Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2366

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тағы дәлел, 2012 жылы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опера театрында сахналануы тарихи маңызды оқиға болды. Қазақ операсы алғаш Батыс Еуропаның театр сахнасында қойылып, қазақ этникалық музыкасы батыс музыкашыларын қызықтырды. Алматы симфониялық оркестрі британдық сазгер К.Дженкинстің бірегей өңдеуімен ұлттық тақырыптағы сюиталарды орындады.

Димаш Құдайберген қазақ өнерін бүкіл әлемге танытты. Қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, , 2018 жылы Қытайда "Жылдың үздік әртісі" премиясының иегері, 2018 жылы Қытайда "Weibo Night" салтанатында "Ең танымал әртіс" жүлдесінің иегері атанған. Әлем мойындаған Димаш Құдайберген – Қазақстан мәдениетін халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әлемге танытқан тұлға.


14 сұрақ

Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алды?
Алғаш рет кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Университеті» құрылды. Қазіргі уақытта тәуелсіздік рухында тәрбиеленген, білімді, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосуда. Еліміздің мектептегі білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығаруға әлеуетті екенін дәлелдеді. Оған еліміздің мектеп оқушы­ларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша рейтингте алғашқы 10 елдің қатарына кіреды
2017 жыл¬дан бастап жастардың жұмысшы кәсіп¬терін тегін алуына мүмкіндік беретін ««Еңбек», «Жас маман» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
2017 жылдан информатика, физика, химия және биология сынды жаратылыстану-математика циклындағы (ЖМЦ) пәндер оқушылардың қалауы және педагогтардың дайындығына байланысты ағылшын тілінде оқытыла бастады.
Педагогикалық корпустың сапалық құрамын жақсарту үшін
2018 жылдан мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Ұлттық біліктілік тестін сәтті тапсырған педагог біліктілігіне байланысты жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы алады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар саны 33,0 мыңға артты.
15сұрақ. «ХV ғасырдың орта кезеңінде қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы Қазақ хандығының құрылуымен тұспа-тұс келді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.



. Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.

Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.

Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті.

16сұрақ жауабы:



«Қазақстан–2030» ұзақмерзімді стратегияның қабылдануы Қазақстанның гүлденген мемлекет құруға ұмтылуының бастамасы болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә, мен бұл пікірмен келісемін. Кез келген мемлекет өз дамуының негізгі бағыттарын айқындап алуы керек. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму Стратегиялық бағдарламасын ұсынды. . Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларына қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген:

1- Ұзақ мерзімді басымдық: ұлттық қауіпсіздік. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз.

2— Ұзақ мерзімді басымдық: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмауға әрекеттер жасалуда.

3-Ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделді.

4-Ұзақ мерзімді басымдық: Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған.
5-Ұзақ мерзімді басымдық: энергетика ресурстары.

Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар
. Өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке бардық.
6-Ұзақ мерзімді басымдық: инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.

Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесті.
7-Ұзақ мерзімді басымдық: негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет.

Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, Қазақстанда басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру, ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру көзделуде.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы ел азаматтарының кемел прагматизмге сүйеніп қана атқара алатын келелі мәселелерді айқындап көрсетті. Бұл ұзақ мерзімді қамтыған, халықтың мүмкіндіктері мен қабілетін толық ескерген, басым бағыттары шынайылыққа негізделген байыпты бағдарлама болып табылады.
17 сұрақ
«Қазақстанда заманауи халықаралық стандартқа сәйкес келетін отандық білім беру жүйесі қалыптасуда»
Мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Оған мынандай дәлелдер келтіре аламын.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы кадрларды даярлау және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру байланыстарын дамыту үшін үлкен маңызға ие болды. Бағдарламаның мақсаты — ел экономикасының басым салалары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау.

1994 жылы алғашқы қазақстандық студенттер АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Францияның жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді. Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастарды мемлекет есебінен шетелде оқыту мүмкіндігі туды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға 14,5 мыңнан астам қазақстандықтарға тағайындалды.

2010 жылы Будапешттегі Еуропа елдерінің білім министрлерінің екінші форумы кезінде Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы түпкілікті шешім қабылданды.
Қазақстан Болон процесінің 47-ші қатысушысы болды, бұл еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі деп танылған бірінші Орта Азия мемлекеті. Қазақстанға кіру туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады.

2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды.

Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Жобаның басты мақсаты- барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыра отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру Жоба шеңберінде жоғары оқу орындарының халықаралық имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобасын іске асыру басталды.


18сұрақ жауабы:

«Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялары сапалы экономикалық дамуға алып келді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін дәлелдер келтіріңіз.
Иә, бұл пікірге келісемін. Себебі кез келген мемлекет өз дамукының негізгі бағыттарын алдын ала айқындап алу керек. Негізгі басымдықтарға сәйкес құрылған жүйелі бағдарламасыз алға қарай дамудың қиынға түсері анық. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кең ауқымды, әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағадарламасын ұсынды. Бул тәуелсіз еліміз тарихындағы мемлекетіміздің жаңару бағытын айқындаған маңызды стратегия болып табылады.

Стратегияда ұлттық қауіпсіздік бірінші орынға қойылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі азаматтардың гүлденіп көркеюі мен жүргізіп жатқан реформамыздың табысқа жетуінің басты кепілі және негізгі басымдық ретінде көрсетілді. Оны қамтамасыз етудің алғышарты қоғамның – ынтымағы мен ішкі саяси орнықтылығы.
«Қазақстан -2030» стратегиясынан кейінгі Елбасы жасаған жолдаулары осы бағадарламаның заңды жалғасы болып табылады.