Файл: Емтихан сратары (хх . басындаы аза дебиеті) Кітби аындар шыармашылыы Маыш алтаев шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 129

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5. Әбубәкір Кердері шығармашылығы

Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы Шоқанов 20 ғасырда Ақтөбе облысында туып өскен ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді.

Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді.

Әбубәкірдің 1903 жылы “Әдебиет қазақия“ деген кітабы шыққан. Бұл кітаптың өз кезеңіндегі маңызы зор. Ондағы өлеңтолғаулардың тақырыбы әркелкі.

Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: заман жайы, қазақ халқының бұрынғы, ақын тұсындағы хал-жайы, халыққа, замандастарына, кейбір жеке адамдарға уағыз, кеңес, оқу, ғылым, өнер, дін, мінез, қылық, өз ахуалы болып келеді. Бәрі де сол кездегі ақындар көп жырлаған мәселелер. Соларды Әбубәкір өзінше жырлайды. 

Ақынның заман жайы, қазақтың бұрынғы хал-жайы, қоғам, адам жайлы өзіндік ой түйіндері өте мол.Дін жолына, ғылым-өнерге үндеуде өз дәуірі тұрғысынан алғанда ілгершілдік көзқарастары бар. Ол өз тұсындағы қазаққа тән емес жат құбылыстарды, ел арасындағы жағымсыз мінез-құлықтарды аяусыз сынайды. Өлеңдерінің көбі отаршылдық озбырлыққа қарсылықты сарында жазылған. Көбіне өткен өмірдің жақсылықты жақтарын поэзиясына арқау етіп, бүгіннен түңілгендей сипат танытады. “Сырқау болып жатқанда“ өлеңіндегі өмір, адам туралы толғаныстары, ақындық ой-топшылаулары өте мәнді. Адам өмірінде ғылымбілімнің алар орны туралы ақын орнықты ой-пікірлер айтқан. “Заманның опасыз халінде айтқан өлеңінде“ өз заманының келбетін кеңінен суреттейді. Өсиеттерінің өмірмен тығыз байланыстылығы бар.
“Әбубәкір молланың ноғай халқына насихат қылып айтқаны“ толғауында түркі тектес халықтарды бірлікке, ынтымақтыққа шақырып, діндес, тілдес ұлттардың бірлігін жақтайды. Жалпы алғанда, Әбубәкір шығармашылығындағы өмір өзгерісін, қайшылықтарды сынау, ең алдымен, діни ұғыммен астасып отырады.

Бірақ Әбубәкірдің ой-пікірі, бағыт, көзқарасы толқымалы, біріне-бірі қарама-қарсы, шытырман қайшылықты. Ол өзі сөз еткен тақырыптарының кейбірінде біресе былай, біресе олай деп, бір-біріне қайшы екі түрлі ой түйеді. Мысалы, өз заманын, қазақ халқының өз тұсындағы хал жайын сөз еткенде, ақын оны біресе мақтайды. 

Алайда Әбубәкір Кердері өлеңдерінде жаңалықты, өнер, ғылымды мақтауы басым. Олар көбіне уағыз, ақыл-кеңес ретінде айтылады. Ол бірді-екілі өлеңінде бауырмалдықты, достықты жыр етеді. Мысалы, "Әбубәкір молданың ноғай халқына насихат қылып айтқаны" деген толғауында қазақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, түрікпен - бәрі туыс, бауырлас халық дегенді айтады. 

Әбубәкірдің өзі жайлы, қазақ арасындағы оқу жайлы өлең-жырлары мәнді де мағыналы. Сондықтан Әбубәкір өлеңдері халық арасына кеңінен тараған. 
6. Шәді Жәңгіров шығармашылығы

Шәді Жәңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңірінде туып-өскен. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол.



Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын. Бұл саладағы шығармаларының (“Қисса қырық уәзір“ (1911), “Назым Шәhир дәуіріш“ (1913), “Қисса Бәлғәм Бағур“ (1910), “Хайбар қиссасы“(1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен дамуына игі әсері өте зор.

Шәдінің төл тума шығармаларының (“Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын терме“ (1915),“Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Ақын неге екені белгісіз күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табады. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды еркін сынап отырады. Оның “Бөрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір молдаға“ т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген.

Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орыны бар.ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек Сабалаұлы тәрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, немесе бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қайқайсысында болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар өріс тауып отырған.

7. Омар Шораяқов шығармашылығы
8. Мұса Молда Байзақов шығармашылығы

Мұса Молда Байзақов (1849-1932)-Түркістан өңірінде туып-өскен, қазақтың халық ақыны.

Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, №8). М.Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6-класқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізген (1937).

Мұса молда шығармашылығында шығыс дәстүрі басым. Датқадан шығып, кедейленген ақын өмір шындығын шынайы суреттеуге өте бейім боп келеді. Бұрынғы өмір қалпына өз заманы шындығынан қарап, сын сөзімен байыптап, кемшіліктерін тауып, сынай біледі.Өлеңдерінде сыни көзқарас мол кездеседі (“Есім аға“, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір бүлік болды“ т.б.).

Мұса молда өлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым болып келеді (“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып қартайсаң“, “Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“ т.б.).

М.Байзақов – мысал жанрын дамытуға өзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“,“Жолбарыс пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның эпикалық жанрда жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі елеулі табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен жолбарыс“, “Опасыз жар“, “Сұлу әйел мен молда“) көбіне шығыстық желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса молда – айтыс өнерін дамытуға да үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның “Манат қызбен айтысы“ хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. Оңтүстік өңірінде жиі кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге көтерген. Ақын кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“, “Талапты жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса

Молда Байзақов – діни көзқарасты өз шығармаларында орынды пайдаланып, тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған өз заманына сай ақын.
9. Ұлттық-либералдық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы

10. Шәкәрім Құдайбердиев шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шәкәрім өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби мұра қалдырды. Ақын шығармаларының басым көпшілігі қазан төңкерісіне дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде өз бағасын алған.

Шәкәрім – ең алдымен ойшыл ақын. Азаматтық поэзияға тән биік асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным–толғам Шәкәрім өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды. Ақынның шынайы азаматтық болмысын, ақындық сенім көзін айқындайтын басты тақырыптар – қоршаған орта, табиғат әлемі, тартысты қоғам, қоғамдағы адам, оның болмысындағы қадір-қасиет, адамгершілік қағидалары және мінез-құлық, тәрбие негізі. Шәкәрімнің төлтуындысы ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар «Қалқаман –Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу».

«Қалқаман – Мамыр» - Шәкәрімнің іргелі шығармаларының бірі.Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау еткен бұл поэма Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық сырын шертеді. Ал «Еңлік - Кебек» поэмасын автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза отырып, екі жастың махаббат тргедиясының жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.

Ш. Құдайбердиев өлең өлкесінде ғана еңбек етіп қоймай, қазақ прозасына да едәуір үлес қосты. Олар, мыналар: «Түрік,қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Трактаты»,«Бәйшешек бақшасы» атты әңгімелер топтамасы, «Мәнді сөздер» атты офоризмдері, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» толғамдары және «Әділ мен Мария» романдары.

Шәкәрім әңгімелері шығыстық мазмұнда, халық ауыз әдебиетінің үлгісімен жазылған ғибраттық-дидактикалық сарындағы дүниелер.Автордың қай әңгімесін алсақ та, байқалатын ерекшелік шағын ғана оқиға, аз сөзден ғибраттық үлгі алатын қорытынды жасап отыруы. Шәкәрімнің шағын прозалық шығармаларында бірде адам болмысын,тағдырын жан-жақты суреттеуге тырысса енді бірде күнделікті өмір құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары туралы толғамды ой жүйеленеді. Қара сөзді шығармаларының ішінде көлемі жағынан да, көтерген мәселесі жағынан да ауқымдысы «Әділ мен Мария» романы. Автор шығармасын «Қайғылы роман» деп те атаған. Ақын бұл қайғылы романды 1925 жылы май айында