Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 453
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қандай препарат аурудын базисты терапиясында қолданылады?
"
Эстрогенді терапиясы
Калий йодид
Метимазол
Пропранолол
Тирозол +
225 60 жасар ер адамның мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін жеткен. Инфильтраттың бетіндегі тері қошқыл-қызыл, ортаңғы бөлігі көкшіл түсті және бірнеше жыланкөздері бар, одан қою, қан аралас, жасыл түсті іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы 38,50С. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:
Ультродыбыстық ем
Сұйық азотпен күйдіру
Магнито-сәулелі-лазерлік ем
Анилин бояуымен өңдеу
Хирургиялық ем, антибиотик +
226 "50 жасар әйел 2 апта бойы созылмалы пневмониясының асқынуына байланысты ішке доксициклин қабылдаған. Осы мерзімнің аяғында ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдерді түйсінді. Стоматологқа қаралды, ол жуып шаю тағайындады. Жағдайы жақсармады, сол себепті дерматологқа бағытталды. Объективті. Тілдің бетін толық жапқан ақшыл-сұрғылт түсті өңез, жиегінде тап сондай дөңгелек пішінді ошақ, көлемі 0,5х0,5 см. Бойлық және кейбір көлденең жолақтар, сондай-ақ тегіс, емізікшелерінен айырылған қызыл түсті тілдің беті көзге түседі. Қосымша ауыруларынан созылмалы гастрит, сусамыр. Берілген диагноздың қайсысы дұрыс:
"
Кандидоз +
Кокцидиоидоз
Екіншілік мерез
Карапайым пемфигус
Кызыл жазық теміреткі
227 40 жастағы әйел көзінің айналасындағы ақ дақтарды кетіру мақсатында келді. Науқастың айтуы бойынша осы симптомдар бір жыл бұрын ыстық мемлекетте дем алғаннан және жүйке күйзелісінен кейін пайда болған. Аутоиммунды тиреодит диагнозымен тізімде тұр. Қарау кезінде: екі көзінің жоғары және төменгі қабағында симметриялық орналасқан депигментацияланған дақтар айқын тегіс жиектерімен. Кірпіктері мен қабақтары өзгермеген. Осы жағдайдың патогистологиялық негізінде не жатыр?
фибробласттар ыдырауы
гамма-глобулин синтезінің бұзылысы
меланоциттердің мөлшерінің жоғарлауы
коллаген синтезінің жоғарлауы
меланин синтезінің бұзылысы +
228 Жеке медициналық орталықтың дерматолог дәрігеріне 29 жастағы әйел шашының жұқаруына, айқын гипергидрозға шағымданып келді. Ауырғанына 1 жыл болған, бір уақытта жылағыштық, мазасыздық, ұйқысыздық, салмақ тастау (10 кг) пайда болған. Жергілікті статус: тері жамылғылары ылғалды, сұрғылт реңкті, алақан және табан терісі алқызыл түсті. Қарау кезінде шаштары тұтқыр, сынғыш, фолликулалары кеңейген, терісі бұдыр, апельсин қабығындай. Осы науқасқа қандай қосымша тексеру әдістерін тағайындаған жөн?
кіші жамбас мүшелерін УДЗ
қалқанша безі гормондарына анализі +
аллергендерге анализ
бауыр сынамаларға анализ
түрік ершігінің рентгені
229 Терілік-венерологиялық аурухананың дерматологына 27 жастағы В науқас алақан мен табанының терісінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Қарауда алақан және табан терісінде іркілісті-қызыл түсті көптеген дақтар, домалақ пішінді, диаметрі 1-1,5 см шамасында. Бірақ элементтерді пальпациялауда тығыз инфильтрация айқын. Жыныс мүшесінің терісінде тыртық бар, тыртықтың пайда болу уақытын және себебін білмейді. Ретсіз жыныстық қатынасқа түседі, үйленбеген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
алақан-табан псориазы
дисгидротикалық экзема
алақан микозы
кәсіптік экзема
екіншілік өршімелі сифилис +
230 10 жасар қыз, 3 күннен бері ауырған, бірінші күні 7-қабыртқарарлық нерві маңының , денесінің солжақ бүйірлік беткейінің ауырғанына, шаншығанына, қышығанына және ашығанына шағымданған. Жалпы дімкәстік байқалған. Екінші күні терісінің қызаруы фонында везикула (сулы бөртпе) пайда болған, топтасуға бейім. Бөртпе жылдам дамуға бейім, өлшемі 0,3—0,5 см, мөлдір сұйықтық толы және бірігуге бейім. 4 күн бұрын суықтаған. Қандай диагноз қоясыз?
аллергиялық дерматит
атопиялы дерматит
қышымы
Herpes zoster +
жанасу дерматиті
231 4 жасар ер бала, бірлі-жарым папулалы элементтер түріндегі бөртпе пайда болғанына шағымданады, саны 5, негізінен бетінде, көз аймағында орналасқан. Ауру бетінде бір түйін пайда болумен дамыған, сосын қысқа уақыт ішінде түзілімдер көбейген. Папула ақшыл түсті. Түйіннің орта бөлігі шамалы батыңқы. Түзілімнің өлшемі 1 мм-ден 0,5 см-ге дейін. Папуланы қысқышпен басқанда түйіннің ортасынан ақ масса шығады, консистенциясы жағынан ірілеу. Қандай диагноз қоясыз?
аллергиялық дерматит
атопиялы дерматит
контагиозды моллюск +
себореялы дерматит
жанасу дерматиті
232 Тері-вендиспансерге 15 жасар жасөспірім түсті, жыныстық мүшесі мен оңжақ шап аймағында ойықжараның пайда болғанына шағымданады. Ойықжаралар екі апта бұрын пайда болған. Ойықжара пайда болмастан екі ай бұрын бейтаныс қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Тексеріп қарағанда: жыныстық мүшесінің денесінде оңжағында дөңгелек формалы, өлшемі 1×1,5 см ойықжара бар, ауырмайды, сарғыш өңезбен қапталған, ойықжараны пальпациялағанда тығыз инфильтрат анықталды. Оңжақ шап аймағында — 1×1 см өлшемді ойықжара, дөңгелек формалы, геморрагиялық қабықшамен қапталған, негізі тығыз. Шаптың солжақ лимфатүйіндері өлшемі 1×1,5 см дейін үлкейген, тығыз-серпінді консистенциялы, ауырсынбайды, қозғалмалы. Вассерман реакциясы теріс. Қандай болжалды диагноз қоясыз?
серонегатив бiрiншiлiк мерез +
серопозитива бiрiншiлiк мерез
үшіншілік мерез
жаңа салдарлық мерез
жасырын салдарлық мерез
233 Дерматологтың қабылдауына 36 жастағы әйел, тұмаумен ауырғаннан кейін, кеудесінің бүйір бетінде қызарған, ісінген фонда қышу, күйдіру сезімімен қабаттасқан, көпіршікшелер пайда болған. Бөртпе қабырғааралық аралық жүйке жолдарында орналасқан. Бірнеше күн бұрын ошақта қою қоңыр түсті қабықтар түзілді және тыныштықтада, қозғалыстада мазалайтын ауру сезімі пайда болады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Жай теміреткі
Белдеулі теміреткі (Herpes zoster) +
Вульгарлы пемфигус
Герпетиформды Дюринг дерматозы
Буллезді эпидермолиз
234 "Дәрігерге 28 жасар ер адам күнге күйгеннен кейін мойынның және денесінің жоғарғы бөлігінде пайда болған көп мөлшерде көлемдері әр-түрлі пигментті дақтардың пайда болуына шағымданумен қаралды. Объективті: сүт қосылған кофе түстес, әртүрлі пішіндегі, көлемдері бетінде кебекті қабыршықтары бар дақтар. Берілген диагноздың қайсысы дұрыс:
"
Токсидермия
Рецидивті мерез
Себореялық дерматит
Розовый лишай Жибера
Кебекті теміреткі +
235 Дерматологқа 42 жасар В науқас денесіндегі және аяғы мен қол терісінде теріден көтеріңкі, қышитын бөртпелік элементтердің пайда болуына шағымданады. Элементтер бірнеше сағат бұрын пайда болған. Қарау кезінде қызғылт-ақ түсті тегіс беткейлі, тығыз консистенциялы түзілістер көрінеді. Науқас көрішісінің итіне қарағаны белгілі болды. Емдеу әдісін көрсетіңіз:
антигистаминді және десенсибилизациялаушы препараттар +
антимикотикалық заттар
қарапайымдыға қарсы өңдеу
вирусқа қарсы ем
энтеросорбенттер, қышынуға қарсы ем
236 10 жасар балада балтырларында бөртпе пайда болды. Тексеріп қарағанда: балтырларының терісінде патологиялық процесс гиперемияланған негізде 3-5 мм диаметрлі пустулалар түрінде, шамалы ауырсындырады. Қандай зертханалық тестілер диагнозды растайды?
теріде зеңді анықтау үшін микроскопиялық талдама жасау
қышыма кенесін анықтау үшін микроскопиялық талдама жасау
стафилококқа теріні бактериологиялық талдама жасау +
теріні гистологиялық тексеру
атипиялы жасушалар таңбасына сүртінді алу
237 22 жастағы әйел ішінің төменгі жағы ауыратынына, кіші дәретке жиі шығатынына, кіші дәретке шыққанда ашитынына шағымданады. Симптомдар сақтанбай жыныстық қатынасқа түскен соң пайда болған. Объективті: үрпінің қызаруы, ісінгені байқалады, көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді, кіші дәретке шыққанда ашып ауырады, жатыр мойнағының іншектік бөлігі қызарған, цервикальдық каналдан көп мөлшерде іріңді шығынды бөлінеді. Болжалды диагноз:
гонорея (соз) +
хламидиоз
кандидоз
трихомониаз
гарднереллез
238 60 жастағы науқасты бір апта бойы сол жақ тұсы қатты ауырып мазалайды. 3 күн бұрын дене қызуы 38,0 с дейін көтерілген, қолтықастында бөртпе пайда болған. Қарау барысында кеуде қуысының сол жақ бөлімі бесінші қабырғаасты терісінде негізі ісінген бірнеше ұсақ көпіршіктер анықталды. Болжамды диагноз:
Атопиялық дерматит.
Стрептодермия.
Стафилодермия.
Псориаз.
белдік (опоясывающий) лишай. +
239 Әйел адам 32 жаста, баспа (ангина) ауырғаннан кейін пальпация кезінде ауратын, жартылай шар тәрізді, тығыз, жаңғақ тан кептер жұмыртқасы көлеміне дейінгі мөлшерде, теріден шығыңқы көрініп тұратын, ашық-қызыл түсті түйіндер пайда болған. Орналасатын жері - негізінен балтыр (жіліншік) аймағында, бірең-сараң жамбаста бар. Дене температурасының 38,5 С дейін жоғарлауы байқалады. Болжамды диагноз:
Түйінді эритема. +
Экзема.
Жибер қызғылт лешайы.
Токсикодермия.
Почесуха.
240 Ұл бала 11 жаста, ауруханаға буындарындағы ұшпалы ауру сезіміне, азырақ физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүрек тұсының жаншып ауруына шағымданып келді. 2 апта бұрын іріңді ангинамен ауырды. Объективті: жіліншік-табан табан буынының ісінунен бала пассивті. Жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасы солға ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Жіліншік-табан буыны ісінген, ұстап тексергенде ару сезімі бар. Кеудесінде ашық-қызыл бөртпелер, пальпацияда ауырмайды.ЭТЖ – 28 мм/сағ, лейкоциттер – 11 х109 /л, фибриноген – 6,4 г/л, АСЛ-О 1:750 бір. Балада қандай теріге тән белгілері пайда болды?
Жүзік тәрізді эритемалар +
Буллезді бөртпелер
Розеолдар
Петехиальды бөртпелер
Есекжем
241 Қыз бала 8 жаста, физикалық жүктемеден кейінгі тізе буындарының тізе буындарының ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анасының айтуы бойынша ангина және ЖРВИ -мен жиі ауырады. Бала таңертең төсегінен тұрмайды, түскі уақытқа дейін төсекте қалғысы келеді. Қарап тексергенде: саусақ буындарында ісінумен дефигурациялар көрінеді, қимыл қозғалысы шектелген, саусақ қысу симптомы оң. Оң жақ тізе буыны ісінген. ЖҚА: – эритроциттер - 3,5 млн, Нв - 122 г/л, лейк – 10 мың, Лф - 35%, эозинофилдер-1%, моноциттер -2%, тромбоциттер – 360 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ, СРБ - оң. РФ - теріс. АНА - оң. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Жедел ревматикалық қызба
Ювенильді идиопатиялық артрит +
Рейтер ауруы
Стрептококктан кейінгі артрит
Жедел бруцеллез
242 Қыз бала 14 жаста, шағымдары жүрек тұсының шаншып ауруы, тізе буындарының ісінуі, дене қызуының 38,5 С жоғарылауы. Анамнезінен: бала кезінен ангинамен жиі ауырған. 7 жасында шынтақ және оң тізе буындары ісінді, тремор және фебрильді қызба аясында аяқ-қолдардың еріксіз қозғалысы пайда болған. Бұл жағдайының нашарлауы 2 апта аясында кезекті ангинамен ауырған соң пайда болды. Объективті: тізе буындарының артриті. Аускультацияда: 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ 110 рет минутына, пульс 110 рет минутына, ритм дұрыс. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы қыз балада дамуы мүмкін?
қайталамалы ревматикалық қызба +
екі жақты пневмония
белгісіз генезді қызба
жедел ревматикалық қызба
ревматикалық емес миокардит
243 Қыз бала 13 жаста, жүрек аймағындағы жайсыздыққа және ауру сезіміне, қолдарының дірілдеуі, дене қызуының 39,0 С көтерілуі. Әкесінің айтуынаша бір ай алдын іріңді ангинамен ауырды,. Кейіннен анасы қызының жазуының өзгергенін байқаған, бет бұлшық еттері дірілдеуі және саусақтарының треморы. Объективті: жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасы солға 1,0 см-ге ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шу жүрек ұшында есітіледі. ЖҚА: ЭТЖ-45 мм/сағ, лейкоциттер- 11 мың, фибриноген – 8,0 г/л, антистрептолизин «О» 1:850 бірлік. ЭКГ-ритм ырғақты, ЖСЖ-100 рет минутына, артриовентрикулярлы блокада 1 дәрежесі. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Жүйелі қызы жегі, полиартрит, кардит НК І
Жедел ревматикалық қызба, кардит, кіші хорея, НК І +
Қайталамалы ревматикалық қызба, митральды клапан жеткіліксіздігі, НК ІІ А
Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу түрі. НК І
Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, НК І
244 11 жастағы қыз оң жақ тізе буынында, сол тізе буындарында ауырсыну мен қозғалыстың шектелуіне, дене қызуының 40 градусқа дейін жоғарылауына шағымданады.Анамнезінен: бала кезінен жиі ангиналар, соңғы эпизод 1 ай бұрын салқындағаннан кейін болған.Анасының айтуы бойынша қыздың жазуы бір апта бойы өзгерді және ұмытшақ болып барады. Объективті: зақымданған буындардағы артрит, шынтақ буындарының үстіндегі ауыру сезімсіз түйіндер.Жүректің салыстырмалы тұйығы ұлғаймаған. Аускультацияда: жүрек тондары анық, шу жоқ. Дене қызуы- 38,7 градус. ЖҚА: JIейкоциттер- 11* 109/л, гемоглобин- 123 г/л, СОЭ 40 мм/сағ. РФ –теріс, СРБ – 41 мг/мл. ЭКГ- ырғақ синусты, ЖСЖ 88 рет минутына, ЖЭО вертикальды. ЭхоКГ патологиялық жағдай анықталмайды. Екіншілік бицилинопрофилактиканың бұл жағдайдағы дұрыс схемасын көрсетіңіз?
Соңғы эпизодтан кейін 5 жылдан соң немесе 40 жасқа дейін.
Өмір бойы профилактика
Соңғы эпизодтан кейін 10 жылдан соң немесе 21 жасқа жеткенше +
Соңғы эпизодтан кейін 5 жылдан соң
18 жасқа дейін
245 8 жастағы баланы стационарға ауыр жағдайда жеткізді, анасының айтуы бойынша бала тізе, шынтақ және иық буындарының ауыруына шағымданады, одан кейін бөртпелер, 39,8 градусқа дейін қызба пайда болды. Анамнезінен: жедел ауырды, 2 апта алдын артралгия пайда болды, мойын аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайды, кешеден бері бөртпелер мен қызба пайда болды. Қарап тексергенде: "бүлдірген тәрізді" тіл (сурет), конъюктиваның гиперемиясы, ерінің құрғауы және гиперемиясы, кеуде де және аяғында полиморфты бөртпелер, мойын артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Табанында ісіну. Объективті: жүрек шекарасы үлкейген, тондар тұйықталған, ұшында систолалық шу. ЖҚА: Hb – 115 г/л, лейкоциттер – 12 х109/л, тромбоциттер – 410х109 /л, ЭТЖ – 42 мм/сағ. СРБ – 32 мг/мл, АНА – теріс, АСЛ-О – 100 МЕ/л. ЭКГ: ишемия белгілері. Қандай диагноз болуы мүмкін?