Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 116
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір курстан осы ТжКБ ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және ТжКБ ұйымдарында орналастырылады.
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) ТжКБ ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған ТжКБ ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ТжКБ ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) ТжКБ ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) ТжКБ ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
6) ТжКБ ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
7) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
8) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
9) ТжКБ басшысының ТжКБ ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
10) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін ТжКБ ұйымының шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылайды;\
11) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
12) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
13) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы ТжКБ ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
15) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
16) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
17) ТжКБ ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
18) талантты жастарды қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. ТжКБ ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және ТжКБ ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
26. ТжКБ ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы ТжКБ ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
28. ТжКБ ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. ТжКБ ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ТжКБ ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған ТжКБ ұйымы үшін - екінші деңгейдегі банкте ашылған шотқа аударылады.
35. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
1) ТжКБ ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдау;
2) ТжКБ ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) дарынды балаларды қолдау;
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
31. ТжКБ ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.