ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1946

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


***

Стоматологияда қолданылатын төмендегі материалдардың төмендегілерінің қайсысы пішіндегіш материалға жатады://

Гелин//

Формадент//

Пластик//

+Силамин//

Формалин

***

Мүсіндегіш балауызға қандай балауыз жатады://

+Салма тіске, көпірлі және доғалы жұмыстар жасауға арналған//

Құймалы және базисті балауыз//

Жабысқақ балауыз, түзетуші балауыз//

Жабысқақ балауыз, түзетуші балауыз, парафин//

Жабысқақ балауыз, түрлі-түсті балауыз

***

Болаттан жасалған сауыттың құрылымын аустениттік күйге келтіру үшін

термия шынықтыруды қай температурада жүргізеді://

1300 t//

1200 t//

1050 t//

+900 t//

800 t

***

Жоғарғы күрек тістермен төменгі тістер бір-бірімен түйіспеген тістем түрі қалай аталады://

Терең тістем//

Прогнатикалық тістем//

Прогениялық тістем//

Ортогнатикалық тістем//

+Ашық тістем

***

Рентгенография не үшін қолданылады://

Пульпит пен периодонтитті ажырату үшін//

Тіс пен пародонттың функциональді жағдайын анықтау үшін//

+Тіс қуысының топографиясын, тіс түбір өзегінің жағдайын анықтау үшін//

Пародонттағы микроциркуляцияны анықтау үшін//

Тістің қозғалғыштығын анықтау үшін

***

Сау тістің ұлпасы токтың қандай күшіне реакция береді://

1-2 мкА//

+2-6мкА//

6-10мкА//

10-15мкА//

15-20мкА

***

Жаңадан туылған нәрестенің қалыпты жағдайдағы төменгі жақсүйегінің орналасуы://

Латерогнатикалық//

+Ретрогнатикалық//

Макрогнатикалық//

Ортогнатикалық//

Прогнатикалық

***

Балаларда жұтынудың соматикалық типі мына жаста қалыптасады://

10 жастан кейін//

8 – 10 жас//

5 – 6 жас//

+3 – 4 жас//

1 жаста

***

Уақытша тістем мына жастарда қалыптасқан болып саналады://

Туғаннан 6 айға дейін//

6 айдан 2-2,5 жасқа дейін//

+2,5 жастан 4 жасқа дейін//

4 жастан 6 жасқа дейін//

6 жастан 8 жасқа дейін

***

Уақытша тістемнің алғашқы кезі мына жасқа сәйкес келеді://

1 жастан 3 жасқа дейін//

12 жастан 15 жасқа дейін//

9 жастан 12 жасқа дейін//

3 жастан 6 жасқа дейін//

+6 жастан 9 жасқа дейін

***

Бала 5 жаста Тілін сорудың нәтижесінде вертикальді күрек тістің дизокклюзия дамудa Аталған қандай емдеу әдістерінің қайсысын жүргізу лайықты://

Миогимнастика //

Протездеу //

Уақытша молярларды жұлу//

Массаж және алынбайтын ортодонтиялық аппараттар//

+Жағымсыз әдеттерді жою

***

Жасөспірім 15 жаста, алдыңғы тістерінің саңылаудың болуына шағымданады. Сырт қарағанда еріндері күшпен түйіседі, иегінде – оймақ симптомы. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында 3 мм вертикальді саңылау бар.


Аталған емдеу әдістерін бірінші жүргізу лайықты://

Күрек тістік жабылуды қалыптастыру//

Тістер қатарларының пішінін қалыптастыру//

+Тілдің орналасуын қалыптастыру//

Жоғарғы жақты кейту//

Молярларды дистализациялау

***

5 жастағы бала, биік жастықта ұйықтайды.

Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін://

Ортогнатикалық//

Айқасқан//

Дистальды//

+Мезиальды//

Ашық

***

13 жастағы жасөспірім. Ауыз қуысын тексеруде жоғарғы бірінші азу тісінің ұртты төмпешігінің төменгі осындай тістің алдында орналасқандығы анықталған.

Төменде көрсетілген диагноздардан қайсысы мүмкін://

Мезиальды тістем//

+Дистальды тістем//

Терең тістем//

Ашық тістем//

Айқасқан тістем


***

7 жастағы бала Анамнез алу барысында 85 және 75 тістердің периодонтиттің қабынуына байланысты жұлынғаны анықталған. Ортопантомограммада 45 және 35 тістер көрінбейді.

Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін://

Ортогнатикалық//

+Терең//

Ашық//

Айқасқан//

Мезиальды

***

Қол сүйектерінің рентгенограммасы арқылы анықталады://

паспорттық жас//

календарлықжас//

биологиялық жас//

тіс жасы//

+сүйек жасы

***

Орташа жегінің клиникасын атаңыз://

Әр түрлі мөлшерлі эмаль беткейіндегі дақ//

Эмаль деңгейіндегі терең емес ақау, зондтағанда беті бұдырлы, зонд тіреліп қалады//

+Жегілік қуыс дентин деңгейінде, зондтағанда дентин-эмаль қосылысынан ауырсынады, перкуссиясы ауырсынбайды, ЭОД - 2-6 мкА//

Жегілік қуыс ұлпа маңы дентин деңгейінде, түбінен зондтағанда ауырсынады, температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді реакция, перкуссиясы ауырсынбайды. ЭОД – 10-12 мкА//

Тіс қуысымен байланысқан терең жегілік қуыс

***

Мектепте жасындағы балаларда ең жиі кезедесетін қызылиек қабынуының қандайтүрі://

Жедел ойық-жаралы - өліеттенген қызылиек қабынуы//

Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы//

+Жедел катаральды қызылиек қабынуы//

Қызылиектің атрофиялық қабынуы//

Қызылиектің ошақты өсе қабынуы

***

Торусальды жансыздандыруда қай нервті блокадалайды://

Тіл және ұрт//

Ұрт және иек //

Тіл және иек//

Тіл және төменгі ұяшықтық//

+Тіл, ұрт және төменгі ұяшықтық
9 жастағы баланың төменгі мен жоғары жағындағы тұрақты ортаңғы күрек тістер ақшыл дақтармен бірге жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасындағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Осы патологияда қандай емдеу тактикасы дұрыс://

Дәрумендер препараттарының кешенін тағайындау//

Тістерді депульпациялау//

ШИЦ-пен пломбылау//

Ағарту//

+Ремтерапия

***

9 жастағы баланың төменгі мен жоғары тұрақты ортаңғы күрек тістері ақшыл дақтармен жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасыдағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Витальды бояу кезінде дақтардың түсі өзгермейді.

Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген дұрыс://

Жарақаттық зақымданумен//

Жетілмеген амелогенезбен//


+Флюороз, дақты түрімен//

Тістің қатты тіндерінің эрозиясымен//

Бастапқы тіс жегімен

***

14 жастағы бала тіс қажалуына шағымданып келді. Объективті көрініс: тістер сулы-сұр түсті, жылтыр. Жоғарғы күрек тістер кіреукесі жұқарған, оңай шытынайды, кесу қырлары өткір. Төменгі күрек тістердің сауыты 1/3 биіктікке қажалған, дентині ашылған, тегіс, күңгірт қоңыр түсті.

Осы жағдайда науқасқа байланысты қандай ем тактикасы қолданылад://

+Ақауларды композициялық материалдармен қалпына келтіру//

Витамин препараттарының кешенін тағайындау//

Бұзылған тістердің ұлпасын алу//

Міндетті түрде протездеу//

Ағарту терапиясы

***

12 жасар бала ас қабылдағандағы ауру сезіміне, бастың ауруына, бұлшық еттер мен буындарындағы ауру сезіміне, дене қызуының 39ОС көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде тұлға мен қол терілерінде «кокард» түріндегі бөртпелер бар. Ерін, ұрт шырышты қабатында күлбіреуіктер мен жаралар. Еріндерінде қанды қабыршақ.

Төменде берілген себепші факторлардың қайсысы зерттеушілермен қаралып, мүмкін болып табылады://

+Инфекциялы-аллергиялық//

Саңырауқұлақты//

Бактериальді//

Жарақаттық//

Вирусты

***

Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған.

Төменде аталған болжамды нақтаманың қайсысы дұрыс://

Гипоплазия, сайлы түрі//

+Гипоплазия, эрозиялы түрі// Гипоплазия, толқынды түрі//

Гипоплазия, дақты түрі//

Флюороз, дақты түрі

***

Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған. Төменде аталған пломбылық материалдардың қайсысын эстетикалық көрсеткіштер бойынша қолданған дұрыс://

Химиялық қатаятын композиттік материалдар//

+Сәулемен қатаятын композиттік материалдар//

Эпоксидті пломбылық материалдар//

Толықтырылмаған полимерлік материалдар//

Силикатфосфатты цементтер

***

Балалар емханасына 12 жастағы бала тістеріндегі эстетикалық ақауларға шағымданып келді. Объективті: орталық күрек тістердің сауыттарының ½ бөлігі сақталған, сулы-сұр түсті, дентині ашылған. Рентгенограммада: тіс қуысы мен түбір өзектерінің облитерациясы, түбір ұшында гиперцементоз көріністері және сүйек тінінің ыдырау ошақтары.


Осы ауруға төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы сәйкес://

Тістерін жұлу//

Ағарту емі//

+Ремтерапия, реставрация//

Бұзылған тістердің ұлпасын алу//

Дәрумен препараттарының кешенін тағайындау

***

12 жастағы жасөспірім емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Кешенді тексергеннен кейін дәрігер-стоматолог нақтама қойды: 1.4 тістегі сына тәрізді ақау. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы дұрыс://

Ақауды герметизациялау//

Цементпен пломбылау//

+Ремтерапия, пломбылау//

Металлокерамиалық сауытпен қаптау//

10% кальций глюконаты ерітіндісімен аппликациялау

***

Емханаға 14 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог қарап тексергенде 1.4, 2.4 тістерінен сына тәрізді ақауды анықтады.

Қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет://

Беткей тісжегімен//

+Кіреуке эрозиясымен//

Гипоплазиямен//

Флюорозбен//

Аплазиямен

***

5 жасар балаға 7.5 тістің жедел іріңді периоститі нақтамасы қойылды. Қандай жансыздандыру жүргізген неғұрлым дұрыс://

Инфильтрациялық жансыздандыру//

+Мандибулярлы жансыздандыру//

Иектік жансыздандыру//

Орталық жансыздандыру //

Туберальды жансыздандыру

***

Дәрігер 7 жастағы баланың, сауыты толық бұзылған 7.4 тісін ұлпа қабынуы бойынша емдеуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, мандибулярлы жансыздандыруды қолдану жоспарлануда. Балаға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда иненің енетін жерін көрсетіңіз://

Жоғарғы азу тістердің шайнау беті деңгейінде қанатша-жақ қатпарының шырышты қабатына//

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды//

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды//

+Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды, төменгі азу тістердің шайнау беті деңгейінде//

Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды, жоғарғы және төменгі азу тістердің ортасынан

***

Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында церебральды параличі бар 9 жасар баланы әкелді. Белсенді қарсылық көрсетеді. Қарап тексергенде тісжегінің декомпенсирленген түрі анықталды: емделетін 10 тіс және жұлынатын жалпы 2 тіс бар. Баланың тістерін емдеуге жансыздандырудың қандай түрі көрсеткіш://

Инфильтрациялық жансыздандыру//

Аппликациялық жансыздандыру//

Өткізгіштік жансыздандыру//

+Жалпы жансыздандыру//

Аудиоанестезия//

***

Баланың үстіңгі жақта тістерін жұлғанда жансыздандырудың қандай түрлері көрсеткіш://