ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1948

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру//

+Вестибулярлы және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру//

Вестибулярлы және таңдай жақтан өткізгіштікжансыздандыру//

Вестибулярлы жақтан инфильтрациялық жансыздандыру және таңдай жақтан аппликациялық жансыздандыру//

Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан

өткізгіштік жансыздандыру

***

Балалар стоматологиялық емханасында баланың тісін жұлу мақсатында лидокаинмен жергілікті жансыздандыру жүргізілді. Осыдан кейін науқастың түрі бірден бозарып кетті, жалпы әлсіздікті сезінді, аяқ-қолдары суып, есінен танды, тамыр соғысы әлсіз, жиілеген. Науқаста қандай асқыну дамыды://

+Анафилактикалық шок//

Квинке ісінуі//

Асфиксия//

Естен тану//

Коллапс

***

9 жасар балаға, 5.5 тістен болған одонтогенді қабыну кистасы бойынша амбулаторлы жағдайда цистотомия операциясы жүргізілген. Кешке қарай балада диплопия көріністері байқалды. Балаға қандай жансыздандыру жүргізілген және асқынудың пайда болу себебі қандай://

Инені терең енгізіп күрек тістік жансыздандыру жүргізілген//

+Инені терең енгізіп туберальды жансыздандыру жүргізілген//

Анестетикті көп мөлшерде енгізіп сүйек ішілік жансыздандыру жүргізілген//

Анестетикті шатастырып аппликациялық жансыздандыру жүргізілген//

Анестетикті көп мөлшерде енгізіп инфраорбитальды жансыздандыру жүргізілген

***

4 жастағы баладан периодонттың созылмалы қабынуының өршуі мен 8.4 тіс сауытының толық бұзылуы анықталды. Дәрігер сол тісті жұлуға шешім қабылдады.

Осы әрекетті жүргізуге жансыздандырудың қандай әдісі көрсеткіш://

+Мандибулярлы және инфильтрациялық/

Инфильтрациялық және торусальды//

Туберальды және инфильтрациялық//

Иектік және таңдайлық//

Торусальды және күрек тістік

***
Төмендегi берiлген емдiк препараттардың тек бiреуiнен басқасын тiс ұлпасының қабынуын консервативтiк әдiспен емдеу кезiнде қолданады://

Жансыздандырушы препарат//

қабынуға қарсы препарат//

Аллергияға қарсы препарат//

жаңа құрылуды ынталандырушы препарат//

+өлтiре жансыздандырушы препарат

***

28-жастағы науқас төменгі сол жақ тісте тісжегі қуыстың пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде 3.6 тісте терең тісжегі қуыс, тіс қуысымен байланысады. Температуралық тітіркендіргіштерден, зондпен шұқып тексергенде, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Тім маңындағы қызыл иектің шырышты қабығы өзгерменген. Осы тістің ЭОМ көрсеткіші қандай://


2-6 мкА//

+100 мкА жоғары//

15-20 мкА//

40-50 мкА//

60-80 мкА

  1. ***

  2. Қандай пародантальдық идиопатиялық синдром қатерлі ағымға ие://

Папийон-Лефевр синдромы//

Агаммаглобулинемия//

Хенд-Крисчен синдромы//

Таратынов ауруы//

+Леттерер-Зиве синдромы

***

54 жастағы ер адам 16 тiсiндегi самайына берiлетiн өздiгiнен пайда болған толассыз ауыру сезiмiне шағымданады. Тiтiркендiргiштердiң барлық түрi ұзаққа созылатын ауыру сезiмiн тудырады. Тiсi бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетiнде сауыт қуысымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi,Төменде аталған тексеру әдiстерiнiң қайсысын аурудың диагнозын нақтылау үшін қолданған тиімді://

Электроодонтометрия//

+температуралық тiтiркендiргiштермен тексеру//

трансиллюминациялық әдiс//

Рентгендік тексеру әдісі//

Қағып тексеру

***

43 жасар ер адам тiсiнде ас қабылдағаннан кейiн кейін пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезiмiне шағымданады. Қарап тексергенде: 15 тiсiнiң шайнау бетiнде тiс қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы анықталды. Ашылған ұлпа мүйiзшесiн сүңгiлеп тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды. Диагноз қойыңыз://

ұлпаның жедел жартылай жедел қабынуы//

ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi//

ұлпаның созылмалы өсе қабынуы//

+ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы//

ұлпаның созылмалы шiри қабынуы

***

25 жасар жiгiт төменгi оң жақ азу тiсiндегi өздiгiнен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Температуралық тiтiркендiргiштерден ауыру сезiмi ұлғаяды. Тiсi таң ертеңнен берi ауырып тұр. Науқастың денi сау. Аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 46 тiсiнiң шайнау бетiнде тiс сауытымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Қуыстың табанын сүңгiлеп тексергенде ұлпаның бiр мүйiзше тұсында ауыру сезiмi бар. ЭОД -24мкА. Емдеу әдiсін таңдаңыз://

Девитальдi экстирпациялау әдiсi//

Девитальдi аралас (комбинированный) әдiс//

Девитальдi ампутациялау әдiсi//

Витальдi экстирпациялау әдiсi

+Консервативтiк әдiс

***

26 жасар жiгiт жоғарғы оң жақ аймағында өздiгiнен пайда болып, ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Аллергоанамнез теріс. Қарап тексергенде: 1.4 тiстiң медиальдi бетiнде тiс қуысымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi, сүңгiлеп тексергенде тiсжегi қуысының табаны ауырады, Темпертуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте түседі. Тиімді емдеу әдісін таңдаңы://

Девитальдi экстирпациялау әдiсi//

Девитальдi аралас (комбинированный) әдiс//



Девитальдi ампутациялау әдiсi//

Консервативтiк әдiс//

+Витальдi экстирпациялау әдiсi

***

Төмендегi берiлгендердiң тек бiреуiнен басқасы ұлпаны өлтiре жансыздандырып толық алу әдiсiн жүргiзгенде жiберiлетiн қателiктерге жатады://

Тiстiң сауыт қуысының қабырғасын тесiп алу//

өзекте эндодонттық аспаптың сынуы//

өзектi пломбылауға арналған материалды дұрыс таңдап алмау//

өзектi толық пломбыламау//

+өзектi физиологиялық тесiкке дейiн пломбылау

***

18 жасар қыз төменгi оң жақтағы азу тiсiде температуралық тiтiркендiргiштен туындайтын ауыру сезiмiне шағымданады. Денi сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 36 тiсiнiң мойын бөлiгiнде сауыт қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Сүңгiлеп тексергенде қатты ауырады. Тiстiң электрқозғыштығы-35мкА. Қандай емдеу әдiсiн таңдаған тиiмдi://

Девитальдi экстирпациялау әдiсi//

Девитальдi аралас әдiс//

Девитальдi ампутациялау әдiсi//

+Витальдi экстирпациялау әдiсi//

Консервативтiк әдiс

***

Жасы 35-гі емделуші тілінде белгісіз құрылым пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: тілінің ұшы аймағында кілегей қабықта ені 8мм-дей домалақ пішінді, қою қызыл түсті жиектері көтеріңкі, табаны тығыз шеміршек консистенциялы эрозиялы ошақ анықталды. Аймқтық лимфа түйіндері ұлғайған, консистециясы тығыздау жіне ауырмайды. Бұл құрылым төменде аталған диагноздардың қайсысына неғұрлым сай келеді://

+Біріншілік мерез//

Декубитальді жара//

Туберкулез жарсы//

Трофикалық жара//

Обыр жарасы

***

Жасы 25-тегі емделуші тіліндегі жаңа құрылым пайда болғанына, тілін қозғаған кезде ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде тілінің үстінде ұшына жақын диаметрі 7 мм – дей қызыл түсті ,домалақ пішінді шекарасы анық, төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі орналасқан эрозия ошағы анықталды . Беті таза және тегіс, табан аймағы тығыз, бірақ ауырмайды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы, тығыздау эластикалық консистенциялы. Диагноз қою үшін қосымша зерттеу әдіс://

Қанның жалпы анализі//

Зәр анализі//

+Вассерман реакциясы//

Қанның биохимиялық анализі//

Рентгенологиялық

***

Жасы 36-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстінде өзгерістерді байқағанын айтып келді .Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған . Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді, ендері 6-7 мм топтаса орналасқан бірнеше ошақ анықталды. Тіл бүртіктері семіп жойылған, ойдым-ойдым шабылған шабындықты еске түсіреді. Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу. Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы. Төмендегі алғашқы диагноздың қайсысын қоюға болады://


Ауыздың жедел жалған жарғақты кандидозы//

Тілдің түлей қабынуы//

Жазық лейкоплакия//

Қызыл жалпақ теміреткі//

+Екіншілік папулалы мерез

***

Жасы 30-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі 2 апта бұрын байқаған өзгерістерді көрсетуге келген . Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған . Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді ендері 6-7 мм қосыла орналасқан бірнеше ошақ анықталды , тіл бүртіктері семіп жойылған . Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу . Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы. Аурудың салыстырмалы диагностикасын төмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді://

+Ауызды жедел герпестік қабынуы//

Тілдің түлей қабынуы//

Лейкоплакия//

Қызыл жалпақ теміреткі//

Ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы

***

Жасы 60-тағы әйел стоматологқа ауыз ішіне ауырғыш бөрткендер шығып, ас қабылдауының, сөйлеуінің қиындағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде оң жақ ұртының, қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді, шикі ет түстес 3-4 эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның жұқа ішкі қабығындай қабықпен жабылған. Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы бұл клиникалық көрініске көбірек сай келеді://

Қызыл жалпақ теміреткі ,буллезді түрі//


+Вульгарлы (тұрпайы) күлбіреуікше//

Буллезді пемфигоид//

Белдеме теміреткі//

Көптүрлі жалқықты қызарма

***

Жасы 38-дегі ер адам, мамандығы жоғарғы вольтті электр желісінде монтаждаушы. Дәрігер стоматологқа еріндер жиегінің құрғауына, ысып күйетініне, қабыршақтанатынына шағымдана келді. Қарап тексергенде: екі еріндер жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабыршақтармен жабылған, екі езуіне жақын ұсақ тіліктер байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы бұл клиникаға неғұрлым сай://

Еріннің жапырақтана қабынуы//

+Еріннің күн райы әсерінен қабынуы//

Манганотти хейлейті//

Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы//

Еріннің актиндік қабынуы

***

18-дегі жігіт тілінде жаңа белгісіз құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындатқанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің оң жақ бүйір бетінде сопақ пішінді, ені 8,0 мм, шекарасы анық, қызыл-қошқыл түсті көтеріңкі орналасқан эрозиялы ошақ анықталды. Эрозия табанында тығыз консистенциялы және эрозия ошағынан көлемдірек инфильтрат анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, бірақ ауырмайды. Төменде келтірілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен аурудың сараптамалы диагностикасы жүргізіледі://

Обыр жарасы//

Созылмалы зақымдық жара//

Туберкулезды жара//

Ауыздың қайталама афталы қабынуы//

+Ауыздың жедел герпестік қабынуы

***

Дәрігер стоматологқа жасы 24 -тегі жігіт аузының ішінің қатты ашып ауыратынына, ас қабылдау мүмкіндігі жоқтығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына (галитоз), дене қызуының көтерілгеніне шағымданып келді. Екі апта бұрын жоғары тыныс жолдары инфекциясымен ауырған. Дәрігерге көрінбеген, халықаралық жүк таситын машинаның жүргізушісі. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ азу тістері аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпардың және ұрттың кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, қоңыр-сұр, сұр -жасылдау түсті өліетті қақпен жабылған. Қақты ептеп алып байқағанда астында эрозиялы-жаралы ошақтар анықталады. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысына осы клиникалық көрініс неғұрлым сай келеді://

Қызылиектің жаралана қабынуы//

+Қызылиек-ауыздың өлеттеніп жаралана қабынуы//

Пародонттың жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі//

Ауыздың жедел герпестік қабынуы//

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы