Файл: Kz 25 жастаы ыз бала айын ентігуге,лсіздікке,аз физикалы жктемеде болатын ентігуге,тобыты ісінуіне,жрек ауына шаымданады..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 143
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Клиникаға 76 жастағы ер адам жатқызылды, қатты және сұйық тамақты жұтыну кезіндегі қиналудың күшеюіне, қорытылмаған асты құсуға шағымданады, құсу жеңілдік туындатады, сонымен қатар тұрақты түрде ауамен кекіреді, ықылық атады. Тексеру кезінде дене салмағының тапшылығы байқалады, терісі бозарған, даусы қарлыққан, сол жақтаға бұғана үсті және мойын лимфа түйіндері үлкейген. Бір жылдан бері ауырады. ЭФГДС: ригидті қабырғалармен өңештің ортаңғы үштен бірінде циркулярлық тарылу, тарылу аймағында – қанталаған тілінулер. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ болады:
Уақытша оқшаулау орталығында кеше жеткізілген жасөспірім оны босатуды талап ете бастады, агрессивті, темекі мен арақты " талап етеді, агрессия көрсетеді, торларды сындыруға тырысады. Көздерінің жылтырауы, ауыз қуысының құрғауы, тұрақты дермографизм, жүрек аймағындағы ауырсынуға және "жабырқауға"шағымданады. Қол саусақтарының аздап треморы. Сауалнамалық деректерде берілгені: қаңғыбас, әлеуметтік дезадаптация, 12 жастан бастап күшті спирттік ішімдіктерді пайдаланады. Ең ықтимал синдромды көрсетіңіз."
Педиатрға 12 жастағы бала қаралуға келді. Жалпы селқостыққа, субфебрильді дені қызуына, тәбеттің нашарлауына шағымданады. Анамнезінде: жиі баспа (ангина) мазалайды, лор дәрігердің емін бірнеше рет қабылдаған, бірақ уақытша оң нәтижесімен. 2 ТБ Манту сынамасы – 12 мм. Диаскинтест – 15мм Рентгенде: өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, бағаналы бронхтың тарылуы анықталды. Диагноз қойыңыз:
9 жастағы қыз бала жарты жыл бойы жалғасып келе жатқан, 3 тәулікке дейін созылатын іш қатуға, іштің төменгі бөліктеріндегі орташа ауырсынуларға, ішектердің толықтай емес босау сезімімен бірге болатын «қой» дәреті түріндегі нәжіске байланысты шағымданады. Кейде іш қатулар іш өтумен кезектеседі (эмоцияналдық жағдайымен байланыстырылады). Қарау кезінде қыз баланың дене бітімі қалыпты, жалпы уланудың (интоксикацияның) әлсін белгілері байқалады. Іші жұмсақ, пальпациялау кезінде ауырмайды. Зертханалық және аспаппен зерттеу әдістері патологияларды айқындаған жоқ. Алдын ала ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай :
жай геморрой |
жедел шырышасты парапроктит |
анальды канал жарығы |
тік ішектің түсуі |
геморраидалбды түйіннің тромбозы |
18 жасар жігітте үлкен дәретке отырғанда, ауырсынады. Анустың сол жағында гиперемия, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы байқалады. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай? |
некротикалық флегмонасы |
геморрой |
тік ішектің полипі |
парапроктит |
флегмона |
Науқас П., 54 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына, оң жақ мықын аймағындағы тартып ауырсынуға, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бірнеше рет амбулаторлы емделген. Қанда-лейкоцитоз 11,2х1012, таяқшаядролы нейтрофилы - 26%, ЭТЖ - 22 мм/сағ, эозинофилдер - 0. Науқаста мүмкін болатын болжамды диагноз? |
Крон ауруы |
Жедел аппендицит |
Жедел гастроэнтерит |
Созылмалы колит |
Мезентериальды тамырлардың тромбозы |
Емханада 57жастағы қантты диабетпен ауыратын науқаста "Шүйде аймағының карбункулы" анықталды. Осы жағдайда амбулаторлы хирургтың мүмкін болатын әрекеті: |
физитерапиялық ем тағайындау |
емхана шартында науқасты операциялау |
антибиотиктер тағайындау |
ауруханаға жатқызуға жолдау |
үрдістің динамикасын бақылау |
Хирургқа 45жастағы ер адам аяғының қызаруы мен ауырсынуына шағымданып келді. Қарау кезінде: санының аймағында алқызыл түсті, шеттері айқын, фестонка тәрізді қабыну анықталды. Терісі ісінген, қабыну шеттерінде ауырсыну байқалады. Мүмкін болатын диагноз: |
Фурункул |
Карбункул |
Флегмона |
Тілмелі қабыну |
Теріасты клетчаткасының абсцессі |
32 жастағы әйел емханаға оң білезігінің екінші саусағының қызаруына, қатты ауырсынуына, ісінуіне шағымданып келді. Хирург қараған соң диагноз қойылды: "Оң қол басының екінші саусағының күбірткесі". Күбірткені ашу және дренаждау шешілді. Осы жағдайда төменде көрсетілген жансыздандыру әдістерінің қайсысы тиімді? |
Оберста-Лукашевич |
Браун |
Инфильтрациялық |
Иық өрімін бөгеу |
аэрозольды |
С., ер адам, 32 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургке жарақат алғаннан кейін 1 сағат өткен соң оң жақ санының латеральды беткейінің ортаңғы бөліміндегі жаншылған-тілінген жарақатпен шағымданып келді. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы жаралық инфекцияның алдын алуға тиімді? |
асептикалық байлам салу |
антибиотиктерді тамырішілік енгізу |
жараны алғашқы хирургиялық өңдеу |
жараға протеолитикалық ферменттерді енгізу |
жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу |
Ер кісі Т., 47 жаста қабылдау бөліміндегі хирургқа оң мойын аймағының ауру сезіміне, ісінуіне шағымданып келді. Бір апта бұрын фолликулярлы ангина бойынша емделген. Қарағанда: дене қызуы 38,7 С, m. sternoclaidomastoideus контуры тегістелген, мойынның алдыңғы-бүйір беткейінің таралған ісінуі, жіті ауру сезімі, терінің гиперемиясы. Ауру сезімінен қимыл-қозғалысы кенет шектелген. АҚ 100/60 мм.с.б.б, пульс 98 соққы мин., ТЖ 22 рет мин., қан анализінде лейкоциттер 24,5х109. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай? |
Лимфаденит |
Мойын флегмонасы |
Тілмелі қабыну |
Паратонзиллярлы абсцесс |
Жақасты аденофлегмона |
59 жастағы ер адам "жедел панкреатит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен 10 жыл бойы ауырады. Соңғы уақытта эпигастрийда ауырсыну ұстамалары мазалайды, арқаға таралады, кейде айналмалы сипатта. Ойық жараның қандай асқынуы жедел панкреатиттің клиникасын беруі мүмкін? |
Малигнизация |
Пенетрация |
қан кету |
перфорация |
стеноз |
2 айлық балада өткір мазасыздану, тамақтанудан бас тарту, бала аяқтарының бұрылуы байқалды. Бір күн бұрын дәрет қалыпты болды. Ректальды тексеруде «таңқурай желе» типті бөлінді анықталды. ЕҢ ықтимал диагноз қандай? |
Ішектің инвагинациясы |
Геморрагиялық васкулит |
Дизентерия |
Копростаз |
Тік ішектің полипі |
42 жастағы науқаста жедел іш ауруы, құрсақ қуысының рентгенографиясында диафрагма күмбезінің астында газдың «орағы» анықталды. Бұл симптом тән ауруды көрсетіңіз: |
жедел перфорацияланған аппендицит |
жедел перфорацияланған холецистит |
жедел ішек өтімсіздігі |
жедел панкреонекроз |
перфорацияланған асқазан жарасы |
Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, тенезм, 2-3 градусқа дейін ауытқуы бар дене температурасының жоғарылауы, дизурия, тік ішектің алдыңғы қабырғасының асып кетуін тік ішекпен тексеру: |
гангpенозды аппендицит |
диафpагма асты абсцесс |
дугласова аймағының абсцессі |
жедел холецистит |
ішектің абсцессі |
Науқас Д., 35 жаста, сол жақ санның төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Жазатайым оқиға нәтижесіндегі жарақат алған. Объективті түрде осы аймақтың деформациясы, крепит, фрагменттердің патологиялық қозғалғыштығы анықталады. Науқасты тасымалдау кезінде қолдануға болатын көлік иммобилизациясының түрлерін атаңыз. |
шин Крамар |
Шина Еланского |
воротник Шанца |
шина Беллера |
Шина Дитерихса |
Ер адам, 18 жаста. Оң жақ мықын аймағындағы ауру сезіміне, жүрегі айну, майлы және қуырылған тамақты пайдаланумен байланысты емес 2 реттік құсу, ауыздың құрғауына шағымданады. Қарау барысында: тіл беткейі ақ ақтақпен қапталған, құрғақ. Т-36,8 С. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағының ауырсынуы байқалады, Воскресенский, Ситковский, Щеткин-Блюмберг симптомдары - оң. Болжамды диагнозды атаңыз? |
Өттің шаңшу (колика) |
жара ауруы (Язвенная болезнь) |
Жіті холецистит |
Жіті панкреатит |
Жіті аппендицит |
Ер адам, 21 жаста. Оң жақ қабырғаасты аймағының ауруына, жүрекгі айнуы, майлы және қуырылған тамақты пайдаланумен байланысты емес 2 реттік құсу, ауыздың құрғауына шағымданады. Қарау барысында: тіл беткейі ақ ақтақпен қапталған, құрғақ. Т-36,8 С. Пальпация кезінде оң жақ қабырғаасты аймағының ауырсынуы байқалады, Воскресенский, Ситковский, Щеткин-Блюмберг симптомдары - оң. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы: |
жоспарлы госпитализация |
Амбулаторлық емдеу |
Динамикалық бақылау |
Жедел госпитализация |
Емдеу-сақтау тәртібі |
Науқас 40 жаста, оң жақ иық аймағының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қабылдауға келгеннен 1 сағат алдын далада аяғы тайып, оң жақ иығын қатты жерге соғып алған. Қарау барысында: оң жақ қолының еріксіз орналасуы, оң жақ иығы аймағында ісіну байқалады, деформация, пальпация кезінде аурады, қозғалу кезінде ауырсыну сезімі ұлғайя түседі. Сүйек фрагменттерінің крепитациясы айқындалған. Аталған препараттардың қайсысы амбулаторлық деңгейде қолданылады? |
Трамадол |
Кетопрофен |
Тримеперидин |
Ванкомицин |
Метотрексат |
Науқас 30 жаста, 3 күн бұрын хирургиялық станционардан лапароскопиялық аппендэктомиюны жасап шығарылған. Әхуалы стационардан шығарылғаннан кейін нашарлаған. Шағымдары: оң жақ қабырғаасты және кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауруы, қалтырау, тершеңдік. Аускультация кезінде өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде тыныс қатты. Іштің пальпациясы кезінде ауырсыну сезімі бар, бауыр 2 см ге ұлғайған. Пальпация мен перкуссия кезінде қолтықасты сызығы бойымен 9-10 қабарғааралық аралықтарда ауырсыну сезімі бар. Дене температурасы 39,4 С. Болжамды диагноз: |
Жіті оң жақ төменгі бөліктік пневмония. |
Қақпа венасының жіті іріңді тромбофлебиті воротной вены. |
Диафрагмаастылық абсцесс. |
Сепсис. |
Созылмалы калькулезды холециститтің асқынуы |
Науқас 52 жаста, жіліншік бұлшықеттерінің құрысуларына, 50 м қашықтыққа жүрген кезде пайда болатын аяқ ауруына, жіліншің пен аяқ басның парастезиясы шағымданады. Зерттеу барысында аяқ басы терісі "мраморлы" түске ие, суық және алғалды. Жамбас артерияларынын соғуы әлсіреген, әсіресе оң жақта, ал тізасты және аяқ басы артерияларында пульс жоқ. Аяқ басы сезімталдығы төмендеген. Болжамды диагноз: |
Лериш синдромы. |
Такаясу синдромы. |
Рейно ауруы. |
жамбас-тізеасты сегменттің жіті тромбозы |
бұғанаасты-қолтық сегментінің жіті тромбозы |
Науқас 46 жаста, шағымдары: бас айналу, басының әсіресе оң жақ жартысының ауруы, қолдарының әлсіреуі, әсіресе оң жақта, кейде көруі нашарлайды. Радиальді артерияның аздаған асимметриясы байқалады (сол жақта оң жаққа қарағанда жақсырақ). Болжамды диагноз: |
Лериш синдромы. |
Такаясу синдромы. |
Рейно ауруы. |
жамбас-тізеасты сегменттің жіті тромбозы |
бұғанаасты-қолтық сегментінің жіті тромбозы |
"11 жастағы қыз бала келесі шағымдар айтады: бір жарым күндей іші сыздап ауырып жүргені, қозғалғанда күшейюі, бірнеше рет құсуы, үлкен дәреттің болмауы. Объективтік тексеруде: дене температурасы 37,7ºС. Пальпацияда оң жақ мықын ішек аймағы ауырады, бұлшықеттер тонусы бәсендеген. Ректоабдоминальді зерттеу нәтижесі: тік ішек қабырғалары оң жағынан және алдынан ауырсынады. ҚЖА: лейкоциттер - 12х109/л, СОЭ 17 мм/сағ. |
|
Жіті холецистит |
Жіті аппендицит |
ішек жолдары бітеліп қалуы |
жіті панкреатит |
Өт коликасы. |
"37 жастағы әйел, оң жақ қабырға асты қатты ауырсынуына шағымданады, ол оны түні бойы мазалаған қуырылған ет жегеннен кейін пайда болады. Таңертең қалтырау, әлсіздік, жүрек айну, өтпен құсу болды. Объективті тексеруде: терісі мен шырышты қабықтары сары түске боялған, қышиды. Тексеруден кейін диагноз қойылады: ""созылмалы калькулездік холецистит өршу сатысында"". |
|
Микрохолецистостомия |
Холецистэктомия |
Қашықтық толқынды литотрипсия |
Консервативтік терапия |
литолитикалық препараттармен конкременттерді ыдырату |
"23 жастағы әйел оң бөксесіндегі ауырсынуына, отыра алмауына шағымданады. Жүріп, отыруға тырысқанда ауырсыну күшейеді. Ауырсыну пайда болған және бірте-бірте күшейе бастаған, өзін науқас апта бойы ауырамын деп санайды. Status localis: оң жақ бөксе аймақтың жоғарғы сыртқы квадрантында инфильтрацияның шектеулі гиперемияланған аймағы бар, тері үстінен көтеріңкі конус тәрізді іріңді-некротикалық таяқша анықталды. |
|
шұғыл ауруханаға жатқызу |
жоспарлы ауруханаға жатқызу |
ашу және күндізгі стационарда емдеу |
ашу және үйде ауруханада емдеу |
амбулаториялық консервативті емдеу |