ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1355
Скачиваний: 28
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.
Ойлау мәдениеті-адамның ақыл-ой қызметінің әдіс амалдарын,нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі.
Көркемдік рефлексия-бейнелеп көрсету,яғни субьектіні психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі былайша айтқанда адам өзін өзі таниды. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
Философия сұқбаттық сипаты - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметін айтамыз.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді
3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі
Сыни ойлау «ойлау туралы ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –
келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз
алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды
қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді
4.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық діни бейнелері.
Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Дүниенің философиялық бейнесі - мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалды бағалаудан туындады.Философия-ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас.Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады,ол ұғым мен пікірге сүйенеді.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1)космоцентризм; 2теоцентризм; 3)антропоцентризм.
Дүниенің діни бейнесі - пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-құдіретке балағанын көрсетеді. Үш ірі дүниежүзілік дін бар: буддизм, христиан, ислам діндері. Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.
5.Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
6.Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю[1][2][3]) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс
, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады.[4][5] Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар[6][7] ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.[8][9][10]
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?"[11][12][13] Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?",[14] "Адамда еркін ерік бар ма??'[15]
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды.[16] Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны
және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.
ХІХғ-дан бастап заманауи зерттеу университеттерінің дамуы академиялық философияның және басқа пәндердің кәсібиленуіне және арнаулылануына әкелді.[17][18] Қазіргі заманда, философияның дәстүрлі бөлігі болған кейбір зерттеулер философиядан бөлініп, жеке академиялық пәнге айналды, олардың ішінде психология, әлеуметтану, лингвистика және экономика қатарлы негізгі пәндер бар. Өнермен, ғылыммен, саясатпен, немесе өзге талпыныстармен тығыз байланысты басқа зерттеу салалары әлі де философияның тармақтары болып отыр. Мысалы, "сұлулық объективті ме, әлде субъективті ме?"[19][20], "Ғылыми әдістердің түрі көп пе, әлде тек біреу ғана ма?"[21], "Саяси утопия - ол үміткер арман ба, әлде үмітсіз құрқиял ма?"[22][23][24] қатарлылар.
Академиялық философияның басты тармақтары: 1) Метафизика, ол болу (existence) мен шындықтың (reality) негізгі табиғатын қарастырады; 2) Эпистемология, ол білім