Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 445

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


геморрагиялық васкулит

жүйелі қызы жегі

жедел қызы жегі

түйінді приартерит

Кавасаки ауруы +

246 Ұл бала 10 жаста 1 жылдан бері ауырады. Бойына қосқан жоқ, 5 кг арықтады, жиі ақсаңдайды, табанында, тізесінде ауру сезіміне және көру нашарлағанын айтады. Объективті: тізе буындарының екі жағынан да дефигурациясы, бұлшық еттерінің атрофиясы. Зерттеу нәтижелері: НЬ -121 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ - 23 мм/сағ. РФ – 10 МЕ/л, СРБ – 5 мг/л, НLА В27 оң. Қандай емдеу әдісі бірінші кезекте оптимальды болып табылады?

сульфасалазин

СЕҚҚП +

антибиотики

лефлунамид

ГКС- мен жергілікті терапия

247 13 жасар қызда мұрын бітелуі байқалады, жиі түшкіреді. Осы шағымдар жазда пайда болады: шілде мен тамызда, кей кезде конъюнктивит қосылады. Базалық патогенетикалық терапияда қандай препарат тиімді?

Клемастин пероральды

Мебгидролин пероральды

Бетаметазон интраназальды +

Ксилометазолин 0,05% интраназальды

Кромоглицин қышқылы интраназальды

248 8 жасар қызда тері жабындыларының, сірлі қабаттардың бозаруы, әлсіздік, бас айналуы, тәбетінің төмендеуі байқалады, өткір иістер ұнайды, шикі қамырды жегенді ұнатады. Терісі құрғақ, езулері «желінген», глоссит. Жүрек тондары айқын, жүрек ұшында қысқа систолалық шуыл. Тексеру нәтижелері: сарысулық темір - 9,5 мкмоль/л, ферритин 25 нг/мл, эритроциттер 2,3х1012/л, гемоглобин 80 г/л, ТК 0,7; ретикулоциттер 4%. Қандай терапия қажет?

Пероральды полимальтоздың темір (III) гидроксиды +

Парентеральды темір оксидының сахараты

Рекобинантты эритропоэтн альфа

Дарбэпоэтин альфа

Эпоэтин бета

249 16 жастағы қыз бала жасөспірімдердің артериалды гипертензиясы диагнозымен 2 жыл көлемінде үздіксіз 10 мг/тәулігіне дозасымен эналаприл қабылдайды. Эффекты жақсы. Бірақ соңғы 2 ай көлемінде ұстамалы құрғақ жөтел пайда болды. Терапияға коррекция жасаңыз.

Эналаприлдың дозасын азайту

Эналаприлды каптоприлге алмастыру

Эналаприлды лозартанға алмастыру +

Эналаприлды қалдыру, ацетилцистеин қосу

Эналаприлды қалдыру, амброксолмен ингаляция қосу

250 8 айлық ер балада демікпе, ұзақ уақытты, көбінесе ұйықтап жатқанда болатын жөтел, әлсіздік, жиі суық тиіп аурулар бар. Бала сабырлы (спокойный), аз қозғалады, күйлі (повышенной упитанности). Терісі бозарған, мәрмәрлі суретпен. Температурасы 36,0 С. Тыныс жиілігі 45 рет 1 минутта. Перкуторлы - өкпе үстінде өкпелік дыбыс, аускультативті - везикулярлы тыныс. Қан анализінде: ЭТЖ 5 мм/сағ., лейкоциттер 5,2*109/л, лимфоциттер 83%, эозинофилдер 4%. Кеуде торы ағзаларының рентгенограммасы (суретті қараңыз). Аталған диагноздардың қайысысы болуы мүмкін?


Тимомегалия +

Жедел бронхит

Оң жақтық эмфизема

Жүректің туа біткен ақауы

Жедел оң жақтық пневмония

251 7 жастағы балада температура 39,5 С, қатты жөтел бар. Тыныс жиілігі 30 рет минутына, әлсіз, кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі жасалды (суретті қараңыз). Аталған диагноздардың қайыссысы дұрыс?

Жедел бронхит

Оң жақтық эмфизема

Сол жақтық пневмоторакс

Сол жақтық крупоздық пневмония +

Оң жақтық ошақты пневмония

252 Балаға 10 ай. Дефицитті анемия диагнозымен педиатр бақылауында тұрады, темір препараттарын қабылдайды. 3 айынан бастап мөлшері 1000 ХБ (МЕ)/тәулігіне болатын Д дәруменін қабылдайды. Баланың ем-дәмінде (диета) ботқалар, картоп пюресі басым, анасы еттен жасалған пюре беруге тырысады, бірақ одан бала бас тартады. Қарау барысында - маңдайлық және төбелік бұдырлар, «айқын» қабырғалар, білегінде «білезікшелер». Зерттеу кезінде - гемоглобин 107 г/л, ТК 0,75; 25(ОН) Д дәрумені - 25 нг/мл; Фосфор -1,0 ммоль/л, кальций – 2,2 ммоль/л. Несеп талдамасында – лейкоциттер 4-5 көру алаңында, фосфаттар +++. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

Д гипервитаминозы

Д дәрумені жеткіліксіз мешел (рахит), бастапқы кезеңі

Д дәрумені жеткіліксіз мешел (рахит), өршу кезеңі +

Д дәрумені резистентті мешел (рахит)

Д дәрумені резистентті емес мешел (рахит)

253 16-28 апталарында жүктіліктің үзілу қауіпі болған. 2-ші жүктіліктен туған ер бала. Гестационды диабеті бар анаға 32-34 апталарда кесарь тілігі жасалған. Апгар шкаласы бойынша 5 балл. Объективті: цианоз, ыңырсыған дем шығару, кеуде торының ішке қарай ойысуы, тахипноэ, мұрын қанаттарының желпілдеуі, оттегі сатурациясының төмен деңгейі, өкпедегі тыныстың әлсіреуі, ауызынан көпіршікті бөліндінің шығуы. Сіздің жасауыңыз керек негізгі іс-шаралар?

ҚЖА (ОАК), кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, қанның бактериологиялық зерттеуі +

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, нейросонография, іш қуысы ағзаларының УДЗ, қанның бактериологиялық зерттеуі

TORCH инфекциясына зерттеу, қанның бактериологиялық зерттеуі

ҚЖА (ОАК), қанның бактериологиялық зерттеуі, кеуде қуысы ағзаларының КТ-сы

ҚЖА (ОАК), қышқыл-сілтілік құрамды, глюкоза деңгейін анықтау

254 5 күндік ер бала. 22-24 апталарында жүктіліктің үзілу қауіпі болған. I жүктіліктен, 36-шы аптада туған. Туған кездегі салмағы 2100 гр, бойы 45 см. Апгар шкаласы бойынша 5-6 балл. Демікпе, бұлшықет гипотониясы, әлсіздік, үлкен еңбегінің ісінуі, температурасының тұрақсыздығы, жай кездегі мұрын-ерін үшбұрышының цианозы бар, емшектен бас тартады. Терісі және көзге көрінетін сілемейлері бозғылт-сұр түсті. Екі жақтан да төменгі бөлімдерде тыныс алуы әлсіреген. Жүрек тондары тұйықталған. тахикардия. Кіндіктен іріңді бөлінділер бар.



Іріңді омфалит

Екіжақты құрсақішілік пневмония (внутриутробная пневмония)

Жетілмей туылған баланың склеремасы

Сепсис, септикопиемия +

Сепсис, септицемия

255 4 жастағы бала ауыр жағдайда. Жиі құрғақ жөтел, сырылдаған тыныс алу, әлсіз, температурасы 39,3°С, тыныс жиілігі 38 рет 1 минутта, мұрын қанаттарының тырысуы, кеуде торының оң жағының төменгі бөлімінде қабырғааралықтардың тартылуы. Қатты тыныс алу фонында екі жақтан да құрғақ сырылдар, ал кеуде торының оң жағында әлсіз тыныс алу фонында - ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. ҚЖА (ОАК): ЭТЖ - 33 мм/сағ., лимфоциттер 38%, лейкоциттер 19,7*109/л, таяқша/яд 9%, сег/яд 42%. Осы аурудың диагностикалау үшін ең ықтимал әдісі қандай?

Спирометрия

Бронхоскопия

Пневмотахография

Кеуде торы ағзаларының КТ-сы

Кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы +

256 5 жасар ер балада 3 айлық кезеңінен бастап жиі болатын бронхиттер мен Ps.aeruginosa бөлінуі бар рецидивирлеуші пневмониялар байқалады. Соңғы 6 ай бойы дәстүрлі емге рефракторлы бронхиальды демікпе пайда болған. Тұрақты жөтел, 2 деңгейлі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік, «қуыршақ» беті, кеңейген, кеуде торы бөшкетәрізді деформирленген, үлкен, іші кепкен. Өкпенің барлық беткейінде ұсақ және орта көпіршікті сырылдар естіледі. Копрограмма: нәжісі майлы, жылтыраған, көп мөлшерде нейтральды майы бар. Аталған диагностикалық іс-шаралардың қайыссысы диагнозды нақтылау үшін қажет?

Екі рет қан сарысуындағы Ig A

Екі рет қан сарысуындағы Ig Е

Ирригоскопия/ирригография

Кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі

3 рет тер сұйықтығындағы хлоридтерді анықтау +

257 11 айлық қыз бала. 6-8 апта көлемінде дәнді ботқа (злаковая каша) түрінде қосымша тамақ берген соң тәбетінің төмендеуі, метеоризм, көп мөлшердегі болатын сасық иісті сұйық нәжіс, ішті пальпациялаған кезде болатын ауырсыну, іш көлемінің үлкеюі, бұлшықет гипотониясы, әлсіздік, немқұрайлылық, остеоидты гиперплазия белгілері пайда болды. Салмағы 7800, туған кездегі салмағы 3500. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

Целиакия +

Муковисцидоз

Экссудативті энтеропатия

Дисахаридазды жеткіліксіздік

Ішектің микробиотасының бұзылысы

258 15 жасар ер бала қыжылға, тамақтанған соң ауа кекіруге, кей кезде болатын дисфагия мен одинофагияға, тамақтанған соң төс артындағы ауырсыну сезіміне шағымданды. ФЭГДСте: өңештің төменгі үштен бір бөлігінде гиперемия, сілемейдің босаңсып-жұмсаруы, бірлі-жарым эрозиялар, анықталды, кардиясы үңірейіп тұр. Асқазан мен он екі елі ішектің сілемейлі қабаты қызғылт. Аталғандардың қайыссысы терапияның 1-ші кезеңінде (терапия 1 линии) қажет?


Ранитидин

Домперидон

Омепразол, фамотидин +

Висмуттың трикалий дицитраты

Магний гидроксиды мен алюминий гидроксиды

259 12 жастағы бала сопор жағдайында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне таңғы сағат 6 да түсті. Соңғы уақытта анасы баласының әлсіздігін, арықтауын, кей кездегі жүрек айнуы мен іштегі ауырсыну сезімдерін, көп су ішетінін және әжетханаға жиі баратынын байқаған. Қан талдамаларында - гемоглобин 125 г/л, лейкоциттер 7,9 *109, ЭТЖ 12 мм/сағ., жалпы ақуыз 65 г/л, глюкоза 12,5 ммоль/л, калий 3,5 ммоль/л, несепнәр (мочевина) 6,9 ммоль/л. НЖА (ОАМ) – салыстырмалы тығыздығы 1030, ақуыз – теріс, глюкоза 2,9, кетондық денелер +++, эритроциттер 2-3 көру алаңында, лейкоциты 4-5 көру алаңында. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

Қантты емес диабет

Бүйректік глюкозурия

Гметуриялық синдром

1 типті қант диабеті, аутоиммунды, 3 дәрежелі кетоацидоз +

1 типті қант диабеті, идиопатиялық, 2 дәрежелі кетоацидоз

260 Балға 5 ай. 2 ай бұрын басқа елден көшіп келген. Салмағы 4050, бойы 52 см болып 42-ші аптада туылған. Босану үйінде меконий кеш кеткен. Анасы баланың тәбетінің төмендігіне, жұтынудың қиындауына, метеоризмге, іш қатуларына шағымданады. Қарау кезінде дене салмағы 5600 г, бойы 60 см, тері жабындыларының құрғақтығы, бозғылттығы және түлеуі, алақан мен табандарының суық болуы, беті мен қабақтарының ісінуі, шаштарының сынғыш, құрғақ, өңсіздігі байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

Долихосигма

Ахондроплазия

Гипопитуитаризм

Нефротикалық синдром

Туа пайда болған гипотиреоз +

261 13 жасар қыз балада бас ауыруы, іш ауыруы, тізе және сирақ-табан буындары ауыруы пайда болған; жөтел, бетінде «көбелек» тәрізді бөртпелер пайда болған. Объективті: АҚ 135/90 мм.с.б.б., өкпеде ылғалды, таралған сырылдар, бауыры +2-2,5 см-ге қабырға доғасының астынан шығып тұрады. Лабораторлы: гемоглобин 88 г/л, эритроциттер – 3,9*1012 г/л, тромбоциттер 90*109, ЭТЖ - 58 мм/сағ.; несеп анализіндегі ақуыздар 1,2 г/л. Аталған зерттеу әдістерінің қайыссысы диагнозды нақытлау үшін қажет?

Бындардың рентгені

Электроэнцелография

Фиброэзофагогастродуоденоскопия

Шумақтық фильтрация жылдамдығын анықтау

Антинуклеарлы антиденелерді анықтау, қосспиральды ДНКға антиденелерді анықтау +

262 2 жастағы баланы 2 күн бойы терінің сарғаюы мен шаршау алаңдатады. Бір апта бұрын суық тигеннен кейін мұрын су ағуы болды. Жаңа туған нәрестелік сарғаю бойынша бес күндік курсты аяқтады. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Объективті - терінің және конъюнктива сарғаюы. Көкбауыр қабырға доғасынан 3 см төменде пальпацияланады. Hb - 98 г/л, эритроцитте гемоглобиннің орташа концентрациясы (MCHC) 38% құрайды. Кумб тесті теріс. Жағындыда: (суретті қараңыз). Қандай асқыну ықтималдығы жоғары?


Жедел миелогенді лейкемия

Плуммер-Винсон синдромы

Остеомиелит

Холецистит +

Скелеттік деформациялар

263 6 күндік нәрестенің анасы бір күн ішінде оның терісі мен көзіндегі сарғаю жөнінде жүгінді. Анасы ұлын күніне 7 рет тамақтандыратынын хабарлайды. Кеше ұлында 2 сулы жаялық және екі нәжіс болған. 38 апталық жүктілік кезінде туылған және 3500 г салмағы болған; қазіргі салмағы - 3000 г. дене қызуы -37С, пульс - 180/мин, АҚ - 75/45 мм с.б.б., склера сарғыштануы, кең таралған сарғаю, құрғақ шырышты қабықтар. Қанда - жалпы билирубин 153,8 мкмоль/л, тікелей емес билирубин - 11,96 мкмоль/л, АСТ - 15 б/л. Төмендегілердің қайсысы осы науқасты жүргізудің келесі кезеңіне сәйкес келеді?

Көктамыр ішіне иммуноглобулинді енгізу

Фенобарбитал тағайындау

Емізу жиілігінің арттыру +

Іштің ультрадыбыстық зерттеуі

Фототерапия

264 9 жасар бала соңғы 10 күн ішінде жұтыну кезінде кезінде аузында ауырсынуға және күдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 3 аптада әлсіздік пайда болды. Әкесінде 30 жаста өт тастарына байланысты холецистэктомия жасалған. Объективті - дене қызуы 37,7 ° С, пульсі 105/мин, АҚҚ - 110/65 мм с.б.б., ЖСЖ - 28/мин. Шырышты қабаттардың ісінуі, склераның орташа сарғаюы, ісінген қызыл тіл. Қанда - Hb - 98 г/л, MCV 102 мкм3, ретикулоциттер 0,4%; орталық қуысы жоқ эритроциттер. Науқастың шағымының алдын алу мүмкін еді?

Фолий қышқылын тағайындау +

Холецистэктомия

Глютенсіз диета

Пневмококтарға қарсы егу

РР витаминін инъекциялау

265 14 жасар қыз бірнеше айлар бойы қайталанатын мұрыннан қан кетулерге шағымданады. Эпизодтар кенеттен пайда болады, егер еңкейсе және басын алға еңкейтсе бірнеше минуттан соң тоқтайды. Етеккір тұрақты, көп мөлшерде, аралығы 27күн. Соңғы етекікр оралымы 3 апта бұрын болды. Қанда – Hb 110 г/л, гематокрит 34%, лейкоциттер 7000/мм3, тромбоциттер 180 000/мм3, протромбинді уақыт13 сек, жартылай тромбопластинді уақыт 45 сек, қан кету уақыты 10 мин. Қай диагноз анағұрлым болуы мүмкін?

Тромбоцитопения

Иммунды тромбоцитопениялық пурпура

Тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура

Гемофилия

Виллебранд ауруы +

266 4 күндік жаңа туылған нәресте, тек омырау емеді, туылғанда салмағы 4000г. Анасы нәресте көзінің және терісінің сарғаюы бойынша жүгінді. Зәрі және нәжісі қалыпты. Жүктілік кезінде анасында гестациялық қант диабеті болды. Нәресте ағасында нәрестелік кезеңде сарғаю болған. Өмірлік көрсеткішлер норма шегінде. Бауыр оң жақ қабырға жиегінен 1 см төмен пальпацияланады. Қанда - Hb 170 г/л, ретикулоциттер 0.5%, жалпы билирубин 212 мг/л, тура билирубин 20мг/л, жанама билирубин 191 мг/л, Кумбс тесті - теріс. Ауруды басқаруда не анағұрлым орында болып табылады?