Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 109
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
секундомерді қосамыз да, 350 жеткен кезде секундомерді тоқтатамыз. Өлшеуді екі - үш рет қайталаймыз да, орташа көрсеткішін анықтаймыз. Анықтаудың қортындысын кестеден табамыз.
Ауа температурасына енгізілген түзетулерге байланысты ауа қозғалысының жылдамдығы ( жылдамдығы 1 м/с көп)
№ 4 кесте
Электрлі термоанемометр ЭА – 2М
Бұл аспаптың көмегімен ауа жылдамдығын 0,03 – тен 5 м/сек –қа дейін және 10°- тан 60° - қа дейінгі ауа температурасын өлшеуге болады. Аспаптың жұмыс істеу принципі жылжыған ауа ағынымен жартылай өткізгіш микротермоқарсы тұрушыны салқындату болып табылады.
Өлшеу жүргізер алдын аспапты көлденең орнатады да оған датчикті қосады да, аспапты тоққа қосады. Ол батарейканың көмегімен өздігінше де жұмыс істей алады.
Ауа жылдамдығын анықтау үшін ауыстырғыш ( 5 ) - «А » жағдайына қояды, ауыстырғыш ( 6) – « Контроль »жағдайына қояды, (2) – «НП» жағдайына қояды ( сыртқы қоректену көзі) немесе «ВП», яғни «ішкі қоректену көзі», (7) сапты бұрау арқылы гальвонометр бағыттауышын шкаланың максималды бөлігіне қоямыз, (6) ауыстырғышты « Измерение » жағдайына қоямыз да өлшеу жүргіземіз. Содан кейін гальванометр көрсеткішін санаймыз, содан кейін № 4 кесте бойынша ауа жылдамдығын анықтаймыз.
№12 сурет. Электрлі термоанемометр ЭА – 2М
II тарау
Тұрғын үй гигиенасы
Тұрғын үй маңызды әлеуметтік – гигиеналық мәселе. Адамдарды жақсы, ыңғайлы тұрғын үйлермен қамтамасыз ету қазіргі заманның маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суық, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет.
Адам өзінің өмірінің көп уақытын тұрғын үйде өткізеді, үйдің дұрыс салынуы адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс қабілетіне және балалардың дұрыс өсіп – жетілуіне көп әсерін тигізеді. Қоғамның және ғылыми – техникалық дамудың өркендеуіне байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті. Үйдің салынуына, құрылыста қолданылатын заттарға үлкен гигиеналық талаптар қойыла бастады.
Тұрғын үйдің ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға байланысты болады. Сондықтан үйдің аумағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға жер таңдаған кезде ол жер келесі талаптарға сай болу керек: ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін, ауа алмасуы жақсы, шу көзінен және атмосфералық ауаны ластаушылар көзінен, өндірістік мекемелерден, темір жолдан, автокөліктің магистральді жолдарынан алыс орналасу керек, бөлмелер саны жеткілікті болу керек. Үйді дұрыс орналастыру үшін, балалар ойнайтын жер, ересек адамдар дем алатын және жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылу керек. Ол жердің топырағы таза болуы керек. Егер ол жер бұрын басқа мақсатта қолданылған болса, ол жердің топырағы тазалану керек, таза топырақ әкеліп төгілу керек немесе топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілуі тиіс.
Ол жердің жер асты суының биіктігі де өте маңызды болып саналады. Жер асты суының биіктігі 2 метрден кем болмауы керек, өйткені қар, жаңбыр жауған кезде, жер асты суы көтеріліп, үйде ылғалдың пайда болу қаупі туындайды.
Үй салатын жерге су құбыры мен канализация жүйесі жақын орналасу керек. Автокөлік келуге ыңғайлы жол болу керек.
Тұрғын үйде адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасалмаған жағдайда немесе тұрғын бөлме дұрыс қолданбаған кезде адам ағзасына теріс әсер ететін жағдайлар туындауы мүмкін.
Егер тұрғын үй тар болса, онда тұратын адамдар саны көп болса, бөлме ауасы қызып, оның химиялық құрамы және физикалық көрсеткіштері нашарлайды. Бөлмеде ылғалдылық жоғарылап, адам терлеген кезде бөліп шығаратын аммоний қосылыстары, ұшқыш органикалық қышқылдар және басқа да
зиянды заттар жиналып, бөлменің иісін нашарлатады. Ауа құрамының өзгерісіне орталық жүйке жүйесі өте сезімтал, сондықтан бөлмеде көп адам болып, аусы нашарлаған кезде адамның басы ауырады, тез шаршағыш болады, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, тәбеті нашарлайды.
Тұрғын үйдің ауасының температурасы мен ылғалдылығы жоғары немесе төмен болған кезде адам ағзасында жылулық тепе - теңдік бұзылады да адам денесінің қызуы немесе салқындауы байқалады. Салқын және зәгі бар үйде адам біраз уақыт өмір сүрген кезде, ағзада әр түрлі жоғары тыныс алу жолдарының, баспа, ревматизм ауруларының туындауына әкеліп соғады. Сондықтан тұрғын үйге мынандай талаптар қойылады: үй кең, терезелерінен күн жақсы түсетін, құрғақ, қыстың күні жылы, жазда салқын және тыныш болуы керек.
Тұрғын үйдің сапалы екенін анықтау үшін әр түрлі гигиеналық нормалар дайындалған. Олар тұрғын үй ауасының тазалығы, шудың мөлшері, күн сәулесінің түсуі, үйдің температурасы, ауа қозғалысы, ауа ылғалдылығы және т.б. Осы гигиеналық нормалар сақталмаған жағдайда адамның көңіл – күйі нашарлап, жұмыс қабілеті төмендейді, ол сол үйде тұратын адамдардың әр түрлі аурулармен ауыруына себеп болады.
Тұрғын үйдің жағдайына ағымды және алдын- ала санитарлық тексеру жүргізу арқылы баға беруге болады. Тексеру екі бөлімнен тұрады: санитарлық сипаттау және зертханалық эксперименталды тексеру.
Тұрғын үйдің санитарлық жағдайын сипаттау үшін санитарлық тексеру картасы жасалады. Санитарлық сипаттау бөлімінде немесе оны «мазмұндау»- деп те атайды, тұрғын үйдің айналасының санитарлық жағдайы, жан - жағында орналасқан ғимараттар мен нысандардың сипаттамасы, тексеріліп жатқан тұрғын үйдің толық сипаттамасы беріліп, тұрғын үйді тексеру картасы толтырылады. Тексеру барысында сол үйде тұратын адамдардан сұрақ сұралып, мыналар анықталады: үй жағдайының денсаулығына әсері, өзін қалай сезінетіндігі, жас балалар болса, олардың денсаулығының жағдайы.
Тәжірибелік сабақ кезінде тұрғын үйге санитарлық – гигиеналық баға беріп үйрену үшін үй тапсырмасы ретінде әр оқушы өзінің тұратын жерін «Тұрғын үйді санитарлық - гигиеналық тексеру картасына» сай тексеру жүргізіп, баға беруі қажет.
Тұрғын үйді санитарлық- гигиеналық тексеру картасы
( сұрау арқылы анықталады.)
( люминисцентті немесе қыздыру), жарықтанудың қандай түрі
қолданылады жергілікті, жалпы, әлде аралас түрі ма? Бір
бөлмедегі жарық көзінің саны.
Зертханалық тексеру әдісін қолданып тұрғын үйдің температурасын, жылу жүйесінің жұмысын, ауаның ылғалдығын, қабырғаларының ылғалдануын, ауасының қозғалысын, ауа алмастыру жүйесінің жұмысын, жарық жүйесі және т.б. анықтайды. Алынған өлшемдерді гигиеналық нормалармен салыстырады. Содан соң тұрғын үйдің санитарлық жағдайына қорытынды беріледі.
Тұрғын үйлерді жылыландыру
Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.
Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180-290С аралығында болу керек. Бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10см биіктікте және 1,5м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25см қашықтықта температура айырмашылығы 50С – дан көп болмау керек.
Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады.

Н Q | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с | Н Q | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с | Н Q | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с |
0,60 0,61 0,62 0,63 0,64 0,65 0,66 0,67 0,68 0,69 0,70 0,71 0,72 0,73 0,74 0,75 0,76 0,77 0,78 0,79 0,80 0,81 0,82 | 1,00 1,04 1,09 1,13 1,18 1,22 1,27 1,32 1,37 1,42 1,47 1,52 1,58 1,65 1,68 1,74 1,80 1,85 1,91 1,97 2,06 2,09 2,16 | 0,83 0,84 0,85 0,86 0,87 0,88 0,89 0,90 0,91 0,92 0,93 0,94 0,95 0,96 0,97 0,98 0,99 1,00 1,03 1,05 1,08 1,10 1,13 | 2,22 2,28 2,34 2,41 2,48 2,54 2,61 2,38 2,75 2,82 2,90 2,97 3,04 3,12 3,19 3,26 3,35 3,49 3,66 3,84 4,08 4,26 4,52 | 1,15 1,18 1,20 1,23 1,25 1,28 1,30 1,35 1,40 1,45 1,50 1,55 1,60 1,65 1,70 1,75 1,80 1,85 1,90 1,95 2,00 - - | 1,71 4,99 5,30 5,48 5,69 5,95 5,24 6,73 7,30 7,88 8,49 9,13 9,78 10,5 11,2 11,9 12,6 13,4 14,2 15,0 15,8 - - |
Электрлі термоанемометр ЭА – 2М
Бұл аспаптың көмегімен ауа жылдамдығын 0,03 – тен 5 м/сек –қа дейін және 10°- тан 60° - қа дейінгі ауа температурасын өлшеуге болады. Аспаптың жұмыс істеу принципі жылжыған ауа ағынымен жартылай өткізгіш микротермоқарсы тұрушыны салқындату болып табылады.
Өлшеу жүргізер алдын аспапты көлденең орнатады да оған датчикті қосады да, аспапты тоққа қосады. Ол батарейканың көмегімен өздігінше де жұмыс істей алады.
Ауа жылдамдығын анықтау үшін ауыстырғыш ( 5 ) - «А » жағдайына қояды, ауыстырғыш ( 6) – « Контроль »жағдайына қояды, (2) – «НП» жағдайына қояды ( сыртқы қоректену көзі) немесе «ВП», яғни «ішкі қоректену көзі», (7) сапты бұрау арқылы гальвонометр бағыттауышын шкаланың максималды бөлігіне қоямыз, (6) ауыстырғышты « Измерение » жағдайына қоямыз да өлшеу жүргіземіз. Содан кейін гальванометр көрсеткішін санаймыз, содан кейін № 4 кесте бойынша ауа жылдамдығын анықтаймыз.
№12 сурет. Электрлі термоанемометр ЭА – 2М
II тарау
Тұрғын үй гигиенасы
Тұрғын үй маңызды әлеуметтік – гигиеналық мәселе. Адамдарды жақсы, ыңғайлы тұрғын үйлермен қамтамасыз ету қазіргі заманның маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суық, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет.
Адам өзінің өмірінің көп уақытын тұрғын үйде өткізеді, үйдің дұрыс салынуы адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс қабілетіне және балалардың дұрыс өсіп – жетілуіне көп әсерін тигізеді. Қоғамның және ғылыми – техникалық дамудың өркендеуіне байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті. Үйдің салынуына, құрылыста қолданылатын заттарға үлкен гигиеналық талаптар қойыла бастады.
Тұрғын үйдің ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға байланысты болады. Сондықтан үйдің аумағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға жер таңдаған кезде ол жер келесі талаптарға сай болу керек: ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін, ауа алмасуы жақсы, шу көзінен және атмосфералық ауаны ластаушылар көзінен, өндірістік мекемелерден, темір жолдан, автокөліктің магистральді жолдарынан алыс орналасу керек, бөлмелер саны жеткілікті болу керек. Үйді дұрыс орналастыру үшін, балалар ойнайтын жер, ересек адамдар дем алатын және жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылу керек. Ол жердің топырағы таза болуы керек. Егер ол жер бұрын басқа мақсатта қолданылған болса, ол жердің топырағы тазалану керек, таза топырақ әкеліп төгілу керек немесе топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілуі тиіс.
Ол жердің жер асты суының биіктігі де өте маңызды болып саналады. Жер асты суының биіктігі 2 метрден кем болмауы керек, өйткені қар, жаңбыр жауған кезде, жер асты суы көтеріліп, үйде ылғалдың пайда болу қаупі туындайды.
Үй салатын жерге су құбыры мен канализация жүйесі жақын орналасу керек. Автокөлік келуге ыңғайлы жол болу керек.
Тұрғын үйде адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасалмаған жағдайда немесе тұрғын бөлме дұрыс қолданбаған кезде адам ағзасына теріс әсер ететін жағдайлар туындауы мүмкін.
Егер тұрғын үй тар болса, онда тұратын адамдар саны көп болса, бөлме ауасы қызып, оның химиялық құрамы және физикалық көрсеткіштері нашарлайды. Бөлмеде ылғалдылық жоғарылап, адам терлеген кезде бөліп шығаратын аммоний қосылыстары, ұшқыш органикалық қышқылдар және басқа да
зиянды заттар жиналып, бөлменің иісін нашарлатады. Ауа құрамының өзгерісіне орталық жүйке жүйесі өте сезімтал, сондықтан бөлмеде көп адам болып, аусы нашарлаған кезде адамның басы ауырады, тез шаршағыш болады, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, тәбеті нашарлайды.
Тұрғын үйдің ауасының температурасы мен ылғалдылығы жоғары немесе төмен болған кезде адам ағзасында жылулық тепе - теңдік бұзылады да адам денесінің қызуы немесе салқындауы байқалады. Салқын және зәгі бар үйде адам біраз уақыт өмір сүрген кезде, ағзада әр түрлі жоғары тыныс алу жолдарының, баспа, ревматизм ауруларының туындауына әкеліп соғады. Сондықтан тұрғын үйге мынандай талаптар қойылады: үй кең, терезелерінен күн жақсы түсетін, құрғақ, қыстың күні жылы, жазда салқын және тыныш болуы керек.
Тұрғын үйдің сапалы екенін анықтау үшін әр түрлі гигиеналық нормалар дайындалған. Олар тұрғын үй ауасының тазалығы, шудың мөлшері, күн сәулесінің түсуі, үйдің температурасы, ауа қозғалысы, ауа ылғалдылығы және т.б. Осы гигиеналық нормалар сақталмаған жағдайда адамның көңіл – күйі нашарлап, жұмыс қабілеті төмендейді, ол сол үйде тұратын адамдардың әр түрлі аурулармен ауыруына себеп болады.
Тұрғын үйдің жағдайына ағымды және алдын- ала санитарлық тексеру жүргізу арқылы баға беруге болады. Тексеру екі бөлімнен тұрады: санитарлық сипаттау және зертханалық эксперименталды тексеру.
Тұрғын үйдің санитарлық жағдайын сипаттау үшін санитарлық тексеру картасы жасалады. Санитарлық сипаттау бөлімінде немесе оны «мазмұндау»- деп те атайды, тұрғын үйдің айналасының санитарлық жағдайы, жан - жағында орналасқан ғимараттар мен нысандардың сипаттамасы, тексеріліп жатқан тұрғын үйдің толық сипаттамасы беріліп, тұрғын үйді тексеру картасы толтырылады. Тексеру барысында сол үйде тұратын адамдардан сұрақ сұралып, мыналар анықталады: үй жағдайының денсаулығына әсері, өзін қалай сезінетіндігі, жас балалар болса, олардың денсаулығының жағдайы.
Тәжірибелік сабақ кезінде тұрғын үйге санитарлық – гигиеналық баға беріп үйрену үшін үй тапсырмасы ретінде әр оқушы өзінің тұратын жерін «Тұрғын үйді санитарлық - гигиеналық тексеру картасына» сай тексеру жүргізіп, баға беруі қажет.
Тұрғын үйді санитарлық- гигиеналық тексеру картасы
-
Елді мекен аталуы, көшесінің аталуы, үйдің нөмірі, қабат саны, пәтер нөмірі ( егер жатақхана болса, аталуы) -
Үйдегі бөлмелер саны, неге арналғандығы (ұйықтайтын, ас қабылдайтын, балалар бөлмесі, қонақтарға арналған және т.б ) -
Әр бөлменің көлемі: ұзындығы, ені, биіктігі ( м), ауданы (шаршы метр) Бір адамға тиесілі ауданы ( шаршы метр) -
Әр бөлменің орналасуы, есіктерінің орналасуы. -
Терезелер: саны, түрі, орналасуы, бағыты, терезелерінің көлемі, терезелердің жоғары жағы мен бөлменің төбесі арасындағы көлемі, бөлменің табиғи жарықтану деңгейі ( қарама - қарсы орналасқан ғимарат немесе талдар) -
Сол үйде тұратын адамдар саны, балалар болса (жастарын міндетті түрде көрсету қажет), тұрғындардың денсаулығы туралы мағлұмат
( сұрау арқылы анықталады.)
-
Жасанды жарық жүйесі: қандай шамдар арқылы іске асады
( люминисцентті немесе қыздыру), жарықтанудың қандай түрі
қолданылады жергілікті, жалпы, әлде аралас түрі ма? Бір
бөлмедегі жарық көзінің саны.
-
Табиғи ауа алмасу жүйесі: желкөз, көлемі, саны, ауа алмастыру жүйесі, ауа алмастыру тәртібі. -
Үйдің қабырғасы, төбесі қандай матриалдан жасалған, ішінің әрленуі ( сылануы), сырланған болса, түсі қандай? -
Едені неден жасалған, жағдайы. -
Қандай жылыту түрі қолданылады (жергілікті немесе орталықтандырылған.) Үйдегі адамдар өзін қалай сезінеді? -
Қабырғаларында ылғал бар ма? Болса, оның себебі. -
Шудың болуы, себебі. -
Балкон, лоджия, кіреберіс ( ауыз үй) бар ма? -
Үйдегі жиһаз, түрлері, орналасуы, шкафтардың түрлері. -
Үйдің санитарлық жағдайы: күнделікті тазалау, аптасына генералды тазалау жүргізіледі ма? -
Тұрғындардың шағымы. -
Қосымшалар және үйдің жоспары. -
Үйдің санитарлық- гигиеналық бағасын беру, қортынды жасау. -
Санитарлық – гигиеналық жағдайын жақсарту үшін ұсыныстар жасау.