Файл: 1.ан кетуді андай сипаты сырты артериальды ан кетуді белгісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 232

Скачиваний: 12

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Биопсия материалын цитологиялық зерттеу

  • Асқазан сөлінде сүт қышқылының құрамын зерттеу

    80. 24 жастағы ер адам ревматологқа арқасы мен ірі буындарында ауру сезімінің болуы, омыртқаның бел аймағындағы таңертеңгілік құрысудың болуы шағымдарымен келген. Анамнезінде - 2 жыл бойы оң мықын аймағындағы қатты емес тұйық ауру сезімі мазалайды, соңғы кездері тәулігіне 5-6 рет болатын сұйық көп мөлшердегі көпіршікті үлкен дәрет, қызба, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Оң мықын аймағында пальпацияда ауыратын инфильтрат бар. Қанда – гемоглобин-83 г/л, ЭТЖ-34 мм/сағ. Диагнозды верификациялауда зерттеу әдісінің қайсысын өткізген ең ықтимал?

    1. Құрсақ қуысы ағзаларының КТ

    2. Омыртқаның КТ

    3. Колоноскопия биопсиямен

    4. Ректороманоскопия

    5. Лапароскопия

    81. Науқас ауруханаға эпигастральды аймақтағы ауырсыну, жүрек айну, құсу шағымдарымен жатқызылды. 6 ай ішінде 15 кг арықтады. Асқазанды рентгенологиялық зерттеуде алдыға жылжуы анықталды. Болжамды диагноз:

    1. асқазанның ойық-жаралы ауруы

    2. ұйқы безі денесінің ісігі

    3. асқазан қалтқысының ісікті этиологиялы стенозы

    4. тоқ ішектің ісігі

    5. асқазан ісігі

    82. 69 жасар ер адам хирургия бөліміне құрсағының барлық аймағындағы кенет ауырсынуға, кебуіне, бірнеше рет құсуына байланысты түсті. 12 сағат бұрын ішінде кенеттен ауырсыну дамып, тері жабындылары суық термен жамылған. Тексергенде: пульс 1 мин 100 рет, АҚ 100/70 мм сынап бағанасы. Іші кепкен,барлық аймағында ауырсынады, қатайған, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Қан талдауында:лейкоцит 19,4х109/л, эритроцит2,9х1012/л, Hb 97 г/л, Ht 29%, СОЭ 34 мм/сағ. Операция алды дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операцияда жайылған серозды-фибринді перитонит, тоқ ішектің өрлемелі бөлігінің өлшемі 5х4см, тесілген қатерлі ісігі анықталды. Осы жағдайда қандай операция орындалады?

    1. Iсіктің резекциясы, цекостома шығару

    2. Перфорацияны тігіп, илеостома шығару

    3. Оң жақтық гемиколэктомия орындау

    4. Субтотальную колэктомия орындау

    5. Ісікпен бірге ішекті құрсақ қабырғасына шығару

    83. 40 жасар ер адам хирургия бөліміне 4 тәуліктен бері үлкен дәреті мен желдің шықпауына, анустан қанның бөлінуіне, дене температурасының көтерілуіне байланысты жатқызылды. 8 айдан бері ауырады. Жағдайының нашарлауы соңғы апта ішінде. Тексеру барысында: пульс 1 мин 100 рет, АҚ 100/70 мм сынап бағанасы. Іші кепкен, перкуссияда айқын тимпанит, бауыры ұлғайған,беті бұдырлы. Шап лимфа түйіндері ұлғайған. Per rectum: анустан 5 см қашықтықтатығыз бұдырлы, ішек қуысын толығымен жабатын ісік анықталады. Дәрігер тік ішек ісігі, обтурациялық ішек өтімсіздігі диагнозын қойды. Жедел оперциялық ем тағайындалды. Осы жағдайда қандай операция жасалады?


    1. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

    2. Тік ішек экстрипациясы

    3. Субтотальдыколэктомия

    4. Сол жақтықгемиколэктомия

    5. Екі бағаналы сигмостома

    8 4. 36 жасар ер адам қабылдау бөліміне іштегі ауырсыну сезіміне, іш кебуге, әлсіздікке шағымданып түсті. 6 сағат бұрын төбелес кезінде жарақат алған. Қарап тексергенде: бозару, пульс 109 рет 1 мин, АҚ 100/80, лейкоциттер 14х109/л, Hb 98 г/л, Ht 28%., эритроциттер 3,2х1012/л. Сол жақ кеуденің 10-қабырғааралығында артқы қолтық асты сызық бойымен шеттері тегіс өлшемдері 1,0х0,5 см болатын жарақат бар,қанап тұрған жоқ. Тыныс алуы сол жақ кеуденің төменгі бөлігінде әлсіреген. Іші кепкен, жұмсақ, оның сол жақ бөлігіндегі жоғарғы және төменгі квадрантарында көбірек ауырсыну сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі ең бірінші орындалуы тиіс?

    1. Кеуде қуысының рентгенографиясы

    2. Құрсаққуысының КТ

    3. Диагностикалық лапароскопия

    4. Диагностикалық торакоскопия

    5. Құрсаққуысының УДЗ


    85. 25 жасар ер адам қабылдау бөліміне іштегі ауырсыну сезіміне, әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, қалтырауға шағымданып жеткізілді. Ауырғанына бір апта болған. 2 тәулік бойы дене температурасы38С0. Түсер алды 6 сағат бұрын жағдайы нашарлаған: ауырсыну сезімі күшейген, дене температурасы 39С0 дейін көтерілген, қалтырай бастаған. Қарап тексергенде: пульс 95 рет 1 мин, АҚ 100/70, анализде – лейкоциттер 21х109.Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында тығыз, аз қозғалмалы, шекарасы анық емес, ауырсынатын түзіліс анықталады. Науқасқа төменде көрсетілген зерттеулердіңқайсысы көрсетілген?

    1. Құрсаққуысының рентгенографиясы

    2. Диагностикалық лапароскопия

    3. Құрсаққуысының УДЗ

    4. Құрсаққуысының КТ

    5. Колоноскопия

    86. 33 жасар ер адамқұрсақ аймағындағы белдемелі ауырсынуға, жүрек айнуға, қайталамалықұсуға, ауызының құрғауына шағымдана хирургия бөлімінежатқызылды. 1 тәуліктен бері ауырады. Анамнезінде: 2 тәулік бұрын спирттік ішімдік қабылдаған. Тексеру кезінде: тері жабындылары суық термен жамылған, тілі құрғақ. Пульсі 1 мин 100 рет. АҚ 95/70 мм сынап бағанасы. Іші кепкен, жоғарғы аймағында айқын ауырсынады. Перкуссияда айқын тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Құрсақ аймағында цианозды дақтар байқалады. Қан талдауында: лейкоциттер 27,8 х 10/9 л, Hb 162 г/л, Ht 50%, билирубин – 48,9 мкмоль/л,мочевина – 12,6 ммоль/л., зәрде диастаза 1024 бірлік. Бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс?



    1. Құрсаққуысының шолу рентгенографиясы

    2. Құрсаққуысының УДЗ

    3. Эзофагогастродуоденоскопия

    4. ҚұрсаққуысыныңКТ

    5. Құрсаққуысының ЯМРТ

    87. 55 жастағы ер адамемханадағы хирург дәрігерге шаршағыштыққа, оң жаққабырға асты аздап ауырсынуына шағымданды. 1 жылдан бері ауырады. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну анықталады, бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен орналасқан. УДЗ нәтижесі: бауырдың оң бөлігінің эхинококк кистасы. Хирургқа, операция алдында, кистаның топикалық орналасуын,бауырдыңөзектік түзілістерімен ара-қатынастығын нақтылау өте маңызды. Қандай зерттеу әдісі осы сұрақтарды шешуге көмектеседі?

    1. Бауыр ангиографиясы

    2. Венаішілік холангиография

    3. Мультиспиралды компьютерлік томография

    4. Іш қуысының шолу рентгенографиясы

    5. Бауырдың ультрадыбыстық дуплексті сканерлеуі

    88. 24 жастағы ер адам ревматологқа арқасы мен ірі буындарында ауру сезімінің болуы, омыртқаның бел аймағындағы таңертеңгілік құрысудың болуы шағымдарымен келген. Анамнезінде - 2 жыл бойы оң мықын аймағындағы қатты емес тұйық ауру сезімі мазалайды, соңғы кездері тәулігіне 5-6 рет болатын сұйық көп мөлшердегі көпіршікті үлкен дәрет, қызба, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Оң мықын аймағында пальпацияда ауыратын инфильтрат бар. Қанда – гемоглобин-83 г/л, ЭТЖ-34 мм/сағ. Диагнозды верификациялауда зерттеу әдісінің қайсысын өткізген ең ықтимал?

    1. Құрсақ қуысы ағзаларының КТ

    2. Омыртқаның КТ

    3. Колоноскопия биопсиямен

    4. Ректороманоскопия

    5. Лапароскопия

    89. Өкпенің екі проекциядағы компьютерлі томографияда жоғары бөлікте 0,5-1,0 см аралығындағы айқын емес ошақтар анықталды. ФБС-да бронхтар өтімді. Анамнезінде сүт безі ісігі, комплексті емнен 8 жылдан кейін. Сіздің болжамды диагнозыңыз және ары қарай қағида?

    1. өкпеге МТС-науқасты онкодиспансерге жіберу

    2. өкпе туберкулезы-науқасты фтизиатрға жіберу ?

    3. толық тексеру- жасанды пневмоторакс шартындағы рентгенография

    4. пульмонологқа кеңеске жіберу

    5. абседирленген пневмония- аймақтық дәрігерде емделу

    90. 37 жасар ер адам хирургия бөлімінеқұрсақ аймағыныңбелдемелі ауырсынуына, жүрек айнуына, қайталамалықұсуға, ауыз қуысыныңқұрғауына шағымдана жатқызылды. 1 тәуліктен бері аурады. Анамнезінде: 3тәулік бойыспирттік ішімдіктерді қабылдаған. Тексеру барысында тері жабындылары суық термен жамылған, тілі құрғақ. Пульс 1 мин 110 рет. АҚ 95/60. Іші кепкен, жоғарғы жағы айқын ауырсынады, тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Қан талдауында:лейкоцит 24,8 х 10/9 л, Hb 162 г/л, Ht 50%, билирубин – 48,9 мкмоль/л,мочевина – 12,6 ммоль/л., зәрде диастаза 1024 бірлік. Дәрігер жедел панкреатит диагнозын жобалады. Сіздің емдеу тактиканызқандай?


    1. Жедел лапаротомия орындау

    2. Лапароскопия, іш қуысын дренаждау

    3. 3 тәуліктен кейін лапаротомия орындау

    4. Консервативті ем тағайындау

    5. Ретроградтыхолангиопанкреатография жүргізу

    91. С., ер адам, 32 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургке жарақат алғаннан кейін 1 сағат өткен соң оң жақ санының латеральды беткейінің ортаңғы бөліміндегі жаншылған-тілінген жарақатпен шағымданып келді. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы жаралық инфекцияның алдын алуға тиімді?

    1. асептикалық байлам салу

    2. антибиотиктерді тамырішілік енгізу

    3. жараны алғашқы хирургиялық өңдеу

    4. жараға протеолитикалық ферменттерді енгізу

    5. жараны антисептиктермен өңдеу және тігіс салу

    92. 38 жасар ер адам емханаға кернеген ауру сезімімен, қызуының жоғарылауымен, сол иығының ортаңғыүштен бір бөлігінің ісінуіне шағымданып хирургқа келді. 5 күн бұрын пышақпен жарақат алған. Жарақат таңу пунктінде жараға тігіс салып, ары қарай емханалық емге жолдаған. Қараған кезде: жарақат аймағы қызарған, ісінген, жіті ауру сезімі байқалады. Дәрігер жарақаттың іріңдеуі деп диагноз қойды. Осы жағдайда іріңді асқынудың анағұрлым ықтимал себебі қайсысы?

    1. Науқас ағзасының төменгі реактивтілігі

    2. Бастапқыда микрофлораның вируленттілігінің жоғары болуы

    3. Антибактериальды терапия тағайындалмаған

    4. Жарақатты біріншілік хирургиялықөңдеу ережелері бұзылған

    5. Физиоем және витаминотерапия жүргізілмеген

    93. 55 жасар ер адам қабылдау бөліміндегі хирургқа оң жақ қолтықасты аймағындағы ауру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына шағымданып келді. 5 күн бұрын саусағын шегемен жарақаттап алды. Соңғы 3 күн бойына жоғарыдағы шағымдар мазалайды. Қарау кезінде: оң жақ иығындағы аурусыну сезіміне байланысты оның қозғалысы шектелген, пальпация кезінде оң қолтықасты аймағында тығыз, ауырмайтын, қозғалысы шектелген 3,0х2,0 см түзіліс бар. Науқастың диагнозы қандай?

    1. Абсцесс

    2. Лимфаденит

    3. Гидраденит

    4. Лимфангоит

    5. Флегмона

    94. 34 жасар әйел қабылдау бөліміндегі хирургқа сол жақ қолтықасты аймағындағы ауру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына шағымданып келді. 4 күннен бері ауырады. Қарау кезінде: оң жақ иық буынында ауырсыну сезімінен қозғалысы шектелген, пальпация кезінде сол қолтық астында жұмсарған аймақтары бар тығыз, ауыратын, қозғалысы шектелген 2,5х2,0 см түзіліс анықталады. Осы жағдайда қандай емдеу тактиканы қолданасыз?


    1. Гипертоникалық ерітіндімен таңғыш салу

    2. Пункция жасау және антибиотиктер енгізу

    3. Левомекольмен компресс таңу

    4. Физиоемге жолдау

    5. Ашу және дренаждау

    95. Ер адам 43 жаста жонушы, емхана хирургіне оң білезіктің жыртылған жарасына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша детальды жөндеу барысында жарақат алды. Хирургпен уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайы анықталды. Жазатайым оқиға акті ұсынылмады. Қандай құжатпен уақытша еңбекке жарамсыздыққағазы рәсімделеді?

    1. Бірінші күннен 095у формалы анықтама

    2. Акт ұсынылғаннан кейін еңбекке жарамсыздыққағазын беру

    3. Еңбекке жарамсыздыққағазын бірінші күннен бастап беру

    4. ВКК анықтамасын беру

    5. Ықтиярлы формада анықтама беру

    96. Емханалық хирургқа оң жақ шынтағының инфицирленген жарасымен келді, жарадан ширатылған проксимальды созылған инфильтрация жолағы мен гиперемия анықталады. Осы жерде пальпация жасағанда ауырсыну байқалады. Асқынудың қандай түрі дамыған?

    1. абсцесс

    2. тендовагинит

    3. бағаналық лимфангоит

    4. миозит

    5. флегмона

    97. 30 жасар әйел емханадағы хирург дәрігерге мойынындағы бөгде түзіліске шағымданып келді. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын мойнында шағын мөлшердегі түзілістерді байқаған, бірақ мазаламаған. Соңғы 5-айда көлемі ұлғайған. Тексеру барысында қалқанша бездің оң үлесінде өлшемі 3,0-3,5см ісік тектес қатты, ауырсынусыз түзіліс байқалады. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Науқастың диагнозы қандай?

    1. Диффузды токсикалықжемсау

    2. Эутиреоидтытүйіндік жемсау

    3. Қалқанша без кистасы

    4. Жедел тиреоидит

    5. Қалқанша без обыры

    98. 35 жасарәйел емханадағы хирургқа шаршағыштыққа, тез көңіл күйінің ауытқуына шағымданып келді. Соңғы 8 айда жағдайы нашарлаған. Анамнезінде: 3-ші сатыдағы диффузды жемсау, 2 жыл бойы тиреотоксикозбен ауырады. Мерзімді тиреостатикалық ем қабылдаған, әсері жоқ, Қарағанда: мойыны ұлғайған, пальпация кезінде қалқанша безінің екі бөлігінің диффузды ұлғаюыанықталады. Көз саңылауы кеңейген, көзін сирек жыпылықтатады, АҚ 125/80, пульс 118 рет/мин. Сіздің емдеу тактикаңызқандай?

    1. Жеделсубтотальді струмэктомия

    2. Тироксинмен қайталама емдік курс жүргізу

    3. Радиоактивті йод тағайындау

    4. Пропилтиоурацилмен курстық ем тағайындау

    5. Дайындықтан кейін, субтотальді струмэктомия жасау