ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.09.2021

Просмотров: 260

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /

В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%


Жұмыс аймағындағы ауадан алынған сынама (ауада шаңның 65% SiO2 құрайды), оның ауадағы концентрациясы 37 мг/м3. Шаңның дисперстілік құрамын зерттеген кезде анықталды: 2 мкм – ден 41%, 2-5 мкм 29%, 10 мкм-ден жоғары 12%. Жұмыс аймағынан 20 л/мин. жылдамдықпен 5 минут бойы ауадан сынама алғанда cүзгідегі тозаңның салмағы 8,0 мг. құрады. Тозаңнан сынама алғанда бөлменің температурасы 18C0 және барометрлік қысым 725 мм сынап бағ. жағдайында болды.

Тапсырма: жұмыс аймағындағы ауаның тозаңдану деңгейін есепте, шаңның ШРЕК қандай және дисперстілік құрамына баға бер (қандай кәсіптік патологиялар туындауы мүмкін).

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Өндірістік шаңның зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған шаралар кешенін көрсет.

  1. Ауаның тозаңдануын зерттеу үшін қандай әдістер жиі қолданылады?




Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Нұсқа/ Вариант № 4

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%


1. 700 балаға арналған мектепке дейінгі балалар мекемесінің жобасы қалалық санитарлық бөлімге түсті. Қабаттық жоба бойынша келесі бөлмелер анықталды: медициналық кабинет, қабылдау, ойын – асхана, жатын – кіре беріс. Мектепке дейінгі балалар жасындағы топтық ұяшық қандай бөлмелерден тұрады?

  1. медициналық кабинет, изолятор, музыкалық зал

  2. меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті

  3. қабылдау, ойын-асхана, жатын-кіре беріс, буфет

  4. әжетхана, ойнау-асхана, изолятор

  5. денешынықтыру залы, буфет, музыкалық зал

2. 5 жасар қыз баланың дене дамуы V дене даму дәрежесіне келетіндігі анықталды. V дене дамуының дәрежесіне қандай анықтама сәйкес келеді?

  1. жақсы (тұрақты), үйлесімді

  2. нашарланған, дисгармониялы

  3. нашар, дисгармониялы

  4. жалпы тежелу, дене дамуының қалуы

  5. дене дамуының озуы

3. Мектепке дейінгі мекеменің бөбек жасындағы топ балаларының күн тәртібін бағалау жоспарлануда. «Күн тәртібі» түсінігінің анықтамасы қандай?

  1. берілген тапсырма көлемі бойынша нақты іс қимыл түрлерін орындау

  2. берілген тапсырманы жедел орындау

  3. барлық іс қимыл және демалуға уақытты бөлу

  4. баланың тәуліктік күн тәртібіне денсаулық жағдайына және жынысына байланысты оптимальды көлемін бекіту

  5. баланың тәуліктік күн тәртібіне денсаулық жағдайына және жынысына байланысты

оптимальды ұзақтығын бекіту

4. Шахтаның қолайсыз факторлары жедел кәсіптік аурулардың дамуына және жұмысшылардың өміріне қауіп қатер тудырады. Шаңның бөлінуімен жүретін жұмыс орындарына қандай диагнозбен жұмысқа тұруға тыйым салынады?

  1. шеткері жүйке жүйесінің жедел және созылмалы аурулары

  2. созылмалы панкреатит

  3. жедел респираторлық аурулар

  4. қан жүйесінің и жедел және созылмалы аурулары

  5. пневмосклероз


5. Жалпы және жергілікті (локальді) діріл көздері бар еңбек жағдайларын бағалау үшін аспаптық өлшеу жүргізілді. Ағзаға дірілдің әсері қандай қасиеттерге байланысты болады?

  1. ағзалар мен тіндердің физико-механикалық құрылымы

  2. тербелетін дене салмағының тығыздығына

  3. жұмысшылардың жұмыс өтілі мен жасы

  4. өндірістегі демалу және еңбек тәртібі

  5. тәуліктік биоритм

6. Конвейер цехындағы шу және діріл деңгейін бағалау кезінде кейбір орташа геометриялық октавалық жолақтарда шудың нормадан ауытқуы анықталды. Осы анықталған дыбыс толқынының ұзындығы дегеніміз не?

  1. 1 секундтағы толық тербеліс саны

  2. дыбыс толқынындағы екі көрші қоялану (сгущения) немесе ыдырау арасындағы қашықтық

  3. толық бір тербеліс болатын уақыт

  4. 1 с ішінде толқын процесі тарала алатын қашықтық

  5. тербелістегі дененің тепе-теңдік нүктесінен неғұрлым ауытқуы

7. 450 койка санына есептелген аудандық аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Аурухананың жобасында барлық бөлімшелер жоспарланған. Қандай бөлімшенің қабылдау бөлімі жеке болуы тиіс?

  1. іріңді хирургия

  2. анестезиология және реанимация

  3. реанимация және қарқынды терапия

  4. балалар

  5. неврологиялық

8. Кезекші дәрігер басының, ішінің ауырғынына, көзінің алды тұмандануына шағым айта келген науқастардың көру бұзылыстарына, аккомодацияның бұзылғандығын, жұтынудың қиындауын, дауысының қарлыққандығын анықтады. Сырқат тамақтан уланудың қандай тобына жатады?

  1. микробты, токсикоинфекция

  2. микробты, токсикоздар

  3. микробсыз, химиялық

  4. микробты, аралас

  5. этиологиясы белгісіз тамақтан улану

9. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық-теникалық шараларды көрсетіңіз:

  1. стационарды ұтімді орналастыру және құрылыстау

  2. тағам мен оның қалдықтарының ағымын оңтайландыру

  3. бөлмелер тазалығын сақтау

  4. желдетуді ұйымдастыру

  5. қызметкерлер мен науқастар ағымын оңтайландыру

10.11 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 9 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?

  1. биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған

  2. биологиялық жасы паспорттық жасына сай

  3. биологиялық жасы бір қалыпты дамуда

  4. биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған

  5. биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ


  • Блок 2.

Санитарлық қызметтің ескертпелі бөліміне 800 койкаға арналған аурухананың жобасы сараптамаға өткізілді. Кешенді қалалық аурухана қаланың шетінде, жасыл желекке жақын, шу көзі мен ауаны ластаушы көздерден алыс орналасады. Аурухана территориясында келесі аймақтар қарастырылған: жасыл желек (40%), емдік инфекциялық корпустар, емдік инфекциялық емес корпустар, шаруашылық аймақ, патолого-анатомиялық корпус. Аурухана аймағында үш шығатын жол қарастырылған, олардың біреуі инфекциялық және патолого-анатомиялық корпусқа баруға арналған. Жоғарыда көрсетілген бөлімшелер үшін науқасты қабылдау бөлімі бірге орналасқан. Аймақтар арасындағы қашықтық 12 метр.


Аурухана құрамында екі палаталық секциядан тұратын терапиялық бөлімше бар. Палаталық секция құрамына кіретін бөлмелер жинағы: науқастарға арналған палаталар, күндіз науқастардың болатын орны, процедура бөлмесі, дәрігер кабинеті, аға медбике кабинеті және шаруашылық бикесінің кабинеті, әжетхана бөлмесі, палаталық дәліз.

Тапсырма. Берілген жағдай бойынша жобаға гигиеналық қорытынды беріңдер.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ауруханаларды құрылыстау жүйелеріне сипаттама беріңіз.

2. Хирургиялық бөлімнің құрылымдық бірлігін көрсетіңіз.


Нұсқа/ Вариант № 5

1. Алғашқы «Ботулизм» диагнозымен қалалық стационарға шұғыл түрде науқас түсті. Бактериалды токсикоздар өршуінің токсикоинфекциялардан негізгі эпидемиологиялық айырмашылығы қандай?

  1. құрамында көп көлемде микроағзалар бар тағамды қолдану кезінде пайда болуы

  2. құрамында экзотоксині бар тағамды қолдану кезінде пайда болады

  3. контагиозды процесс

  4. «эпидемиялық құйрықтың» болуы

  5. сырқаттың кенеттен басталуы

2.Ұлты орыс, 10 жасар қыз баланың дене дамуын бағалау кезінде келесі көрсеткіштер анықталды: дене салмағы бойынша дене даму дәрежесі «– II», кеуде клеткасының аумағы бойынша дене даму дәрежесі - «I». Баланың қортынды дене даму дәрежесін анықтаңыз?

  1. I

  2. -II

  3. IІ-

  4. +II

  5. ІІ+

3.6 сынып оқушыларының сабақ кестесін бағалау кезінде бір күндік оқу жүктемесі мах- 48 cағат, min 37 сағат екендігі анықталды. Оқу жүктемесі қандай болу қажет?

  1. 48 cағат, min 37 сағат

  2. 30 cағат, min 28 сағат

  3. 40 cағат, min 35 сағат

  4. 42 cағат, min 33 сағат

  5. 37 cағат, min 30 сағат

4. ҚММУ-ң санитарлық–гигиеналық зертханасына Қарағанды қаласының №67 көмір шахтасынан өтініш келіп түсті. Мақсаты: құралдармен өлшеу арқылы ауаның тозаңдануын бағалау. Берілген жұмысты орындау үшін қандай әдіс қолданылады?

  1. аспирациялық-салмақтық

  2. седиментациялық

  3. микроскопиялық

  4. бактериологиялық

  5. экспресс-әдіс

5.Конвейер цехындағы шу және діріл деңгейін бағалау кезінде кейбір орташа геометриялық октавалық жолақтарда шудың нормадан ауытқуы анықталды. Шу деңгейін суреттейтін «дыбыс "күші" дегеніміз не?

  1. дыбыстың қосымша энергиясының 1 секудта кв.м-ге таралуы

  2. 1 секундта 1 кв.м аудан арқылы өтетін дыбыс энергиясы шамасы

  3. таралу ортасында 1 кв.м ауданды өтетін дыбыс энергиясы қуаттылығының шамасы

  4. дыбыс энергиясы қуаттылығының оның күшіне кері қатынасы

  5. дыбыс көзінен кеңістіктің кейбір нүктесіне дейінгі қашықтық квадратына жататын дыбыс энергиясының қуаттылығы

6. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу үшін жоспарлы түрде ауаның микробтық ластануына зерттеу жүргізілді. Аурухананың хирургиялық бөлімшесінің қандай бөлмелерінде міндетті түрде ауаның микробтық ластануына зерттеу жүргізіледі?

  1. саты-лифт холлы

  2. палаталар

  3. дәліз

  4. операциядан кейінгі палаталар

  5. дәретхана

7. Қазыбек би аудандық СЭҚ бөліміне 450 орынға есептелген соматикалық аурухананың жобасын сараптау жұмысы тапсырылды. Бұл жүргізілген жұмыс санитарлық қадағалаудың қандай түріне жатады?


  1. ағымды

  2. ескертпелі

  3. жоспарлы

  4. кезекті

  5. шұғыл

8. Құрылыс компаниясының 12 жылдық жұмыс өтілі бар краншысы 3 жылдық жұмыс өтілі бар краншыға қарағанда, өзінің жұмысын жылдам және өнімді орындайды. Бұл пайда болған динамикалық стереотиппен байланысты. Динамикалық өндірістік стереотип дегеніміз не?

  1. ағзадағы физиологиялық процестердің деңгейін анықтайтын шартты рефлекстер жүйесі

  2. бас ми қыртысында қозу процесіннен тежелу процестерінің басым болуы

  3. жұмыс күні бойындағы ағзаның бір текті физиологиялық қызметтері

  4. жұмысшы мүшелерден түскен импульстарға нерв клеткаларынан жауаптың болмауы

  5. бір тәуліктік ауысымдағы еңбектің бір тектілігімен туындаған жұмысқа қабылеттіліктің белгілі бір деңгейі

9. Спортлагерінде кешкі астан кейін спортсмендер арасында тамақтан улану жағдайы тіркелді. Анықталған жағдайға себеп фолликулярлы ангинамен ауырған аспазшы болғандығы анықталды.Стафилакокктық токсикоз кезінде ұйымдастырылатын алдын алу шараларының кешені қандай?

  1. азық түліктердің көгеруінің алдын алу

  2. азық –түліктердің ылғалдануының алдын алу

  3. инфекция көзін табу, тасымалдаушыларды азайту, ластану жолын үзу, азық

түліктердің сақталу мерзімін және жағдайын сақтау

  1. астықтың сақтау ережесін сақтау және агротехникалық шараларды ұйымдастыру

  2. алдын алу жұмыстарын жүргізу

10. 250 орынға есептелеген аурухана жобасын сараптауға тапсырма берілді. Жоба құжаттары жинағындағы жағдайлық жоба қандай түсінікті сипаттайды?

  1. салынатын объект бүкіл территориясымен көрініс тапқан сызбаны

  2. ғимараттың жеке бөліктерінің немесе элементтерінің сызбасын

  3. құрылысқа бөлінген жерді сипаттайтын проектінің тақырыптық

бөлігін

  1. жобаланған объектінің қоршаған жерге қатынасын сипаттайтын

сызбасын

  1. ғимараттың сыртқы түрін бейнелейтін сызбаны


  • Блок 2.

Облыстық санитарлық сараптау орталығына 480 балаға есептелген №4-ші мектептің жобасы сараптамаға келіп түсті. Мектеп мөлтек ауданының шетінде, 2 класс қауіптілігі бар өндіріс орыннан 100 м. қашықтықта орналасқан. Жер учаскесі мөлтек ауданның бүйірінен таңдалған. Территория учаскесінің жалпы ауданы 2,1га. Жер учаскесінде келесі алаңдар бөлінген: дене шынықтыру-спорт, оқу-тәжірибелік, дем алыс және жеке шығатын жолы бар шаруашылық аймағы. Территорияның жасыл желек ауданы 12000 м2 құрайды.

Мектеп ғимараты блокты жоспарланған: екі қабаттан тұратын 3 оқу блоктарынан және әкімшілік-шаруашылық блоктан тұрады. Бастауыш сыныптар жеке блокта екінші қабатта орналасқан. Сынып терезелері солтүстікке бағытталған. Мектептің екінші қабатында ағаш пен металл өңдейтін біріктірілген шеберхана орналасқан (52,3 м2).

Тапсырма: №4-ші мектепті жоспарлау және орналастыру жағдайына гигиеналық баға беріңіз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қалалық елді мекендер үшін мектептердің қызмет көрсету радиусы қандай болуы қажет (жаяу жүргіншілер есебінде)?


2. Химия және шеберхана бөлмелерінің орналасу ерекшелігіне сипаттама бер.


Нұсқа/ Вариант № 6

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. Петропавл қаласының №1 мектебінде профилактикалық бағытта кешенді медициналық тексеріс жүргізілді, балалардың биологиялық жасы анықталды. Баланың "биологиялық жасы" дегеніміз не?

  1. туылғаннан тексеріске дейінгі уақыттағы баланың жасы

  2. ұрықтанғаннан тексеріске дейінгі уақыттағы онтогенетикалық даму көрсеткішін салыстыру

  3. әр жас кезеңіндегі ерекшеліктерінің баланың жасына сай морфологиялық белгілерінің жиынтығы

  4. әр жас кезеңдерін сипаттайтын соматометриялық белгілердің жиынтығы

  5. жеке стандарт мәліметтері бойынша дене даму көрсеткіштерінің жиынтығы

2. Астана қаласындағы санэпид қадағалаудың БЖГ бөлімінің маманы № 101 мектепте оқу – тәрбие процесіне гигиеналық бағалау жүргізді. Мектептің сабақ құрылымын бағалау қандай әдіспен жүргізіледі?

  1. вариациялық

  2. сұрастыру – көркемдік

  3. биологиялық

  4. статистикалық

  5. жеке және топтық хронометраж

3. Қалалық аурухананың бірінен санитарлық бөлімге тағамнан улануды тіркеу туралы шұғыл хабарлама түсті. Тағамнан улану бойынша қандай анықтама бересіз?

  1. құрамында шартты – патогенді микрофлорасы бар тағамды қабылдау кезінде туындайтын сырқат

  2. токсикоз бен токсикоинфекцияны тудыратын микроағзалардың әсер етуіне байланысты сырқат

  3. бактериалды және бактериалды емес этиологиясы бар зиянды факторлары бар тағамдарды қабылдау кезіндегі жедел сырқат

  4. құрамындағы патогенді микроағзалары бар тағамды пайдаланғаннан ғана туындайтын жедел сырқат

  5. микробты және микробты емес табиғаты бар, белгілі бір микроағзалардың түрімен көптеп ластанған немесе олардың ағза үшін улы болып келетін токсиндерімен ластанған тағамды қолдану салдарынан пайда болған жедел сырқат ( кейбір жағдайларды созылмалы болуы мүмкін)

4. Жұмысшылар бөлмесінде ауаның тозаңдануын аспапты өлшеу кезінде тозаң құрамындағы кремнийдің қос тотығының көлемі ШРЕК-тен 70% жоғары екендігі анықталды. Шаңның максималды – бір реттік концентрациясы нені көрсетеді?

  1. өндірістік операция немесе технологиялық процестің аса қолайсыз кезеңіндегі неғұрлым жоғары концентрация

  2. барлық жұмыс аусымындағы тозаңның неғұрлым жоғары концентрациясы

  3. еңбек іс-әрекетінің барлық кезеңінде жұмыс аймағы ауасындағы неғұрлым тозаңдануын

  4. бронх-өкпе аппаратына тозаңның күш түсіру дәрежесін

  5. организмге шаңдық жүктемені

5. Тауқойнау комбинатының ұсақтау-бөлшектеу бөлімінде жалпы дірілдің деңгейі: 2, 4, 8, 16, 32, 63 Гц жиіліктерінде 86, 89, 92, 94, 96, 92 Дб құрайды. Цехта жиі орын алатын дірілдің түрі қандай?

  1. кеңжолақты

  2. синусоидальды

  3. төменжиілікті

  4. орташажиілікті

  5. жоғарыжиілікті