ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 3053
Скачиваний: 22
СОДЕРЖАНИЕ
Ожешко әдісімен спораларды бояу
Бактерияларда капсуланы анықтау
Бактериологиялық әдіспен зерттеу _______________________________
__________________________________________________________________
Тақырыбы: Бактериялардың биохимиялық белгілері. Ферментативті
белсенділікті оқу (зерттеудің 3-ші күні). Бактериялардың
идентификациясы. Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және дақылдандыру
Лактофеприн - нейтрофилдер бөлетін белок, микроорганизм тіршілігін тежейтін гидроксилді радикалдардың түзілуін күшейтеді.
Бета-лизиндерді тромбоцит бөліп шығарады. Ол бактерицидті нәтиже көрсетеді;
Трансферрин - қажетті метаболит үшін микроорганизмдермен бәсекелеседі, онсыз қоздырғыштар көбейе алмайды.
Пропердин - қан сары суының белогы. Ол комплемент жүйесі арқылы бөтен антигенді бүзады.
Фагоцитоз (грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:
1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);
2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң);
3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;
4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.
Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, ягни бөгде затты жұтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа)
Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің кұрамына тотықтар мен иондарды корытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда кандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі.
Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар - хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабылеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталады (грек, chemeia - металл балкыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу). Хемотаксис жиырылатын акуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а), лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.
Заттардың фагоциттің кабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар колдап нысанды жасушаларда кайтарылмас зыянды өзгерістер тудырады.
Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылғаны және актин, миозиннің қатынасымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың корытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.
Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталган фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді умен аяқталмайды, өйткені санаулы микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы). Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрніс аяқталмаган фагоцитоз деп аталады.
Адъюванттар, комплемент, иммундыцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозга дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабылетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.
Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлык көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммуынды, не иммунды емес сарсулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжрибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға колданылады.
Тромбоциттер
Тромбоцитгер иммунитет процесінде өте маңызды рөл атқарады. Олар мегакариоциеттерден дамиды. Тромбоциттердің сырт кабығында IgG, IgE иммуноглобулиндер, комплементтің С1, СЗ бөлігі және де МНС антигеннің 1 сыныбымен байланысқа түсетін рецепторлар орналасқан.
Тромбоциттердің іс атқаруына белсендірілген комплемент оңды әсер етіп олар иммунитетке қатынасы бар белсенді заттарды (гистамин, лизоцим, В-лизин, лейкоплакиндер, простагландиндер) синтездеуін колдайды.
Комплемент
Тегі және қасиеті. Комлемент гуморалдық иммунитеттің аса маңызды іс атқаратын ерекше қорғаныс факторы. Комплементті 1899 жылы француз галымы Ж.Борде ашып "алексин" деп атаган. Комплемент деген атты Г.Эрлих ұсынған.
Комплемент антиген мен антидене қосылған кезде белсендірілетін, жай кезде енжарлы жағдайда болатын сарсудың ақуыздарырының күрделі кешені.
Комплементтің құрамына 20-дан астам ақуыз түрі кіреді. Оның ішінде 9 түрі ең негізгісі болып саналып CI, С2, СЗ, С4, С5, С6, С7, С8, С9 әріп-цифрлармен белгіленеді. Комплементтің ақуызы глобулиндер катарына жатады және өзара физикалық-химиялық көрсеткіштерімен жекелендіріледі. Мысалы, олардың молекулалык салмағы және де күрделі суббірліктік құрамы болады. Комплемент бөлшектері жоғарғы концентрацияда синтезделеді (сарысу ақуызының 5-10 пайызы комплемент), сонымен катар, оның бір бөлігін фагоциттер бөліп шығарады.
Комплементтің міндетті ісі әр алуан:
а) микробтар мен басқа жасушаларды еріту (цитотоксикалық әсері);
б) хемотоксикалық қасиет;
в) фагоцитозды қолдау.
Яғни, комплемент организмді микробтан басқа да жасушалар және антигендерден арылуға (мысалы ісік не трансплантант жасушалары) бағытталган иммунды литикалық реакциялардың бір түрі.
Комплементтің белсендірілуі.
Комплементтің белсендірілуі өте күрделі процесс. Ол протеолитикалық ферменттер арқылы жүретін көп сатылы реакциялардан тұрып, соңында бактерия, не басқа жасушалардың кабырғасы жойдырылуына белсенді цитолитикалық кешеннің пайда болуымен аяқталады.
Қазіргі уақытта комплемент белсендірілуінің үш жолы белгілі: классикалык, альтернативті және лектинді (3-сызбанүсқа).
Классикалық жол.
Комплемент антиген + антидене кешенінің әсерінін белсендіріледі. Антиген+ антидене кешені пайда болу үшін IgM-нің бір, не болмаса IgG-ның екі молекуласы жеткілікті. Процесс антиген+антидене комплексіне комплементтің С1 бөлігінің қосылуынан басталады одан әрі СІ түп бөлігіне ыдырайды. Процесс комплементтің басқа бөліктері қатынасуымен жалғаса береді. Реакцияның соңғы нәтижесі бөгде заттың бейтараптанып адам денесінен тысқа шығарылуы.
Алътернативті жол.
Бұл жол антидененің қатынасуынсыз өтеді. Тәсіл адам денесін грам теріс микробтардан қорғауға бағытталған. Сатылы реакция антигеннің В, Д ақуызы мен пропердин (Р) қосылуымен басталып С3 бөліктің белсендірілумен жалғасады. Одан әрі процесс классикалык жолға сәйкес механизіммен аяқталады.
Лектинді жол.
Бұл жолдың да механизімі антиденесіз өтеді. Оның басталуына манноза байланыстырушы ақуыз себепкер. Ол зат микроб кабырғасындағы маннозамен байланысқаннан кейін комплементтің С4 бөлігін белсендіреді. Ары қарай сатылы реакция классикалык жолдың механизіміне ұқсас жүреді.
Комплементті белсендіру жолында реакцияның қорытындысы ретінде биологиялық өте белсенді суббірліктер пайда болады: С3а, С3в, С5а, С5. Мысалы С3а, С5а анафилактикалық реакицялардың басталуына қатынасады. С3б- опсонизацияны күшейтеді. Күрделі сатылы комплемент белсендіру реакциялары Са2+ жэне Mg2+ иондарының көмегімен өтеді.
Лизоцим
Лизоцимді 1909 жылы П.Л. Лащенко ашқан, ал 1922 жылы А.Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи төзімділігінде ерекше зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті (лат.тілінен-murus - кабырга) молекулалык салмагы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофильдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза үлпасының сүйықтығына үнемі дарып отырады. Лизоцимді каннан, лимфадан, көз жасынан, омырау сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс-зәр және ас қорыту жүйесінен, ми үлпасынан табуға болады. Лизоцим тек жана ми-жұлын сұйықтығында және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Ағзада бір тәулікте бірнеше грам лизоцим бөлініп шығарылады.
Лизоцимнің бактериоцидтік және бактериостатикалық қабылеті бар. Сонымен қатар лизоцим фагоцитоз бен антидене синтезін белсендіреді. Лизоцим жасуша кабырғасының гликопротеидтерін (мурамил- дипептидаза) ыдыратып жасушаның бұзылуынына себепкер болады, сонымен қатар зақымдалған жасушаны фагоцитоздауын жеңілдетеді.
Лизоцимнің синтезделу процесі бұзылса, онда органимнің бөгде затқа төзімділігі әлсірейді. Соның себептерінен организм ісік және жұқпалы ауруларға шалдығуға икем болады. Ондай жағдайларда емдеу үшін тауық жүмыртқасының ақуызынан, не биосинтезді жолмен алынган лизоцимдер қолданады.
Интерферон
Интерферон иммундық жүйенің маңызды ақуыздарының қатарына жатады. Ол 1957 жылы ашылған. А.Аизекс және Ж.Линдеман вирустардың интерференция көрнісін зерттеу кезінде (лат.inter- аралық және ferens - тасмалдаушы) төменгідей құбылысты байқаған. Жануарға не жасуша өсіндісіне вирустың бір түрімен жұқтырған кезде, оларда вирустың екінші түрін жұқтырмауға төзімділік пайда болады. Бұл көріністің негізінде вирустан қорғайтын сипаты бар ақуыз синтезделенетіні анықталған. Бұл ақуыз түрі интерферон деп аталған еді. Қазіргі кезде интерферон құрылысы жанжақты зерттелген, және де ол медицина тәжірибесінде емдеу немесе аурудың алдын алу үшін кең қолданылады. Интерферон ақуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалык салмағы 15-70 КДА-га дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді. Қандай жасуша түрімен синтезделуіне байланысты интерферонның үш түрі бар. Альфа-интерферонды лейкоциттер түзеді, сондықтан оны лейкоцитарлық деп атайды. Бета-интерферонды фибробластық дейді, өйткені ол дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді. Гамма-интерферон иммундық деп аталады, өйткені ол белсендірілген Т-лимфоцитер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Интерферон ағзада үзілісіз түзіліп отырады да, оның қандағы мөлшері 2МЕ деңгейінде болады. Ағзаға вирустар еңген кезде, не болмаса интерферон демеушілерінің (индукторлары) әсерінен (мысалы РНҚ, ДРҚ, күрделі полимерлер) интерферонның түзілуі асқындайды. Интерферонның ондай демеушілері интерфероноген деп аталды. Интерферонның вирустарга қарсы әсерінен басқа қатерлі ісіктің өсуін тежеу, иммунитет дәрежесін көтермелеу және тағы басқа пайдалы қасиеттері бар.
Интерферонның әсер ету механизімі өте күрделі. Ол вирусқа тікелей залалды әсер етпей жасушаның арнайы кұрылыс құрамымен байланысқа түсіп вирустер еңген кезде оларға қажет ақуыздың түзелуіне кедергі жасайды. Интерферон неғүрылым ерте түзіліп, не денеге тыстан ерте ене бастаса оның әсері соғүрлым нәтижелі болады. Сондықтан, интерферонды вирустар қоздыратын бірталай аурулардың (мысалы тымау) алдын алу үшін, не болмаса вирустық созылмалы ауруларды (гепатит В,С, Д, ұшық т.б.) емдеуге қолданады. Интерферонның спецификалық қасиетінің бірі, адам ағзасынан алынған интерферон жануарларга әсерсіз. Иинтерферонды алу үшін екі жақты тәсіл қолданылынады:
а) Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жүқтырып, оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды өндеп, қажетті препараттарды дайындайды;
б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (пгевдомонада - немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. Өзгерген микроб арнайы ортада өсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл түрі рекомбинантты деп аталады. Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты "Реаферон". Реаферон медицина тәжірибесінде қең қолданылады.
Тақырыбы: Антигендер, антидене. Агглютинация реакциясы. Преципитация реакциясы.
Сабақтың оқулық мақсаты:
Студент білу керек:
Антигендер, антиденелер дегеңіміз не? Тусініктемелері, химиялық табиғаты, қасиеттері.
Антигеннің антиденелермен өзара спецификалық байланысу реакциялары.
Студент атқара білу керек:
1.Агглютинация реакциясы жөне оның модификацияларын қою техникасын білу және оларды есептеу.
а.Шыныда агглютинация реакциясын қою.
б. ура емес агглютинация реакциясын қою (ТЕАР).
в.Оө жөне Нөаітлютинациясы реакциясын (демонстрацияда)
2.Преципитация реакциясы және оның модификацияларын қою техникасын білу жөне оларды есептеу.
а.Кольцепреципитация
3.Гельдегі преципитация реакциясы. (қосарланған иммунодиффузия әдісі). Оухтерлони бойышпа C.diphtreriae токсиндерін, СРБ-С-реактивті белок анықтау үшін гельдегі преципитация реакциясы (демонстрация).
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Антигенге тусініктеме, химиялық табиғаты, қасиеттері. Корпускулярлы және ерітіңді антигендер. Табиғи антигендер.
-
Антитендік детерминантқа түсініктемесі, табиғаты, антиген молекуласында оның саны, антигеннің спецификасы.
-
Гаптендер, толық жетілген антигендерден айырмашылыгы. Конъюгирленген антитендер. Ландштейнер реакциясы.
-
Микробтық жасушаның антигендері, орналасу орны, химиялық табиғаты. Микробтардың қарама-қайшы әсер ететін антигендер, химиялық құрамы, қан тобы антигендерімен, трансплантациялық антигендермен өзара байланысы. Инфекциялық процессте жөне иммундық жауап дамуындағы бүл антигендердщ маңызы. Форсманның гетерогендік антигендерінің сипаттамасы.
-
Жануарлардың және адам организмнің антигендері. МНС антигендеріне түсініктеме.
-
Антиденелер туралы түсініктер, олардың антигендермен спецификалық өзара байланысуы. Иммунитет реакциялары, екі фазалары, мінездемесі.
-
Агглютинация реакциясы. Реакцияның ингредиенттері, механизмі, қою әдістері, практикада қолдануы.
-
Шыныда және пробиркаларда агглютинация реакциясын қою өдістері, сары судағы титрді анықтау. Диагностикумдер, оларды қолдануы, О- жөне Н-агглютинациялары.
-
Тура емес гемагглютинация реакциясы, ингредиенттері, қою әдісі, практикада қоддануы.
-
Ко-агглютинация реакциясы.
-
Толық жетілмеген антиденелерді анықтайтын Кумбс реакциясы.
-
Преципитация реакциясы. Ингредиенттері, механизма, қою өдістері, қодданылуы. Диаганостикалық преципитациялайтын сары суларды алу.
-
Сақиналы преципитация (кольцепреципитация), гельде, калиллярларда преципитация реакциялары. Әр реакцияның маңызы және практикада қолдануы.
-
Иммуноэлектрофорез түсініктемесі, принципі, қолдануы.
-
Агглютинация және преципитацияның сәйкестігі және айырмашылыгы.