Файл: 1.ан кетуді андай сипаты сырты артериальды ан кетуді белгісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 233
Скачиваний: 12
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
99. 74 жасар ер адам емханадағы хирург дәрігерге оң жақ шап аймағының тартып ауырсынуына, ісік тәрізді түзілістің анықталуына, жүктеме кезінде және жүрген кезде ауырсыну сезімінің артуына шағымданып келді. 5 жылдай уақыт ауырады. Анамнезінде: ЖИА, АГ. Соңғы уақытта жағдайының нашарлауын айтады. Тексеруде: АҚ 160/80мм.сын.бағ., пульс 72рет/мин. Оң жақ шап аймағын қарап тексергенде өлшемі 10,0х6,0см болатын, консистенциясы жұмсақ-эластикалық ісік тәрізді түзіліс анықталады. Жөтел түрткісі оң мәнді. Сіздің емдеу тактикаңызқандай?
-
Жедел операцияға жолдау -
Үлкен дәретін түзеу -
Кардиологиялық ауруханаға жіберу -
Бандажды киюін ұсыну -
Толық зерттеуден кейін жоспарлы операцияжасау
100. 55 жасар әйел емханаға құрсағының ауырсынуына, мезгілді желденуге, іш қатуға және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. 5 жылдан бері ауырады. Анамнезінде: 7 жыл бұрын ащы ішектің тесілуі және перитонит бойынша операция жасалған. Қарап тексеруде: операциядан кейінгі тыртықтың оң жақ эпигастрий аймағында жұмсақ-эластикалық, өлшемі 23,0х8,0см болатын, пальпация кезінде ауырсынатын, құрсаққуысына қайта енбейтін ісік тәріздес түзіліс анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай?
-
Колоноскопияға және ирригоскопияға жіберу -
Асқазанды эндоскопиялық зерттеуге жіберу -
Шұғыл емханаға жедел операция жасауға жіберу -
Пролен торын қолданып жоспарлы операция жасау -
Жергілікті тін пластикасымен кейінге қалдырылған операция жасау
101. Ер кісі 45 жаста емхана хирургына шүйде аймағының ауруы, дене қызуының 37,5ºС- қа жоғарылауы шағымдарымен келді. 2 тәуліктен бері ауырады. Қараған кезде: шүйде аймағын пальпациялағанда ауруыратын гиперемияланған тығыз түзілім. Мойынның бүйір беткейінде лимфа түйіндері анықталады. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
-
Фурункул -
Липома -
Карбункул -
Атерома -
Лимфаденит
102. Ер кісі Б. 54 жаста хирургия бөлімішіне әлсіздікке, шөлдеуге, шүйде аймағындағы кернеген ауру сезімі және ісік тәрізді түзілімге шағымданып жатқызылды. 5 тәуліктен бері ауырады. Қарағанда: шүйде аймағын сипағанда, беткейінде көптеген майда іріңді ошақтары бар кенет ауыратын гиперемияланған тығыз түзілім анықталды. Осы жағдайда анағұрлым лайықты емдеу әдісі қайсысы?
-
Іріңдеген жерлерді кесіп тастау және тігіс салу -
Көктамырға антибиотиктер тағайындау -
Физиоем және компресстер тағайындау -
Кесу, некрэктомия және дренаждау -
Пункция жасау және антисептиктер енгізу
103. Әйел кісі Х., 48 жаста хирургиялық инфекция бөлімшесінеоң иық аймағындағы кернеген ауру сезіміне, дене қызуының 38ºС- қа жоғарылауына шағымданып түсті. 4 күннен бері ауырады. Қарағанда: АҚ 130/80 мм. с.б.б., пульс 94 соққы мин., ТЖ 20 рет мин. Оң иықта жайылған сіну, гиперемия, пальпация кезінде кенет ауру сезімі анықталады. Қантамырлардың пульсациясы сақталған. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
-
Лимфангоит -
Карбункул -
Флегмона -
Абсцесс -
Тілме
104. Ер кісі 56 жаста емхана хирургына сол қолының 2 саусақ аймағының кернеген ауру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына шағымданып келді. 3 күннен бері ауырады. Қарағанда: тырнақ фалангаларының алақан бетінде ісік, гиперемия және жіті ауру сезімі байқалады. Осы жағдайда ары қарай Сіздің тактикаңыз қандай?
-
Жақпа майлы компресс ұсыну -
Тұздымонша тағайындау -
Физиоемге жолдау -
Иммобилизация салу -
Ашу және дренаждау
105. 8 ай бұрын жедел панкреатитті басынан өткерген науқасты емханалық хирург қарау кезінде құрсақ қуысының жоғары қабатында аздап ауырсынатын, диаметрі 10 см болатын дөңгелек түзіліс анықталды. Қан және зәр сараптамалары-өзгеріссіз. Қай ауру туралы ойлауға болады?
-
асқазан ісігі -
ұйқы безінің жалған кистасы -
аорта аневризмасы -
ұйқы безінің цистаденомасы -
құрсақ қуысының абсцессі