Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 449
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Иммуноглобулин тағайындау
Омыраумен емізу жиілігін арттыру
Бақылау
Омыраумен емізуді сүтті қоспалармен алмастыру
Жарықпен ем +
267 4 жасар қызда 8 күн бұрын басталған сарғаю күшеюде. Бұрын осындай эпизодтар болған. Әкесі жасөспірім кезеңінде спленэктомия өткерген. Қарауда жеңіл спленэктомия. Қанда: гемоглобин 101 г/л, MCHC 41% Hb/жас., MCV 81 мкм3, тромбоциттер – 250 000/мм3, RDW 16%, ретикулоциттер 11%, ЭТЖ 10 мм/сағ.Қан жағындысында – сфероциттер. Науқастың жағдайын растау үшін қай тест анағұрлым спецификалық болып табылдаы?
Кумбс тесті
Эозин-5-малеимида байланыстыру тесті +
Гемоглобин электрофорезі
Сарысудағы ферритин деңгейі
Осмостық сынғыштық тесті
268 9 жасар бала футбол матчы кезінде басқа ойыншымен соқтығысқаннан кейін пайда болған оң тізедегі ауырсынуға шағымданады. Бірнеше ай бұрын ол тіс жұлғаннан кейін қатты қан кеткен. Қарап тексергенде, оң жақ тізе буынының ауырсынуы және ісінуі. Аяқтардағы әртүрлі сауығу сатыларындағы көгерулер. Көрсеткіштер - тромбоциттер - 235,000 / мм3, АЧТВ (тромбопластиннің жартылай қосылу уақыты) 78 сек, протромбин уақыты - 14 сек, қан кету уақыты 4 мин. Қан плазмасында қандай концентрация төмендеген?
С-реактивті белок
Плазмин
Тромбин +
Фактор VII
Виллебранд факторы
269 16 жастағы бала дәрігерге 3 апта бойы сұйық нәжісі салдарынан келді. Нәжіс тәулігіне 2-3 рет, кейде қан аралас. Іштің спазмдық ауруы, шаршау, 2 кг салмақ жоғалту мезгіл-мезгіл алаңдатады. Объективті - дене қызуы - 37,1°С, пульсі - 82/мин, АҚҚ - 106/68 мм с.б.б., пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінің ауруырсынуы. Нәжіс қ/ж-на теріс. Қанда - Hb - 118 г/л, лейкоциттер 12 400/мм3, ЭТЖ 14 мм/сағ. Колоноскопияда - қабынған, борпылдақ шырышты, эндоскоппен жанасқанда қан кету. Қандай тактика орынды?
5-АСҚ тағайындау +
Фолий қышқылын тағайындау
Иммуноглобуллиндерді тағайындау
Десмопрессин тағайындау
Циклоспориндер тағайындау
270 Бұрын сау болған 4 жасар бала ата-атанысымен алдыңғы апта бойы жалғасқан қызбаға, буындардағы жайылған ауырсынуға және іштегі бөртпелерге байланысты дәрігерге жеткізліді. Ол отбасымен бірге 2 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Балабақшаға барады. Оның екпелері туралы мәліметтер жоқ. Дене температурасы 38,5С, пульс 125соқ/мин., АҚ100/60мм сын.б.б., қарауда - денеде полиморфты бөртпелер, конъюктивит. Тілі жылтыр және қызыл, еріндері жарылған, қолдары және аяқтары қызыл және ісінген, оң жақтық алдыңғы мойындық лимфаденопатия. Ауруды басқаруда қандай келесі қадам ұсынылған?
Эхокардиография +
Антистрептолизин О титрін өлшеу
ANA өлшеу
Вирусты иммуноглобулинді антиделерді талдау
Monospot тесті
271 Ерғали, 9 жаста, төс артының ауырсынуы, аузында қышқыл дәмінің болуы, қыжыл, тәбетінің нашарлауы шағымдарымен түскен. Өзін 1 жылдан бері ауру санайды, өйткені сол кезде жоғарыда аталған симптомдар пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты. Дене тұрқы арық. Терісі бозарған, таза. Ісінулер жоқ. Тынысы везикулалық. Жүрек тондары дыбыссыз, ырғақты. Іші жұмсақ, эпигастралды аймақты, Кера нүктесін пальпациялағанда ауырсынады. Тілін лас-сұрғылт түсті қабық жапқан. Үлкен дәреті тұрақсыз. Сіздің диагноз?
ГЭРА +
Асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық-жаралық ауруы
Өт шығару жолдарының дискинезиясы
Реактивті панкреатит
Өңеш ахалазиясы
272 Сергей, 1,5 жаста, қабылдауда ішінің қампаюына, құрылдауған, ішектің жиі шаншуына, тәулігіне 7-8 ретке дейін болатын сулы, көпіршікті, қышқыл иісті үлкен дәретке, тәбетінің нашарлауы мен динамикада дене салмағының артқанына шағымданады. 11 айында жедел ішек инфекциясымен ауырған. Ферменттер мен биопрепараттар қабылдаған. Әкесі сүтті қабылдай алмайды. Объективті: нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестенің салмағы 8,5 кг, бойы 69 см. Тіндер серпімділігі, терінің эластикалығы нашарлаған. Терісі бозарған. Іші қампайған, пальпация кезінде жуан ішек жолымен құрылдау байқалады. Бауыр жиегі +1,5см, жиектері дөңгеленген, эластикалық. Болжамды диагноз?
Лактазалық жеткіліксіздік +
Жедел ішек инфекциясы
Ойық-жаралық емес колит
Созылмалы панкреатит
Муковисцидоз (ішектік түрі)
273 Алина, 15 жаста, ревматоидты артритке байланысты жүйелі түрде стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СеҚҚП) қабылдайды. Анамнезінде СеҚҚП-индукциялық эрозиялық гастрит. Эрозиялық гастрит дамуы мүмкіндігін болдырмау үшін қандай топтағы препараттарды анағұрлым жиі тағайындайды?
Протонды помпа ингибиторлары +
Н2 гистаминблокаторлары
Антибиотиктер
Антацидтер
Цитопротекторлар.
274 Федор, 13 жаста, табиғаты хеликобактер ойық-жаралық ауру диагнозы анықталған. Эрадикациялық ем өткізілген. Жылдам уреазалық тест арқылы геликобактер эрадикациясының бақылау тиімділігі қашан өткізілуі тиіс?
Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң келесі күні
Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң 2 аптадан кейін
Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң 4 аптадан кейін +
Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң 6 аптадан кейін
Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң 10 аптадан кейін
275 4 жастағы ұл бала тырысуға, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша тырысулар 9 айынан басталған. Невропатологта емделген,тырысуға қарсы препараттар қабылдайды. Бойы 93 см, салмағы 11 кг. Тері жабындылары таза, құрғақ. Шаштың, тырнақтың сынғыштығы байқалады. Тістердің шығуының кеш басталуы. Бір апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қандай зерттеу ЕҢ мақсатқа сай?
Глюкоза
Натрий
Кальцитонин
Кальций +
Тиреостатиктер
276 10 айлық қыз стационарда зерттеуде жатыр. Дәретінің тұрақсыздығы (іш қатулар сұйық нәжіспен кезектеседі), жөтел мен ентігуге шағымдананды. Анамнезінде екі рет этиологиясы анық емес ішек инфекциясы, обструктивті бронхит. Ем нәтижесіз. Қыз дене салмағын аз қосады. Төмен тамқтанған. Жөтел мен физикалық жүктемеде жалпы цианоз. Қолтықасты және мойын арты лимфа түйіндері ұлғайған. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосалқы бұлшықеттер қатысады. Жауырын аралықта перкуторлық дыбыстың қысқаруы, қалған аймақтарада әлсіз қораптық реңді дыбыс. Аускультативті: көптеген әртүрлі колибрлі ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, жиілеген. Бауыры ұлғайған. Ішінің пальпациясында ішек бойымен тығыздалу аймақтары. Дәреті тығыз баған күйінде, жағымсыз иісті, клизмадан кейін ғана болады. Өкпе рентгенограммасында өкпе суретінің деформациясы мен күшеюі. Теріндегі хлоридтер 100ммоль/л. Нәжісіндегі эластаза-1 120мкг/г. Диагноз қойыңыз.
Біріншілікті иммунодефицит
Өкпенің идеопатиялық гемосидерозы
Тітіркенген ішек синдромы
Муковисцидоз, аралас формасы +
Целиакия
277 7 жасар ұл бала. Физикалық дамуда қалысады. Іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге, физикалық жүктемедегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: оң жақ жоғарғы үлесінде локализацияланатын пневмония (1 жасында, 1,5 жасында, 3 жасында, 5 жаста). Ылғалды жөтел мен өкпедегі сырылдармен жиі ЖРВИ. ОБъективті: температура 37,5С градус. Кеуде торы алдыңғы-артқы өлшемінде кеңейген. Перкуторлы қораптық реңмен перкуторлы дыбыс. Өкпеде оң жақтан локалді ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына 20, SaO2 94%. Кеуде торы рентгенограммасында өкпе суретінің ұяшық тәрізді деформациясы. Диагноз құрастырыңыз:
Картагенер синдромы
Өкпенің кистозды гипоплазиясы
созылмалы бронхит
Бронхоэктаз ауруы +
Пневмония
278 Дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылаған, аз өнімді жөтел мен ентігуі, әлсіздігі бар 6 айлық бала дәрігер қабылдауында. Жалпы жайлылық фонында жедел ауырып қалды. Анасының сөзінен емуден бас тартады. Тері жабыны бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының аздаған цианозы. Тынысы қиындаған, сырылдаған. ТАЖ минутына 65. Тыныс алу актіне қосалқы бұлшықеттер қатысады, қабырға аралықтарының ойысқан. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, екі жақтан жауырын асты аймақта ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЖЖЖ минутына 150. Дүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Алдын ала диагноз қойыңыз.
Жедел бронхит
жедел обструктивті бронхит
Жедел бронхиолит
Ауруханадан тыс пневмония +
Экссудативті плеврит
279 Аймақтық дәрігер 6 жастағы баланың шақыруында. Баланы ентігу, қиындаған ысқырықты тыныс мазалайды. Анамнезінде 3 жасқа дейін жиі обструктивті бронхиттер. Қарауда жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Ентігу экспираторлы сипатта, дистантты сырылдар. Тыныс алу актінде қосымша бұлшықеттер қатысуда. Өкпе үстінде екі жақта да құрғақ ысқырықты сырылдар, ТЖ минутына 48 рет. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ 112рет/мин. Балаға шұғыл көмек көрсетіңіз:
тамырішілік эуфиллин енгізу
қысқа әсерлі β2-агонистермен ингаляция +
ингаляциялық кортикостероидтар беру
ұзақ әсерлі β2-агонистермен ингаляция
ауыз арқылы теофиллин беру
280 Аймақтық дәрігерге 2 айлық баланың анасы балада тыныстың 10 секундқа дейін кідірулеріне шағымданып келді. Мерзімі жетілмей 1800г салмақпен туылды. Қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары таза. Өкпеде тынысы пуэрильді, ТЖ 36 рет минутына. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ 132рет/мин. Іші жұмсақ. Нәжісі мен диурез қалыпты. Баладағы тыныс бұзылысының себебін дифференцирлеңіз:
патологиялық апноэ
физиологиялық апноэ +
Вильсон-Микити синдромы
Бронхөкпелік дисплазия
жүректің туа біткен ақауы
281 Б. деген ұл балада, 10 жаста, қаңтардың 10 ауруы дене температурасының 40С жоғарлауымен, басының аурысынуымен, тәбетінің төмендеуімен, бір реттік құсумен, бұлшықет ауырсынуымен жедел басталды. Бір күннен кейін мұрынның бітелуі сияқты катаральды белгілері пайда болды. Ауыз-жұтқыншақта жұтқыншақтық артқы қабырғасы мен бадамшалардың гиперемиясы. Тері жамылғылары боз, бөртпеден таза. Басқа мүшелері бойынша патолгиясыз. Нәжісі мен диурез қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
тұмау +
паратұмау
инфекциялық мононуклеоз
аденовирусты инфекция
микоплазмалы инфекция
282 Балада ЖРВИ-дың 5 күні: дене температурасы 39°С, басының ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ылғалды жөтел, ентігу. Объективті қарау, кеуде клеткасының рентгенографиясы және қақырықты себу пневмококктың бета-лактамазаөндіруші штаммдарымен шақырылған пневмонияны дәлелдеді. Осы клиникалық жағдайдағы этиотропты ем:
азитромицин
ампициллин
ровамицин
клавулан қышқылымен амоксициллин +
феноксиметилпенициллин
283 Бала 1 жаста. Туған кездегі салмағы 3000 гр, бойы 50 см. Бір ай ішінде болған жедел ішек инфекциясының екі эпизодынан кейін балада мазасыздық, ұйқысының нашарлауы байқалады. Дене салмағы 8300. ДСИ (ИМТ) - 17,8. Психомоторлық жетілуі жасына сәйкес. Чулицкая бойынша күйлілік индексы (индекс упитанности Чулицкой) - 15, кіндік аймағындағы теріасты-шел май қабаты 0,9 см-ге жетеді. Қан талдамасында - жалпы ақуыз 55 г/л, альбумин - 48%, гемоглобин 105 г/л, ТК 0,76; Копрограмма: лейкоциты 2-3 көру алаңында, крахмал +, нейтральды май +, бұлшықет талшықтары +. Осы баланың еміне не керек?
Жасына және нағыз дене салмағына (фактический вес) байланысты энтеральды тамақтандыру
Жасына және нағыз дене салмағына (фактический вес) байланысты энтеральды тамақтандыру, ферменттер
Жасына және жеткізілуі керек дене салмағына (долженствующий вес) байланысты энтеральды тамақтандыру, ферменттер, темір препараттары; антидиареиялық препараттар
Жасына және жеткізілуі керек дене салмағына (долженствующий вес) байланысты энтеральды тамақтандыру, ферменттер, темір препараттары +
Жасына және нағыз дене салмағына (фактический вес) байланысты энтеральды тамақтандыру, 10% - венаішілік альбумин. Антибиотиктер, пробиотиктер
284 3 жасар бала ата-анасымен емханада жаңа тіркелген науқас ретінде келді. Тексеру кезінде: өсуі-үшінші ппроцентильде, ал салмағы - бірінші. Сұхбат кезінде ата-анасы баланың мұрын қуысы инфекциялары мен пневмониядан бірнеше рет емделгенін айтты. Олар сондай-ақ, оның үлкен дәреті, әдетте, сұйық, майлы және шырышты деп айтты. Тексеру кезінде бала жиі жөтеледі. Басқа ауытқулар байқалған жоқ. Осы пациенттің диагнозын анықтау үшін төмендегі зерттеулердің қайсысы ең тиімді?
Бронхоскопия
Мұрын қуысы КТ
Трахеядан алынған аспират ортасы
Иммуноглобулиннің сарысулық деңгейлерін өлшеу
Тер хлоридінің тесті +
285 15 жасар қыз алғаш рет қалалық емханаға демікпе және 6-7 жасынан бері кез келген физикалық жүктемеден кейін болатын шаршағыштыққа шағымданып келді. Жиі ЖРВИ. Жасы өскен сайын демікпе мен шаршағыштық сезімі үдей түскен. Соңғы уақытта жүрек жұмысындағы кідіріс сезімін байқайтын болды. Физикалық жетілуі жағынан қалып келе жатыр. Перкуссия кезінде жүрек шекаралары қалыпты жағадайда. Аускультация кезінде төстің сол жағынан екінші-үшінші қабырғааралықта жұмсақ мезосистолалық шуыл естіледі. Осы науқасқа диагноз қою кезінде аталған диагностикалау әдістерінің қайыссысы негізі болып табылады?
ЭКГ
ЭхоКГ +
Жүрек катетеризациясы
Кеуде торы ағзаларының компьютерлік томографиясы
Екі проекцияда кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы
286 Ер бала 13 жаста. Ешқандай шағымдары жоқ. Спортпен айналсады - жүзу. Анасы баласын тексеруге шешім қабылдады, себебі баланың 35 жастағы әкесінде жедел коронарлық синдром пайда болды. Баланың ҚЖА (ОАК), қанның биохимиялық талдамалары, НЖА (ОАМ) - патологиясыз. Төменде баланың ЭКГ-сы көрсетілген (суретті қараңыз). Сіздің қорытындыңыз қандай?
Толық A-V тосқауыл (блокада)
Пароксизмалды тахикардия
Оң қарыншалық экстрасистолия