ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1877

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Антибиотиктер

+Кортикостероидтар

Вирусқа қарсы препараттар

Саңырауқұлаққа қарсы препараттар

Малярияға қарсы препараттар

***

48 жастағы науқас 26 шы тiсiнiң суықтан және ыстықтан ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне, кейде қысқа мерзiмдi шаншып ауыратын ауыру сезiмiне және тiсiндегi ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: төменгi сол жағының барлық тiстерi сонымен қатар 3.7 тiсi де бүтiн, бiрақ 3.7 шi тiсiнiң шайнау төмпешiктерi дентинге дейiн қажалған, сүңгiлеп тексергенде жалаңаштанған дентинде жоғарғы сезiмталдық байқалды. Бұл ауруға нақты диагноз қою үшiн қандай қосымша зерттеу әдiсi жүргiзiледi:

Фотоплетизмография

+Электроодонтодиагностика

Эхоостеометрия

Реодентография

Полярография

***

49 жастағы ер адам солжақ жоғарғы тісінде температуралық тітіркендіргіштен болатын ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: 27 тістің медиальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД -13мкА.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

+Тез ағымды терең тіс жегісі

Созылмалы жай пульпит

Жедел жартылай пульпит

Жай ағымды терең тіс жегісі

Орташа тіс жегісі

***

49 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде бұдырлық пен күйдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсирленген түрі себебімен диспансерлік бақылауда тұр. Қарағанда: тілдің арқасында және ұрттың оң жақ шырышты қабығында – ақ түсті жұғынды мен тостағаншалар бар. Шпателмен қырғанда жұғынды жартылай алынады. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі:

Биопсия

Жалпы қан анализі

Иммунологиялық зерттеу

Серологиялық зерттеу

+Жұғынды микроскопиясы

***

49 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді бетінде тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 1.5 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Осы ауру кезіндегі ЭОМ көрсеткіші:

20-30 мкА

+100 мкА жоғары

30-40 мкА

40-60 мкА

60-80 мкА

***

4-жасар баланың анасы баласының тілінде жана түзілісті байқаған,ол баяу ұлғайады және ауырсынусыз. Қарау кезінде: тілінде патологиялық түзіліс, бетінде жіңішке түктер бар, ауырсынусыз, пальпация кезінде жұмсақ эластикалық. Сіздің әрекетіңіз және неге?

Диспансерлік бақылау, өйткені ауырсынусыз, ақырындап өсуі


Криодеструкция, жұқа талшықтар бар

Шұқып алу,себебі жұмсақ эластикалық консистенциялы

+Алып тастау, себебі қатерлі болуы мүмкін

Склероздеу, тілінің шырышты қабатында орналасуына байланысты

***

5 жасар балаға 7.5 тістің жедел іріңді периоститі нақтамасы қойылды. Қандай жансыздандыру жүргізген неғұрлым дұрыс:

Инфильтрациялық жансыздандыру

+Мандибулярлы жансыздандыру

Иектік жансыздандыру

Орталық жансыздандыру

Туберальды жансыздандыру

***

5 жаста уақытша күрек тістердің толық емес таюын емдеу негізделеді

+репозицин, фиксацин, қабынуға қарсы терапия

тістерді жұлу

тістерді фиксациялау

тістерді шендеуіштеу

бақылауда

***

5 жастағы бала тісінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде кп индексі = 7. 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде, тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Температуралық тітіркендіргіштерге күрт ауырады. Шұқып және қағып тексергенде ауырады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, ісінген.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

Тісті жұлу

Биологиялық әдіс

+Витальды пульпэктомия

Витальды пульпотомия

Девитальды пульпотомия

***

5 жастағы бала,анасының сөзінен басы ауырғанына, төменгі жағы ісінгеніне шағымданды. Кеше кештен бері мазасыз, дене қызуы 38С°. Тексергенде: 7.5 тісінің сауыты бұзылған, зондпен тексергенде ауырмайды, перкуссия аса ауыр сезімі анықталады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, домбыққан.

Төмендегі жансыздандыру әдістің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

Жалпы

Иек жаны

Аппликациялық

+Мандибулярлық

Инфильтрациялық.

***

5 жастағы бала. Беті симметриялы, бетінің төменгі бөлігінің биіктігі азайған. Ауыз қуысында: жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді сауыттары биіктігінде жауып тұр, екінші уақытша молярлардың дистальды беткейлері бірдей вертикальды жазықтықта орналасқан. Ортодонтиялық аппарат түрін таңдаңыз:

Ретракционды доғасы бар пластинка

+Мюлеман пропульсоры

Винті бар пластинка

Брюкль пластинкасы

Бынин каппасы

***

5 жастағы балада қанағаттанарлық пропорциялары бар жоғары өсу, бірақ үлкен аяқтары мен қолдары, беттің ұзарған формасы және төменгі жақтың шығуы байқалады. Төменгі жақтың жоғары көтерілуші тармағының және тілдің биіктігі үлкейген. Алғашқы диагнозды болжаңыз:



+Прогениялық тістесу

Прогнатиялық тістесу

Ортогнатиялық тістесу

Ашық тістесу

Терең тістесу

***
5 мл 2% лидокаин ерітіндісінің жергілікті жансыздандыруынан кейін науқаста басының айналуы, құсқысы келіп, құлағы шуылдап, қышыну және шаншу қадалды. Бір минуттан кейін А/Қ 90 мм.с.б., ал 3 минуттан кейін құса бастады. Науқас кеудесінің артында ауырсыну және тұншығу басталды. Диагноз қойыңыз:

истерия

коллапс

естен тану

+анафилактикалық шок

жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

***
***

***

50 жастағы науқасты металды керамикалық сауытпен протездегенде қалпақшаны қандай зертханалық дайындау әдісімен қолданады:

Штамптау

жалпақ пішіндеп созу (протяжка)

+құю

Соғу

сымтемір тәрізді созу (волочение)

***

50 жастағы науқасты протездеген кездегі асыл әдістермен, КПҚ, алтыннан сауыт жасағанда I-шi клиникалық кезеңде не істеледі?

тексеру, диагноз қою тістi егеу, қалып алу, сырқатнама толтыру,
наряд жазу

+тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру, конструкцияны таңдау, жансыздандыру, тістi егеу, тістем күйінде қалып алу, сырқатнама толтыру, наряд жазу

тексеру, жансыздандыру, тістi егеу, конструкцияны таңдау, қалып
алу, сырқатнама толтыру

тексеру, тістем күйінде қалып алу, тістi егеу, наряд жазу,
сырқатнаманы толтыру

диагноз қою, сырқатнама толтыру, тістем күйінде қалып алу

***

54 жастағы ер адам 16 тiсiндегi самайына берiлетiн өздiгiнен пайда болған толассыз ауыру сезiмiне шағымданады. Тiтiркендiргiштердiң барлық түрi ұзаққа созылатын ауыру сезiмiн тудырады. Тiсi бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетiнде сауыт қуысымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi,Төменде аталған тексеру әдiстерiнiң қайсысын аурудың диагнозын нақтылау үшін қолданған тиімді:

Электроодонтометрия

+температуралық тiтiркендiргiштермен тексеру

трансиллюминациялық әдiс

Рентгендік тексеру әдісі

Қағып тексеру

***

54 жастағы науқасты ортопедиялық емдеу және доғалы протезді таңдау барысында, аттачмен құрылуы керек:

Артикуляторда

Окклюдаторда

+параллелометрде орнатылуы керек

ғаныш моделінде

отқа төзімді модельде

***

55 жасар науқас жоҒарҒы жаҒында жұлынҒан тіс аймаҒында пайда болҒан тұрақты, қатты, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне, ол ауыру сезімінің бүкіл альвеола өсіндісіне таралып, күю сезімі мен қызылиегінің, тістерінің, ұртының гиперестезиясына шаҒымданды. Қатты таҒам қабылдаҒанда ауыру сезімі басылады. Ауыруының басталуын 6 ай бұрын жұлынҒан тісімен байланыстырады. Қарап тексергенде: Сыртқы көрінісі өзгеріссіз. ЖұлынҒан 2.5 тіс маңындаҒы шырышты қабаты ақшыл-қызҒылт түсті, пальпация сәл ауырады.


Төменде берілген диагноздардың қайсысы осы ауруҒа ТӘН?

+дентальді плексалогия

одонтогенді гайморит

ұяшықты нервтің невриті

үшкіл нервтің невралгиясы

жоҒарҒы жақтың ісігі

***

***

55 жастағы науқасты ортопедиялық емдеу кезінде, қандай ортопедиялық конструкция дайындағанда алмалы-салмалы құрама мүсін қолданылады?

+көпір тәрізді протездің металлы-пластмасса, металды-керамика, фарфор, толық құйылған сауыттар үшін

пластмасса сауыт жасау үшін

доғалы протез жасау үшін

алтын, КПҚ штампталған сауыт жасау үшін

тотықпайтын болаттан штампталған сауыт жасау үшін

***

56 жастағы науқас тістер арасындағы саңылаудың болуына, кейде қызыл иектің қанағыштығына, тістердің қозғалғыштығына, ыңғайсыздық сезімге шағымданады. Объективті: көп көлемді тіс шөгінділері анықталады, зондтағанда қызыл иек оңай қанайды, қызыл иек жиектері және бүртіктерінің тегіс емес атрофиясы, тіс түбірі ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін жалаңаштануы, 3.1, 1.6 тістердің 1-2 дәрежелі қозғалғыштығы анықталады. Пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм-ге дейін.Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

Созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежесі

Жеңіл дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі

Созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі

Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі

+Орташа дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит

***

56 жастағы науқасқа дайындалған жартылай алмалы салмалы пластиналы протез тістем биіктігін көтеріп тұратындығы анықталды, қандай құбылыстар болуы мүмкін?


+бұлшық ет қатты созылғанда бұлшық ет жиырылап, протез астында ауру сезімін туғызады

бұлшық ет аз созылғанда миостатикалық рефлекс тез басылады

төменгі жақты ұстап тұратын бұлшық ет созылғанда миостатикалық рефлекс жоғарлайды

бұлшық еттің қатты созылуы бұлшық еттің жиырылуымен байланысты емес

бұлшық ет қатты созылғанда протез астында ауру туғызбайды:

***

5-жасар баланың ата анасы баласының жоғарғы сол жақ тісінде жыланкөздің болуынашағымданады. 6.4 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан,түбір өзегін зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз.Тіс маңындағы қызыл иек қызарған, ісінген,түбір ұшы маңында жыланкөз бар. Операция жүргізіліп, тіс жұлынды. Ем тактикасы дұрыс па және неге:

Дұрыс, өйткені жылан көздің болуы

+Дұрыс емес, өйткені рентгенсуретке жіберуге қажет

Дұрыс емес, өйткені екі келуде пломба қою қажет

Дұрыс емес, өйткені үш келуде пломба қою қажет

Дұрыс, өйткені терең тісжегілі қуыс бар

***

5-жастағы бала стоматологиялық емханаға үстіңгі оң жағының домбыққанымен келді. Қарап тексергенде: 5.4 тістің шайнау беткейінде тіс жегі анықталды, зондпен шұқып тексергенде және перкуссияға ауырады, тісті қоршаған қызыл иегі ісінген, сипап тексергенде ауырады, өтпелі қатпарда инфильтрат анықталды. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

+Периостеотомия

Қабынуға қарсы

Тістің түтігі арқылы лебін шығару

Тісті жұлу

Физиоем

***

6 айлық бала, үлкен тесігі бар бөтелкеден қоректендіріледі. Алғашқы диагнозды болжаңыз:

Дистопия

+Дистальды тістесу

Тортоауытқу

Мезиальды тістесу

Айқасқан тістесу

******

***

6 жастағы бала төменгі жақ аймағында ісіну шағымымен келді. Ісіну 2 ай бұрын пайда болды. Қараған кезде: оң төменгі жақтың тығыздалуы есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынбайды. Ауыз ашылуы еркін. 84, 85 тістердің сауыттары пломба астында, перкуссия ауырсынбайды. Өтпелі қатпар тегістелген, оның үстіндегі кілегейдің түсі өзгермеген. Пальпациясы ауырсынбайды. Рентгенограммада 84, 85 тістердің түбір ұштары аймағында диаметрі 2,0х2,0 см анық контурлары бар жарықтану ошағы бар. Жарықтану ошағында 45 тістің ұрығы бар. Алғашқы диагнозды болжаңыз: