ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.09.2021

Просмотров: 259

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.



Нұсқа/ Вариант № 9

1. 13 жасар баланың дене дамуын кешенді бағалау кезінде биологиялық жасының паспорттық жасына сәйкес емес екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасын қорытындылау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш қандай?

  1. тұрақты тістерінің саны

  2. екінші жыныстық белгілерінің жетілуі

  3. бойының жылдық қоспасы

  4. соңғы 3 жылда бойының 2 см өсуі

  5. дене салмағының көбеюі

2. № 1-ші мектептің бесінші сыныбында тарих сабағының ұйымдастырылу құрылымына гигиеналық бағалау жүргізілді. Сабақ қандай бөлімдерден тұрады?

  1. экспериментальды және қорытынды бөлім

  2. кіріспе бөлімі, негізгі, қорытынды

3. 720 балаға есептелген мектептің жобасы санитарлық сараптама жүргізілген кезде анықталды:мектептің жер участкесін функционалдық аймақтау гигиеналық талаптардан ауытқыған. Қортынды «жоба жарамсыз». Қандай функционалдық аймақтар қарастырылуы қажет?

  1. селетибті аймақ, демалу аймағы, жасыл желек аймағы

  2. ұйымдастырылған аймақ, шаруашылық аймағы, жасыл желек аймағы

  3. қалалық аймақ, өндірістік аймақ, пайдалы аймақ

  4. оқу-тәжірибелік, спорттық демалу, шаруашылық, жасыл желек аймағы

  5. пайдалы аймақ, қалалық аймақ, өндірістік аймақ, қажетсіз аймақ

4. Жабық түрде кен өндіретін карьерде жұмыс істейтін жұмысшылардың арасында кәсіптік сырқатқа ұшырығандар саны көбейіп кетті.Тозаңмен күрестің технологиялық сипаттағы қандай шараларды күшейту қажет?

  1. тиімді желдетуді орнату

  2. тозаң шығарушы құралды жабу ж/е жабын астынан ауаны сору

  3. жұмыс бөлмелері ауасындағы аэрозолдердің шектеліп рұқсат етілген мөлшерінің шамасын регламентеу.

  4. қалдықсыз өндірісті құру

  5. өнеркәсіп өндірістерін, кен орындарын, шахталардың құрылысы мен жұмысының мазмұны бойынша санитарлық ережелер

5. Жалпы және жергілікті (локальды) дірілді бағалау үшін аспаптық өлшеу жүргізілді, нормадан ауытқу анықталды. Дірілдің зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған медициналық- профилактикалық шаралар кешені қандай?

  1. еңбек процесін механизациялау

  2. кезекті медициналық тексеріс

  3. жеке қорғаныс құралдарын пайдалану

  4. өндіріс бөлмелерін ұтымды жоспарлау

  5. дистанциондық басқару

6.Қаланың шетінде кешенді аурухана құрылысын салу жоспарлануда. Эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау және емдік-сақтандыру шаралары үшін қолайлы жағдай құрылыстаудың қандай жүйесінде жүзеге асырылады?

  1. орталықтандырылмаған

  2. орталықтандырылған

  3. аралас жүйесінде

  4. блокты

  5. әмбебап

7.Ауруханада ем алып жатқан науқастың екінші реттік инфекция түрін жұқтырғаны белгілі болды. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бойынша ұйымдастырылатын эпидемияға қарсы шара қандай болады?

  1. науқастар мен қызметкерлер арасында бактерия тасымалдаушыларды білу мен санациялау

  2. емдеу-диагностикалық бөлімшеледі өзара ұтымды орналастыру

  3. бөлменің бағытына байланысты желдету жүйесінің жұмысын жақсарту

  4. физикалық, химиялық, биологиялық әдістерді пайдалану

  5. қызметкерлерді жоспарлы түрде вакцинациялау


8. Ғылыми-зерттеу орталығында қоршаған ортадағы химиялық заттарды анықтау бойынша эксперимент жүргізілді. Қоршаған ортада химиялық агенттерді гигиеналық нормалаудың негізі болып не табылады?

  1. ағзаға оның химиялық әсерін игеру

  2. эксперимент бойынша ағзаға олардың биологиялық әсерін игеру

9.Ағаш өңдеу кабинетінде шудың деңгейін гигиеналық өлшеу уақытында SVAN (шумомер) құралы арқылы нормаланған жиілікте келесі көрсеткіштер анықталды: 80,82,92,96,96,92. Адамның есту анализаторлары қандай жиіліктегі шуға өте сезімтал болады?

  1. 50 - 100 Гц

  2. 20 мың - 30 мың Гц

  3. 16 - 500 Гц

  4. 10 мың - 20 мың Гц

  5. 1000 - 4000 Гц

10. Ауруханаға түскен науқастар кешкілік қуырылған саңырауқұлақ жегендігін айтты. Терісінің беті бозданған, іш құрсағы қатты ауырсынады, анурия анықталды. Келесі күні оң жақ бүйірі қатты ауырып, терісінің беті сарғайды. Науқастар комаға түсіп, қиын жағдай туындады. Қандай тамақтану улану жағдайы орын алып отыр?

  1. Микробсыз тамақтан улану, химиялық

  2. Микробсыз тамақтан улану, шартты жарамды өнім

  3. Микробсыз тамақтан улану, табиғатынан улы өнім

  4. Микробты тамақтан улану, аралас

  5. Этиологиясы белгісіз тамақтан улану


  • Блок 2.

Бала бақшада түскі асқа баклажан икрасы (Краснодар аймағының колхоздық консерві зауыттарының бірінің өнеркәсіптік өндірісінің консервісі) берілді. 7 сағат өткен соң екі балада құсу, ішінің ауыруы, әлсіздік, жұтынудың қиындауы, қарашықтарының біркелкі емес кеңеюі байқалды. Кейіннен қабақтың түсуі, дауыстың қарлығуы, дауысының қырылдауы тәрізді симптомдар пайда болды. Дене температурасының қалыпты жағдайында тахикардия байқалды. Балалар невропатолог кеңесінен өтіп, «полиемиелиттің бульбарлы формасы» және «дифтериялық полиневрит» диагноздарымен неврологиялық бөлімшеге жатқызылды.

Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан екеуі де қайтыс болды. Осындай шағыммен 12-48 сағаттан кейін түскен тағы да бес бала үшін құрамында дәрігер-инфекционист, невропатолог және педиатр бар дәрігерлік комиссия құрылды. Комиссия «табиғаты микробты тағамнан улану» диагнозын қойды және түскі ас кезінде ауырған балалардың бәрі бір консервідегі баклажан икрасын жегенін анықтады. Емдеу шараларының нәтижесінде кейінгі 5 бала аман қалды.

Тапсырма: Анамнез және клиника мәліметтерін пайдалана отырып суреттелген тағамнан улану жағдайын талдаңыз. Диагнозды негіздеңіз, оны дәлелдеу үшін қандай қосымша лабораториялық зерттеу жүргізу қажет, ауырғандарға қандай жедел көмек көрсету керек екендігін көрсетіңіз, мұндай уланудың нақты алдын алу шараларын ұсыныңыз


Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тағамнан уланулар қалай жіктеледі және жіктелу принципі қандай жағдайға сүйенеді?

2. Этиологиясы анықталмаған тағамнан улануларға түсінік беріңіз.


Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.


Нұсқа/ Вариант № 10

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%


1. Жоспарлы кешенді медициналық тексеріс, балалардың биологиялық жасын анықтаумен қатар жүргізілді. 11 жастағы ер баланың дене дамуы бойынша өзінің құрбылыстарынан қалыс дамуы анықталды. Баланың дене даму дәрежесісінің анықтамасы қандай?

  1. жақсы (қалыпты), үйлесімді

  2. нашарлаған, дисгармониялық

  3. нашар, дисгармониялық

  4. жалпы тежелуі

  5. дене дамуының оза жүруі

2. Бастауыш мектепте оқу жылының бірінші тоқсанына сабақ кестесі құрастырылды. Кестеде қосарландырылған сабақтар 5 рет кездеседі, динамикалық компоненттері бар сабақтар бірінші сабаққа қойылған. Құрастырылған сабақ кестесіне қандай баға бересіз?

  1. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылған, оқу жүктемесі нормаға сай

  2. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына қосарландырылған сабақтар жүргізуге болады

  3. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар жүргізуге болады

  4. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылмаған, оқу жүктемесі нормаға сай емес

  5. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар тек қана бірінші сабақтарға жүргізілуі тиіс

3.Қала ортасында орналасқан МДБМ-ге гигиеналық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты МДБМ де топтық оқшаулау принципін бағалау. Топтық оқшаулау қалай жүргізіледі?

  1. аймақта топтық алаңының және ғимаратта топ ұяшығының болуы

  2. алаңға жеке шығу есігінің болуы

  3. жеке дәмхананың болуы

  4. жеке оңашалау болуы

  5. жалпы дене шынықтыру аланның болуы

4. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің нормаланған көрсеткіші 80, 82, 92, 96, 96, 92. Дірілдің негізгі физикалық көрсеткіші қандай?

  1. тербеліс амплитудасы

  2. діріл беткейінің сипаты

  3. дірілмен байланысты дене беткейінің ауданы

  4. діріл көзі болып табылатын дененің тербеліс тығыздығы

  5. нормадан ауытқу биіктігі

5.Проходкалау бөлімінде шаңның дисперсті құрамына зерттеу жүргізілді, 2 мкм көлемдегі шаңның 41% (SiO2) құрайтындығы анықталды. Бұл жұмыс орынында қандай кәсіптік ауру дамуы мүмкін?

А. бронхит

В. силикоз

С. бронхиальная астма

D. плеврит

Е. дерматит

6. 450 койка санына есептелген аудандық аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Аурухананың жобасында барлық бөлімшелер үшін қабылдау бөлімін бірге орналастыру жоспарланған. Қандай бөлімшенің қабылдау бөлімі жеке болуы тиіс?

  1. іріңді хирургия

  2. анестезиология және реанимация

  3. реанимация және қарқынды терапия

  4. перзентхана

  5. неврологиялық

7. Кезекші дәрігер басының, ішінің ауырғынына, көзінің алды тұмандануына шағым айта келген науқастардың көру бұзылыстарына, аккомодацияның бұзылғандығын, жұтынудың қиындауын, дауысының қарлыққандығын анықтады. Сырқат тамақтан уланудың қандай тобына жатады?


  1. микробты, токсикоинфекция

  2. микробты, токсикоздар

  3. микробсыз, химиялық

  4. микробты, аралас

  5. этиологиясы белгісіз тамақтан улану

8. Ауруханаға түскен науқастар кешкілік қуырылған саңырауқұлақ жегендігін айтты. Терісінің беті бозданған, іш құрсағы қатты ауырсынады, анурия анықталды. Келесі күні оң жақ бүйірі қатты ауырып, терісінің беті сарғайды. Науқастар комаға түсіп, қиын жағдай туындады. Қандай тамақтану улану жағдайы орын алып отыр?

  1. Микробсыз тамақтан улану, химиялық

  2. Микробсыз тамақтан улану, шартты жарамды өнім

  3. Микробсыз тамақтан улану, табиғатынан улы өнім

  4. Микробты тамақтан улану, аралас

  5. Этиологиясы белгісіз тамақтан улану

9. Қолданбалы компютерлер тудыратын электро- магниттік өріс спектірінің құрамында қандай өзгерістер болады?

  1. төмен жиілікті электромагниттік ауытқулар

  2. орта жиілікті құрамдас

  3. жоғары жиілікті электромагниттік ауытқулар

  4. ультра жоғарғы жиілікті ауытқулар

  5. ЖЖ ауытқулар

10. 2006 жылы дүниеге келген қыз баланың мектептік жетілуін бағалау қажет. «Мектептік жетілудің» қанағаттанарлық деңгейін көрсететін жастық қатынас қалай түсіндіріледі?

  1. биологиялық жасы паспорттық жасына сәйкес немесе үлкен

  2. биологиялық жасы паспорттық жасына сәйкес немесе 1 жасқа қалыңқы

  3. паспорттық жасы жасы биологиялық жасына сәйкес немесе үлкен

  4. биологиялық жасы паспорттық жасынан қалыңқы

  5. биологиялық жасы паспорттық жасына сәйкес немесе 2 жасқа қалыңқы


  • Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап 50% /В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%


Автозауыттың штамптайтын цехында ИШВ-1 құралымен шу деңгейі өлшенді. Зерттеу көрсеткіштері кестеде көрсетілген.

Кесте: шу деңгейін өлшеу нәтижелері, дбА

Бөлме

Шудың жалпы интенсивтілігі, дбА

Орташа геометриялық жиіліктерімен октавалық жолақтардағы интенсивті көрсеткіштетер, Гц

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Штамптайтын

цех

94

99

90

80

81

86

84

80

78

80

95

87

82

78

75

73

71

69

Тапсырма: бөлмедегі шу жағдайын бағалап, гигиеналық қорытынды беріңіз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Пайда болу жағдайына байланысты шулар қандай түрлерге бөлінеді.

2. Шу ауруына тән жалпы және спецификалық симптомдарды көрсетіңіз.