ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.09.2021
Просмотров: 258
Скачиваний: 1
6. Қажудың алдын алу, жоғары деңгейдегі жұмысқақабылеттілікті сақтаудың негізгі құралы ұтымды еңбек тәртібі мен демалуды ұйымдастыру болып табылады. Ұтымды еңбек тәртібі дегеніміз не?
-
жұмыс кезеңі мен дем алу уақытын алмастыру
-
аяқ – қол бұлшықетінің тобын анықтауда дене жүктемесінің төмендеуі
-
еңбек интенсивтілігінің жоғарылауы
-
демалу уақытының қысқаруына байланысты жұмыс уақытының ұзаруы
-
ағзаның қозғалыс қызметі жылдамдығының төмендеуі
7.Боксталған инфекциялық бөлмелерден тұратын бөлімшенің соматикалық палаталардан тұратын бөлімшелермен салыстырғанда артықшылықтары қандай?
-
әртүрлі науқастардың жеке емделуіне мүмкіншілік жасайды
-
жасына байланыссыз науқастарды оқшаулау мүмкіндігінің болуы
-
құрылыстау жүйесінің үнемділігі
-
орынның іркілу уақыты аз
-
ауруханаішілік инфекцияның болу мүмкіндігі азаяды
8. Көпсалалы аурухананың 60 койкалы хирургия бөлімшесі бас ғимараттың қабаттарының бірінде орналасқан. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша қандай санитарлық-эпидемиологиялық шара жүргізу қажет?
-
желдету жүйесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру
-
санитарлық-ағарту жұмыстарын
-
қабаттар бойынша ұтымды орналастыру
-
ламинарлық қондырғыларды ұйымдастыру
-
қызметкерлер мен науқастар ағымын оңтайландыру
9. Палаталық секцияда 8 койкалы 2 палата (50 м2-тан), 6 койкалы 1 палата (45 м2-тан), 2 койкалы 4 палата (15 м2-тан), 1 койкалы 1 палата бар. Палаталар биіктігі 3 м. Палаталық секцияға койкалар саны, палаталар жиынтығы және олардың ауданы бойынша гигиеналық талаптарға сай ма?
-
койкалар саны, палаталар жиынтығы және олардың ауданы бойынша палаталық секция гигиеналық талаптарға сай
-
койкалар саны мен палаталар ауданы бойынша палаталық секция гигиеналық талаптарға сай емес
-
палаталық секция палаталар жиынтығы бойынша гигиеналық талаптарға сай емес
-
палаталық секция койкалар саны бойынша гигиеналық талаптарға сай емес
-
палаталық секция койкалар саны, палаталар жиынтығы және ауданы бойынша гигиеналық талаптарға сай
10. Мектептің информатика кабинеті батысқа бағытталғандығы анықталды. ПК мен ВТ орналасқан бөлмелер дің бағытталуы қалай болуы қажет?
-
батыс
-
оңтүстік- шығыс
-
оңтүстік – батыс
-
солтүстік
-
оңтүстік
-
Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%
№ 3 мектептің 6-шы сынып оқушыларының арасында кезекті медициналық профилактикалық зерттеу өткізілді. 11 жастағы М. атты ер баланың антропометриялық көрсеткіштер: бойының ұзындығы 162 см, дене салмағы – 57 кг, кеуде клеткасының аумағы– 88 см, тұрақты тістерінің саны -14, екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі Ах0, Р0,1, V,1. Субъективті шағымдары төмендегідей: аз ғана жүктеме түскеннің өзінде тез шаршайды, басы жиі ауырады. Соңғы бір жылдың ішінде 3 рет ауырған (2 рет жедел респираторлық инфекциямен, баспамен).
Тапсырма: баланың дене дамуын кешенді бағалаңыз және денсаулық тобын анықтаңыз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
-
Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін табан және омыртқа жотасының түрлері қандай?
-
Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалайтын қандай әдістерді білесіз?
Нұсқа/ Вариант № 7
1. Орыс ұлтының 7 жастағы қыз баласының дене дамуын бағалаған кезде дене салмағы бойынша «– II дене даму дәрежесі», кеуде клеткасының аумағы бойынша «I дене даму дәрежесі » екендігі анықталды. Баланың қорытынды дене даму дәрежесі қандай?
-
I
-
-II
-
+IІ
-
II-
-
IІ+
2. 1–2 сынып оқушыларының сабақ кестесі мен жүктемесін талдау кезінде апталық жүктеме 28 балды құрады. Сабақ кестесін бағалауда қандай әдіс қолданылады?
-
Анфимовтың корректорлық сынамасы
-
Платонов кестесі
-
пәннің қиындығын ранг шкаласы
3. 2002 жылы 19 ақпанда дүниеге келген қыз баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында 2008 жылы 20 наурызда медициналық және психофизиологиялық зерттеуден өткізді. Баланың медициналық картасында (форма № 026-у) педиатр, хирург-ортопед, офтальмолог, невропатолог, логопед және стоматолог мамандарының зерттеу жазбалары бар. Балаланың мектепте оқуға дайындығын анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?
-
регрессия шкаласы
-
биологиялық жасын анықтау
-
Керн-Ирасек тесті
4. Ауа шаңының құрамындағы кремнийдің бос қос тотығын гигиеналық зерттеу кезінде аспирациялық-салмақтық әдіс қолданылды. Аспирациялық-салмақтық әдіс неге негізделген?
-
тозаңның белгелі бір жерге шөгіп, одан әрі оның салмағын анықтауға
-
тозаңның белгелі бір жерге шөгіп, одан әрі седиментация көлемінде тозаң бөлшектерінің салмағын анықтауға
-
белгілі ауа көлемінен сүзгішпен тозаңды ұстау және оны өлшеу
-
жұтқыш ерітінділер арқылы ауаны өткізу және оны өлшеу
-
ауаны ионалмасу смоласы арқылы өткізіп, одан әрі оның салмағын анықтауға
5. Спортлагерінде кешкі аста спортсмендер шаймен кремді торт жегеннен 2-3 сағат өткен соң, эпигастралды аймақтың ауыруы, жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағым айтып, жаппай ауыруы туындады. Объективті терлегіштік, әлсіз пульс, дене температурасы 37-37,80С шамасында. Тергеу кезінде анықталды: 1 күн бұрын тортты дайындаған аспаз, келесі күні фолликулярлы баспамен ауырып жұмысқа шықпай қалған, торт ас блогының қоймасында 20 сағат жылы жерде сақталған. Спортсмендер арасында пайда болған ауру ға қандай диагноз қоясыз?
-
микробты тамақтан улану, Escherihia coli бактериялары тудырған токсикоинфекция
-
микробты тамақтан улану, Сlostridium botulinum бактериялары туындатқан токсикоз
-
микробты тамақтан улану, Proteus бактериялары тудырған токсикоинфекция
-
микробты тамақтан улану, Staphylococcus aureus бактериялары тудырған токсикоинфекция
-
этиологиясы белгісіз тамақтан улану
6. Сырқаттанушылықтың бірінші реттік алдын алу мақсатында қоршаған орта және адам арасындағы қарым қатынастың сәйкестендірілуі - гигиеналық нормалау факторы ретінде қарастырылады. Гигиеналық нормалау дегеніміз не?
-
зиянды факторлар үшін бекітілген минималды физиологиялық сандық деңгей
-
зиянды факторлар үшін бекітілген орташа физиологиялық сандық деңгей
-
зиянды факторлар үшін бекітілген максималды физиологиялық қауіпсіз сандық деңгей
-
жұмысшының жарақаттануына немесе денсаулығының күрт төмендеуіне әкелетін зиянды факторлар деңгейі
жұмысшылардың сырқаттануына немесе жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкелетін зиянды факторлар деңгейі
7. ҚММУ-нің компютерлік орталығында жүретін қосымша сабақтың құрылымы мен тығыздығына гигиеналық бағалай жүргізілді. ВТ және ЖК қолданумен жүргізілетін қосымша сабақтың жалпы ұзақтығы қандай?
-
аптасына 1 астрономиялық сағаттан аспау керек
-
аптасына 1 академиялық сағат
8. Аурухана тәртібінде аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бойынша шараларды ұйымдастырудың маңызы зор. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алудың арнайы емес шараларының бірі архитектуралық-жоспарлау шарасына не кіреді?
-
Бөлмелер арасында ауа ағымының бағытын реттеу
-
Палаталарды инфекция көзінен барынша оқшаулау
-
Науқастар мен медициналық қызметкерлердің санитарлық деңгейін жоғарылату
-
Бактерия тасымалдаушыларды анықтау
-
Пассивті және активті иннмунизациялау
9. Қала орталығынан бір километр қашықтықта 450 науқасқа арналған аурухананы құрылыстауға жер учаскесі таңдалды. Жер таңдаудың қандай принциптерін білесіз?
-
өндірістің қауіптілік класына сай болуы қажет
-
таңдалған жер территориясы «сау» болуы қажет
-
топырақтың каппилярлығы жоғары болуы қажет
-
жер асты суларының тұру биіктігі 1,5м ден жоғары болуы қажет
-
жер территориясының еңістігі екі градустан аспайды
10. 4. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің нормаланған көрсеткіші 80, 82, 92, 96, 96, 92. Дірілдің негізгі физикалық көрсеткіші қандай?
-
тербеліс амплитудасы
-
діріл беткейінің сипаты
Оқу жылының төртінші тоқсанына төрт жылдық мектептің бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ кестесі құрастырылды. Сабақ арасындағы үзілістер 5 минутты құрайды. Сыныпта 45 бала бар. Сабақ кестесі төменде көрсетілген:
Дүйсенбі Қазақ тілі, Математика Дене шынықтыру, Шет тілі Барлығы 33 балл |
Сейсенбі Математика, Еңбек, Еңбек Шет тілі, Қазақ тілі Барлығы 37 балл |
Сәрсенбі Жаратылыстану, Орыс тілі Математика, Шет тілі Барлығы 34 балл |
Бейсенбі Математика, Тарих Қазақ тілі, Әдебиет Барлығы 43 балл |
Жұма Орыс тілі, Сурет Дене шынықтыру,Математика Барлығы 25 балл |
Сенбі Математика,Орыс тілі Музыка, Тарих Барлығы 27 балл |
Сабақтың басталғанына үш апта өтер өтпестен оқушылардың ата-аналары балаларының тез шаршағыштығына, сабақ үлгерімдерінің нашарлауына шағым айтып мектеп директорына келді. Оқытушылар оқушылардың тәртібінің нашарлағанын айтты. Мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол үш оқытушыға айтылған жағдайды тексеруге, соның ішінде сабақ кестесінің оқушылардың жас ерекшелігін және жұмысқа қабылетілігінің күндізгі және апталық динамикасын есепке ала отырып құрылғандығын бағалауға тапсырма берді.
Тапсырма. 4А сынып үшін құрастырылған сабақ кестесін бағалаңыз? Жұмысқақабылеттілік кезеңдерін есепке ала отырып, сабақ кестесін оңтайлы жағдайға келтіру үшін Сіз өз түзетулеріңізді енгізе аласыз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сабақ кестесін бағалау үшін қандай әдіс қолданылады?
2. Күн тәртібі дегеніміз не?
Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.
Нұсқа/ Вариант № 8
-
Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%
1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау үшін қолданылатын регрессия шкаласын құру үшін қандай мәліметтер қажет?
-
жасы, жынысы, басының аумағы, ұзындығы, дене салмағы
-
жасы, жынысы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын жері
-
жасы, жынысы, ұлты, дене салмағы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын аймағы
-
кеуде клеткасының көлемі, екінші жыныстық белгілері, жылдық бойының қоспасы
-
ұлты, жасы, жынысы, кеуде клеткасының аумағы, денсаулық тобы
2.280 балаға есептелген МДМ жобасына сараптау жүргізілді. Жер территориясы мен ішкі бөлмелерде оқшаулау принциптері сақталған. Оқшаулаудың қандай түрлері бар?
-
топтық және жеке
-
топтық және аудандық
-
жастық және жеке
-
жыныстық және топтық
-
бөлмелік және учаскелік
3. 12 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 14 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?
-
биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған
-
биологиялық жасы паспорттық жасына сай
-
биологиялық жасы бір қалыпты дамуда
-
биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған
-
биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ
4. Өндірістік ортаның ауасынан алынған сынамаға зерттеу жүргізілді. Жұмыс бөлмесі ауасындағы кремнийдің қос тотығының мөлшері 70%- тен жоғары болғанда, тозаңның ШРЕК-і нешеге тең болады
-
0,5 мг/куб м
-
1,0 мг/куб м
-
2,0 мг/куб м
-
4,0 мг/куб м
-
10,0 мг/куб м
5. № 1-ші мектептің бесінші сыныбында тарих сабағының ұйымдастырылу құрылымына гигиеналық бағалау жүргізілді. Сабақ қандай бөлімдерден тұрады?
-
экспериментальды және қорытынды бөлім
-
кіріспе бөлімі, негізгі, қорытынды
-
зертханалық және қорытынды
-
дайындық және теориялық
-
бастапқы негізгі және қосалқы бөлімдер
6. Қала орталығында 600 койкаға аурухана құрылысы жобаланған. Жобада бір ғимаратта емдеу, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, хирургиялық және жалпы соматикалық бөлімшелері жоспарланғаны анықталды. Аурухана жобасы қандай құрылыс жүйесіне жатады?
-
орталықтандырылмаған
-
аралас
-
орталықтандырылған
-
блокты
-
арнайыландырылған
7. Қалалық санитарлық қызметтің ЕПМ бөліміне 780 койка санына есептелген аурухана жобасы сараптамға келіп түсті. Осы жобаның жағдайлық бөлімінде қандай мәлімет болады?
-
жоспарланған объектінің елді мекенде орналасқан басқа объектіге қатынасы
-
территория толығымен және жобаланған объектіге қатынасы
-
объектінің жер участогының формасы және мөлшері
-
жобаланған объектілердің элементтерімен өзара байланысы және жоспарлануы
-
объектінің сыртқы бейнесі (мекеменің)
8. Кезекті медициналық зерттеу кезінде жұмысшылар арасында есту шегінің көрсеткіші ауытқыған, яғни өндірісте ағзаға зиянды әсер ететін шу көзі бар екендігі анықталды. Есту шегі дегеніміз не?
-
есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың мини малды интенсивтілігі
-
есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың максималды интенсивтілігі
-
1000 Гц жиілігінде қабылданатын дыбыстың максималды интенсивтілігі
-
есту органы қабылдай алатын дыбыстың минималды жиілігі
-
есту органы қабылдай алатын жиілігі мен күші белгілі бір шамадағы үндердің (тон) мезгіл-мезгіл қайталануы
9. Кезекті санитарлық зерттеу кезінде интернет кафенің жертөледе орналасқандағы анықталды. ЖК-мен жұмыс істейтін мекемеге қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптарға сай қандай тыйым салынады?
-
жұмыс орындарын жоғарғы қабаттарда орналастыру
-
жұмыс орындарын жертөлелерде орналастыру
-
аралық бөлмелердегі жұмыс орындарын жабдықтау
-
тұрғынжайларға жұмыс орындарын орналастыру
-
оқу орындарының мекемелеріне ЖК-ы орналастыру
10. Соматоскопиялық зерттеу кезінде баланың табан пішінін анықтау қажет болды. Сіз қандай әдісті қолданасыз?
-
рентгенография
-
бласстография
-
плантография
-
динамометрия
-
ультра дыбысты диагностика
-
Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%
Қалалық санитарлық сараптау бөлмесіне бір қабаттан тұратын жұқпалы аурулар ауруханасының жобасы келіп түсті. Бір науқасқа арналған толық бокстың ауданы 12м2. Науқаста қабылдау бөлімінің жалпы науқастарды қабылдау-қарау бөлмесінде жүргізіледі. Өздерінің бокстарына науқастар жалпы коридор арқылы бағытталады екен. Науқастар толық жазылғаннан кейін санитарлық өткізгіш арқылы шығарылады. Медициналық қызметкерлер боксқа ас блогы бөлімі арқылы біріктірілген дәлізбен кіреді. Жобаның түсініктеме жазбасында ауруханадан шығарылған іркінді сулар қалалық канализациялық тазалу құрылымдарына жіберілетіндігі анықталды. Ауаның алмасу жиілігі сағатына 1-ге тең деп берілген. Берілген таза ауа үшін бактериологиялық тазалау құрылымдары қарастырылмаған. Жарық қуаты 10Вт құратын 2 люменисцентті шамдар арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырма: берілген жобаны гигиеналық сараптаудан өткізіп, гигиеналық қорытынды беріңіз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Палаталық секция дегеніміз не?
2. Аурухананы құрылыстау үшін жер таңдаудың гигиеналық принциптерін көрсетіңіз