Файл: зіндік жмысты масаты мен мазмнын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 183

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлік тапсырмалар:

Бірінші деңгей білімнің минималдық шегі. Мемлекеттік талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына сәйкес лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орныдайды.Мәтінмен жұмыс жасайды.

Екінші деңгей тапсырмаларды түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орныдау көрсеткіштекрі міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесіннің жоғары болуымен , өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдаланумен сиппатталавды. Оқушы талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену(эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді. Нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетіәнше орындайды.

Бұл технолдогиядан біріншіден, дамыта оқыту идеясынг жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске  сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.

Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары:

-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

-оқушының жеке қабілеті айқындалады;

-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау  қабілеті артады;

-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;

Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясы сынып ішіндегі дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі.Оқушының өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай сынып білімінің қаншалықты төмен немесе жоғары екендігін білуге болады.деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, білім мен ғылымға деген құштарлығы артады. Яғни, деңгейлеп оқытьу технологиясы нәтижесінде оқушылар оқу жұмысындағы жеткен жетістіктерімен жіберген кемшіліктері туралы біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды.


Денгейлеп оқыту технологиясының тәрбиелік мәні зор. Деңгейлік тапсырмалар орныдау барысында оқушылардың ақыл - ой, еңбек, адамгершілік, ұйымшылдық, эстетикалық тәрбиесі қалыптасып отырады. Мұндағы тапсырмалардың құрылысымен қатар оның мағынасы да әр оқушыға әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз. Білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың сабақта қолдануы өмір талабы.

Деңгейлеп оқыту технологиясындағы тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны күрделінген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.                     Нұртазаева Н. Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың дара қасиетін дамытудағы  педагогикалық ерекшеліктері//Бастауыш мектеп-№4, 2010ж. Б.6-7.

2.                     Дандыбаева А.С. Оқу процесінде денгейлік тапсырмалардың пайдалану ерекшелігі «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер». Республикалық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференция материалдары.- қарағанды «Болашақ- Баспа», 2012.-435б.-Том 3. 227-230 б.

 "Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларының қолдану тиімділігі"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

 

 

1.     Кіріспе...........................................................................................................3

 

2.     Негізгі  бөлім................................................................................................4

2.1  «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі......................4

2.2   Бастауыш сыныптарда деңгейлік  саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін арттыру. ........................................................ 8

2.3   Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі....15

2.4   Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын  модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту..............................................22

 

3.     Қорытынды..................................................................................................30

 

4.     Қолданылған әдебиеттер............................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

     Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек  - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.

  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған:

    1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...

   9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;

   Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.

    Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.      


2.1   «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі.

     Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.

      Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.   «Педагогикалық технология» дегеніміз не?  Технология – tehne  (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».

     Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.

    Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

  Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.


     Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

       Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

    Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.

    Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:



Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.

4

Проблемалық  оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.

12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский