Файл: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1801
Скачиваний: 142
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
Математиканы оқытудың қағидалары
Математиканы оқытудың әдістері
5. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
6. Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері
9. Педагогикалық практика туралы
аламыз:
Сабақтың құрылымын талдағанда сабақтың мақсаты басты роль атқарады. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді.
Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы. Математиканы оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерден ең алғаш сабақтың дидактикалық мақсатттары, бұдан соң математиканың мазмұны арқылы тәрбие берудің, оқушы білімін жетілдіруді көздейтін негізгі мақсаттар туралы ұсыныстарды табуға болады. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті болуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып, белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдық белсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтың жалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.
Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап – сабақ мазмұнын дұрыстап орналастыра білу. Математика сабақтарындағы ең маңызды мәселе–оның мазмұны. Қарастырып отырған пәнді логикалық тұрғыда терең бейнелеу керек. Тек математика сабағының мазмұны арқылы білім, білік, дағды қалыптасады және математикалық фактілерді, математикалық әдістерді қолдану арқылы сабақ мазмұнын дамытуға болады. Егер сабақты
жаңа тақырыпты түсіндіру жоспарланған болса, онда сабақты дедуктивтік ой қорыту жолымен дәлелдеу, талдау жасап, оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу үшін мұғалім мақсатты жұмыстармен айналысады. Сабақ мазмұнының барлық түрлерін жоспарлы, белгілі жүйеде оқыту керек. Сондықтан әрбір сабақтың негізгі мазмұнын білу арқылы, солардың төңірегінде материалдар жинастыру керек.
Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жеке ерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқу материалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқу жұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежеде қоя білуіне тікелей байланысты. Оқыту жұмысында кез келген құрал- жабдық, дәріс, тәсілдердің ешбірі универсалдық сипатта бола алмайтынын ескеру керек. Тек бір әдіс не тәсілдің өзін ғана пайдалану нәтиже бермейді.
«Математика» пәнінің ерекшелігі сонда, оқытуда негізгі мәселе көрнекі жабдықтар әр түрлі формада қолданылуы тиіс. Сондықтан сабақта көрнекі және техникалық құралдарды кешенді түрде пайдаланып және кітаппен істелетін жұмыс түрлерін көбейту керек. Математикалық ұғымдардың абстракциялық сипаты оқушылардың түсінуін қиындатады. Бұл қиындықты пәндік модельдер, графиктік, таңбалы т.б. модельдер арқылы жоюға болады. Математика сабақтарында әр түрлі күрделі мәселелерді жай түрде баяндағанда суреттер мен сызбалар қарастырылатын негізгі ұғымды сипаттайтын көрнекіліктер қолданылады.
Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс формасын пайдаланады. Ғылыми–техникалық прогресстің жедел дамуы, ғылым мен өндірістің біте қайнасуы ой еңбегін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда оқушының жалпы даму деңгейі, оның ойлауы мен өздігінен білім алу іскерлігі, алған білімін іс жүзінде қолдана алуы ерекше маңызға ие. Сондықтан ғылым негіздерін оқытып үйреткенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың өздігінен білім алу іскерлігін қалыптастыру және оны одан әрі өрістету, алған білімін практикада қолдана білу машықтарын шыңдау бүгінгі таңда зор міндет болып табылады. Бұл өзекті мәселені жүзеге асыру күллі оқыту әдістері мен оқу–тәрбие жұмысын барынша жетілдіруді талап етеді. Осыған орай соңғы жылдары мектептерде оқу конференциялары мен семинарлары кең тарай бастады. Конференциялар мен семинарлар оқушылардың өздігінен ізденіп, білім қорларын байытатыны, ғылыми фактілерді талдап, қорытуға бейімделетіні, басқалардың ой–пікірлеріне сын көзбен қарауға икемделетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Оқу конференциялары мен семинарлары оқушылардың
оқулық және қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйренуді, ізденуді қажет етеді. Сондықтан оқушыларда ғылыми әдебиеттерді өздігінен оқып үйрену машықтарын қалыптастыру алдымен, олардың оқып шыққан материалдың ең маңыздыларын, ең негізгілерін атап көрсетуге, сол мәселелерді өз сөздерімен айтып беруге, бірнеше әдебиеттен оқығандарын қорытуға баулыған жөн. Оқу конференциялары сабақ кестесі бойынша бөлінген уақытта бүкіл сыныпта өткізіледі. Оқу конференцияларында математикалық ұғымдардың даму тарихы математикалық әдістердің тәжірибеде қолданылуы және т.б. оқулық немесе ғылыми әдебиеттерден оқушылар өздігінен оқып түсіне алатын материалды қарастырған жөн. Белгілі бір тақырып немесе тарау бойынша білімді жүйелеуге және қорытындылауға арнайы конференциялар ұйымдастыруға болады. Конференцияларды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде мұғалім:
Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.
Сабаққа дайындалу – күрделі де қиын жұмыс, сабақ өз деңгейінде өту үшін мұғалімнің әдістемеден жақсы теориялық білімі және дұрыс дайындығы мен сабақты жоспарлай алатын дағдысы болу керек.
Сабақ жоспарын жасау, сабақты ұйымдастыру мен бағдарламалық материалды оқыту мұғалімнен қажырлықты талап етеді. Сондықтан әрбір мұғалім сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс. Оқушыны білімді, білікті, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру бірітіндеп, сабақ сайын, күнбе–күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз. Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш кезеңнен тұрады.
Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы. Алдымен мұғалім жаңа оқу жылының басында оқу бағдарламасымен, мектеп оқулығындағы оқу материалымен танысып, оқушыларды неге оқытатыны анықтайды. Оқу материалының мазмұнының жобасы бойынша жылдық жоспарын жасайды. Оқу процесінің жылдық жоспарында оқу материалы тоқсандарға бөлініп, тақырыптарды оқытуға бөлінетін сағат саны мен уақыты белгіленеді, қайталау мерзімі мен тәсілдері анықталады. Оқушыға, мұғалімге керекті әдебиет тізімін жасайды, оқулықтарға талдау жасап, алдағы жұмыстарды жоспарлайды. Оқу жылының басында кабинетті жабдықтайды, бағдарламаға сай оқулықтар, дидактикалық материал, жұмыс дәптері, есептер жинағы таңдап алынады.
Мұғалімнің тақырыптық дайындығы. Тақырыптық жоспар нәтижесінде әрбір тақырыптың өзекті мәселелерін сабақтарға бөліп, қайталаудың түрлерін, бақылау жұмыстары мен үй тапсырмаларының мазмұнын анықтайды. Тақырыптық жоспар әр сабаққа арналған дидактикалдық материалды, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды уақытында даярлауға мүмкіндік береді, өткізілетін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың сипатын анықтауға көмектеседі. Сабақтың тақырыптық жоспары оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да факторларға сай өңделіп, жетілдіріліп отырады.
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы – күнделікті сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспарын жасау сабақ мазмұнын, баяндау ретін, өздігінен орындайтын жұмыстарды, үйге берілетін тапсырмаларды, сабақта қойылатын сұрақтарды т.с.с. мұғалімнің алдын ала болжауына көмектеседі. Әрбір сабақтан соң, оның кемшіліктері мен жетістіктеріне тиісті қорытынды жасап, мұғалім өз ойларын қағазға түсіріп отыруы дұрыс. Бұл кейінгі сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің сабаққа даярланудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын, оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады:
Сабаққа даярлаудың келесі кезеңі оның мазмұнын анықтау. Оқулықтарда оқу материалының тақырыптарға бөлінуі, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру мен бағыт-бағдар беру тәсілдерінің оқулықта көрініс табуы бұл кезеңді іске асыруға жол ашады. Сонымен бірге оқу бағдарламасында берілген оқушылар үлгеруге тиісті білім мен іскерліктердің тізімі, пәнаралық байланыстар мазмұнының белгіленуі
мұғалімнің сабаққа даярлануын едәуір жеңілдетеді. Сабақта өтілетін материалдың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды. Мұнда алдымен қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінің, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн. Егерде оқушыларды теориялық материалмен алғаш таныстырғанда, олардың тірек болар білімдері мен іскерліктері жоқ болса, онда әңгімелеу, түсіндіру, дәріс т.б. баяндау әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда оқушылардың қызметі білім мен іскерлікті жаңғырту сипатында болады. Ал оқушылардың тиісті білім қоры бар болса, эвристикалық тәсілді қолдануға болады және т.с.с.
Мұғалімнің сабақ жоспарында көрсеткен мәселелері оқушылардың кезекті білім, білік, дағды алуына және олардың ойын, инциативасының, шығармашылығының дамуына әсер етуі тиіс. Сабақ жоспарын жасағанда әр сыныптың нақты ерекшелігі ескеріліп, оқушылардың зерделі жұмысын ұйымдастырады.
Төменде күнделікті сабақ жоспарын құрудың бір түрі келтірілген (ұсынылған).
в) жаңа сабақты түсіндіру, г) сабақты бекіту, д) сабақтың қорытындысы, е) үйге тапсырма.
Әр сабаққа, тек мектеп оқулықтарымен ғана шектелмей, басқа да кітаптардан әр түрлі есептерді, алынған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет. Оқушыларға қойылатын сұрақтарды дәл, нақты тұжырымды етіп қою және оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға беру керек.
-
Сабақтың мақсатының қойылуы; -
Жаңа материалмен таныстыру; -
Жаңа материалды бекіту, а) ақпаратты еске түсіру және сондағы әрекеттің тәсілі; б) білімін көтеру, оны шығармашылықпен қолдана білу; -
Оқушының білім, білік дағдысын тексеру; -
Алынған білімді жүйелеу және жалпылау (тақырып, тарау бойынша).

конференцияның мерзімін, қарастырылатын мәселелер мен олардың міндеттерін анықтайды; -
оқушыларға арналған әдебиеттерді іріктейді; -
оқушыларға таңдаған тақырыптарын үйлестіріп, баяндамалардағы басты мәселелер бойынша кеңес береді; -
оқушылардың даярлығын ұдайы тексеріп, тиісті нұсқаулар береді.
Семинар сабақтары оқушылардың өздігінен білім алуына, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, пәнге ынтасын арттыруға, ғылыми әдебиеттермен өздігінен жұмыс істеу іскерліктерін дамытуға көмектеседі. Семинарлардың мақсаты алған білімді қайталау, жүйелеу және есеп шығаруға қолдана білу іскерліктерін дамыту болып табылады. Мұнда мұғалім негізінен мақсатын, міндетін және жоспарын түсіндіреді, реферат даярлайтын оқушыларға жеке тапсырмалар мен кеңестер береді. Өткізілу тәсілдеріне қарай семинарлар әңгімелеу, рефераттар мен баяндамаларды талқылау, есеп шығару қамтылатын аралас типті және комплексті болып бөлінеді. Комплекс сипаттағы семинардың негізгі мақсаты – математиканың басқа пәндермен байланысын қорытындылау мен жүйелеу.
-
Оқу процесінің тиімділігі, сабақтың жүйелігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.
Сабаққа дайындалу – күрделі де қиын жұмыс, сабақ өз деңгейінде өту үшін мұғалімнің әдістемеден жақсы теориялық білімі және дұрыс дайындығы мен сабақты жоспарлай алатын дағдысы болу керек.
Сабақ жоспарын жасау, сабақты ұйымдастыру мен бағдарламалық материалды оқыту мұғалімнен қажырлықты талап етеді. Сондықтан әрбір мұғалім сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс. Оқушыны білімді, білікті, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру бірітіндеп, сабақ сайын, күнбе–күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз. Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш кезеңнен тұрады.
-
мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы. -
мұғалімнің тақырыптық дайындығы. -
мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы.
Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы. Алдымен мұғалім жаңа оқу жылының басында оқу бағдарламасымен, мектеп оқулығындағы оқу материалымен танысып, оқушыларды неге оқытатыны анықтайды. Оқу материалының мазмұнының жобасы бойынша жылдық жоспарын жасайды. Оқу процесінің жылдық жоспарында оқу материалы тоқсандарға бөлініп, тақырыптарды оқытуға бөлінетін сағат саны мен уақыты белгіленеді, қайталау мерзімі мен тәсілдері анықталады. Оқушыға, мұғалімге керекті әдебиет тізімін жасайды, оқулықтарға талдау жасап, алдағы жұмыстарды жоспарлайды. Оқу жылының басында кабинетті жабдықтайды, бағдарламаға сай оқулықтар, дидактикалық материал, жұмыс дәптері, есептер жинағы таңдап алынады.
Мұғалімнің тақырыптық дайындығы. Тақырыптық жоспар нәтижесінде әрбір тақырыптың өзекті мәселелерін сабақтарға бөліп, қайталаудың түрлерін, бақылау жұмыстары мен үй тапсырмаларының мазмұнын анықтайды. Тақырыптық жоспар әр сабаққа арналған дидактикалдық материалды, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды уақытында даярлауға мүмкіндік береді, өткізілетін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың сипатын анықтауға көмектеседі. Сабақтың тақырыптық жоспары оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да факторларға сай өңделіп, жетілдіріліп отырады.
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы – күнделікті сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспарын жасау сабақ мазмұнын, баяндау ретін, өздігінен орындайтын жұмыстарды, үйге берілетін тапсырмаларды, сабақта қойылатын сұрақтарды т.с.с. мұғалімнің алдын ала болжауына көмектеседі. Әрбір сабақтан соң, оның кемшіліктері мен жетістіктеріне тиісті қорытынды жасап, мұғалім өз ойларын қағазға түсіріп отыруы дұрыс. Бұл кейінгі сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің сабаққа даярланудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын, оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады:
-
Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді меңгеруі керек (білімділік мақсаты), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамытушылық мақсаты), сабақтың оқушыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік мақсаты) тәрізді мәселелерге жауап беруі тиіс. -
Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім, іскерлік пен біліктілік қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек.
Сабаққа даярлаудың келесі кезеңі оның мазмұнын анықтау. Оқулықтарда оқу материалының тақырыптарға бөлінуі, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру мен бағыт-бағдар беру тәсілдерінің оқулықта көрініс табуы бұл кезеңді іске асыруға жол ашады. Сонымен бірге оқу бағдарламасында берілген оқушылар үлгеруге тиісті білім мен іскерліктердің тізімі, пәнаралық байланыстар мазмұнының белгіленуі
мұғалімнің сабаққа даярлануын едәуір жеңілдетеді. Сабақта өтілетін материалдың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды. Мұнда алдымен қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінің, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн. Егерде оқушыларды теориялық материалмен алғаш таныстырғанда, олардың тірек болар білімдері мен іскерліктері жоқ болса, онда әңгімелеу, түсіндіру, дәріс т.б. баяндау әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда оқушылардың қызметі білім мен іскерлікті жаңғырту сипатында болады. Ал оқушылардың тиісті білім қоры бар болса, эвристикалық тәсілді қолдануға болады және т.с.с.
Мұғалімнің сабақ жоспарында көрсеткен мәселелері оқушылардың кезекті білім, білік, дағды алуына және олардың ойын, инциативасының, шығармашылығының дамуына әсер етуі тиіс. Сабақ жоспарын жасағанда әр сыныптың нақты ерекшелігі ескеріліп, оқушылардың зерделі жұмысын ұйымдастырады.
Төменде күнделікті сабақ жоспарын құрудың бір түрі келтірілген (ұсынылған).
-
Сабақтың тақырыбы. -
Сабақтың мақсаты. -
Сабақтың түрі. -
Сабақтың көрнекілігі. -
Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі, б) үй тапсырмасын тексеру,
в) жаңа сабақты түсіндіру, г) сабақты бекіту, д) сабақтың қорытындысы, е) үйге тапсырма.
Әр сабаққа, тек мектеп оқулықтарымен ғана шектелмей, басқа да кітаптардан әр түрлі есептерді, алынған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет. Оқушыларға қойылатын сұрақтарды дәл, нақты тұжырымды етіп қою және оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға беру керек.
-
Математика сабағын талдау. Өзінің немесе әріптесінің жұмысына бақылау жасау үшін мұғалім сабақты талдай білуі керек. Сабаққа талдау жасау арқылы өзінің немесе әріптесінің қызметіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді бақылап, өзі үйренеді. Математика сабағын талдау мынадай түрде жүргізілуі мүмкін.
-
Жалпы мағлұматтар: сынып, тақырып, мақсаттар, сабақтың түрі, құрылымы. -
Сабақтың басталуы (ұйымдастыру кезеңі): формасы, ұзақтығы, тиімділігі. -
Үй жұмысын тексеру: оның мақсаты. Қалай тексерілді? Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы, тиімділігі. -
Сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны. Бағалар қалай қойылды? Қойылған бағаның оқушының білім деңгейі мен біліктілігіне сәйкестігі. Мұғалімнің дұрыс және бұрыс жауаптарға әсері. -
Оқушылардың алдына сабақтың мақсаты қойылды ма? Жаңа материалдың мазмұны мен көлемі. Баяндау әдісі. Көрнекі құралдарды қолдану. Оқулықпен жұмыс, оның қажеттілігі мен тиімділігі. Сабақтың негізгі маңызды жерін бөліп көрсету. -
Оқығанды тиянақтау. Оның қорытындысы неде? Сұрақтардың, есептердің таңдап алынуы және олардың көлемі, есептермен жұмыс жасау әдісі. Өзіндік жұмыс болды ма? Оның ұйымдастырылуы, мақсаты. -
Келесі сабаққа тапсырма. Оның мақсаты. Мазмұны мен көлемі. Оқушылардың тапсырманы түсінігіне мұғалімнің көзі жетті ме? Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны және әдістемесімен қамтамасыз етілді ме? -
Мұғалім сабақты қалай аяқтады. Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі. -
Қорытындылар мен ұсыныстар.