Файл: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1778
Скачиваний: 140
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
Математиканы оқытудың қағидалары
Математиканы оқытудың әдістері
5. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
6. Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері
9. Педагогикалық практика туралы
Осы алгоритмдерді пайдалануға мысалдар келтірейік. 4 - мысал. Теңдеулер жүйесін шешіндер:
4 0x 3y 10
2 0x 7 y 5
Ауыстыру тәсілімен шешу:
-
Жүйенің екінші теңдеуінен айнымалы х айнымалы у арқылы өрнектеледі, яғни
20х 5 7 y,
х 5 7 y ;
20
-
Жүйенің бірінші теңдеуіндегі х - тің орнына өрнек қойылады, сонда
5 7 у
20
40 5 7 у 3у 10.
20
-
Шыққан теңдеу шешіледі:
2(5 7 y) 3y 10,
10 14y 3y 10,
17 y 0,
y 0.
-
Айнымалы у - тің мәні
х 5 7 y
20
x 5 7 0
20
өрнегіне қойылады:
-
х-тің мәні есептеледі:
х 5
20
1 0,25.
4
-
Жүйенің шешімі
(0,25; 0)
сан жұптары болады.
Қосу тәсілімен шешу:
-
Жүйе теңдеулеріндегі х пен у-тің коэффициенттері салыстырылады, х - тің коэффициенттері 40 және 20, у - тің коэффициенттері 3 және 7; -
Х - тің коэффициенттерін қарама - қарсы сандарға келтіру үшін, жүйенің екінші теңдеуінің барлық мүшелері 2-ге көбейтіледі;
4 0x 3 y 10
4 0x 14y 10
-
Алынған жүйе теңдеулерінің сол жақ және оң жақ сәйкес
бөліктері мүшелеп қосылады, сонда 17 у 0.
-
17 у 0 тендеуінің түбірі табылады, у 0.
-
у - тің 0-ге тең мәні
20x 7 y 5
теңдеуіне қойылады;
20x 7 0 5
-
Шыққан
20x 5
теңдеуінің түбірі табылады;
х 5
20
1 0,25.
4
-
Жүйенің шешімі
(0,25; 0)
сан жұптары болады.
Осы екі алгоритмді пайдалану барысында оқушылар оның қайсысы үнемді болатынына байланысты таңдап алуға үйренеді.
Алгебра сабақтарында есеп шығару барысында мұғалім әрдайым қандай есептер математикадағы белгілі бір ережелерді қолдануды, ал қандай есептер зерттелетін нақтылы объектілердің кеңістіктегі формаларын немесе сандық қатынастарын математикалық түрге келтіруді, яғни математикалық модель құруды қажет ететін түрде берілгеніне, әр түрлі процестер мен құбылыстарға көп жағдайларда бірдей математикалық модельдердің сәйкес болатынына тоқталып, оларға оқушылар назарын аударып отырғаны жөн.
Жетілдірілген бағдарлама бойынша 6–9 сыныптардың алгебра курсында оқушыларға сөзді есептерді теңдеу, теңдеулер жүйесін құру арқылы шығаруды үйретуге жеткілікті назар аударылады. Бұл математиканы оқыту процесінде өте жауапты да қиын жұмыстардың бірі болып саналады. Ол үшін мұғалімдер әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың есеп шығару біліктілігін бағдарламаның талабына сай дәрежеге жеткізуі тиісті. Әсіресе, үлгерімі нашар оқушылармен жеке дара жұмыстар ұйымдастыра отырып, алгоритмдік тәсілдерді жүзеге асырғаны жөн. Өйткені әріппен белгілейтін шаманы таңдап алуға, басқа бір шаманы белгілі және белгіленген шамалар арқылы өрнектеуге мәндері тең екі шаманы анықтап, теңдеу құруға үйрету алгоритмінің қадамдар тізбегі толық жазылған карточканың тигізетін көмегі зор.
Мысалы, екі автобус қаладан 72 км қашықтықтағы пионер лагеріне бір мезгілде шықты. Бірінші автобустың жылдамдығы екіншісінен 4 км/сағ артық болғандықтан, ол пионер лагеріне 15 мин ерте келді. Әр автобустың жылдамдығы қандай ?
Есепті шешу үшін оның математикалық моделін құру керек.
Екінші автобустың жылдамдығын х деп белгілесек, бірінші автобустың жылдамдығы х – 5, автобустардың жолға жұмсаған уақыты, сәйкесінше 72/х және 72/(х – 5) болады, ал екінші автобус біріншіге қарағанда жолға 15 мин кем уақыт жұмсаған, яғни 72/(х – 5) – 72/х = ј ; Осы теңдеу осының математикалық моделі болып табылады.
Бұдан кейін осындай есептерде оқушыларды қатыстыра отырып талдап, содан соң өз бетімен шығаруды ұсынуға болады. Ал нашар оқитын оқушыларға мынадай нұсқау карточка беруге болады :
-
Екінші автобустың жылдамдығын х км/сағ деп белгіле. -
Бірінші автобустың жылдамдығы туралы не айтылған? Оны есептің мәтінінен тауып оқы. -
Бірінші автобустың жылдамдығын белгісіз х арқылы өрнекте. -
Бірінші, екінші автобус қанша жол жүргенін есептің мәтінінен тауып айқында. -
Бірінші, екінші автобустың жүрген жолы мен жылдамдығы бойынша, жолға жұмсаған уақытына сәйкес өрнек құрастыр. -
Табылған уақыттарды салыстыр. Бірінші автобус демалыс орнына 15 мин ерте келгенін ескеріп, теңдеу құрыңыз. -
Теңдеуді шешіңіз.
Осындай алгоритмдерді үлгерімі нашар оқушылардың сөз есепті теңдеу құрып шығару икемділіктері белгілі бір дәрежеге жеткенге дейін қолданған жөн. Есептің шартын түсініп оқып, қандай объектілер туралы не айтылғанын және олардың арасындағы байланыстарды айқындағаннан соң, карточкадағы қадамдар тізбегі жазылған ретімен орындалады. Теңдеу құрылатын сөз есептерді шығару барысында оқушылар есепте берілген, іздеп отырған шамаларды анықтауды, оның математикалық моделін жасауды, шешу әдісін, яғни шешу алгоритмін құрастыруды үйренеді. Сонымен математика
курсының әрбір сабағында оқушылардың алгоритмді сөз, ереже немесе қадамдар тізбегі, көрнекі блок–схема, кесте түрінде келтіруіне формуладан қадамдар тізбегіне, блок – схемаға, кестеге көшуіне, оны жаттығулар орындауға, есеп шығаруға пайдалануына, сөйтіп алгоритм ұғымы оның қасиеттерін терең түсінуіне мүмкіндіктері мол.
жастық мен
Математикамен айналысу – ақылдың айрықша гимнастикасы,оған
шақтың бүкіл оралымдылығы бүкіл төзімділігікерек.
Винер Н.
шұғылдану,
Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен
екіншісі – одан сабақ беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 16
7. Математиканы оқытуды ұйымдастыру
Пуассон С.Д.
-
Сабақ, оның құрылымы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
-
Мұғалімнің сабаққа даярлануы және сабақжоспары. -
Математика сабағынталдау. -
Математикадан өздігінен орындайтынжұмыстарды ұйымдастыру.
-
Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан
туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барынша тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының қалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. Сабақтың мақсатына сай оқу мазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Оқу пәні «математиканың» ерекшелігі мектеп оқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оның мазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өте қиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдіс өзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуін қанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни,
а) сабақтың мақсатына сай;
б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы, сипаты);
в) сынып оқушылардың ерекшелігі;
г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалық құралдармен жабдықталуы;
д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сынып оқушыларының саны сияқты шарттар;
е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістермен қарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым–қатынасы).
Оқу процесі, оқу жабдықтары, әдістер мен тәсілдер оқытуды ұйымдастырудың формасымен тығыз байланыста болады. Әрбір әдіске, оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру формасы
болады.
Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл оқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.
Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ құрылымы әр алуан болады. Тіпті параллель сыныптарда өткізілетін
сабақтардың құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты сабақтың құрылымы ұдайы өзгеріп, сыныпқа бейімделіп тұрады. Әр сабақта әрбір мұғалімнің өзіне тән қолтаңбасы көрінеді.
Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін:
-
ұйымдастыру кезеңі; 2) үй тапсырмаларын тексеру; 3) өткен материалдарды қайталау; 4) жаңа материалды өту; 5) өткен материалды баяндандыру; 6) үйге тапсырма; 7) қорытындылау, бағалау.
Алайда бұл жоспарды ұдайы сақтауға болмайды, сыныптың ерекшелігіне, оқушылардың дайындық дәрежесіне және т.б. факторларға байланысты ол өзгеріп, кемелдендіріліп отырады. Жалпы құрылымның әрбір бөлігі өзінің мазмұны және көлемі бойынша, тіпті кең мағынада қарастырылады. Мысалы, бұрын алған білімін қайта еске түсіру қажеттігін көрсету және амалдар тәсілдері тек бұрын алған білімін жай еске түсіріп қоймай, оны жаңа жағдайларға пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, білімнің меңгерілуін тексеруге қолдану т.б. сияқты мәселелерден тұрады. Жалпы дидактикалық құрылымның бөліктерінен оқытудың әр алуан тізбектік, әр алуан байланыстағы барынша нақты үрдісін аламыз. Математика сабағының құрылымы ұғымын пайдалана отырып, көптеген мүмкін жағдайлар ішінен сабақтың негізгі кезеңдерін бөліп