ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.09.2021
Просмотров: 257
Скачиваний: 1
Нұсқа/ Вариант № 1
1. 11 жастағы ер баланың, ұлты орыс, дене дамуын бағалау кезінде келесі көрсеткіштер анықталды: дене салмағы бойынша «+II» дене даму дәрежесі, кеуде клеткасының аумағы бойынша «IІ+» дене даму дәрежесі. Баланың қортынды дене даму дәрежесі қандай?
-
+III
-
+II-
-
-IІ-
-
+II+
-
-ІІ+
2. Бастауыш мектепте оқу жылының бірінші тоқсанына сабақ кестесі құрастырылды. Кестеде қосарландырылған сабақтар 5 рет кездеседі, динамикалық компоненттері бар сабақтар бірінші сабаққа қойылған. Құрастырылған сабақ кестесіне қандай баға бересіз?
-
сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылған, оқу жүктемесі нормаға сай
-
оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына қосарландырылған сабақтар жүргізуге болады
-
оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар жүргізуге болады
-
сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылмаған, оқу жүктемесі нормаға сай емес
-
оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар тек қана бірінші сабақтарға жүргізілуі тиіс
3. Ескертпелі санитарлық бөлімге 720 балаға арналған мектептің жобасы сараптамаға келіп түсті. Қабаттық жоба бойынша бөлмелердің орналасуы гигиеналық талаптарға сай емес екендігі анықталды. Ауыр құрал-жабдықтармен жабдықталған шеберхана мектептің нешінші қабатында орналастырылуы қажет?
-
1ші қабатта
-
2ші қабатта
-
барлық қабатта
-
3ші қабатта
-
жоғарғы қабатта
4. Көмір өндіретін шахтаны санитарлық тексеру кезінде ауада көмір шаңының мөлшерден артық болуы және де желдету жүйесінің жұмысының бұзылғаны анықталды.Осы өндірістік мекемедегі жұмысшыларда қандай пневмокониоздардың түрі дамуы мүмкін ?
-
астбестоз
-
талькоз
-
сидероз
-
антракоз
-
бериллиоз
5. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің жоғары екендігі анықталған. Жоспарлы медициналық тексеріс кезінде жұмысшыларда нейротамыр жұмысының ақаулары байқалды. Берілген өндіріс орындарында қандай кәсіптік аурулар дамуы мүмкін?
-
созылмалы бронхит
-
шу ауруы
-
пневмоканиоз
-
діріл ауруы
-
кәсіптік кереңдік
6. 1200 койка санына есептелген облыстық орталықтандырылған аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Терапиялық және хирургиялық саладағы бөлімшелердің бір палаталық секциясының сыйымдылығы қандай?
-
15 койкадан артық емес
-
20 койкадан артық емес
-
30 койкадан артық емес
-
40 койкадан артық емес
-
60 койкадан артық емес
7. Көпсалалы аурухананың 120 койкалы хирургия бөлімшесі бас ғимараттың жоғары қабатында орналасқан. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша қандай санитарлық-эпидемиологиялық шара жүргізу қажет?
-
желдету жүйесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру
-
санитарлық-ағарту жұмыстарын
-
қабаттар бойынша ұтымды орналастыру
-
ламинарлық қондырғыларды ұйымдастыру
-
қызметкерлер мен науқастар ағымын оңтайландыру
8. 7 жылдық жұмыс өтілі бар дәріхана ораушысы 2 жылдық өтілі бар жұмысшыға қарағанда екі есе жылдам және өнімді еңбек атқарады. Бұл динамикалық стереотиптің қалыптасуымен байланысты. Шартты рефлекстік байланыстардың пайда болуының бірінші фазасы немен сипатталады?
-
бас ми қыртысының жауапты бөлімдеріне қозудың таралуымен
-
бас ми қыртысының нақты осы жұмысқа жауапты болмайтын әр түрлі бөлімдерінің қозуымен
-
шартты рефлекторлық байланыстардың пайда болуы және бекуімен
-
бас ми қыртысында қозу және тежелу процестер қатынасының теңдеп бөлінуімен
-
афференттіден эфференттіге дейінгі синтез процестерінің бірігуімен
9. Медициналық тексеріс кезінде компьютерлік орталықтың жұмысшылары жиі бастарының ауруына, іңірлік көруінің нашарлауына шағым айтты. ЖК жұмыс істеу кезінде еңбек жағдайын жақсарту үшін қандай ұсыныс бересіз?
-
оператор мен ЖК арасында қорғасыннан жасалған қорғаныш экрандарын орналастыру
-
ЖК-ң сәулелену интенсивтілігін төмендету
-
ЖК үзіліссіз жұмыс істеу уақытын шектеу
-
ЖК берілетін ток көзінің қуатын азайту
-
ЖК мен опертор арасында ауа ағынын ұйымдастыру
10. Тамақтан улануды тергеу кезінде бактериологиялық зерттеуге күдікті тағам қалдықтары, науқастың нәжісі жіберілді. Барлық сынамаларда (ЭПКП) E. сoli ішек таяқшасы анықталды. Қандай алиментералық ауру орын алып отыр?
-
стафилококкты токсикоз.
-
тағамдық токсикоинфекция.
-
ішек инфекциясы.
-
микотоксикоз.
-
ботулизм.
-
Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /
-
В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%
3 мектептің 7-інші сынып оқушыларының арасында кезекті медициналық профилактикалық зерттеу өткізілді. 12 жастағы Ш. атты қыз баланың антропометриялық көрсеткіштері: бойының ұзындығы 164 см, дене салмағы – 35 кг, кеуде клеткасының аумағы– 57 см, тұрақты тістерінің саны -17, екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі Ах0, Р0, Ма0. Субъективті шағымдары төмендегідей: аз ғана жүктеме түскеннің өзінде тез шаршайды, басы жиі ауырады. Соңғы бір жылдың ішінде бес рет ауырған (2 рет жедел респираторлық инфекциямен, баспа, жел шешегі және тамақтан ұшыну).
Тапсырма: баланың дене дамуын кешенді бағалаңыз және денсаулық тобын анықтаңыз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын зерделеу әдістеріне сипаттама беріңіз?
2. Денсаулық топтарын көрсетіңіз және анықтама беріңіз.
Нұсқа/ Вариант № 2
-
Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%
1. Медициналық тексеріс кезінде ер баланың бір жыл ішінде 2 рет жедел респираторлы сырқатпен ауырғаны, екінші дәрежелі дене дамуы анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша ер баланың денсаулығы қандай топқа жатады?
-
1 топ
-
2 топ
-
3 топ
-
4 топ
-
5 топ
2. 860 балаға есептелген мектептің жобаны сараптау кезінде анықталды: ғимарат үш қабаттан тұрады. Екінші қабатта сыныптық бөлмелер және шеберхана, химия кабинеті (зертханасымен) орналасқан. Жоба бойынша қандай қорытынды беруге болады?
-
жоба жарамсыз, көрсетілген бөлмелердің орналасуы дұрыс ұйымдастырылмаған
-
жоба жарамды, бөлмелердің орналасуы гигиеналық талапқа сай келеді
-
жоба жарамсыз, шеберхананы бірінші қабатта орналастыру қажет
-
жоба жарамсыз, химия кабинеті ең жоғарғы қабатта орналастыру қажет
-
жоба жарамсыз, сыныптық бөлмелерден басқа кабинеттер екінші қабатта орналасуы қажет
3. Керн—Ирасек тестін 6 балдық бағаға тапсырды. Дыбысты айтудан ауытқулар анықталмаған. Жүргізілген тест қанша кезеңдерден тұрады және бала мектепке оқуға дайын ба?
-
дайын, тест бір ғана бөлімді қамтиды
-
дайын емес, тест бір ғана бөлімді қамтиды
-
дайын, тест екі бөлімді қамтиды
-
дайын емес, тест екі бөлімді қамтиды
-
дайын, тест үш бөлімді қамтиды
4. Шаңның дисперстілігін зерттеу кезінде көлемі 2 мкм-ге дейін 41%, 2-5 мкм - 29%, 5-10 мкм – 18% және 10 мкм-ден жоғары – 12% шаң бөлшектері анықталды. Өте ауыр түрде өтетін кәсіптік патологиялардың дамуына қандай этиологиялық фактор әсер етеді?
-
аллергиялық әсері бар шаң
-
органикалық компоненттерден тұратын шаң
-
АІЖ-ң бұзылыстарын тудыратын шаң
-
фиброгенді әсері бар шаң
-
органикалық көздерден пайда болған шаң
5.12 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 14 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?
-
биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған
-
биологиялық жасы паспорттық жасына сай
-
биологиялық жасы бір қалыпты дамуда
-
биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған
-
биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ
6. Аурухананың бас жобасын сараптауда анықталды: емдеу корпустары арасындағы қашықтық 12 метр, көгалдандыру аймағы – 35%, құрылыс тығыздығы – 35%. Аурухана учаскесін жобасын бағалаған кезде гигиеналық талаптарға қандай параметрлері сай емес екендігін анықтадыңыз?
-
корпус арасындағы қашықтық
-
көгалдандыру ауданы
-
барлық параметрлері
-
аурухана құрылысының тығыздығы
-
гигиеналық талапқа сай
7. Инфекцияық науқастарды емдеуге арналған корпустарды гигиеналық бағалау кезінде бокстың ішкі жабдықталуына ерекше көңіл аударылады. Бокстың кешендік құрамына қандай бөлмелер кіреді?
-
көшеден кіретін тамбур, санитарлық бұрыш, палата, шлюз
-
көшеден кіретін тамбур, ваннасымен санитарлық бұрыш, науқас пен персоналдың
байланысуына арналған орталық дәлізден бөлмеге кіру
-
сыртан кіретін тамбур, санитарлық бұрышы мен ванна, палата, шлюз, бөлімшеге орталық дәліз арқылы кіру жолы.
-
палата, шлюз, санитарлық бұрыш ваннамен, орталық дәліз арқылы кіру жолы
-
сырттан кіретін тамбур, палата, дәрігер бөлмесі
8. Өндірістік ортада пайда болған шу таңғы ауысым кезінде уақыт арасында үзіліспен беріледі. Түстен кейін тұрақты шу деңгейі әсер етеді. Шудың тербеліс жиілігі дегеніміз не?
-
1 секундтағы толық тербеліс саны
-
дыбыс толқынындағы екі көрші қоялану (сгущения) немесе ыдырау арасындағы қашықтық
-
толық бір тербеліс болатын уақыт
-
1 с ішінде толқын процесі тарала алатын қашықтық
-
тербелістегі дененің тепе-теңдік нүктесінен неғұрлым ауытқуы
9. Үй жағдайында дайындалған өріктен жасалған консервіленген компотты қабылдағаннан кейін, үйдегілер ауыз қуысының құрғауына, дауысының төмендеуіне, бас айналуына шағымданған. Берілген жағдайда қандай тағамнан улану болуы мүмкін?
-
стафилакоккты токсикоз
-
сальмонеллез
-
ботулизм
-
микотоксикоз
-
эрготизм
10. Перфоратормен жұмыс жасайтын еңбек кезінде жұмысшыға әсер ететін діріл бірінші кезекте ағзаның қандай жағдайына тығыз байланысты?
-
тіндер мен мүшелердің физикалық-механикалық қасиетіне
-
тербелетін дененің меншікті тығыздығына
-
жұмысшының жасы мен жұмыс стажына
-
өндірістегі еңбек пен демалыс тәртібіне
-
тәуліктік биоритміне
-
Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /
-
В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%
8 адамның улануына кешкілік орталық базардан алынған саңырауқұлақ икрасы себеп болды. Тамақ ішкеннен кейін 6-10 сағаттан соң құсу, балалардың естен тануы, галлюцинация байқалды. Науқастар ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде науқастардың іш құрсағын бойлай ауырсыну, анурия басталды. Келесі күні науқас оң жақ қабырға астындағы ауыруға шағымданды, көз склерасы және тері жамылғасы сарғайып кетті. Науқастардың жағдайы қысқа уақыт аралығында нашарлап, комаға түсті, бұл жағдайдан шығару оңайға түскен жоқ.
Тапсырма: Қандай алиментарлық ауру орны алды және уландыруша себепті анықта.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Тамақтан улануға анықтама беріңіз жіне жіктеңіз
2.Тамақтан уланудың алдын алуға арналған шаралар кешенін сипаттаңыз
Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.
Нұсқа/ Вариант № 3
-
Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 3%
1. 14 жастағы қыз баланың дене даму дәрежесін бағалау керек. Бойының ұзындығы 145 см, дене салмағы 59,6 кг, ККА – 62см, ұлты қазақ. Қандай әдісті қолданасыз?
-
регрессия шкаласы
-
Холин кестесі
-
бюджеттік
-
баланстық
-
бой ұзындығының кестесі
2. 2400 балаға есептелген мектептің жобасы сараптамаға келіп түсті. Бас жобасында көрсетілген жер территориясында келесі аймақтар бөлінген: дене шынықтыру – спорт, оқу-тәжірибелік, демалыс аймағы. Құрылыстау тығыздығы – 30-35 %-ды құрайды. Жасыл желек аймағы 30%. Жоба бойынша қандай қорытынды беруге болады?
-
жоба жарамсыз, себебі құрылыстау тығыздығы төмен
-
жоба жарамсыз, участоктағы аймақтар толық емес
-
жоба жарамды, жобадағы көрсеткіштер
-
жоба жарамсыз, барлық көрсеткіштер бойынша нормадан ауытқу бар
-
жоба жарамсыз, жасыл желек аймағы бойынша ғана
3. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысқабылеттілігін анықтау жоспарланды. Оқушылар жүргізгін тәуліктік жұмыстың сандық және сапалық жағдайын бағалау үшін қандай әдіс қолданылады?
-
Анфимовтың корректуралық сынамасы
-
актография
-
эргография
-
спирометрия
-
тремометрия
4. Өндіріс аймағынан алынған сынама құрамында шаңның 56 % -н SiO құрайды екен. Осы анықталған шаң көлеміне берілетін ШРЕК нормасы нешеге тең?
-
1 мг/м3
-
2 мг/м3
-
4 мг/м3
-
5 мг/м3
-
6 мг/м3
5. Компрессорлық құрылымдар орналасқан бөлмедегі шу деңгейі нормадан жоғары екендігі бағалау кезінде анықталды. Шудың ағзаға әсері қандай сипаты бойынша жүреді?
-
дифракция
-
интерференция
-
резонанс
-
кумуляция
-
дыбыс қысымы
6. Аурухананың бас жобасын сараптауда анықталды: емдеу корпустары арасындағы қашықтық 12 метр, көгалдандыру аймағы – 35%, құрылыс тығыздығы – 21%. Аурухана учаскесін жобасын бағалаған кезде гигиеналық талаптарға қандай параметрлері сай емес екендігін анықтадыңыз?
-
корпус арасындағы қашықтық
-
көгалдандыру ауданы
-
барлық параметрлері
-
аурухана құрылысының тығыздығы
-
гигиеналық талапқа сай
7. Жұмысқа қабылданар алдында міндетті медициналық тексеріс өтуге жұмысшы келді. Болашақтағы еңбек орынында ол діріл беретін құрылымдармен жұмыс істетіндігі анықталды. Мұндай еңбек жағдайы бар жұмыс түріне қабылдауға тыйым салынатын ауру түрі қандай?
-
бронхит
-
артрит
-
пневмония
-
туберкулез
-
брузеллез
8. Тамақтан улануды тергеу кезінде бактериологиялық зерттеуге күдікті тағам қалдықтары, науқастың нәжісі жіберілді. Барлық сынамаларда (ЭПКП) E. сoli ішек таяқшасы анықталды. E. Сoli қоздырушылары тамақтан уланудың қандай түріне жатады?
-
стафилококкты токсикоз
-
тағамдық токсикоинфекция
-
ішек инфекциясы
-
микотоксикоз
-
ботулизм
9. Көпсалалы аурухананың 120 койкалы хирургия бөлімшесі бас ғимараттың жоғары қабатында орналасқан. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша қандай санитарлық-эпидемиологиялық шара жүргізу қажет?
-
желдету жүйесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру
-
санитарлық-ағарту жұмыстарын
-
қабаттар бойынша ұтымды орналастыру
-
ламинарлық қондырғыларды ұйымдастыру
-
қызметкерлер мен науқастар ағымын оңтайландыру
10. 8 жылдық жұмыс өтілі бар цех ораушысы 1 жылдық өтілі бар жұмысшыға қарағанда екі есе жылдам және өнімді еңбек атқарады. Бұл динамикалық стереотиптің қалыптасуымен байланысты. Шартты рефлекстік байланыстардың пайда болуының бірінші фазасы немен сипатталады?
-
бас ми қыртысының жауапты бөлімдеріне қозудың таралуымен
-
шартты рефлекторлық байланыстардың пайда болуы және бекуімен
-
бас ми қыртысында қозу және тежелу процестер қатынасының теңдеп бөлінуімен
-
бас ми қыртысының нақты осы жұмысқа жауапты болмайтын әр түрлі бөлімдерінің қозуымен
-
афференттіден эфференттіге дейінгі синтез процестерінің бірігуімен