Файл: Емтихан сратары (хх . басындаы аза дебиеті) Кітби аындар шыармашылыы Маыш алтаев шыармашылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 131
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ахметтің сол кезде алдына қойған екі мақсаты болды. Біріншісі -әлі де болса, қараңғылықтың «қалың ұйқысында» мүлгіген өз халқына ой тастап, білімге ұмтылдыруды, артта қалу себебін ашып, оның басты кесапаттарын көрсетуді мақсат етеді. Сондықтан ол қазақтың ұғымына, тыныс – тіршілігіне сай көркемдігі басым, ғибраты мол мысал үлгілерін таңдады.
Ахмет Байтұрсыновтың алдына қойған екінші мақсаты – халықты қоғамдық-әлеуметтік көкейтесті мәселерді танып білуге үндей отырып, азаттықтың ақ жолын аңғарту, бостандыққа ұмтылуға жөн сілтеу. «Қырық мысалдағы» бұл астарлы мағынаны кезінде өз замандастары да жіті аңғарған. «Қырық мысал» қалың қазақ жұртының алғаш естіген төңкеріс рухындағы сөзі еді», - дейді М.Әуезов. Осы тұрғыдан алғанда Ахмет Крыловтың екінші және үшінші топтағы қоғамдық-саяси сипаттағы мәселерді көтерген мысалдарына айрықша мән бергенін байқау қиын емес.
«Қырық мысал» жинағы үш рет басылып жарық көрді. Алғаш 1909 жылы Петербург қаласында, 1913 жылы Орынборда, 1922 жылы Қазанда басылып шықты. «Қырық мысалдағы» шығармаларды тақырыбы жағынан үлкен екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобы оқу-білімге, адамдық-адалдыққа үндеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, адамдық, азаматтық қасиеттерді сақтау, елді ынтымақ-бірлікке шақыруға негізделсе, келесі тобы елдің елдігін сақтау, езгіде қалған елді азаттыққа, бостандық жолында күресуге үндеу болып келеді.Ахметтің мысалшы ретіндегі ерекшелігінің ең басты қасиеті – төл туынды жасай білгендігінде. А. Байтұрсынов Крылов мысалындағы сюжеттік желіні өз уақытына үйлестіріп, қазақ халқының тағдырындағы ділгір мәселені көтеруге пайдаланып, "негізгі түпнұсқаға ойластырып, көркем ойға ой қосып, суретке сурет қосып,пікірді ұштап" (Р.Нұрғалиев) таза қазақи төл туынды жасаған.А. Байтұрсынов өз өлеңдерінде өнер-білімнің құдіретіне табынуға,олардын қадір-қасиетін атақ пен шен, мансап пен байлық көзіне айналдырмауға үндеп, Абай тағылымын әрі қарай жалғастырды. Абай дәстүрін ұстанған Ахмет өз өлеңдерінде қараңғылық құшағында мүлгіген халқына: "Аш көзінді оянып" деп қозғау салып, ұран көтереді.
А. Байтұрсынов өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі бар. Ол өнер-білімді халықты санасын оятып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына көз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой нысанасы болып көрінбесе, Ахмет өлеңдерінде ол негізгі тақырып, өлеңге өзек болар ойдың "темір қазығы" іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының тағдырына күйзеліп, өркениетте озық кеткен өзге халықтармен иық тірестіруді, "тіл ұстартып, өнер шашпақтан" іздесе, Ахмет оны бостандық үшін күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында. Ахаңның "Досыма хат", "Жиған-терген", "Анама хат", "Жауға түскен жан сөзі", "Жауап хаттан", т.б. өлендерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр.
"Маса" жинағына енген өлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына енген өлеңдерінен төңкерісшіл рух, 1905-1907 жылдардағы толқулардан қанаттанған тасқын күштің серпілісі ұшқын шашады.Ұлы Абайдан тәлім алып, өлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан да қазақ поэзиясында Ахаң салған жаңа бағыт – ұлттық бірлік пен ұлттық азат-тықты жырлау, бостандықтың биігіне алып шығар жолды көрсетіп, жөн сілтеу
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол қазақ әдебиетіндегі нағыз ұлт-азатшыл поэзияның негізін қалап, қазақ поэзиясына азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келді.
18. Міржақып Дулатов шығармашылығы
Міржақып Дулатов (1885-1935). Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысының бірінші ауылында (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы) туған.1910 жылы Қазаннан "Бақытсыз Жамал" романын, ал 1913 жылы Орынбордан "Азамат" өлеңдер жинағын, 1915 жылы "Терме" деген әдеби-публицистикалық кітабын шығарады.
М. Дулатовтың азаматтык тұлға ретінде, әрі шығармашы-өнерпаз, көсемсөзші ретінде қалыптасуына "Қазақ" газетінде Ахмет Байтұрсыновпен тізе қоса енбек еткен жылдар игі әсерін тигізді.
Міржақып Дулатов шығармашылығының тырнақалдысы – "Оян, казақ!" атты өлендер жинағы. Осы алғашқы туындысының өзінен-ақ ақынның мақсаты мен беталысы айқын аңғарылады. Жалпы алғанда,ұлтының азаттығын аңсаған азамат ақының «Оян, қазақ» атты жинағындағы өлеңдері, негізінен, саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазылған. Өлеңдерінің басым көпшілігі – патша өкіметінің отаршылдық, озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика. Ендеше, Міржақып – ұлтына еңбек етудің үлгісін танытқан, ұлт азаттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы бағытта талай тағдыр талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін мойымай көтерген азамат ақын.
Ақынның «Азамат» жинағындағы өлеңдері езілген елінің, еркіндік көксеген халқының мұңлы күйін суреттеп, ар намысын оятуға, көңіл көзін ашуға арналған. Бұл жинақта ел мұңын жоқтаған ақынның өр үнін жеткізер өлеңдер молынан орын алған.
Ақынның үшінші жинағы «Терме» 1915 жылы Орынборда жарық көреді.Жалпы, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ әдебиетінде алғаш рет азатшыл сарынды алып келуімен, өршіл үнді азаматтық пафосымен ерекшеленеді.
Міржақып Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі –
прозадағы шоқтығы биік жанр – роман жазуы. Ол 1910 жылы Қазанда басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы еді. Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының көбінің шығармашылығына арқау болған - әйел теңсіздігі. Романның бас кейіпкері - Жамал. Романдағы өзге кейіпкерлер Жамал тағдырына байланысты көрініп отыратын әкесі – жуас Сәрсенбай, шешесі – нәзік жанды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі – "таз Жұман", дала шонжары – қатыгез Байжан, сүйген жігіті - Ғали.Шағын көлемді романда сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы дерліктей мазмұн бар. Романды оқи отырып қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының сол замандағы тыныстіршілігімен көркемдік шындық арқылы танысамыз.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетін алғаш зерттеуші Сәбит Мұқановтың 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деп аталатын еңбегінде:
«Бұл роман бірінші жақтан әйел бостандығын жырласа, екінші жақтан ескі дін, ескі салт, ескі әдетке қарсы шыққан роман. Бұл қазақтың жаңа байларының жаңашылдық сойылын соғып шыққан роман.Сондықтан роман қазақ арасында көп тарап, елдің жаңашылдарының аузында аяттай жатталып жүрді. Жамал болғысы келген, Жамалға ұқсағысы келген талай ауыл қыздарын көзіміз көрді. Ғали ауыл жігітіне үлгі бола алған жоқ. Жамал ауыл қызына үлкен үлгі болды.«Бақытсыз Жамалға» еліктеп «Мұңлы Мариям» (Сәлім Кәшімұлынікі) сияқты романдар шықты. «Бақытсыз Жамал» соңғы кезге дейін көп жазушының темасына үлгі болды», – деп жазды.
Міржақып Дулатов шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа белестерге жетелеген, түрі жанарларға түрен салаған жемісті еңбек. Ол – азатшыл әдебиеттің аса көрнекті өкілі ретінде қазақ әдебиеті тарихынан өз орын ойып алатын тұғырлы тұлға.
19. Бернияз Күлеев шығармашылығы
Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші ауылында (қазір Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келген.
ХХ ғасырдың басында жасаған қазақтың ағартушылық-демократтық аңсардағы көптеген ақын-жазушылары ұлы Абай бастап кеткен рухани көшті абыройлы жалғастырады. Міне, осы көштің бұйдасын берік ұстанғандардың бірі – Б. Күлеевтің поэзияда Абай дәстүрлерін жалғастырушы талантты ақын екендігі дау туғызбаса керек.
Б.Күлеев – ерте жанып, ерте сөнген талант. Көп жылдар бойы Б.Күлеев поэзиясына дәуір шаңы ерте қонып, жарқырап көріне алмай көбіне тозаң басып жатты. Дәуірдің, заманның қытымыр қабағы, саясаттың ызғары Б.Күлеев поэзиясының өз сұлулығымен жарқырап көрінуіне ерік бермеді. Сондықтан да ұзақ жылдар бойы ақынның жарқын жырлары өз оқырмандарымен емін - еркін тілдесе алмай, сырласа алмай пұшайман күй кешті. Ақын поэзиясының рухани өрісі шектеулі болды.
Б.Күлеев өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді өздерінің зерттеу еңбектерінде ғалымдар Ы.Дүйсенбаев, Т.Кәкішев, Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, К.Шәменов, Х. Сүйіншәлиев, Ө.Әбдиманұлы, С.Жәмбек және т.б.арнайы келтіріп өтеді. Ақынның замандасы Мерғали Ешмұхаметұлы естелігіндегі деректерінде, ақын ерте 14 жастан бастап-ақ өлеңдер жаза бастаған. Жеңіл-желпі айтысқа түскен. Бірақ, ақынның көп өлеңдері өзінің көзі тірісінде баспасөз беттерінде жарық көрмеді. Бернияз тек өлең ғана жазбай, қалам күшін басқа жанрларда да байқап көрсе керек. Ақынның 1917 жылы жазылған «Шын сүйіскендер» атты бес перделі драмасы болғанға ұқсайды. Бұл деректі өзінің «Садақ» атты эссе кітабында әдебиетшіғалым Т.Кәкішев келтіреді. Ақын өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып көзінің тірісінде жарық көрмеді. Тек 1969 жылы ғана ақынның таңдамалы өлеңдері бір том болып, «Айтшы, ақ қайың» деген атпен жарық көрді.
Бернияз – көркемдік болмысы тереңде жатқан талантты ақын. Оның өлеңдерінің тақырыбы- көбіне көңіл-күй сезімдерімен байланысты. Көңіл-күй сезімдерін жырлау арқылы ол махаббат,табиғат, философиялық лирикаға барды. Әсіресе, ол махаббат лирикасын шабытпен жырлаған үлкен лирик ақын болды. Замана талабына сай, уақыт пен үндеу ниетінде саяси лирикалар да жазды. Б.Күлеев махаббат, көңіл-күй тақырыбындағы өлеңдерінде жазба поэзияның үрдісінде шабыттан жыр толғаса, ал саяси лирикаға келгенде кібіртіктей беретінін байқаймыз. Мұның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, ақын тақырыптың тосындағы, бұрын жазып жаттықпағаны, уақыт сұранымынан туғандығы.