тотыққан кендердің минералогиялық құрамы негізінен малахит, азурит және мыс сульфаттарынан, ал жеке кен орындарында хризоколаның едәуір мөлшерінен тұрады.
2.2 Байыту фабрикасында кенді ұсақтау,ұнтақтау әдісі.
ҰСАТУ
Ұсату дегеніміз - сыртқы механикалық күштердің әсерінен кесек, минералды шикізатты жаншу, бөлшектеу, соққылау немесе олардың комбинациясы арқылы белгілі бір ірілікке дейін жеткізу.
Ұсатудың және ұнтақтаудың соңғы мөлшері кендегі минералды заттардың ірілік сипаты мен таңдалған байыту әдісімен анықталады.
Негізгі КД-1 бөлімшесінде ұсатудың үш сатысы бар:
Ірі ұсату – 1500-ден 300мм-ге дейін,
Орташа ұсату – 300-ден 80-100мм-ге дейін,