Файл: Kz 25 жастаы ыз бала айын ентігуге,лсіздікке,аз физикалы жктемеде болатын ентігуге,тобыты ісінуіне,жрек ауына шаымданады..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 142

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық әйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тәсілді атаңыз:


26 жастағы жүкті әйел қынаптан қан кету және іштің төменгі жағының ауырсыуы салдарынан келді. Соңғы 4 аптада науқаста жүрек айну мен шаршау болды. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Жатыр жүктіліктің 9 аптасына сәйкес келеді. Жүктілік сынағы оң. ᵦ-АХГ деңгейі - 108 00 ХБ/л. Трансвагинальды ультрадыбыс ұрықтың анық емес, аморфты бөліктерін және көптеген кисталық кеңістігі бар үлкен плацента көрсетеді. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?


42 жастағы науқас түнгі уақытта күшейе түсетін сыртқы жыныс мүшелерінің қатты қышуына шағымданады. Гинекологиялық тексеру кезінде вульваның және қынаптың шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бөлінді ақ түсті. Қандай қоздырғыш болуы мүмкін?


Жүкті әйел И., 27 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында. Шағымдары: аяғының табаны мен балдыр аймағының ісінуі. Бірінші жүктілік. Созылмалы пиелонефрит диагнозымен нефрологтың Д есебінде тұр. Салмақ қосу 14 кг құрады, соңғы аптады - 1,0 кг. Жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тері жабындыларымен көзге көрінетін шырышты қабықшалары реңі әдеттегідей. Пульс минутына 64 соққы, толығу мен кернеу қанағат жағдайда. АҚ 120/80 және 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты жағдайда. Нәресте тігінен орналасқан, басымен жатырға қарай жатыр, кіші жамбас кіреберісі қозғалмалы. Нәресте тондары анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Аяқтары ісінген. Несеп сараптамасында: түсі ашық сары, мөлшері 150 мл, мөлдір, салмағы 1014., ақуыз - жоқ, глюкоза - жоқ, эпителий - 1-2, Лейкоциттер - бірлік, Эритроциттер - жоқ, Бактериялар - жоқ.


27 жастағы әйел шөл қысатындығын, диурезі жиілегендігін, салмақ тастағанын айтып шағымданады. Бұрын гриппен ауырғаннан кейін ауырып қалған. Гликемия деңгейі 22,3 ммоль/л. Кетонурия+++. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?