ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1950
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
***
Жасы 20-ғы жігіт дәрігер стоматологқа дене қызуының көтеріліп, ауыз ішінің қатты ауыратынына, аузын ашып ас қабылдау қиындағанына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданып келді. Бұдан екі апта бұрын суық тиіп ауырған. Қарап тексергенде: еріндер жиегі құрғақ, аздаған қабыршақтармен жабылған, 45; 46; 47; 48 тістер аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпар қатты қызарып домбыққан, беттері кір-сұр түсті қақпен жабылған. Қызылиек бүртіктері бетіндегі қақ оңай алынып, эрозиялы -жаралы ошақтар анықталады. Бұл ауруды төмендегі аурулардың тек біреуінен басқасының бәрінен ажырата білу керек://
Қан аурулары кезіндегі ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы//
+Ауыздың дәріден буллезді қабынуы//
Қорғасынмен созылмалы улану//
Ауыздың аллергиялық өліеттеніп-жаралана қабынуы//
Висмутпен созылмалы улану
***
Жасы 17-дегі жігіт дәрігер стоматологқа жалпылай әлсіздікке, дене қызуының 38ºC дейін көтерілуіне, аузының ішінің қатты ауырып, сөйлеудің, ас қабылдауының қиындағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: қатты қызарып домбыққан ұрттың, тілдің кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді ұсақ домалақ, сопақ пішінді және белгілі-бір пішінсіз беттері ақшыл- сұр қақпен жабылған эрозиялар анықталды. Қызылиек көптеген тістер аймағында қызара -домбыққан және тиіп кетсе қатты қанайды. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық көрініске неғұрлым сай келеді://
Аусыл//
Белдеме теміреткі//
Көптүрлі жалқықты қызарма//
+Ауыз- қызылиектің жедел герпестік қабынуы//
Ауыздың өліеттене-жараланып қабынуы
***
Визуалды бақылаусыз пародонт қалтасының ішін тазалайтын хирургиялық шара қалай аталады://
қарапайым гингивэктомия//
гинговотомия//
қиықтап кесу операциясы//
гингивэктомия//
+жабық кюретаж
***
Науқас 65 жаста, самай аймағына таралатын жоғарғы жақсүйегінің оң жағындағы ұстама тәріздес ауру сезіміне шағымданып келді Ауру сезімі кенетен басталады да 1 – 2 минут созылады Ауру сезім мұрын қанатына, жоғарғы ерінге жанасуынан пайда болады Ұстамалы ауру сезімі көзден жас ағуымен сипатталады Ұстама кезінде науқас ұстамаға дейінгі жағдайдағы қалпындата қалады Ұстама аурулары тәулігіне 15 – 20 рет қайталанады 7 жыл бойы зардап шегеді Сыртқы көрінісі өзгеріссіз Ауыз қуысы сауықтандырылған Тіс қатарларының қосылған ақаулары бар Тістем бекітілген Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді://
Денталді плексалгия//
Одонтогенді гайморит//
Одонтогенді невралгия//
+Үшкіл нерв невралгиясы//
Шықшыт буынының ауырмалы дисфункция синдромы
***
45 жасар әйел оң жағынан шықшыт буынының көктем күз айларында үнемі ауыратынын, ауызының шектеліп ауыратынын шағымдап келді Қазір оң жағындағы шықшыт буынындаып аздаған ыңғайсыздықтың пен сыртылдауын ғана барын айтып отыр Сырт көрінісінде айтарлықтай өзгерістер жоқ Орта сызығы күрек тістің көлеміндей ашылып кеткен Буын маңын басып тексергенде ауырмайды Ауызы S тәрізді ашылады Ауызды көтергіш еттерді басып тексергенде ауырмайтыны анықталды Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамның қайсысы сай келеді://
Шықшыт буынның артрозы//
Шықшыт буынының созылмалы артриті//
+Шықшыт буынының ауырмалы дисфункция синдромы//
Шықшыт буынының жедел артриті//
Шықшыттың жедел спецификалық қабынуы
***
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінің коллатералдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған Ауыз ішінде 12-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған,түсі өзгерген,қаққанда қатты ауырады,11, 12, 13 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 12-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ј ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз://
Ұяшықты өсіндінің екі жағынан инфильтрациялық жансыздандыру//
+Көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тіс жансыздандыруын//
Төмпешіктік жансыздандыруының ауыз сырты тәсілі мен таңдай жансыздандыруы//
Иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар//
Берше-Дубов және төмпешіктік жансыздандырудың ішкі тәсілі
***
Дәрігер 47-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың сұқ саусағаын тістің тұсындағы ұяшықты өсіндінің ұрт жағына, бас бармағын тіл жағынан қысып, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте ұстады Көлденең жазықтықтағы қысқышты тіске салып, бекіткен соң тілге қарай қозғады Жұлу барысында түбірлері сынып кетті Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады://
Ротация жасау керек еді//
Қысқыш дұрыс таңдалмады//
Дәрігер дұрыс тұрған жоқ//
+Алғашқы қимыл тіл жаққа жасалуы керек еді//
Сол қолдың саусақтары дұрыс орналаспады
***
26 жасар ер кісі ауыз қуысын санациялау үшін келіп қаралды Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 46-тісті жұлу керек деп жоспарланды Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты сауыттық екі ұртында істіктері бар қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады Тістің қалған сауыт бөлігі сынып кеттіДәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз//
Ротация жасау керек еді//
+Қысқыш дұрыс таңдалмады//
Дәрігер дұрыс тұрған жоқ//
Алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді//
Сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді
***
26 жасар жігіт дәрігер стоматолог-хирургқа жоғарғы оң жағындағы тісінің бірнеше ай бойы ұдайы , сыздап ауырып мазалап жүргенін шағымдап келді Тексеру барысында 12-тісінің пломбаланғаны, осы тістің түбірі маңында жылан көздің бары, қаққанда аздап ауыратыны анықталды Тістің маңындағы шырышты қабықта өзгерістер жоқ Рентген суретінде 12 тістің түбір ұшы маңында сүйектің көлемді деструкцияланған шекарасы анық емес ошағы анықталды Төмендегі оперативтік емдердің ішінде қайсысы шипалы болады://
Тісті жұлу//
Тісті жұлып,қайта отырғызу//
+Тістің түбір ұшын кесу//
Сауыты мен түбірін бірге кесу//
Сауыты мен түбірін кесіп алып тастау
***
Клиникаға алыс ауылдан жағдайы өте ауыр 18 жасар қыз бала жеткізілді Анамнезін сұрап анықтау мүмкін емес Тексеру барысында оң жағындағы жоғарғы және төменгі қабақтарының ісініп кеткені, экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқан кезде қатты ауыратыны анықталды Ретробульбалық кеңістікті ашу жолдары жайлы дәрігерлік консилиум шақырылды Рентген суретінде жоғарғы жақ қуысының оң жағынан бір ыңғай көлеңкеленгені анықталды Төмендегі операциялық жолдардың қайсысы шипалы әрі дұрыс болар еді://
Көз ұясын жоғарғы және төменгі қапбақтарды айналдырып ішінен тілу//
Көз ұясына жоғарғы ішкі қабырғасы арқылы кесу//
Көз ұясының жоғарғы және төменгі шеттерінен//
+Гайморотомия және жоғарғы жақ қуысының жоғарғы қабырғасын тесу арқылы//
Көз ұясының жоғарғы сыртқы бұрышынан кесіп контрапертура жасау арқылы
***
Клиникаға 18 жасар жігіт жұтынғанда ауыратынын, ауызының шектеліп ашылғанына бір апта болғанын шағымдап келді Төменгі жағының сол жақ бұрышының астында тығыз сіңбе бар Ауызы шектеліп ашылады Берше жансыздандыруын жасаған соң ауызы ашылды Сол жақтағы ретромолярлық аймақ пен қанат тәрізді төменгі жақ қатпарыны қызарып ісінген 38- тістің дисталды бұдырлары ісінген бүркеніштің астында жатыр Төмендегі операциялық жолдың қайсысы шипалы болады://
Қанат тәрізді төменгі жақ қатпарының бойымен тілу арқылы//
Төменгі жақтың төменгі қырынан 1,5-2,0 смтөмен тілу арқылы//
Төменгі жақтың төменгі қырынан 1,5 смтөмен әрі оған паралельді етіп тілу//
+Төменгі жақтың бұрышының шетінен 1,5-2,0 см айналдыра тілу арқылы//
Ауыз ішінен сол жағынан жақ-тіл жүлгесі бойымен тілу арқылы
***
Вартонов өзегіндегі тасты алып тастау үшін дәрігер тіл жансыздандыпуын жасады Өзекті тастың арт жағынан қоршаған тіндерімен бірге тікті Тастың үстіндегі шырышты қабықты тіліп, тасты алып тастаған соң, жараны қабатымен тігіп шықты Дәрігердің қандай қателік жіберді://
Анестезия дұрыс таңдалмады//
Дұрыс тілінбеді//
Жараға қашыртқы қою керек еді//
+Операциядан кейін жараны тікпеу керек еді//
Тастың арт жағынан тіндерді тікпеу керек еді
***
Қабылдау бөліміне самай асты аймағының іріңдеген гематомасын оперативтік жолмен ашу тәсілі қабылданды Іріңді ошақ қай жерден кесіліп ашылады://
Сіңбенің төменгі қыры арқылы//
Самай етінің талшықтарының бағыттарына қарай//
Бет сүйегі доғасының астынан//
Бет сүйегі доғасынын астынан оған паралельді//
+Жоғарға азу тістердің тұсынан өтпелі қатпарды
***
Химиялық зертхананың қызыметкері 28 жасар әйел өндірісте 2 сағат бұрын бетінің сол жағын күйдіріп алды Төмендегі шаралардың қайсысы осы науқас үшін шипалы болады деп ойлайсыз://
Етке антибиотиктер егу//
Күйген жерді 96% спиртпен өңдеу//
Вищневский майымен таңба салу//
+Күйген жерді соданың 2% ерітіндісімен жуу//
Күйген жерді мұздай сумен жуып, новокаинмен таңба салу
***
Клиникаға 6 сағат бұрын жарақат алған, 20 жасар жігіт сол жағынан төменгі жағының ауыратынын, ауызының дұрыс ашылмайтынын шағымдап келді Объектиті: беті сол жағынан төменгі жақтың бұрышы маңындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен асимметрияланған Ауызы шектеліп ашылады, тістемі бұзылған Төменгі жаққа оң жағынан қысым және Венсан белгілері оң нәтиже берді 48- тістің тұсында сүйектің патологиялық қозғалысы анықталады
Төмендегі ем-шаралардың қайсысы шипалы болып табылады://
Рудько аппаратын қолдану//
Збарж аппаратын қолдану//
Сақпан таңбасын таңу//
+Екі жақтық құрсау салу//
Айви тәсілімен сыммен бунау
***
22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң ауызының дұрыс ашылмайтынын, бетінің пішінсізденгенін шағымдап келді Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті асимметриялы Көз шарасының төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталады Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның қанаты жансызданған Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады://
Бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау//
Имплантация тәсілімен пішінсізденуді жою//
Аутотрансплатация тәсілімен пішінсізденуді жою//
+Бет сүйегін сындырып, орнына дұрыс салу//
Лимберг ілгегімен бет сүйегін орнына дұрыс салу
***
Науқас Л, 20 жасар ЖБӘ бөлімшесіне 2 сағат бұрын белгісіз біреулер ұрған, ақыл-есін жоғалтпаган, құсу, жүрек айну болған жоқ Қарап тексергенде: Сол жағынан төменгі жақ сүйегінің бұрышының ісінуінен бет әлпетінің ассиметриясы байқалады Тері қабаты өзгермеген Сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің сол жақ бұрышында локальды ауру сезімі бар Ауызы 3 см ашылады Төменгі жақтың солға жылжуынан тістемі өзгерген 37 тіс тұсында шырышты қабық жыртылған, қан ағып тұр 38 тіс І,ІІ дәрежеде қозғалады Қағып тексергенде 37 және 38 тіс арасында сүйектің патологиялық қозғалысы анықталады Рентген суретте тікелей және бүйірінен түсірілген төменгі жақ сүйегінің сол жақ бұрышынан сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы байқалады 37 және 38 тіс арасында сүйекте саңылау анықталады Кіші сынық жоғары ішке ығысқан Сіздің нақтамаңыз, емдеу жолы://
Тегіс жақша тәрізді құрсау салу//
Сүйекті сыммен тігіп остеосинтез жасау//
Минипластинкалармен остеосинтез жасау//
Васильевтің стандартты құрсауын салу//
+Тигерштедтің екі жақтық ілгекті құрсауын салу
***
61 жасар ер кісі сол жақ танауынан су ағатынын, осы жағымдағы көзінің астында жан жоқ, жоғарғы жақсүйегінде салбыраған өскін тәрізді нәрсенің барына шағымдана келді Ауыз ішіндегі өскіндер жарты жыл бұрын тіс жұлғаннан кейін пайда болыпты Беті әлпеті симметриялы, 23, 24-тістері қозғалмалы Жұлынған 25-тістің ұяшығынан жұмсақ ет тәрізді жұмсақ өсінділер салбырап шығып тұр Науқастың айтуынша өскіндер тісті жұлғаннан кейін бір айдан соң пайда болған Аймақтық лимфа бездері ісінген Осы ауру үшін төмендегі емдердің қайсысы шипалы болып саналады://
Сәулелеік ем//
Хирургиялық ем//
Консервативтік ем//
+Кешендік ем//
Химиялық ем
***
45 жастағы ер кісі жоғарғы жақсүйегінің ісінгеніне шағымданып келді Тексеру барысында жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бөлігінің сол жағында патологиялық түзілістің барлығы анықталды Басып тексергенде консистенциясы тығыз, пішіні домалақ, шекаралары анық екені байқалды Ауыз қуысында 22, 23 тістердің тығыз орналасқаны, шырышты қабығы ашық қызыл түсті Рентген суретінде 22, 23 тістердің түбір ұштарына тақалған қараңғыланған ошақта тығыздығы төмен аймақтар байқалады Төменгі емдердің қайсысы осы науқас үшін шипалы болады://
Ісікті қырып алып кейін пластика жасау//
+Ұяшықты өсіндінің бөлігін тістерімен қосып кесіп алу//
Ісікті сау тіндердің деңгейінде қырып алу//