Файл: Емтихан сратары (хх . басындаы аза дебиеті) Кітби аындар шыармашылыы Маыш алтаев шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 130

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Екіншіден, ақынныңескі форманы пайдалана отырып, тақырыпты өзінше көркем игеруі болып табылады. Сондықтан да ақынның саяси лирикаларында образ сомдауда, көркем тіл кестесі мен өрнегінде ауыз әдебиетінің поэтикалық формасын қолданушылық бар. Ақын өзінің көркемдік тәжірибесінде әр түрлі үйрену жолдарынан өтті. Әсіресе, Б.Күлеев ауыз әдебиетінің дәстүр үлгілерінен мол үйреніп, сол үлгілерді шығармашылықпен өз поэзиясында шебер қолдана білген ақын.Батырлар жырындағы образ, тіл өрнегі, мақал-мәтелдердің ішкі мазмұнын шығармашылықпен өлең өрнегіне айналдыру, сан алуан теңеу, эпитет, метафораларды ақындық стильге сай құлпырта қолданып, көркем игеру осының айғағы.

Б.Күлеев - ұлы Абай үлгісіндегі ақын. Бернияз Абайдың поэтикалық үлгісін қолдана отырып, біршама өлеңдер жазды. Мысалға, Абайдың «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» үлгілерін өз өлеңдерінде шебер қолдан білді. Көп өлеңдері, негізінен қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас түрімен жазылған. Мысалы, «Алты аяқ» және «Сегіз аяқ» түрін пайдаланып, ақын «Сүйікті қайғылыға», «Гүләндамға», «Жалғыз өзім жат жерде», «Алалық», «Бостандық күнінде», «Шындық»,Мен», «Жүрегім жанып», «Жазғы дала» өлеңдері мен «Жердң жүзі жаз еді»,«Қайда екен?», «Жорық» поэмаларын жазды.

Бернияз - өз заманының, дәуірінің тынысын ақындық сезім-күймен кемел толғап, көркем өрнектеген ақын.Бернияздың шеберлік деңгейі өз өлеңдерінде заманның, дәуірдің келбетін, оларға деген ақынның көркемдік қатынасының, заман, дәуір тынысын өзінің толғағынан өткізген күрделі ішкі әлемін, ақындық болмысын терең, шынайы көрсете алуымен таразыланады.

Түйіндей айтар болсақ, Бернияз Күлеев қазақ поэзиясында өзіндік көркемдік өрнегі мен ақындық үні бар шебер таланттардың қатарынан орын алады. Оған өз дәуірін көркем өрнектеген ақын шығармалары айғақ. Бернияз Күлеев - көркемдік қарымы мол, сырлы да сыршыл ақын. Ол көркем образ, бейнелі сурет-сезім тудыруға шебер. Оның суреткерлік қаламының көркемдік бояуы қанық. Ақынның поэтикалық тілінде әртүрлі ауыстырулар, құлпыртулар, көркемдік айшықтаулар жиі кездеседі. Оның өлеңдерінде сан алуан ұтымды теңеулер мен метафорлар сәтті жарасым тапқан. Ақын теңеулерінің бір ерекшелігі, суреттеліп, бір-біріне теңеліп отырған екі құбылыс арқылы ұсақ детальдарға дейін ақау жібермей, шебер пайдаланып, бір ғана поэтикалық сурет жасауында. Екі құбылыстың ұтымды теңеу арқылы бір-біріне кірігіп, білінбей жымдасып кетуінде. Ақын абстрактілі дерексіз ұғымдар ой мен сезім құбылыстарын метафоралық тәсіл арқылы көркем өрнектеуге де шебер. Ақындық контексте поэтикалық метафорлар ұтымды пайдаланады. Мұның барлығы ақынның көркемдік көкжиегін айқындай түсетін қасиеттер екені даусыз.


Қорыта келгенде, Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелеген ақын болып, өз дәуірі мен кезеңінің үнібола білді. Бернияз Күлеевті сыршыл лирик ақын дедік. Қиыннан қиыстырылған ақындық ой, халық даналығына ұласатын шешендік сөз, терең толғаныстан туған сан қилы бейнелеулер Бернияз Күлеев поэзиясының ең басты көркемдік ерекшеліктерінен саналады. Ақын өзі дүниеге, өмірге көзқарастарын да осы сыршылдық толғаныстары арқылы аңғартады. Б. Күлеев поэзиясы – шынайы көркемдік дәрежесіне көтерілген поэзия.

«Шынында да оның сөзі күшті, әсерлі болып отыратыны байқалады. Қайратты, жігерлі сөздің, батыл тілдің қожасы – Бернияз», – деп Ә. Ақдәулетұлы айтқандай сырлы да, сұлу да әсем лирикаларымен кезеңінде үлкен із қалдырған талант. Ол буырқанған сезім мен құштарлыққа толы жырлар жазған үлкен романтик ақын.

Ақынның стилі толығымен романтикалық, поэзиясында медитациялық мотивтер жоқ. Б. Күлеевтің самал желдей таза, кәусардай мөлдір әсем жырлары бүгінгі ұрпақтардың да көкейінде жатталып қалып, ұлтының сөз өнерінің алтын қазынасына қомақты үлес болып қосылып, мәңгілік жәдігер болып қала бермек. Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелеген ақын болып, өз дәуірінің, кезеңінің үні бола білді. Ол – шын мәнінде халықтық әдебиеттің алтын қазынасын аршып, ұлтты дәстүрдің озығын өлеңіне өзек еткен ақын.

20. «Айқап» журналы

21. «Қазақ» газеті

22. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы

23. А.Байтұрсыновтың «Маса» кітабы

24. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабы

25. А.Байтұрсыновтың «23 жоқтау» кітабы

26. А.Байтұрсыновтың аудармалары

27. А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» оқулығы

28. А.Байтұрсыновтың публицистикалық еңбектері

29. А.Байтұрсыновтың «Ер Сайын» кітабы

30. М.Дулатовтың «Оян қазақ» кітабы

31. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы

32. М.Дулатовтың «Балқия» пьесасы

33. М.Дулатовтың «Оян қазақ» кітабы

34. М.Дулатов лирикасы

35. М.Дулатов публицистикасы

36. Шәкәрім лирикасы

37. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

38. Шәкәрімнің «Жолсыз жаза яки кез болған іс» поэмасы

39. Шәкәрімнің «Қодардың өлімі» поэмасы

40. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбегі

41. Шәкәрімнің аудармалары

42. Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі

43. С.Торайғыров лирикасы



44. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романы

45. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы

46. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы

47. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы

48. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы

49. С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасы

50. Әріп Тәңірбергенов айтыстары

51. А.Байтұрсынов лирикасы

52. Кете Жүсіп Ешниязов шығармашылығы

53. Көкбай Жанатайұлы шығармашылығы

54. Ергөбек Құттыбайұлы шығармашылығы

55. ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс

56. Б.Күлеевтің лирикасы

57. ХХ ғасыр басындағы поэзияның дамуы

58. Б.Күлеевтің поэмалары

59. Әкрәм Ғалымов шығармашылығы

60. ХХ ғасыр басындағы роман жанрының дамуы

61. ХХ ғасыр басындағы әдеби аударманың дамуы

62. Кітаби ақындар шығармашылығының ерекшеліктері

63. Кітаби ақындар және дін

64. М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахс еткен манзумасы» атты кітабы

65. М.Қалтаевтың «Қазақтың айнасы» атты кітабы

66. М.Қалтаевтың «Насихат қазақия» атты кітабы

67. М.Қалтаевтың өмірбаяны

68. Нұржан Наушабаевтың өмірбаяны

69. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірбаяны

70. Мәшһүр Жүсіп Көпеев – шежіреші

71. Әбубәкір Кердері өмірбаяны

72. Әбубәкір Кердерінің «Заманның опасыз хәліне айтқан өлеңі» атты жыры

73. Шәді Жәңгіров өмірбаяны

74. Шәді Жәңгіровтың «Шардарбек болысқа» атты өлеңі

75. Омар Шораяқов өмірбаяны

76. Омар Шораяқовтың «Жастарға өсиет» өлеңі

77. Молда Мұса өмірбаяны

78. Молда Мұсаның «Табиғат тамашалары» атты өлеңі

79. Ұлттық-либералды бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының ерекшеліктері

80. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны

81. Шәкәрімнің «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді» өлеңі

82. А.Байтұрсыновтың өмірбаяны

83. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі терминдер

84. А.Байтұрсынов мысалдарындағы даналық ойлар

85. А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалы

86. А.Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» мысалы

87. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласы

88. А.Байтұрсыновтың «Білім жарысы» мақаласы

89. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» мақаласы

90. А.Байтұрсыновтың «Адамдық диқаншысы» өлеңі

91. А.Байтұрсыновтың «Көк есектерге» өлеңі

92. М.Дулатовтың «Хан Абылай» мақаласы

93. М.Дулатовтың «Жазу тәртібі» мақаласы

94. М.Дулатовтың «Хазірет сұлтан» мақаласы

95. М.Дулатовтың «Шоқан Шыңғысұғлы Уәлихан» мақаласы

96. М.Дулатовтың «Абай» мақаласы

97. «Қазақ» газетінің идеялық бағыты

98. «Қазақ» газетінің авторлары

99. «Айқап» журналының идеялық бағыты


100. «Айқап» журналының авторлары

101. С.Торайғыров лирикасының көркемдік ерекшеліктері

102. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасының идеясы

103. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасының идеясы

104. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасының идеясы

105. Ғұмар Қарашев шығармашылығы

106. Нарманбет Орманбетов шығармашылығы

107. «Қазақстан» газеті

108. С.Торыайғыровтың өмірбаяны

109. Бернияз Күлеевтің өмірбаяны

110. Әріп Тәңірбергенов лирикасы

111. Әріп Тәңірбергеновтың «Өлім туралы» өлеңі

112. Әріп тәңірбергеновтың «Тәуірбек болысқа» өлеңі

113. Әріп Тәңірбергеновтың өмірбаяны

114. Кете Жүсіп Ешниязов өмірбаяны

115. Кете Жүсіп Ешниязовтың «Адамдық пен надандық» өлеңі

116. Кете Жүсіп Ешниязовтың «Әлеумет келді жиналып» өлеңі

117. Көкбай Жанатайұлы өмірбаяны

118. Көкбай Жанатайұлының «Абайға» өлеңі

119. Ергөбек Құттыбайұлы өмірбаяны

120. Ергөбек Құттыбайұлының «Кедейліктен дарамын» өлеңі

121. Әкрәм Ғалымов өмірбаяны

122. Әкрәм Ғалымовтың «Замандастарға» атты өлеңі

123. Турағұл Абайұлы – абайтанушы

124. Кәкітай Ысқақұлы – абайтанушы

125. ХХ ғасыр басындағы абайтану