Файл: зіндік жмысты масаты мен мазмнын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 181

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
который не комкает, а формирует, не диктует, а учит... переживает вместе с ребенком много вдохновляющих минут...».Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.

Мысалы, «Қазақстан табиғаты» тақырыбы бойынша өз бетімен жүргізілетін жұмыс береміз.

1.     Оқушы оқулықтағы мәтіннен басқа қосымша материал іздейді.

2.     Табиғат көріністеріне сурет салады.

3.     Табиғат сырын түсіндіруге байланысты әр түрлі баяндамалар, рефераттар жасау.

4.     Табиғат туралы көркем әдебиеттер оқу.

5.     Табиғат туралы мақал – мәтелдер тауып жаттау.

6.     Өз беттерімен ғылыми оқулар мен конференциялар өткізу (төменгі сынып оқушыларына)

7.     Мектеп кітапхансында «Табиғат байлығымыз» т.б. тақырыптарда көрме ұйымдастыру.

8.     Мектепте қабырға газетін шығару.

9.     Сыныптастарына, басқа да оқушыларға сынып сағатын өткізу (бейнетаспа материалдарын қолдана отырып)

10.                Мектепте мерекелік іс шара ұйымдастыру. «Наурыз мерекесі», «Гүлдер мерекесі», «Алтын күз», «Қыс табиғаты» т.б. Осындай жұмыстардың барлығы көптеген мәселелермен тығыз байланысты, оқушыларда туған жері, табиғат байлықтарын қорғау керектігі жағдайында саналы ой туғызады, адамгершілік сенім мен сезім қалыптастырады. Расына келгенде оқушыларды бір-біріне хат жазу, туған күнге газет шығару, өз бетімен орталық кітапханада жұмыстар қызықтырады, ал қызығып орындаған жұмыс әр уақытта нәтиже береді. Оларға мектеп, жергілікті газеттерге мақала жазған қатты әсер етеді. Олар бізден не күтеді? Мақтау, жақсы баға күтеді. Оқушыларды кітаптағы жаттығулар мен мәтіндер қызықтырмайды. Оларға жаңа жұмыс түрін өзі ізденетіндей жағдай туғызсақ, ол шамасы келгенше өз бетімен орындауға тырысады. Ол өз шамасын, күшін, білімін тексереді. Орындай алмаймын деген ойдан арылады. Түрлі жұмыстар орындау барысында жаңа идея, ой туындайды, өздері іздеп тапқан материалдар есінде жақсы сақталады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.


Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Жарияланды 23-07-2014, 11:49 Категориясы: Бастауыш сынып 

Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті – кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттіліктерден туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдысын меңгеру ғана емес, оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге, істейтін материалын түсіну үшін, оқушылардың зейін қойып тыңдай білуі, ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін өздігінен кітап оқу, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өткен материалды саналы түрде қайталау, білім алу дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау жүргізу барысында қалыптасады. Оқу барысында оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: бірінші - сыртқы белсенділік, екінші - ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері. Олар мыналар: белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы.
Оқушының ішкі белсенділігіне - белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне, жеке психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.
1. Қимыл және сөйлеу.
2. Ойын және оқу.
3. Өзін - өзі тәрбиелеу.
Осыдан шығатын қорытынды: оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол – оқушының күрделі әрекетінің бір түрі немесе оқу жұмысының арнайы бір формасы болып табылады. Қазақ тілі сабағында қыс тақырыбына сурет бойынша «Эссе» жазып келу тапсырылған болатын.

Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары

Жарияланды 17-03-2014, 22:27 Категориясы: Физика 

Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен

, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып, құрастырылуына байланысты болады.
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы қажет:
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3. Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады.
Өздік жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, әр түрлі жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тәжірибелер, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, рефераттар, баяндамалар, ғылыми жоба т. б.