ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау, шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.
Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ідненушілікті, шығармашылықты талап етеді.
5. Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3. «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.
4. «Мектеп директоры» журналы, 2009 ж.
5. «Мектеп директорының орынбасары», 2010 ж.
6. «12-жылдық білім беру», 2009 ж.
7. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
8. «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж.
9. «Бастауыш мектеп» журналы 2010ж.
Құлмағамбетова Бимария Жакешовна
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы
А. Байтұрсынов.
«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек».
К. Ушинский
«Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды».
Қазақ тілі сабағында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.
Әрине мұғалім барлық талаптарды ескере отырып, сабақ беру барысында оқушылардың танымдық қабілеттілігін, ойлау қасиеттерін дамытуға жағдай жасай білу керек. Қазіргі кезде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлініп отыр.
Негізінен өзіндік жұмыстардың ерекшелігі: оқушының міндетті түрде өз күшімен азды-көпті жаңа нәтижеге жетуінде. Бірақ барлық жұмыс бір-бірін толықтырып отырады. Оқушының өз бетімен орындауына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей түсінікті, мазмұны қызығарлықтай әр түрлі болғаны жөн. Күрделілігі, оған кететін уақыты ескеріле отыруы керек. Әрбір жұмысты мұғалім тексеріп отыруы керек, әйтпесе оқушылар білім мен іскерлікке деген жауапсыздыққа, ұқыпсыздыққа үйренеді.
Өзіндік жұмыстар, негізінен оқушыларға берілетін сабақты түсіндіру, қайталау кезеңдерінен гөрі жаңа сабақты пысықтау барысында және қорытып қайталау сабақтарында атқарылғаны дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолдарын атауға болады:
· негізгі білімді игеруде
· өткен материалды бекітуде
· техникалық құралдармен жұмыстарды ұйымдастыруда
· ақпараттық технологияны қолдану барысында
· интерактивтік тақтамен жұмыс жасатуда
· картамен жұмыс жасатуда;
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін алып білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап деген сияқты, есте сақтау қабілетін де жақсартады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге дағдыландырады. Реферат жазу жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік жұмыстың бір түріне конспект те жатады. Қазақ әдебиетінде жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын конспектілеу . Кейбір мәтіннің мазмұнын , тарауларын қысқаша өз беттерімен конспектілейді.
Ақпараттық технологияларды қолдану.
Қазіргі қоғамда бала үшін кітаптың маңызы қандай болса, копьютер де бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану. Оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы кез келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер арқылы көріп, біліп дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Ал электрондық оқулық пен оқыту нәтижесінде оқушы тақырыпты жан-жақты, терең түсінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жекелеген (саралап оқыту) және топтасқан түрлері (топпен немесе ұжымдық) бар.
Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылды. Саралап оқыту технологиясындағы оқу үрдісінде келесі мақсаттарды көздеуге болады:
· оқушыға сенімділік білдіру
· пәнге қызығуын арттыру
· оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту
· өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу;
Саралап оқытуға байланысты келесідей тапсырмаларды қолдануға болады.
1 – тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап алу.
2 – тапсырма. Тест тапсырмасын орындату.
3 – тапсырма. Жаттығу мен тапсырмалар орындату.
4 – тапсырма. Компьютер арқылы сынақ, емтихан алу.
Саралап оқытудың маңызы келесідей.
1. Білім игерудің үш деңгейі қарастырылады: төменгі, бағдарламалы, күрделі.
2. Әр оқушыға білім алу үшін жағдай жасап, мүмкіндік береді.
3. Балалардың барлығына бірдей көңіл бөліп, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызметін дамытатын жаңа технологияны қолданудың бір жолы «топпен немесе ұжымдық жұмыс» болып табылады. Мысалы: Оқушыларды 4 топқа бөліп, түрлі тапсырмаларды орындатуға болады. Тапсырмаларды орындатудың бірнеше жолы бар.
· Түрлі сұрақтар арқылы тақырыпқа қызығуды ояту.
· Сөздік, энциклопедия, газет-материалдарымен жұмыс.
· Оқулық, қосымша кітаптармен жұмыс.
· Аудиотаспа, бейнетаспа және интерактивтік тақтамен жұмыс.
· Еліміздің тарихын, байлығын, табиғатын, салт-дәстүрін білу, оны қорғауға дайын екендіктерін білу.
Оқушының өздігінен білім алу жұмысы тек өзінің білімін толықтыру, өзін-өзі жетілдіру міндетімен шектелмейді, өздігінен жұмыс жасап жүрген оқушылар басқаларға білім беруіне, олардың білім алмасуына дағдыландырады. Өзіндік жұмыста басты мақсат – оқушыларды саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Оқушының өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру – дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәні мұғалімдерінің басты мақсаты – оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру, жан-жақты ақпарат беру, көп талаптарды бойларына дарыта отыру.
Біз кез келген сабағымызды ұйымдастырудан бастаймыз.
· Кезекшінің ақпараты І кезең
· Психологиялық дайындық
· Топқа бөліп алу
· Үй жұмысын тексеру, сұрақ-жауап
· Теориалық тексеріс, жеке жұмыс ІІ кезең
· Тәжірибелік тексеріс, оқушы өз жұмысын талдайды, қорғайды
· Жаңа сабақ, сызба, кәртішке, топтық жұмыс. ІІІ кезең
Топқа тапсырмалар беру.
І топ. Оқулықтағы, не газет материалдарын оқи отырып, тірек-сызбаға түсіреді. Сызба арқылы сұрақтар құрастырады, әңгімелеуге өте ыңғайлы, ол оқушының ауызша және сөйлеу мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді.
ІІ топ. Оқулықтағы мәтін бойынша жоспар құрастырады, сұрақтар құрастырып, жазбаша жұмыстардың көп түрлерін орындайды. Сөз тіркестерімен жұмыс. Сөйлемдер талдау. Күрделі сөздерді талдау жұмыстары.
· Сабақты қорытындылау
· Сызбаны қорғау ІV кезең
· Мәтінді әңгімелеу
· Сабақ соңында оқушыларға екі жұмыс беріледі.
1 – жұмыс. Жеке жұмыс. Бірінші топтан оқушылар тақтаға шығып сызбаларын түсіндіріп қорғайды, түсіндіреді. ІІ топ мұқият тыңдайды.
Екінші топтан оқушылар шығып жазбаша жұмыстарын оқиды, талдайды, түсіндіреді. Осылай 2 топ өз жұмыстарымен сабақты қорытындылайды.
2 – жұмыс. Топ жұмысы. 2 топқа берілетін тапсырма. Жалпы мәтіндердің құрылымын талдау. Осы мәтінге мазмұны жақын мәтін құрастыру, не мәтін мазмұнын жалғастыру
· Үйге тапсырма
· Бағалау V кезең
Алға қойған мақсаттарға жету үшін көп жұмыс жасау керек. Өзіндік жұмыста электрондық оқулықтар, өткен материалдарды қайталау, білімді бақылайтын, мәтіндерді тексеретін жүйелер түрлерін қолданамыз.
Мектеп – білім жүйесінің ең негізгі, басты буыны. Оқушының болашағына жол ашады, әсіресе қазақ балалары үшін. Біздің қызметіміз оқушыға бағыт-бағдар беру, сол бағдар бойынша өз бетімен жұмыс жасауға дағдылана білуі керек.
Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол оқушының жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.
Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Поляк ұстазы Янош Корчактың: «Педогог тот,