Файл: Kz 25 жастаы ыз бала айын ентігуге,лсіздікке,аз физикалы жктемеде болатын ентігуге,тобыты ісінуіне,жрек ауына шаымданады..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 141

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

kz

25 жастағы қыз бала айқын ентігуге,әлсіздікке,аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті:бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде крепитация,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖСЖ 110рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз?

ЖРЛ (ОРЛ), ревмокардит, ҚЖ 1

дилятационды кардиомиопатия, ҚЖ2А

жедел миокардит, ҚЖ2А

рестриктивті кардиомиопатия, ҚЖ 1

созылмалы миокардит,асқынуы

Әйел 56 жаста. Эпигастрии аймағындағы дискомфортқа , тамақтанғаннан кейін толу сезіміне,ауамен кекіру,кейде сасық иіспен болады. Анамнезінде - аутоиммунды тиреоидит. ФЭГДС: (фото). Сонымен қоса әлсіздік, тіліндегі күйу сезімі, парестезия мазалайды. Қарап тексеру кезінде терісі бозғылт сарғаюмен. Қанда қандай өзгерістің анықталуы БАРЫНША мүмкін?

лейкоцитоз

лейкопения

гипохромды анемия

гиперхромды анемия

нормохромды анемия

1 жастағы бала. Түскен кездегі анасының шағымдары: ентігу, енжарлық, тәбетің бұзылуы, ұйқышылдық. Температурасы - 39,1оС. Рентгенограммасында – оң жақ өкпенің төменгі-медиалды аймағында ошақты-жайылмалы инфильтрация. Цефтриаксон жасағаннан бері 3 күнінде температурасы кешкі сағаттарда 37,6оС –тен жоғарыламайды. Ұйқысы қалпына келді, тәбеті ашылды, қимылдай бастады. Сіздің ары қарайғы іс-әрекетіңіз:

баланы антибиотикті альтеранациялық енгізу түріне көшіру

берген антибиотикті 4-ші тұқымдағы цефалоспориндерге ауыстыру

сол антибиотикті температура қалпына келгенше жалғастыру+3-4 күн

қақырықты бак.себуге өткізіп, қоздырғыштың сезімталдығын антибиотиктерге анықтау

ретгенограмадағы қабыну инфильтрация толығымен сейілгенше антибиотикті жалғастыру

14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спортық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 см қабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША мәлметті?

тыныстық тест

биопсиямен ЭФГДС

құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

жалпы белок, АЛТ, АСТ, СРБ

стернальды пункция

5 жастағы бала беті мен денесіндегі бөртпелер, 39,5º дейінгі дене қызуы, оң жақ шынтақ буыны ауыруы мен ісуіне шағымданады. Анамнезінен: анасының айтуынша кеше бетінде бөртпелер пайда болып, кешке қарай денесіне тарала бастаған. Бала балабақшаға бір айдан артық барады, алты айынан вакцинациялар жасалмаған. Объективті: барлық денесінде қызғылт-қызыл дақты-папулезді бөртпе, оң жақ шынтақ буыны артриті. Мойын арты және шүйделік лимфа түйіндері пальпацияланады. Қан анализі: Hb - 121 г/л, лейкоцит - 10х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/сағ, СРБ– 8 мг/мл, АСЛ-О - 1:100 ХБ/л, РФ – 5 ХБ/мл. Аурудың пайда болуының барынша мүмкін этиологиялық факторын анықтаңыз:

қызылша вирусы

Коксаки вирусы

жел шешек вирусы

скарлатина қоздырғышы

қызамық вирусы

16 жастағы жасөспірімді медициналық қарау кезінде (медосмотр) флюорографияда оң жақ өкпенің жоғарғы үлесінде дөңгелек пішінді, аз интенсивті, анық емес контуры бар, диаметрі 12-15 мм, ошақты көлеңке анықталды, ыдырап жатқан жоқ (без распада). Туберкулез микобактериясына жасалған қақырықтың бактериоскопиясы теріс. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

Инфильтративті туберкулез

Цирроқдық туберкулез

Кавернозды туберкулез

Ошақты туберкулез

Туберкулема

47 әйел валидолмен немесе тыныштандыратын микстура қабылдағаннан кейін жүрек аймағындағы күйдіретін ауру сезіміне шағымданады. Жиі бетінің гиперемиясымен, тершеңдікпен бірге жүретін қызу сезімі мазалайды. Әйелде 6 ай бойы аменорея. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, гиперемирленген. ЖСЖ-102 рет мин., АҚҚ-145/85 мм сн.бағ. Анаприлиндік сынама оң. Қынаптық жабынды атрофиялық. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

ЖИА. Принцметал стенокардиясы

Патологиялық климакс

НЦД гипертониялық тип бойынша

Артериальді гипертензия

ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III

Әйел 22 жаста, жақында ғана тұрақты жыныстық қатнаста болатын өмір бастады. Жыныстық қатнас кезінде жағымсыз әсер мен ақшыл аз мөлшерде бөліністің болатынына шағымданып келді. Жыныстық жолмен берілетін ауруларға зерттеу кезінде Chlamydia trachomatis IgM антидене анықталды. Цервикальды каналдан алынған материялды ПЦР жасағанда Chlamydia trachomatis нақтылыды. Оның жыныстық партнерінде - ИФА бойынша Chlamydia trachomatis қарсы антиденеге теріс нәтиже берді. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

тек әйелді емдеу, азитромицинмен курс

әйелінде,күйеуінде емдеу, азитромицинмен курс

әйелінде,күйеуінде емдеу, левофлоксацин

әйелін емдеу, ровамицинмен курс, оның партнерына 3 айдан соң ИФА қайталау

клиндамицинмен курс, оның партнеріне ПЦР әдісімен тексеру

27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. Екі апта бұрын ЖРВИ, ауыр ағымымен амбулаторлы ем қабылдаған. Әйел ҚР азаматшасы және тұрақты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет ?

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

Талап етілмейтін уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

медико-қоғамдық эксперттік комиссия қорытындысы

Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама

Жоғары оқу орнының студенті аймақтық дәрігерге келді. Оған "Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағымды" диагнозы қойылды. Амбулаторлы ем қабылдады. Оған қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ?

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

Талап етілмейтін уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы парағы

медико-қоғамдық эксперттік комиссия қорытындысы

Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама

Еркек 57 жаста, анамнезінде ЖИА. Тұрақты стенокардия. 2 типті қант диабеті. Осы науқасқа артериялық қысымның мақсаттық деңгейі қандай (ҚР ДСҰ 31.11.2015ж "ЖИА, Стенокардия" хаттамасы)

130/80 мм.с.б.б төмен

130/85 мм.с.б.б төмен

135/85 мм.с.б.б төмен

140/85 мм.с.б.б төмен

140/90 мм.с.б.б төмен

70 жастағы еркек соңғы 6 айда аяқтарының шаншуына, тырысуға және ауырсынуға байланысты дәрігерге келді. Симптомдар 500 м артық жүрген кезде үдейеді, тыныштықта басылады. Анамнезінде 2 типті қант диабеті. 50 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Алкоголь ішпейді. Метформин қабылдайды. Балтыр аймағында дене температурасының төмендеуі. Осы науқасты емдеу кезінде қандай шара ұтымды?

компрессиялық шұлықтар кию

антиагреганттар тағайындау

эндартерэктомия

шунттау операциясы

эндокөктамырлық термиялық абляция

Науқас 17 жаста, күндізгі стационарлық ем қабылдауда цефазолин б/е енгізді. 5 минуттан кейін науқаста айқын ентігу,ауыз қуысының шырышты қабатының және тілінің ісінуі,бозару, тершеңдік пайда болды. Пульсі әлсіз, жіп тәрізді.Науқасқа жедел көмек көрсетуде бірінші кезекте қандай препаратты енгізу БАРЫНША маңызды ?

Супрастин

Димедрол

Триамциналон

Адреналин

Допамин

Әйел 39 жаста. Іштің төменгі жағындағы, өршитін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таңертең пайда болған, төсектен тұру кезінде есін жоғалтқан. Пальпацияда оң жақ төменгі квадратта ауру сезімі анықталады. ЖСЖ 95 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Температурасы – 36,4°С. ЭКГ – патологиясыз. Гематокрит – 36%. Орнынан тұру кезінде – есін жоғалтқан. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША маңызды ?

Құрсақ қуысының КТ

24 сағатқа бақылауға қалдыру

Кіші жамбас қуысының мүшелерін УДЗ жасау

Электроэнцефалограмма түсіру

Эхокардиограмма түсіру

14 жастағы қыз эпигастрий аймағында, сол жаққа қарай ауыруы, ауыру сезімінің арқасына берілуі. Ауыру сезімі тамақтан, әсіресі көп жегеннен, майлы, ашы тамақтан соң пайда болады. Сонымен қатар гамбургер жегенде пайда болады. Симптомдар 6 ай бойы байқалады. Артық салмағы болған соң анда-санда түк тамақ ішпейтін күндер болады. Сол күндері аш қарынға және тек су ішкенде ауыру сезімі жоғалады. Үлкен дәреті тұрақсыз, жиірек сұйықтау. Диагнозды дәлелдейтін БАРЫНША мәлметті көрсеткіш:

іш қуысы ағзаларының УДЗ

іш қуысы ағзаларының МРТ

холестерин, триглицеридтер деңгейі

амилаза мен эластаза-1 деңгейі

гликолизденген гемоглобин деңгейі

Әйел адам 32 жаста, жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында қаралады. 28 аптада терінің қышуына байланысты ұйқының бұзылуына, әлсіздікке, лоқсуға шағымданып келді. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-56 Ед/л, АСТ-42 Ед/л, жалпы билирубин-12,4 ммоль/л, СФ-480 Ед/л. Маркерлер диагностикасы: HBsAg – теріс., a-HBs - оң, a-HВcore IgG-теріс, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG – теріс. Қандай диагноз?

созылмалы вирусты гепатит

жүктілік гепатозы

бұл көзеңдегі жүктілікке қалыпты жағдай

жүктілік холестазы

созылмалы холециститтің өршуі

Ер адам 36жаста. Құрылысшы,жұмысы ашық ауада,күннің астында өтеді. Профилактикалық қарауда дәрігер невусқа (фото) көңіл аударды.Науқастың айтуы бойынша соңғы айлары қалдың өлшемі ұлғайа бастаған. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША бағытталған?

бақылау, бұл шекаралық невус

дерматологтың консультациясы

онкологтың консультациясы

онкологтың консультациясына дейін S100 белкатың мөлшерін анықтау



11 жастағы қыз оң жақ тізе буынында, сол тізе буындарында ауырсыну мен қозғалыстың шектелуіне, дене қызуының 40 градусқа дейін жоғарылауына шағымданады.Анамнезінен: бала кезінен жиі ангиналар, соңғы эпизод 1 ай бұрын салқындағаннан кейін болған.Анасының айтуы бойынша қыздың жазуы бір апта бойы өзгерді және ұмытшақ болып барады. Объективті: зақымданған буындардағы артрит, шынтақ буындарының үстіндегі ауыру сезімсіз түйіндер.Жүректің салыстырмалы тұйығы ұлғаймаған. Аускультацияда: жүрек тондары анық, шу жоқ. Дене қызуы- 38,7 градус. ЖҚА: JIейкоциттер- 11* 109/л, гемоглобин- 123 г/л, СОЭ 40 мм/сағ. РФ –теріс, СРБ – 41 мг/мл. ЭКГ- ырғақ синусты, ЖСЖ 88 рет минутына, ЖЭО вертикальды. ЭхоКГ патологиялық жағдай анықталмайды. Екіншілік бицилинопрофилактиканың бұл жағдайдағы дұрыс схемасын көрсетіңіз?


Балға 5 ай. 2 ай бұрын басқа елден көшіп келген. Салмағы 4050, бойы 52 см болып 42-ші аптада туылған. Босану үйінде меконий кеш кеткен. Анасы баланың тәбетінің төмендігіне, жұтынудың қиындауына, метеоризмге, іш қатуларына шағымданады. Қарау кезінде дене салмағы 5600 г, бойы 60 см, тері жабындыларының құрғақтығы, бозғылттығы және түлеуі, алақан мен табандарының суық болуы, беті мен қабақтарының ісінуі, шаштарының сынғыш, құрғақ, өңсіздігі байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?


7 жасар ұл бала. Физикалық дамуда қалысады. Іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге, физикалық жүктемедегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: оң жақ жоғарғы үлесінде локализацияланатын пневмония (1 жасында, 1,5 жасында, 3 жасында, 5 жаста). Ылғалды жөтел мен өкпедегі сырылдармен жиі ЖРВИ. ОБъективті: температура 37,5С градус. Кеуде торы алдыңғы-артқы өлшемінде кеңейген. Перкуторлы қораптық реңмен перкуторлы дыбыс. Өкпеде оң жақтан локалді ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына 20, SaO2 94%. Кеуде торы рентгенограммасында өкпе суретінің ұяшық тәрізді деформациясы. Диагноз құрастырыңыз: